"Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 401 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 маусымда № 32676 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10534 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту тәртібін, сондай-ақ теміржол көлігінің жолаушыларының және азаматтардың қауіптілігі жоғары аймақтарда болуы және теміржолдар арқылы жүріп өту кезіндегі қауіпсіздігі шараларын айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) жаяу жүргіншілер төсемі - "Жолдар арқылы өту" көрсеткішімен белгіленген және теміржолдар арқылы жаяу жүргіншілердің қозғалуы үшін бөлінген теміржолдар учаскесі;

      2) теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймағы - теміржолдар, теміржол станцияларының, вокзалдардың аумақтары, тасымал процесімен байланысты теміржол көлігі ұйымдарының өзге де объектілері;

      3) теміржол өткелі – теміржол көлігіндегі жылжымалы құрамын және көлік құралдарын өткізу жағдайы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, құрылғылармен жабдықталған, автомобиль жолдарының теміржол жолдарымен бір деңгейде қиылысуы.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қауіптілігі жоғары аймақтарда:

      1) балаларды жолаушылар платформасында (перронда) қараусыз қалдыруға, әртүрлі қимыл ойындарын ұйымдастыруға;

      2) қол жүгімен, багажбен, өзге де заттармен вокзал ғимаратына/ғимаратынан перрондарға, отырғызу платформаларына, жаяу жүргіншілер көпірлеріне, төсемдерге, туннельдерге өтетін жолдарды бөгеуге;

      3) вагондардың төбесіне, есігінің баспалдақтарына, өту алаңдарына отыруға; поезд жүріп келе жатқанда поезға отыруға және түсуге, поезд жүріп келе жатқанда вагон терезелерінен және тамбурлардың есіктерінен үңіліп қарауға;

      4) ілме басқыштар мен өту алаңдарында және теміржол көлігінің баспалдақтары мен басқа да сыртқы бөліктерінде тұруға, жүріп келе жатқан поезд вагондарының есіктерін ашуға, қала маңына қатынайтын поездардың автоматтық есіктерінің ашылып-жабылуына бөгет жасауға;

      5) арнайы рұқсатсыз жүк поездарында жүруіне;

      6) жолаушы платформасы арқылы келе жатқан немесе жөнеліп бара жатқан поезд вагонының жанында жүгіруге, сондай-ақ тоқтаусыз өтіп бара жатқан поездың қозғалысы кезінде платформаның шетінен екі метрден кем қашықтықта болуға; поезд толық тоқтамай вагонға жақындауға; билетсіз жүк тасымалы мен жолаушы тасымалын жүргізуге;

      7) поезды қажетсіз, өз еркімен тоқтатуға;

      8) жылжымалы құрам толық тоқтағанға дейін және есік ашылғанға дейін сары шектеу сызығының артында болуға;

      9) жылжымалы құрам астынан өтуге;

      10) жолда жолаушылар платформасынан секіруге;

      11) электрлендірілген учаскелерде тіректерге көтерілуге, сондай-ақ тіректен рельске баратын төменге жанасуға, жерде жатқан электр сымына сегіз метрден жақындауға;

      12) жылжымалы құрам вагондарының тұтқаларына жабысуға;

      13) жолаушылар платформаларында (перрондарда) теміржол көлігі қозғалысының бұзылуын тудыруы мүмкін заттарды төсеуге, лақтыруға, қалдыруға жол берілмейді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында объектілерді орналастыруға жұмыстар жүргізуге рұқсат алу үшін Ұлттық инфрақұрылым операторына мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) еркін нысандағы жазбаша өтініш;

      2) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте әзірленген және бекітілген жобалық құжаттама;

      3) жұмыстар жүргізу кезінде теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймағында зақым келтірілген элементтерді қалпына келтіру туралы міндеттеме;

      4) жұмыстарды жүргізу қоршаулар мен орындарды қою схемасы;

      5) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Өтініш осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күннің ішінде қаралады. Көрсетілген мерзімнен кейін дәлелді жауап беріледі. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау қауіптілігі жоғары аймағында объектіні орналастыруға және жұмыстар жүргізуге рұқсат беруден бас тартуға негіз болып табылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары Ұлттық инфрақұрылым операторы өкілінің қатысуымен кейіннен рұқсат беруімен орындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады