Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 304) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Школьник |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығымен бекітілген |
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 04.10.2022 № 312 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 304) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
3. Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-6-бабының 1-тармағына сәйкес, Заңның 15-1-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес Тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құратын электр қуатының шамасын шегере отырып, болжанатын тапшылықты жабу үшін қатты отынмен электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын электр қуатының көлеміне жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер (бұдан әрі – тендер) өткізеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларға арналған орналастыру орны (алаң), отын түрі мен типі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүргізілген техникалық-экономикалық негіздеменің (бұдан әрі – ТЭН) немесе алдын ала техникалық-экономикалық негіздеменің (бұдан әрі – алдын ала ТЭН) нәтижелері бойынша айқындалады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органы құрылыс жоспарланып отырған, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін ТЭН-де немесе алдын ала ТЭН-де айқындалған жер учаскесін резервтеуді тендер жеңімпазына жер учаскесіне құқық табыстау сәтіне дейін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Тендер уәкілетті орган бекіткен қатты отынмен электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама (бұдан әрі – тендерлік құжаттама) негізінде өткізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Тендерлік комиссия
6. Тендерді дайындау, өткізу және қорытындыларын шығару үшін уәкілетті орган тендерлік комиссия құрады.
7. Тендерлік комиссияны уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар бірлестіктерінің, квазимемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жобалау және зерттеу институттарының, тәуелсіз сарапшылардың өкілдерінен уәкілетті орган қалыптастырады.
Тендерлік комиссияны қалыптастыру кезінде уәкілетті орган мүдделер қақтығысын болдырмауды қамтамасыз етеді.
Мынадай адам:
1) тендерлік рәсімдердің нәтижелеріне мүдделі;
2) тендерге қатысушылармен не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарымен еңбек қатынастарымен байланысты;
3) тендерлік комиссия мүшелерінің, тендерге қатысушылар басшылығының, олардың ведомстволық бағыныстағы, еншілес және тәуелді ұйымдарының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адам тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.
Тендерлік комиссия мүшелерінің саны тендерлік комиссия төрағасын, төраға орынбасарын қоса алғанда, 15 (он бес) адамнан аспайды.
Тендерлік комиссияның хатшысы уәкілетті органның өкілдерінен айқындалады және тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.
8. Тендерлік комиссия құру және комиссия хатшысын айқындау туралы шешім уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен қабылданады және тендерлік комиссия хатшысының байланыс телефонын көрсете отырып, уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
9. Комиссия төрағасы мен төрағасының орынбасары уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен айқындалады.
10. Комиссия уәкілетті органның оны құру туралы бұйрығы күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және жаңа комиссия құру туралы шешім қабылданған күні өз қызметін тоқтатады.
11. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тендерлік комиссияның міндеті тендерлік құжаттаманы келісу, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – тендерге қатысуға өтінім) қарау, тендер қорытындыларын шығару болып табылады.
Тендерлік комиссияның отырыстарын оның төрағасы шақырады.
Тендерлік комиссияның отырыстары, егер оларға тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.
Тендерлік комиссияның шешімдері оның отырысына қатысып отырған тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тендерлік комиссияның мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, тендерлік комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тендерлік комиссияның отырысы кезінде тендерлік комиссия отырысының бейне-аудиожазбасы жүргізіледі, ол тендерлік комиссияның отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тендерлік комиссияның шешімдері хаттама түрінде ресімделеді және оған төраға, төрағаның орынбасары, хатшы, тендерлік комиссияның қатысып отырған мүшелері қол қояды.
Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда тендерлік комиссияның мүшесі ерекше пікірін жазбаша нысанда баяндайды, олар хаттамаға қоса тіркеледі.
12. Тендерлік комиссияның шешімдеріне тендерге қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
3-параграф. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама
13. Тендерлік құжаттаманы уәкілетті орган ТЭН немесе алдын ала ТЭН негізінде әзірлейді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Тендерлік құжаттаманы уәкілетті орган бекіту алдында ол тендерлік комиссиямен келісілуге тиіс.
Тендерлік комиссия тендерлік құжаттаманы оны уәкілетті орган тендерлік комиссияға ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі.
15. Тендерлік комиссияның тендерлік құжаттаманы келісуі тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің тендерлік құжаттамамен бірге уәкілетті орган беретін тендерлік құжаттаманың келісу парағына бұрыштама қоюы (қол қоюы) арқылы жүзеге асырылады.
16. Тендерлік құжаттама мыналарды қамтиды:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипаты және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарттың жобасы.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипаты және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары мынадай сипаттамаларды қамтиды:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың типі;
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін негізгі және резервтік отын түрі;
3) оларды пайдалануға берудің талап етілетін күнін (айы, жылы) көрсете отырып, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған алаңның электр желісіне қосылу нүктесі және орналасқан жері (координаттары) көрсетіледі;
4) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған алаңда (және оның жанында) бұрыннан бар және құрылысы жоспарланып отырған инфрақұрылымның сипаттамасы;
5) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс объектісіне дейін сыртқы инженерлік инфрақұрылымның құрылысын қамтамасыз ету шарттары;
6) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың желісіне жіберудің талап етілетін электр қуаты;
7) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды желіге босату үшін талап етілетін жылу қуаты;
8) электр энергиясын босатуға шартты отынның талап етілетін үлестік шығысы (номиналды режимде);
9) жылу энергиясын босатуға шартты отынның талап етілетін үлестік шығысы (номиналды режимде);
10) азоттың талап етілетін үлестік шығарындылары;
11) күкірттің талап етілетін үлестік шығарындылары;
12) қатты бөлшектердің талап етілетін үлестік шығарындылары;
13) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі;
14) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемі;
15) тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын қаржылық және материалдық ресурстардың болуын растайтын осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген құжаттардың тізбесі;
16) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке барынша жол берілетін жеке тариф;
17) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ең жоғары рұқсат етілген жеке тарифті есептеуге арналған бастапқы деректер;
18) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу мерзімі (ұзақтығы).
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Уәкілетті орган тендерлік құжаттамамен бірге тендерлік комиссияға оның негізінде тендерлік құжаттама әзірленген ТЭН-ді немесе алдын ала ТЭН-ді қоса ұсынады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Уәкілетті орган тендерлік құжаттаманы тендерлік комиссия келіскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны бекітеді.
4-параграф. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыру
19. Уәкілетті орган тендерлік құжаттамада бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ өтініш берушілер тендерге қатысу үшін құжаттар мен материалдарды ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын, бұқаралық ақпарат құралдарында тендер өткізу туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) жариялайды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Хабарландыру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
5-параграф. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінім қабылдау және беру
21. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды тендерлік комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
22. Тендерге қатысуға өтінімдер беруді осы Қағидаларға сәйкес өткізілетін тендерге қатысуды жоспарлайтын және Тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілмеген заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінім берушілер) жүзеге асырады.
23. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау хабарландыруда көрсетілген тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау басталатын уақыттан басталады және хабарландыруда көрсетілген тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталатын уақыт басталған кезде аяқталады.
24. Хабарландыруда көрсетілген тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталатын уақыт басталғаннан кейін берілген тендерге қатысуға өтінімдерді уәкілетті орган қабылдамайды.
25. Тендерге қатысуға өтінім желімделген конвертте беріледі, онда мыналар көрсетіледі:
1) өтінім берушінің атауы;
2) өтінім берушінің заңды мекенжайы;
3) өтінім беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
4) өтінім берушінің байланыс телефоны;
5) өтінім берушінің электрондық мекенжайы;
6) тендерге қатысуға өтінім беретін өтінім беруші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
26. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау кезінде уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес тендерге қатысуға өтінім берген әрбір өтінім берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген, уәкілетті органның тендерге қатысуға өтінімді қабылдау фактісін және өтінім берушіге тендерге қатысушы мәртебесін беру фактісін растайтын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімді қабылдау туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) қағаз түрінде дереу береді.
Осы хабарламалардың көшірмелері тендерге қатысуға тиісті өтінімдерге қоса беріледі.
6-параграф. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінім
27. Тендерге қатысуға өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген өтініш;
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері;
3) тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын қаржылық және материалдық ресурстардың болуын растайтын құжаттар (бұдан әрі – растайтын құжаттар);
Өтінім беруші тендерге қатысуға өтінімді беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады және соңғы бетіне оның қолы қойылады.
Егер тендерге қатысуға өтінімді өтінім берушінің бірінші басшысы ұсынбаса, өтінім беруші өтінім берушінің өкіліне сенімхат ұсынады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Өтінім берушінің шоттарында ақшаның, өтінім берушінің жылжымайтын, жылжымалы мүлкіне меншік құқығының болуын және құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері және тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын қаржылық және материалдық ресурстардың болуын растайтын өтінім берушінің өзге де ауыртпалықсыз нақты активтерінің болуын растайтын құжаттар болып табылады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-параграф. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімдерді қарау және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазын айқындау
29. Тендерге қатысуға берілген өтінімдерді қарау үшін уәкілетті орган тендерлік комиссияның отырысын өткізеді.
30. Тендерлік комиссияның отырысы хабарландыруда көрсетілген тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 16.00-де басталады және сол күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жалғасады.
31. Тендерлік комиссияның отырысында тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның қатысушы мүшелерінің қатысуымен өтінім берушінің атауын және осы конверттердің ішіндегісін жария ете отырып, тендерге қатысуға берілген өтінімдер бар конверттерді кезекпен ашады.
32. Тендерлік комиссияның отырысында тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға өтінімдерді ашу және қарау хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) жүргізеді.
33. Тендерге қатысуға ашылған өтінімдер мазмұнын тексеру үшін тендерлік комиссияның әрбір мүшесіне кезекпен беріледі.
34. Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше құжаттар болмаған және толтырылған өтініш осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес келмеген жағдайларда тендерге қатысуға арналған өтінімдер қарауға қабылданбайды.
35. Тендерлік комиссияның қарауына қабылданған тендерге қатысуға өтінімдер негізінде тендерлік комиссияның хатшысы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ұсынылатын ең төмен бағасы бар тендерге қатысуға өтінімнен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ұсынылатын ең жоғары бағасы бар тендерге қатысуға өтінімге дейін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ұсынылатын бағалардың өсу тәртібімен тендерге қатысуға өтінімдердің сараланған тізімін құрайды.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ұсынылатын бағалардың сәйкес келуі туындаса, онда сараланған тізімді жасау кезінде бағалардың әрбір сәйкес келуі шеңберінде тендерге қатысуға тиісті өтінімдерді қосымша саралау жүзеге асырылады.
Осы қосымша саралау хабарламада көрсетілген тендерге қатысуға берілген өтінімдерді беру уақытының мәндері бойынша неғұрлым ерте беру уақыты бар тендерге қатысуға өтінімнен неғұрлым кеш беру уақыты бар тендерге қатысуға өтінімге дейін осы мәндердің өсу тәртібімен жүзеге асырылады.
36. Сараланған тізім жасалғаннан кейін тендерлік комиссия осы сараланған тізімде бірінші болып тұрған тендерге қатысуға өтінімді тіркейді және оны хаттамада көрсетеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тендерге қатысуға өтінім берген өтінім берушіні уәкілетті орган Заңның 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес тендер жеңімпазы ретінде айқындайды.
8-параграф. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындыларын шығару
37. Тендер қорытындылары шығарылғаннан кейін тендерлік комиссияның отырысына қатысушылардың барлығы – тендерлік комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, мүшелері тендерлік комиссияның отырысы аяқталғанға дейін тендерлік комиссияның хатшысы толтырған хаттамамен танысады.
Хаттамаға тендерлік комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы, қатысып отырған мүшелері қол қояды.
38. Тендерлік комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері хаттамаға қол қойып, олардың әрқайсысына осы хаттаманың көшірмесі берілгеннен кейін тендерлік комиссияның отырысы аяқталды (бітті), тендер – өткізілді, осы тендердің қорытындылары – шығарылды деп есептеледі.
39. Хаттаманың, тендерге қатысуға өтінімнің түпнұсқасы, тендерлік құжаттама, ТЭН немесе алдын ала ТЭН және тендерлік комиссия отырысының бейне-аудио жазбалары жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін уәкілетті органда бес жылдан кем емес уақыт сақталады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Тендер өткізілген күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында тендерлік комиссия отырысының хаттамасының көшірмесін және бейне-аудио жазбасын қоса бере отырып, тендер қорытындылары туралы ақпаратты жариялайды.
41. Заңның 15-6-бабының 8-тармағына сәйкес тендердің қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде уәкілетті орган тендер жеңімпазымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10536 болып тіркелген) бекітілген Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының үлгілік шарты негізінде тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімі, тендер жеңімпазы қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі белгіленетін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасады.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Заңның 15-6-бабының 9-тармағына сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бірыңғай сатып алушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт негізінде осы Қағидалардың 41-тармағымен айқындалатын көлемде және мерзімге жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифі бойынша тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Генерациялайтын қондырғыларды кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен іске қосу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу энергия өндіруші ұйымның енгізілетін генерациялайтын қондырғыларының электр қуатының көлемін ескере отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша жүзеге асырылады.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасалған энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін нақты сатып алынған күннен бастап, оның электр қуаты жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жыл сайынғы міндетті аттестаттауына жатады.
Егер генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізу нәтижесінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.43. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін тендер жеңімпазы бірыңғай сатып алушыға мынадай құжаттар мен ақпаратты:
1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде;
2) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Құрылыс қызметі туралы заң) айқындалған тәртіппен бекітілген, жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін – ТЭН немесе алдын ала ТЭН-де айқындалған мерзімдерде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар пайдалануға берілгеннен кейін бір ай ішінде;
3) жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғылардың салыну барысы туралы ақпаратты – бірыңғай сатып алушының сұратуы бойынша;
4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді – осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынады.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.44. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар пайдалануға уақтылы енгізілмеген кезде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудың мерзімі мен күні қайта қаралмайды.
45. Тендер жеңімпазы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 болып тіркелген) бекітілген Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген банк кепілдігін немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивті ұсыну арқылы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бірыңғай сатып алушыға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынады.
Тендер жеңімпазы банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor's бойынша "В"-дан немесе Fitch бойынша "В-"-тен немесе Moody'Sinvestorsservice бойынша "В3"-тен төмен емес не отбасы ұйымының (Қазақстан Республикасының резидент банкі акцияларының 50% - дан астамы тиесілі) рейтингі Standard&Poor's бойынша "ВВВ" немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody's's Investors Service бойынша "Ваа2" деңгейінен төмен емес Қазақстан Республикасының резидент банктерінен ұсынады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінен банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті резидент емес банктердің қарсы міндеттемелері бойынша кепілдік шығару арқылы резидент банктер растайды.
Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor's бойынша "ВВВ", Fitch бойынша "ВВВ", Moody's Investors Service бойынша "Ваа2" төмен емес Қазақстан Республикасының резидент емес банктері тиісті қарсы міндеттемелерді шығармай-ақ, банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті шығара алады.
46. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәнінің (теңге/мегаватт-пен) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің (мегаватт-пен) көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәні 1 000 000 (бір миллион) теңге/мегаватт құрайды.
47. Осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті банк бірыңғай сатып алушы мынадай құжаттарды:
1) қағаз жеткізгіште ресімделген, бірыңғай сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған және бірыңғай сатып алушының мөр бедерімен куәландырылған борышкер тұлғаның міндеттемелерін орындамау туралы өтінішін;
2) осы Қағидаларға сәйкес өндіріп алу сомасын көрсете отырып, ақы төлеу талабын ұсынған кезде орындайды.
48. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуге байланысты, оның ішінде алушы (бенефициар) банктің барлық банктік комиссиялары мен шығыстарды тендер жеңімпазы төлейді.
49. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті немесе оның бір бөлігін сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтару (босату) Заңға сәйкес тендер жеңімпазының өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар уақтылы пайдалануға берілген жағдайда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қайтару (босату) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушының банкке (банктерге) тиісті хат жіберуі арқылы жүзеге асырылады.
50. Осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив (тиісті қаржылық қамтамасыз ету) бойынша төлемге қойылатын талапты бірыңғай сатып алушы мынадай жағдайларда қояды:
1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі берілмеген кезде, бұл ретте осы көшірме электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30 (отыз) проценті мөлшерінде ұсынылады;
2) Құрылыс қызметі туралы Заңда айқындалған тәртіппен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсынбаған кезде, бұл ретте осы көшірме жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар пайдалануға берілгеннен кейін бір ай ішінде ТЭН-де немесе алдын ала ТЭН-де айқындалған мерзімдерде – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қаматамасыз ету сомасынан 100 (жүз) процент, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарынын орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігін ұстап қалған жағдайда – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 (жетпіс) проценті мөлшерінде ұсынылады.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша төленген талаптың нәтижесінде алынған ақша бірыңғай сатып алушының арнайы шотына салынады және (немесе) бірыңғай сатып алушыға жіберіледі.
52. Заңның 15-6-бабының 7-тармағына сәйкес тендер мынадай жағдайларда:
1) тендерге екіден кем қатысушы болған жағдайда;
2) барлық өтінім берушілер ұсынған құжаттар осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес келмеген жағдайда өтпеді деп танылады.
53. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өтпеді деп танылған кезде уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде қайта тендер өткізеді.
Қайта өткізілетін тендер бастапқы тендер өткізу шеңберінде бекітілген тендерлік құжаттама негізінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өткізіледі.
Тендерді қайта өткізу кезінде қатысуға өтінімдерді қарауды бастапқы тендер шеңберінде құрылған комиссия құрамы жүзеге асырады.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.54. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған қайта өткізетін тендер өткізілмеген деп танылған кезде және тек бір қатысушыдан тендерлік өтінім берілген жағдайда уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына шарт жасасу үшін осы қатысушыны тендер жеңімпазы деп айқындау туралы ұсынысты Үкіметке жібереді.
Ескерту. Қағидалар 54-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.55. Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф мынадай формула бойынша жыл сайын индекстелуге тиіс:
, мұндағы:
Tt+1 – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған индекстелген жеке тарифі;
Tt – күрделі шығындарды және инвестицияланған капиталға рентабельділік нормаларын қайтаруды қамтитын t кезеңінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифі;
У.Е.t+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазандағы шетел валютасына теңгенің ағымдағы бағамы;
У.Е.t – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңі үшін есептелген шетел валютасына теңгенің орташа бағамы.
Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті уәкілетті орган жылына бір рет 1 қазанға индекстейді және тиісті жылдың 15 қазанынан кешіктірмей бірыңғай сатып алушыға жібереді.
Ескерту. Қағидалар 55-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыру
Осымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 15-6-бабының 3-тармағына сәйкес 20__жылы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер (бұдан әрі – тендер) өткізілетіні туралы хабарлайды және әлеуетті инвесторларды осы тендерге қатысуға шақырады.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – тендерге қатысуға өтінімдер) қабылдаудың басталу уақыты: Астана қаласының уақыты бойынша КК/АА/ЖЖЖЖ 09:00, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталу уақыты - Астана қаласының уақыты бойынша КК/АА/ЖЖЖЖ сағат 15:00.
Тендер "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10535 болып тіркелген) Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Оның негізінде тендер өткізілетін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланды (тендерлік құжаттамаға сілтеме көрсетіледі).
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімді қабылдау туралы хабарлама
Осы хабарламамен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 20 ___ жылғы "___" ______ Астана қаласының уақыты бойынша сағат _ _ _ _ минутта конвертке салынып жабылған жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімді мынадай ұйымнан қабылдады:
1. Ұйымның атауы: _____________________________________________;
2. Ұйымның заңды мекенжайы:_____________________________________;
3. Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): _________________________;
4. Ұйымның байланыс телефоны:__________________________________;
5. Ұйымның электрондық мекенжайы:_______________________________;
6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінім берген ұйым өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) :
_____________________________________________ және осы ұйымға жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысушы мәртебесін берді.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімді қабылдаған тиісті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:
_____________________________________________ ___________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы))
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінім тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:
_____________________________________________ ___________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы))
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерді өткізу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Өтініш
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осымен _______________________________________________________
(ұйымның толық атауын көрсету)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 20___жылғы "___" _______ хабарландыруда көрсетілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге (бұдан әрі – тендер) өзінің қатысу ниеті туралы мәлімдейді.
Мыналармен:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өткізу туралы жоғарыда көрсетілген хабарландырумен;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10535 болып тіркелген) Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларымен;
3) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттамамен;
4) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының талаптарымен танысып, тендерге мынадай ұсыныс енгіземіз:
Біз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет бағасы айына 1 мегаватт үшін _________ мың теңге мөлшерінде* және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің желіге беру көлемі айына _________ мегаватт болған кезде жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларға қойылатын техникалық, сапалық, пайдалану және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен айқындалатын экологиялық сипаттамаларына сәйкес келетін жаңа генерациялайтын қондырғыны (бұрын пайдалануда болмаған) салуға дайынбыз.
Қосымша:
1) құрылтай құжаттарының көшірмелері, __парақта;
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржылық және материалдық ресурстардың ______________________ мөлшерде** болуын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері, __парақта.
_______________________________________ ____________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе:
* тендерге қатысуға өтінімде көрсетілетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы тендерлік құжаттамада көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифтен аспайтын мәнде бүтін санға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін қаржылық және материалдық ресурстардың жеткілікті көлемі болып тендерлік құжаттамада көрсетілген мән болып табылады.