Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысының Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 305) тармақшасына сәйкес 15-тармағының 303) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қуаты 35 МВт-тан асатын судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Құрамына жылу электр орталықтары кіретін қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10530 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 сәуірде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
В. Школьник |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына 1-қосымша |
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
Ескерту. Үлгілік шарт жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________ 20__жылғы "___"__________
(шарт жасасу орны)
_______________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі "Субъект" деп аталатын, бір жағынан,
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)

(лауазымы, Т. А. Ә. (болған жағдайда)

(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары);
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 наурызда № 10535 болып тіркелген) Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын (бұдан әрі – Тендер өткізу қағидалары) назарға ала отырып, мыналар туралы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;
2) банк кепілдігі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 тіркелген) Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген және банк клиентке (борышкер тұлғаға) оның өтініші негізінде үшінші тұлғаның (кредитор тұлғаның) пайдасына беретін жазбаша құжат (SWIFT жүйесі бойынша шығарылады), осы құжат негізінде онда көрсетілген шарттарға сәйкес банк шекті соманы үшінші тұлғаға (кредитор тұлғаға) төлеуге міндеттенеді;
3) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын анықтауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
4) генерациялаудың, технологиялық және техникалық минимумдардың істеп турған жұмыс электр қуаттарының ведомосі – жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жасайтын, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, генерациялаудың ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін құжат;
5) есептік кезең – осы Шартта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті есептеу жүргізілетін айдың бірінші күнгі сағат 00-00-ден айдың соңғы күнгі 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең;
6) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмыс істеуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде тепе-теңдікті сақтайтын, жүйелік қызметтер көрсететін және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен көмекші қызметтер сатып алатын, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсететін және пайдалану әзірлігінде ұстап тұратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
7) коммерциялық есепке алу кешені – белгілі бір коммерциялық есепке алу нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
8) қаржылық қамтамасыз ету – банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив түріндегі қаржы ресурстары;
9) өндіруші қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
10) резервтік аккредитив – борышкер тұлға бенефициар алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайдың басталуы кезіндегі соманы аккредитив бойынша бенефициардың пайдасына төлеу жөніндегі банктің міндеттемесі (резервтік аккредитив SWIFT жүйесі бойынша шығарылады);
11) техникалық минимум – конденсациялық, жылыту, газ турбиналы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су шығыстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығынын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі рұқсат етілген электр қуатының жиынтығы, МВт;
12) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі электр қуаттарының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) қосындысы, МВт;
13) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға жүктемені көтеруге генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет;
14) электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәні мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минут;
15) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерациялаудың электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін белгілеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минут.
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет) көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы сатып алуға және төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары: ________________________________
____________________________________________________________________.
(аталған тармақта осы Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделеді)
4. Осы Шарт бойынша баға жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындылары бойынша айқындалған жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф (бұдан әрі – жеке тариф) болып табылады және қосылған құн салығын есептемегенде ____ (__________) 1 (бір) МВт үшін*ай құрайды. Жеке тарифті жыл сайынғы индекстеу Тендер өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
5. Индекстеу және/немесе индекстеу тәртібі нәтижесінде жеке тарифтің шамасын өзгерту Тендерді өткізу қағидаларына сәйкес айқындалатын тиісті өзгерістерді қолдану басталған күнді көрсете отырып, осы Шартқа қосымша келісімге қол қою жолымен ресімделеді.
6. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндеттелген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі Тендер өткізу қағидаларына сәйкес айқындалады және _____МВт құрайды (бұдан әрі – шарттық көлем).
7. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге міндеттелетін, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттелетін мерзім Тендер өткізу қағидаларына сәйкес айқындалады.
Субъектіні қолдау жөніндегі қызметті сатып алудың жеке тарифі, көлемі мен мерзімі жылдар бойынша осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
8. Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты жылдар бойынша осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
9. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес Субъектіні әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы дереу хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына және Тендер өткізу қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
4) Субъект осы Шарттың 11-тармағының 20) тармақшасын тиісінше орындаған кезде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Шарттың 11-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген субъектінің өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді қайтару (босату) туралы банкке (банктерге) хат жіберуге;
5) Субъект осы Шарттың 12-тармағының 4) тармақшасының талаптарын орындаған кезде үшінші тұлға осы Шарттың 11-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтару (босату) туралы банкке (банктерге) хат жолдауға;
6) осы Шартқа қол қойылған күннен бастап, 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсынбаған кезде осы Шарттың талаптарын орындаудың қаржылық қамтамасыз ету (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) сомасының 30 % мөлшерінде тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша ақы төлеуге талап қоюға;
7) Тендер өткізу қағидаларында көзделген құрылыс мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай өткен соң "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Құрылыс қызметі туралы Заң) 74-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған жағдайда тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100 % мөлшерінде, ал осы тармақтың 6) тармақшасына сәйкес осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігін ұстап қалу кезінде осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 % мөлшерінде ақы төлеуге талап қоюға міндетті.
10. Бірыңғай сатып алушы:
1) Қуат нарығының қағидаларына және Тендер өткізу қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
2) Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша олардың құзыреті шегінде Субъектінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат беруге;
4) субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
11. Субъект:
1) шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде оның құрамына кіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты дайындықта ұстауға;
2) күн сайын жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге реттеуге қатысуға өтінім беруге;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілікті жалпы бастапқы реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға;
5) күн сайын, ағымдағы тәуліктің сағат 08:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпаратты алдағы жоспарлау тәулігіне ұсынуға (бұл ретте, алдағы тәулік ішінде генерациялайтын жабдықты жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығаруға жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан тиісті тәулік ішінде келіп түскен су режимін өзгерту туралы өкімнің көшірмесі жүйелік операторға берілген жағдайда осы ақпаратты қосымша түзетуге рұқсат етіледі);
6) жүйелік операторға Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;
7) жүйелік операторға күн сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпарат беруге;
8) ай сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және алдыңғы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты тіркеп, жүйелік операторға ұсынуға;
9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосыла отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;
10) көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектерінің және коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында жүйелік оператор қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге рұқсат беруге;
11) Бірыңғай сатып алушыны атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті басқа да мәліметтердің өзгеруі туралы дереу хабардар етуге;
12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын және жүйелік оператордың жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі аварияға қарсы автоматиканы күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға;
13) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өтуге;
15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес тарату құрылғыларының, Субъектінің объектілерінде орналасқан аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;
16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәулігіне берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуаттарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға;
17) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген) Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне қосу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен жыл сайын жүйелік оператормен реттеу жөніндегі шарт жасасуға;
18) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға;
19) осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі беруге;
20) Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін Тендер өткізу қағидаларының 43-тармағының 2) тармақшасында айқындалған мерзімдерде беруге;
21) Бірыңғай сатып алушының сұрауы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының барысы туралы ақпарат жіберуге;
22) Бірыңғай сатып алушыға осы Шартқа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Банктік кепілдіктер мен кепілгерліктерді беру қағидаларына сәйкес ресімделген банктік кепілдігін немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивті беру жолымен осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету ұсынуға.
Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті тендер жеңімпазы Қазақстан Республикасының резидент-банктерінен шетел валютасындағы Standard&Poor's бойынша "В" немесе Moody's InvestorsService бойынша "В-" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "В3" төмен емес не Standard&Poor's бойынша "ВВВ" деңгейінен төмен емес бас ұйымның (Қазақстан Республикасының резидент Банкі акцияларының 50 %-дан астамы тиесілі) рейтингі немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "Ваа2" ұсынады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінен банктік кепілдікті немесе резервтік аккредитивті резидент емес банктер резидент емес банктердің қарсы міндеттемелеріне кепілдік беру арқылы растайды.
Standard&Poor's бойынша "ВВВ"-дан төмен емес, Moody'sInvestorsService бойынша Fitch "Ваа2" бойынша "ВВВ"-дан төмен емес шетел валютасындағы Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріне банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті тиісті қарсы міндеттемелерді шығармай шығаруға рұқсат етіледі.
Осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі ____________ теңгені құрайды және осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәнінің (теңгемен/МВт-пен) және қолдау жөніндегі қызмет көлемінің (МВт-пен) туындысы ретінде айқындалады.
Осы электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәні 1 000 000 (бір миллион) теңге/МВт құрайды.
Осы тармақшада көрсетілген банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарып алынбайтын болып табылады, осы Шарттың 11-тармағының 20) тармақшасында көзделген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзіміне екі ай қолданылу мерзімімен олардың толық немесе алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша бөліп-бөліп орындалуын көздейді;
23) осы Шарттың, оның ішінде алушы (бенефициар) Банкінің талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуге байланысты барлық банк комиссияларын және шығыстарды төлеуге;
24) осы Шарттың 15-тармағына сәйкес сомаларды қайтаруды жүзеге асыруға;
25) Субъект құқықтар мен міндеттерді басқаға беру шартын жасасқанға дейін Бірыңғай сатып алушыны хабардар етуге міндетті.
12. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге;
3) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар уақтылы пайдалануға берілген кезде оның осы Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін осы Шарт талаптарының немесе бөлігінің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтаруды (босатуды) талап етуге;
4) осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаға және осы Шарт бойынша құқықтар мен талаптарды қабылдайтын үшінші тұлғаға беруге.
Осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді беру осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді қабылдайтын үшінші тұлғаға осы Шарттың 11-тармағының 22) тармақшасына сәйкес осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Осы тармақтың барлық талаптары жүзеге асырылғаннан кейін үшінші тұлға жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы болып танылады;
5) Бірыңғай сатып алушыдан осы тармақтың 4) тармақшасының үшінші бөлігінде көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін Шарттың орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтаруды (босатуды) талап етуге құқылы.
4-тарау. Қолдау көрсету қызметыне ақы төлеу
13. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметі үшін ай сайын, бірақ осы қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілген нақты көлемі (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі) үшін ақы төлейді.
Әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілетін нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.
Бірыңғай сатып алушының төлеуіне жататын әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Бірыңғай сатып алушы тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Субъектіге ұсынады.
14. Осы Шарттың 13-тармағында көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпараттың негізінде қалыптастырады.
15. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы шот-фактураның даулы емес бөлігін осы Шарттың 13-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін әзірлігін ұстап тұру қызметінің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген жағдайда, Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
16. Бірыңғай сатып алушының қолдау жөніндегі қызметтің нақты көлемдерін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
17. Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған кезде, төлем бірінші кезекте осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер есеп айырысу кезеңінде Бірыңғай сатып алушы Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
18. Электр энергиясын есепке алу үшін Субъект тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.
19. Коммерциялық есепке алу аспаптарының жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізген кезеңде есепке алу жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
20. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
21. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
22. Шот-фактураны ол бойынша төлеу мерзімі басталған сәтте төлемегені үшін Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Субъект бірыңғай сатып алушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемені нақты орындамаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
23. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
24. Егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды қайтарып алуға құқылы болмайды. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындағанға дейінгі туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
25. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
8-тарау. Дауларды қарау
26. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
9-тарау. Басқа ережелер
27. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
28. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және ол реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
29. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз ашылуға және/немесе үшінші тараптарға берілуге жатпайды.
30. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар, егер олар жазбаша түрде жасалып, екі тарап қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшіне енеді.
31. Осы Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
32. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
33. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың жеке тарифі, көлемі және мерзімі, жылдар бойынша*
Кезең, жыл ** | ҚҚС есебінсіз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт*ай | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жылдар*** | |
2 | 3 | 4 | 5 | |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің әрбір кезеңі ай/жыл форматында көрсетіледі: __________20___ ж.
*** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әрбір кезеңі үшін бірдей ай/жыл форматында көрсетіледі: ____20 ___ ж. - _____20 ___ ж.
Субъекттің электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты, жылдар бойынша*
Кезең, жыл** | Электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні, МВт | Оның ішінде: | Экспорттың ең жоғары электр қуаты, МВт | |
электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні, МВт*** | ||||

** – кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі және ай/жыл форматында көрсетіледі: ______20__ ж;
*** – Субъектінің электр станцияларының барлық меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәнін де, Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік қажеттіліктерінің электр қуатының тиісті ең жоғары мәнін де қосатын Субъектінің электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні.
Бұл қосымша электр қуатын аттестаттаудан өткізгеннен кейін толтырылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына 2-қосымша |
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________ 20__ж. "___"__________
(шарт жасасу орны)
____________________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә.)
негізінде әрекет ететін ________________________________________________,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі "Субъект" деп аталатын, бір жағынан және
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә.)
негізінде әрекет ететін ________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп те аталатын, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатындар:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары);
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22727 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын (бұдан әрі – Аукциондық сауда-саттық қағидалары) назарға ала отырып, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;
2) банк кепілдігі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 тіркелген) Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген және банк клиентке (борышкер тұлғаға) оның өтініші негізінде үшінші тұлғаның (кредитор тұлғаның) пайдасына беретін жазбаша құжат (SWIFT жүйесі бойынша шығарылады), осы құжат негізінде онда көрсетілген шарттарға сәйкес банк шекті соманы үшінші тұлғаға (кредитор тұлғаға) төлеуге міндеттенеді;
3) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын анықтауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
4) генерациялаудың, технологиялық және техникалық минимумдардың істеп турған жұмыс электр қуаттарының ведомосі – жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жасайтын, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, генерациялаудың ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін құжат;
5) есептік кезең – осы Шартта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті есептеу жүргізілетін айдың бірінші күнгі сағат 00-00-ден айдың соңғы күнгі 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең;
6) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмыс істеуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде тепе-теңдікті сақтайтын, жүйелік қызметтер көрсететін және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен көмекші қызметтер сатып алатын, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсететін және пайдалану әзірлігінде ұстап тұратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
7) коммерциялық есепке алу кешені – белгілі бір коммерциялық есепке алу нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
8) қаржылық қамтамасыз ету – банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив түріндегі қаржы ресурстары;
9) өндіруші қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
10) резервтік аккредитив – борышкер тұлға бенефициар алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайдың басталуы кезіндегі соманы аккредитив бойынша бенефициардың пайдасына төлеу жөніндегі банктің міндеттемесі (резервтік аккредитив SWIFT жүйесі бойынша шығарылады);
11) техникалық минимум – конденсациялық, жылыту, газ турбиналы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су шығыстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығынын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі рұқсат етілген электр қуатының жиынтығы, МВт;
12) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі электр қуаттарының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) қосындысы, МВт;
13) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға жүктемені көтеруге генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет;
14) электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәні мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минут;
15) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерациялаудың электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін белгілеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минут.
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет) көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы сатып алуға және төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары: ________________________________
____________________________________________________________________.
(аталған тармақта осы Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделеді)
4. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша Субъектіні қолдау жөніндегі қызметіне ақы төлеуге міндеттелетін баға (жеке тариф) (бұдан әрі – шарттық баға) осы Шарт бойынша ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзіміне айына ________ теңгені/МВт* құрайтын Аукциондық сауда-саттық қағидаларына сәйкес аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалады.
5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндеттелген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі Аукциондық сауда-саттық қағидаларына сәйкес аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалады және ______ МВт құрайды (бұдан әрі – шарттық көлем).
Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды жүргізу нәтижесінде маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні осы Шартта белгіленген қолдау жөніндегі қызмет көлемінен аз болса, қолдау бойынша нақты көрсетілген қызметтерді есептеу кезінде қабылданатын қолдау жөніндегі қызмет көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін азаяды.
6. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі 15 (он бес) жылға тең, оны есептеу осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген мерзім өткеннен кейінгі айдың бірінші күнінен басталады.
Осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген мерзім өткенге дейін генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды бірінші аттестаттаудан өткізген кезінде осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген мерзім өткеннен кейінгі айдың бірінші күні ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталуы болып табылады.
Осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген мерзім өткеннен кейін генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды бірінші аттестаттаудан өткізген кезінде Субъект бірінші аттестаттаудан өткен айдан кейінгі айдың бірінші күні ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталуы болып табылады.
Бұл ретте осы Шарттың 4-тармағында көзделген шарттық баға және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу мерзімі ұлғайту жағына қарай түзетуге жатпайды.
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар уақтылы іске қосылмаған жағдайда, қолдау жөніндегі қызметті сатып алудың басталу мерзімі мен күні қайта қаралмайды.
Субъектінің генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы салу жобасын іске асыру процесінде көрсетілген жобаны қолдау бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің осы Шартты кейіннен түзете отырып, ұлғайту жағына да, азайту жағына да (көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен) 15 (он бес) %-ға ауытқуына жол беріледі.
Субъектінің электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтің шарттық бағасы (жеке тариф), шарттық көлемі және сатып алу мерзімі осы Шартқа 1-қосымшада бекітілген нысанға сәйкес жылдар бойынша көрсетіледі.
7. Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты жылдар бойынша осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес субъектіні әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы дереу хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына және Аукциондық сауда-саттық қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
4) Субъект осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасын тиісінше орындаған кезде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Шарттың 10-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген субъектінің өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді қайтару (босату) туралы банкке (банктерге) хат жіберуге;
5) Субъект осы Шарттың 11-тармағының 4) тармақшасының талаптарын орындаған кезде үшінші тұлға осы Шарттың 10-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтару (босату) туралы банкке (банктерге) хат жолдауға;
6) газ электр станциялары мен су электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап, 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсынбаған кезде осы Шарттың талаптарын орындаудың қаржылық қамтамасыз ету (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) сомасының 30 % мөлшерінде тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша ақы төлеуге талап қоюға;
7) газ электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде, су электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Құрылыс қызметі туралы Заң) 74-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған жағдайда тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100 % мөлшерінде, ал осы тармақтың 6) тармақшасына сәйкес осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігін ұстап қалу кезінде осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 % мөлшерінде ақы төлеуге талап қоюға міндетті.
9. Бірыңғай сатып алушы:
1) Қуат нарығының қағидаларына және Аукциондық сауда-саттық қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
2) Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша олардың құзыреті шегінде субъектінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат беруге;
4) субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
10. Субъект:
1) шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде оның құрамына кіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты дайындықта ұстауға;
2) күн сайын жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге реттеуге қатысуға өтінім беруге;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілікті жалпы бастапқы реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға;
5) күн сайын, ағымдағы тәуліктің сағат 08:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпаратты алдағы жоспарлау тәулігіне ұсынуға (бұл ретте, алдағы тәулік ішінде генерациялайтын жабдықты жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығаруға жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан тиісті тәулік ішінде келіп түскен су режимін өзгерту туралы өкімнің көшірмесі жүйелік операторға берілген жағдайда осы ақпаратты қосымша түзетуге рұқсат етіледі);
6) жүйелік операторға субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;
7) жүйелік операторға күн сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпарат беруге;
8) ай сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және алдыңғы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты тіркеп, жүйелік операторға ұсынуға;
9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосыла отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;
10) көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектерінің және коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында жүйелік оператор қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге рұқсат беруге;
11) Бірыңғай сатып алушыны атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті басқа да мәліметтердің өзгеруі туралы дереу хабардар етуге;
12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын және жүйелік оператордың жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі аварияға қарсы автоматиканы күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға;
13) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өтуге;
15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес тарату құрылғыларының, Субъектінің объектілерінде орналасқан аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;
16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәулігіне берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуаттарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға;
17) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген) Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне қосу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен жыл сайын жүйелік оператормен реттеу жөніндегі шарт жасасуға;
18) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға;
19) осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі беруге;
20) Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін газ электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде, гидроэлектростанциялар үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде беруге;
21) Бірыңғай сатып алушының сұрау салуы бойынша генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс барысы туралы ақпарат жіберуге;
22) Бірыңғай сатып алушыға осы Шартқа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Банктік кепілдіктер мен кепілгерліктерді беру қағидаларына сәйкес ресімделген банктік кепілдігін немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивті беру жолымен осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету ұсынуға.
Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпазы Қазақстан Республикасының резидент-банктерінен шетел валютасындағы Standard&Poor's бойынша "В" немесе Moody's InvestorsService бойынша "В-" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "В3" төмен емес не Standard&Poor's бойынша "ВВВ" деңгейінен төмен емес бас ұйымның (Қазақстан Республикасының резидент Банкі акцияларының 50 % - дан астамы тиесілі) рейтингі немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "Ваа2" ұсынады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінен банктік кепілдікті немесе резервтік аккредитивті резидент емес банктер резидент емес банктердің қарсы міндеттемелеріне кепілдік беру арқылы растайды.
Standard&Poor's бойынша "ВВВ"-дан төмен емес, Moody'sInvestorsService бойынша Fitch "Ваа2" бойынша "ВВВ"-дан төмен емес шетел валютасындағы Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріне банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті тиісті қарсы міндеттемелерді шығармай шығаруға рұқсат етіледі.
Осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі _______________ теңгені құрайды және осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәнінің (теңгемен/МВт-пен) және қолдау жөніндегі қызмет көлемінің (МВт-пен) туындысы ретінде айқындалады.
Осы электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәні 1 000 000 (бір миллион) теңге/МВт құрайды.
Осы тармақшада көрсетілген банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарып алынбайды, қолданылу мерзімі бар алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша оларды толық немесе бөліктер бойынша орындауды көздейді:
газ электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 50 (елу) ай;
гидроэлектростанциялар үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 61 (алпыс бір) ай;
пайдалы қазбаларды отын ретінде пайдаланбайтын генерациялайтын қондырғылар үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 38 (отыз сегіз) ай;
23) осы Шарттың, оның ішінде алушы (бенефициар) Банкінің талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуге байланысты барлық банк комиссияларын және шығыстарды төлеуге;
24) Субъект құқықтар мен міндеттерді басқаға беру шартын жасасқанға дейін Бірыңғай сатып алушыны хабардар етуге;
25) осы Шарттың 14-тармағына сәйкес сомаларды қайтаруды жүзеге асыруға;
26) Аукциондық сауда-саттық қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес айқындалатын реттеу диапазонын сақтауға және жиілік пен қуатты автоматты реттеуге қосылуға;
27) Бірыңғай сатып алушыға оның негізінде аукциондық сауда-саттық өткізілген алдын ала ТЭН әзірлеуге жұмсалған шығындарды аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізілген сәттен бастап 30 (отыз) күн ішінде өтеуге;
28) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамада айқындалған өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
11. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге;
3) маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар уақтылы пайдалануға берілген кезде оның осы Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін осы Шарт талаптарының немесе бөлігінің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтаруды (босатуды) талап етуге;
4) осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаға және осы Шарт бойынша құқықтар мен талаптарды қабылдайтын үшінші тұлғаға беруге.
Осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді беру осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді қабылдайтын үшінші тұлғаға осы Шарттың 10-тармағының 22) тармақшасына сәйкес осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Осы тармақтың барлық талаптары жүзеге асырылғаннан кейін үшінші тұлға маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы болып танылады;
5) Бірыңғай сатып алушыдан осы тармақтың 4) тармақшасының үшінші бөлігінде көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін Шарттың орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтаруды (босатуды) талап етуге құқылы.
4-тарау. Ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу
12. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметі үшін ай сайын, бірақ осы қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілген нақты көлемі (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі) үшін ақы төлейді.
Әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілетін нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.
Бірыңғай сатып алушының төлеуіне жататын әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Бірыңғай сатып алушы тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Субъектіге ұсынады.
13. Осы Шарттың 12-тармағында көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпараттың негізінде қалыптастырады.
14. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы шот-фактураның даулы емес бөлігін осы Шарттың 13-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін әзірлігін ұстап тұру қызметінің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген жағдайда, Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
15. Бірыңғай сатып алушының қолдау жөніндегі қызметтің нақты көлемдерін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
16. Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған кезде, төлем бірінші кезекте осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер есеп айырысу кезеңінде Бірыңғай сатып алушы Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
17. Электр энергиясын есепке алу үшін Субъект тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.
18. Коммерциялық есепке алу аспаптарының жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізген кезеңде есепке алу жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
19. Субъект осы Шарттың 10-тармағының 19) тармақшасында көрсетілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін беру мерзімін бұзған жағдайда, Бірыңғай сатып алушы Аукциондық сауда-саттық қағидаларында белгіленген тәртіппен осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) 30 %-ын ұстайды, бұл туралы Субъектіні жазбаша хабардар етеді.
20. Субъект осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасына сәйкес генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін беру мерзімін бұзған жағдайда, Бірыңғай сатып алушы Аукциондық сауда-саттық қағидаларында белгіленген тәртіппен осы Шарттың талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) 100 %-ын ұстап қалады, бұл туралы Субъектіні жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігі осы Шарттың 19-тармағына сәйкес ұсталған жағдайда Бірыңғай сатып алушы Аукциондық сауда-саттық қағидаларында белгіленген тәртіппен Шарт талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 %-н ұстайды.
21. Осы Шарт бойынша және Реттеу жөніндегі шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны үшін жауапкершілік Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындалатын электр қуаты нарығының тетіктерін пайдалану арқылы туындайды.
22. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
23. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
24. Шот-фактураны ол бойынша төлеу мерзімі басталған сәтте төлемегені үшін Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Субъект бірыңғай сатып алушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемені нақты орындамаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
25. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
26. Егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды қайтарып алуға құқылы болмайды. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындағанға дейінгі туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
27. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
8-тарау. Дауларды қарау
28. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
9-тарау. Шарттың қолданылуы
29. Осы Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
30. Шарт өзінің қолданылуын мынадай жағдайларда тоқтатады:
1) осы Шарттың 10-тармағының 22) тармақшасына сәйкес осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді ұсынбаған кезде;
2) осы Шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін.
10-тарау. Басқа ережелер
31. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
32. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және ол реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
33. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз ашылуға және/немесе үшінші тараптарға берілуге жатпайды.
34. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар, егер олар жазбаша түрде жасалып, екі тарап қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшіне енеді.
35. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.
11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
36. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың келісім бағасы (жеке тарифі), көлемі және мерзімі, жылдар бойынша*
Кезең, жыл ** | ҚҚС есебінсіз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет бағасы (жеке тарифі), мың теңге/(МВт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт*ай | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жылдар*** | |
2 | 3 | 4 | 5 | |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің әрбір кезеңі ай/жыл форматында көрсетіледі: __________20___ ж.
*** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әрбір кезеңі үшін бірдей ай/жыл форматында көрсетіледі: ____20 ___ ж. - _____20 ___ ж.
Субъекттің электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты, жылдар бойынша*
Кезең, жыл** | Электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні, МВт | Оның ішінде: | Экспорттың ең жоғары электр қуаты, МВт | |
электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні, МВт*** | ||||
2 | 3 | 4 | 5 | |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі және ай/жыл форматында көрсетіледі: ______20__ ж;
*** – Субъектінің электр станцияларының барлық меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәнін де, Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік қажеттіліктерінің электр қуатының тиісті ең жоғары мәнін де қосатын Субъектінің электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні.
Бұл қосымша электр қуатын аттестаттаудан өткізгеннен кейін толтырылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына 3-қосымша |
Қуаты 35 МВт-тан асатын судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________ 20__жылғы "___"__________
(шарт жасасу орны)
_______________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі "Субъект" деп аталатын, бір жағынан,
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә. (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын:
1) "___________________________________________________________" Қазақстан Республикасы Үкіметінің ______№___ қаулысын (бұдан әрі – Қаулы);
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары) назарға ала отырып, мыналар туралы қуаты 35 МВт-тан асатын судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;
2) банк кепілдігі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 тіркелген) Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген және банк клиентке (борышкер тұлғаға) оның өтініші негізінде үшінші тұлғаның (кредитор тұлғаның) пайдасына беретін жазбаша құжат (SWIFT жүйесі бойынша шығарылады), осы құжат негізінде онда көрсетілген шарттарға сәйкес банк шекті соманы үшінші тұлғаға (кредитор тұлғаға) төлеуге міндеттенеді;
3) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын анықтауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
4) генерациялаудың, технологиялық және техникалық минимумдардың істеп турған жұмыс электр қуаттарының ведомосі – жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жасайтын, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, генерациялаудың ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін құжат;
5) есептік кезең – осы Шартта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті есептеу жүргізілетін айдың бірінші күнгі сағат 00-00-ден айдың соңғы күнгі 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең;
6) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмыс істеуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде тепе-теңдікті сақтайтын, жүйелік қызметтер көрсететін және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен көмекші қызметтер сатып алатын, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсететін және пайдалану әзірлігінде ұстап тұратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
7) коммерциялық есепке алу кешені – белгілі бір коммерциялық есепке алу нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
8) қаржылық қамтамасыз ету – банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив түріндегі қаржы ресурстары;
9) өндіруші қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
10) резервтік аккредитив – борышкер тұлға бенефициар алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайдың басталуы кезіндегі соманы аккредитив бойынша бенефициардың пайдасына төлеу жөніндегі банктің міндеттемесі (резервтік аккредитив SWIFT жүйесі бойынша шығарылады);
11) техникалық минимум – конденсациялық, жылыту, газ турбиналы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су шығыстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығынын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі рұқсат етілген электр қуатының жиынтығы, МВт;
12) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі электр қуаттарының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) қосындысы, МВт;
13) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға жүктемені көтеруге генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет;
14) электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәні мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минут;
15) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерациялаудың электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін белгілеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минут.
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет) көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы сатып алуға және төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары: ________________________________
____________________________________________________________________.
(аталған тармақта осы Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделеді)
4. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуге міндеттелетін баға (жеке тариф) (бұдан әрі – шарттық баға) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді және _____ теңге/МВт құрайды.
5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндеттелген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі ТЭН негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді және _____ МВт құрайды (бұдан әрі – шарттық көлем).
6. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті көрсетуге міндеттелетін, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттелетін мерзім ТЭН негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді.
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметінің шарттық бағасы (жеке тариф), сатып алу көлемі мен мерзімі жылдар бойынша осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
7. Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты жылдар бойынша осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
Егер субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттардың бірінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электр қуаттарының мәндері көрсетілген болса, осы Шартқа 2-қосымшада осы электр қуаттарының мәндері көрсетілмейді.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес Субъектіні әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы дереу хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
4) Субъект осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасын тиісінше орындаған кезде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Шарттың 10-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген субъектінің өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді қайтару (босату) туралы банкке (банктерге) хат жіберуге;
5) осы Шартқа қол қойылған күннен бастап, 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсынбаған кезде осы Шарттың талаптарын орындаудың қаржылық қамтамасыз ету (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) сомасының 30 % мөлшерінде тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша ақы төлеуге талап қоюға;
6) бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде көзделген құрылыс мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай өткен соң "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Құрылыс қызметі туралы Заң) 74-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған жағдайда тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100 % мөлшерінде, ал осы тармақтың 6) тармақшасына сәйкес осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігін ұстап қалу кезінде осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 % мөлшерінде ақы төлеуге талап қоюға міндетті.
9. Бірыңғай сатып алушы:
1) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
2) Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша олардың құзыреті шегінде Субъектінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат беруге;
4) субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
10. Субъект:
1) шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде оның құрамына кіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты дайындықта ұстауға;
2) күн сайын жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге реттеуге қатысуға өтінім беруге;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілікті жалпы бастапқы реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға;
5) күн сайын, ағымдағы тәуліктің сағат 08:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпаратты алдағы жоспарлау тәулігіне ұсынуға (бұл ретте, алдағы тәулік ішінде генерациялайтын жабдықты жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығаруға жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан тиісті тәулік ішінде келіп түскен су режимін өзгерту туралы өкімнің көшірмесі жүйелік операторға берілген жағдайда осы ақпаратты қосымша түзетуге рұқсат етіледі);
6) жүйелік операторға Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;
7) жүйелік операторға күн сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпарат беруге;
8) ай сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және алдыңғы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты тіркеп, жүйелік операторға ұсынуға;
9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосыла отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;
10) көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектерінің және коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында жүйелік оператор қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге рұқсат беруге;
11) Бірыңғай сатып алушыны атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті басқа да мәліметтердің өзгеруі туралы дереу хабардар етуге;
12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын және жүйелік оператордың жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі аварияға қарсы автоматиканы күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға;
13) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өтуге;
15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес тарату құрылғыларының, Субъектінің объектілерінде орналасқан аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;
16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәулігіне берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуаттарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға;
17) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген) Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне қосу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен жыл сайын жүйелік оператормен реттеу жөніндегі шарт жасасуға;
18) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға;
19) осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі беруге;
20) Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ТЭН-де айқындалған мерзімде қуаты 35 МВт-тан асатын судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға бергеннен кейін бір ай ішінде беруге;
21) Бірыңғай сатып алушының сұрауы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының барысы туралы ақпарат жіберуге;
22) Бірыңғай сатып алушыға осы Шартқа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Банктік кепілдіктер мен кепілгерліктерді беру қағидаларына сәйкес ресімделген банктік кепілдігін немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивті беру жолымен осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету ұсынуға.
Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті тендер жеңімпазы Қазақстан Республикасының резидент-банктерінен шетел валютасындағы Standard&Poor's бойынша "В" немесе Moody's InvestorsService бойынша "В-" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "В3" төмен емес не Standard&Poor's бойынша "ВВВ" деңгейінен төмен емес бас ұйымның (Қазақстан Республикасының резидент Банкі акцияларының 50 %-дан астамы тиесілі) рейтингі немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "Ваа2" ұсынады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінен банктік кепілдікті немесе резервтік аккредитивті резидент емес банктер резидент емес банктердің қарсы міндеттемелеріне кепілдік беру арқылы растайды.
Standard&Poor's бойынша "ВВВ"-дан төмен емес, Moody'sInvestorsService бойынша Fitch "Ваа2" бойынша "ВВВ"-дан төмен емес шетел валютасындағы Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріне банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті тиісті қарсы міндеттемелерді шығармай шығаруға рұқсат етіледі.
Осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі ____________ теңгені құрайды және осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәнінің (теңгемен/МВт-пен) және қолдау жөніндегі қызмет көлемінің (МВт-пен) туындысы ретінде айқындалады.
Осы электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәні 1 000 000 (бір миллион) теңге/МВт құрайды.
Осы тармақшада көрсетілген банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарып алынбайтын болып табылады, осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзіміне екі ай қолданылу мерзімімен олардың толық немесе алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша бөліп-бөліп орындалуын көздейді;
23) осы Шарттың, оның ішінде алушы (бенефициар) Банкінің талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуге байланысты барлық банк комиссияларын және шығыстарды төлеуге;
24) Субъект құқықтар мен міндеттерді басқаға беру шартын жасасқанға дейін Бірыңғай сатып алушыны хабардар етуге міндетті.
11. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге;
3) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар уақтылы пайдалануға берілген кезде оның осы Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін осы Шарт талаптарының немесе бөлігінің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтаруды (босатуды) талап етуге;
4) осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаға және осы Шарт бойынша құқықтар мен талаптарды қабылдайтын үшінші тұлғаға беруге.
Осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді беру осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді қабылдайтын үшінші тұлғаға осы Шарттың 11-тармағының 22) тармақшасына сәйкес осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Осы тармақтың барлық талаптары жүзеге асырылғаннан кейін, сондай-ақ Қаулыға тиісті өзгерістер енгізілген кезде үшінші тұлға қуаты 35 МВт-тан асатын судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті іске асыратын заңды тұлға деп танылады;
5) Бірыңғай сатып алушыдан осы тармақтың 4) тармақшасының үшінші бөлігінде көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін Шарттың орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтаруды (босатуды) талап етуге құқылы.
4-тарау. Қолдау көрсету қызметыне ақы төлеу
12. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметі үшін ай сайын, бірақ осы қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілген нақты көлемі (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі) үшін ақы төлейді.
Әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілетін нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.
Бірыңғай сатып алушының төлеуіне жататын әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Бірыңғай сатып алушы тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Субъектіге ұсынады.
13. Осы Шарттың 12-тармағында көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпараттың негізінде қалыптастырады.
14. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы шот-фактураның даулы емес бөлігін осы Шарттың 12-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін әзірлігін ұстап тұру қызметінің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген жағдайда, Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
15. Бірыңғай сатып алушының қолдау жөніндегі қызметтің нақты көлемдерін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
16. Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған кезде, төлем бірінші кезекте осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер есеп айырысу кезеңінде Бірыңғай сатып алушы Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
17. Электр энергиясын есепке алу үшін Субъект тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.
18. Коммерциялық есепке алу аспаптарының жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізген кезеңде есепке алу жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
19. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
20. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
21. Шот-фактураны ол бойынша төлеу мерзімі басталған сәтте төлемегені үшін Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Субъект бірыңғай сатып алушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемені нақты орындамаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
22. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
23. Егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды қайтарып алуға құқылы болмайды. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындағанға дейінгі туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
24. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
8-тарау. Дауларды қарау
25. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
9-тарау. Басқа ережелер
26. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
27. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және ол реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
28. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз ашылуға және/немесе үшінші тараптарға берілуге жатпайды.
29. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар, егер олар жазбаша түрде жасалып, екі тарап қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшіне енеді.
30. Осы Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
31. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
32. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың жеке тарифі, көлемі және мерзімі, жылдар бойынша*
Кезең, жыл ** | ҚҚС есебінсіз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт*ай | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жылдар*** | |
2 | 3 | 4 | 5 | |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің әрбір кезеңі ай/жыл форматында көрсетіледі: __________20___ ж.
*** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әрбір кезеңі үшін бірдей ай/жыл форматында көрсетіледі: ____20 ___ ж. - _____20 ___ ж.
Субъекттің электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты, жылдар бойынша*
Кезең, жыл** | Электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні, МВт | Оның ішінде: | Экспорттың ең жоғары электр қуаты, МВт | |
электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні, МВт*** | ||||
2 | 3 | 4 | 5 | |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі және ай/жыл форматында көрсетіледі: ______20__ ж;
*** – Субъектінің электр станцияларының барлық меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәнін де, Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік қажеттіліктерінің электр қуатының тиісті ең жоғары мәнін де қосатын Субъектінің электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні.
Бұл қосымша электр қуатын аттестаттаудан өткізгеннен кейін толтырылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына 4-қосымша |
Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________ 20__жылғы "___"__________
(шарт жасасу орны)
_______________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі "Субъект" деп аталатын, бір жағынан,
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә. (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары);
2) ____________________________ _____ жылдарға арналған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған 20___ жылғы_______ № ____ инвестициялық келісімді (бұдан әрі – Инвестициялық келісім), назарға ала отырып, мыналар туралы уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;
2) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын анықтауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
3) генерациялаудың, технологиялық және техникалық минимумдардың істеп турған жұмыс электр қуаттарының ведомосі – жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жасайтын, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, генерациялаудың ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін құжат;
4) есептік кезең – осы Шартта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті есептеу жүргізілетін айдың бірінші күнгі сағат 00-00-ден айдың соңғы күнгі 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең;
5) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмыс істеуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде тепе-теңдікті сақтайтын, жүйелік қызметтер көрсететін және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен көмекші қызметтер сатып алатын, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсететін және пайдалану әзірлігінде ұстап тұратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
6) коммерциялық есепке алу кешені – белгілі бір коммерциялық есепке алу нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
7) өндіруші қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
8) техникалық минимум – конденсациялық, жылыту, газ турбиналы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су шығыстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығынын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі рұқсат етілген электр қуатының жиынтығы, МВт;
9) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі электр қуаттарының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) қосындысы, МВт;
10) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға жүктемені көтеруге генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет;
11) электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәні мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минут;
12) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерациялаудың электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін белгілеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минут.
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет) көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы сатып алуға және төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары: ________________________________
____________________________________________________________________. (аталған тармақта осы Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделеді)
4. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша Субъекттің қолдау жөніндегі қызметіне ақы төлеуге міндеттелетін баға (жеке тариф) Инвестициялық келісімнің талаптарына сәйкес айқындалады (бұдан әрі – шарттық баға).
5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндеттелген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі Инвестициялық келісімнің талаптарына сәйкес айқындалады және _____МВт құрайды (бұдан әрі – шарттық көлем).
6. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге міндеттелетін, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттелетін мерзім Инвестициялық келісімнің талаптарына сәйкес айқындалады.
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық бағасы (жеке тариф), сатып алу көлемі мен мерзімі жылдар бойынша осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
7. Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты жылдар бойынша осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
Егер субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттардың бірінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электр қуаттарының мәндері көрсетілген болса, осы Шартқа 2-қосымшада осы электр қуаттарының мәндері көрсетілмейді.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес Субъектіні әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы дереу хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға құқылы.
9. Бірыңғай сатып алушы:
1) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
2) Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша олардың құзыреті шегінде Субъектінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат беруге;
4) субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
10. Субъект:
1) шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде оның құрамына кіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты дайындықта ұстауға;
2) күн сайын жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге реттеуге қатысуға өтінім беруге;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілікті жалпы бастапқы реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға;
5) күн сайын, ағымдағы тәуліктің сағат 08:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпаратты алдағы жоспарлау тәулігіне ұсынуға (бұл ретте, алдағы тәулік ішінде генерациялайтын жабдықты жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығаруға жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан тиісті тәулік ішінде келіп түскен су режимін өзгерту туралы өкімнің көшірмесі жүйелік операторға берілген жағдайда осы ақпаратты қосымша түзетуге рұқсат етіледі);
6) жүйелік операторға Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;
7) жүйелік операторға күн сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпарат беруге;
8) ай сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және алдыңғы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты тіркеп, жүйелік операторға ұсынуға;
9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосыла отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;
10) көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектерінің және коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында жүйелік оператор қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге рұқсат беруге;
11) Бірыңғай сатып алушыны атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті басқа да мәліметтердің өзгеруі туралы дереу хабардар етуге;
12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын және жүйелік оператордың жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі аварияға қарсы автоматиканы күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға;
13) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өтуге;
15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес тарату құрылғыларының, Субъектінің объектілерінде орналасқан аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;
16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәулігіне берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуаттарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға;
17) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген) Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне қосу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен жыл сайын жүйелік оператормен реттеу жөніндегі шарт жасасуға;
18) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.
11. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
4-тарау. Қолдау көрсету қызметыне ақы төлеу
12. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметі үшін ай сайын, бірақ осы қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілген нақты көлемі (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі) үшін ақы төлейді.
Әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілетін нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.
Бірыңғай сатып алушының төлеуіне жататын әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Бірыңғай сатып алушы тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Субъектіге ұсынады.
13. Осы Шарттың 12-тармағында көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпараттың негізінде қалыптастырады.
14. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы шот-фактураның даулы емес бөлігін осы Шарттың 12-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін әзірлігін ұстап тұру қызметінің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген жағдайда, Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
15. Бірыңғай сатып алушының қолдау жөніндегі қызметтің нақты көлемдерін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
16. Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған кезде, төлем бірінші кезекте осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер есеп айырысу кезеңінде Бірыңғай сатып алушы Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
17. Электр энергиясын есепке алу үшін Субъект тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.
18. Коммерциялық есепке алу аспаптарының жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізген кезеңде есепке алу жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
19. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
20. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
21. Шот-фактураны ол бойынша төлеу мерзімі басталған сәтте төлемегені үшін Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Субъект бірыңғай сатып алушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемені нақты орындамаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
22. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
23. Егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды қайтарып алуға құқылы болмайды. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындағанға дейінгі туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
24. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
8-тарау. Дауларды қарау
25. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
9-тарау. Басқа ережелер
26. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
27. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және ол реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
28. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз ашылуға және/немесе үшінші тараптарға берілуге жатпайды.
29. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар, егер олар жазбаша түрде жасалып, екі тарап қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшіне енеді.
30. Осы Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
31. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
32. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың келісім бағасы (жеке тарифі), көлемі және мерзімі, жылдар бойынша*
Кезең, жыл ** | ҚҚС есебінсіз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет бағасы (жеке тарифі), мың теңге/(МВт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт*ай | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жылдар*** | |
2 | 3 | 4 | 5 | |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің әрбір кезеңі ай/жыл форматында көрсетіледі: __________20___ ж.
*** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әрбір кезеңі үшін бірдей ай/жыл форматында көрсетіледі: ____20 ___ ж. - _____20 ___ ж.
Субъекттің электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты, жылдар бойынша*
Кезең, жыл** | Электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні, МВт | Оның ішінде: | Экспорттың ең жоғары электр қуаты, МВт | |
электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні, МВт*** | ||||
2 | 3 | 4 | 5 | |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі және ай/жыл форматында көрсетіледі: ______20__ ж;
*** – Субъектінің электр станцияларының барлық меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәнін де, Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік қажеттіліктерінің электр қуатының тиісті ең жоғары мәнін де қосатын Субъектінің электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні.
Бұл қосымша электр қуатын аттестаттаудан өткізгеннен кейін толтырылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына 5-қосымша |
Құрамына жылу электр орталықтары кіретін қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
Ескерту. Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________ 20__жылғы "___"__________
(шарт жасасу орны)
_______________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі "Субъект" деп аталатын, бір жағынан,
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә. (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары) назарға ала отырып, мыналар туралы құрамына жылу электр орталықтары кіретін қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;
2) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын анықтауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
3) генерациялаудың, технологиялық және техникалық минимумдардың істеп турған жұмыс электр қуаттарының ведомосі – жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жасайтын, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, генерациялаудың ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін құжат;
4) есептік кезең – осы Шартта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті есептеу жүргізілетін айдың бірінші күнгі сағат 00-00-ден айдың соңғы күнгі 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең;
5) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмыс істеуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде тепе-теңдікті сақтайтын, жүйелік қызметтер көрсететін және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен көмекші қызметтер сатып алатын, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсететін және пайдалану әзірлігінде ұстап тұратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
6) коммерциялық есепке алу кешені – белгілі бір коммерциялық есепке алу нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
7) өндіруші қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
8) техникалық минимум – конденсациялық, жылыту, газ турбиналы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су шығыстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығынын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі рұқсат етілген электр қуатының жиынтығы, МВт;
9) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі электр қуаттарының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) қосындысы, МВт;
10) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға жүктемені көтеруге генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет;
11) электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәні мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минут;
12) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерациялаудың электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін белгілеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минут.
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет) көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы сатып алуға және төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары: ________________________________
____________________________________________________________________.
(аталған тармақта осы Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделеді)
4. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша Субъекттің қолдау жөніндегі қызметіне ақы төлеуге міндеттелетін баға (жеке тариф) Қуат нарығы қағидаларының 11-тармағына сәйкес айқындалады (бұдан әрі – шарттық баға).
5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндеттелген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындалады (бұдан әрі – шарттық көлем).
6. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің, оның ішінде осы көлемде есепке алынған генерациялайтын қондырғыларға (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) келетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің тек қана жылу тұтынумен жұмыс істеуге арналған бөлігінің шарттық есебі осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
7. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге міндеттелетін, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттелетін мерзім Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындалады.
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық бағасы (жеке тариф), сатып алу көлемі мен мерзімі жылдар бойынша осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
8. Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты жылдар бойынша осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
Егер субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттардың бірінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электр қуаттарының мәндері көрсетілген болса, осы Шартқа 3-қосымшада осы электр қуаттарының мәндері көрсетілмейді.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
9. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес Субъектіні әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы дереу хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға міндетті.
10. Бірыңғай сатып алушы:
1) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
2) Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша олардың құзыреті шегінде Субъектінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат беруге;
4) субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
11. Субъект:
1) шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде оның құрамына кіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты дайындықта ұстауға;
2) күн сайын жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге реттеуге қатысуға өтінім беруге;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілікті жалпы бастапқы реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға;
5) күн сайын, ағымдағы тәуліктің сағат 08:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпаратты алдағы жоспарлау тәулігіне ұсынуға (бұл ретте, алдағы тәулік ішінде генерациялайтын жабдықты жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығаруға жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан тиісті тәулік ішінде келіп түскен су режимін өзгерту туралы өкімнің көшірмесі жүйелік операторға берілген жағдайда осы ақпаратты қосымша түзетуге рұқсат етіледі);
6) жүйелік операторға Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;
7) жүйелік операторға күн сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпарат беруге;
8) ай сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және алдыңғы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты тіркеп, жүйелік операторға ұсынуға;
9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосыла отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;
10) көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектерінің және коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында жүйелік оператор қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге рұқсат беруге;
11) Бірыңғай сатып алушыны атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті басқа да мәліметтердің өзгеруі туралы дереу хабардар етуге;
12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын және жүйелік оператордың жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі аварияға қарсы автоматиканы күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға;
13) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өтуге;
15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес тарату құрылғыларының, Субъектінің объектілерінде орналасқан аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;
16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәулігіне берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуаттарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға;
17) ай сайын, есеп айырысу айының алдындағы айдың соңғы күніне дейін, жүйелік операторға алдағы есеп айырысу кезеңнің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне генерацияның ықтимал электр қуатының мәндері туралы ақпаратты ұсыну және осы ақпаратты жүйелік оператормен келісуге (Бірыңғай сатып алушымен Қуат нарығы қағидалардың 11-тармағының 6) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін (құрамына қалаларды күзгі-қысқы кезеңнен өту кезеңінде орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары ғана кіретін);
18) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.
12. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
4-тарау. Қолдау көрсету қызметыне ақы төлеу
13. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметі үшін ай сайын, бірақ осы қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілген нақты көлемі (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі) үшін ақы төлейді.
Әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілетін нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.
Бірыңғай сатып алушының төлеуіне жататын әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Бірыңғай сатып алушы тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Субъектіге ұсынады.
14. Осы Шарттың 13-тармағында көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпараттың негізінде қалыптастырады.
15. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы шот-фактураның даулы емес бөлігін осы Шарттың 12-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін әзірлігін ұстап тұру қызметінің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген жағдайда, Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
16. Бірыңғай сатып алушының қолдау жөніндегі қызметтің нақты көлемдерін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
17. Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған кезде, төлем бірінші кезекте осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер есеп айырысу кезеңінде Бірыңғай сатып алушы Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
18. Электр энергиясын есепке алу үшін Субъект тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.
19. Коммерциялық есепке алу аспаптарының жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізген кезеңде есепке алу жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
20. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
21. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
22. Шот-фактураны ол бойынша төлеу мерзімі басталған сәтте төлемегені үшін Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Субъект бірыңғай сатып алушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемені нақты орындамаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
23. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
24. Егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды қайтарып алуға құқылы болмайды. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындағанға дейінгі туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
25. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
8-тарау. Дауларды қарау
26. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
9-тарау. Басқа ережелер
27. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
28. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және ол реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
29. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз ашылуға және/немесе үшінші тараптарға берілуге жатпайды.
30. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар, егер олар жазбаша түрде жасалып, екі тарап қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшіне енеді.
31. Осы Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
32. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
33. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
(қолы)
Құрамына жылу электр орталықтары кіретін қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартқа 1-қосымша |
|
Нысан |
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың келісім бағасы (жеке тарифі), көлемі және мерзімі, жылдар бойынша*
Кезең, жыл ** | ҚҚС есебінсіз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет бағасы (жеке тарифі), мың теңге/(МВт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт*ай | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жылдар*** | |
2 | 3 | 4 | 5 | |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің әрбір кезеңі ай/жыл форматында көрсетіледі: __________20___ ж.
*** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әрбір кезеңі үшін бірдей ай/жыл форматында көрсетіледі: ____20 ___ ж. - _____20 ___ ж.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің, оның ішінде осы көлемде ескерілген өндіруші қондырғыларға (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) келетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің бір бөлігінің шарттық есебі
Осы Есеп Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 688 бұйрығымен бекітілген(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12510 болып тіркелген) Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Параметрлері.
1-кесте*
ЭӨҰ станциясының атауы** | Параметрлері*** | ||||||||||||||
t орт(5) | tтік оС | tкері оС | Gцирк |
Gтолық |
Qайнал |
t0 |
Qтолық |
Qшсық |
Qрсқ |
Qтұщ, |
Qөқ, |
Qбу, |
Q | ||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | |
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
Гкал/сағ – сағатына гигакаллория;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарының құрамына кіретін жылу электр орталығы (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы);
*** – параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылған:
1) tорт(5) – өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасы (соңғы), ℃ Цельсий градусымен;
2) tтік – өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша тікелей судың температурасы, ℃ Цельсий градусымен;
3) tкері – өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша кері судың температурасы, ℃ Цельсий градусымен;
4) Gцирк – ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша су айналымының ең көп мәні, тонна/сағ;
5) Gтолық – ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша толықтырудың мәні, тонна/сағ;
6) Qайнал – айналма суы бар ЭӨҰ станциясының жылу беру қуатының тиісті жылдағы берілген ең көп мәні, Гкал/сағ;
7) t0– өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін бастапқы шикі судың температурасы, Цельсий градусымен ℃;
8) Qтолық– толықтыруы бар ЭӨҰ станциясының жылу берудің қажетті қуатының тиісті жылдағы берілген ең көп мәні, Гкал/сағ;
9) Qшсық – өткен бес күзгі-қысқы кезеңнің (соңғы) ең суық бес күндік үшін ЭӨҰ станциясының көрсетілген бес күндік ішінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тартылған ең жоғары су жылыту қазандықтарының орташа жылу қуаты, Гкал/сағ;
10) Qрсқ – өткен күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндік үшін ЭӨҰ станциясының көрсетілген бес күндік ішінде тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуге тартылған редукциялық-салқындатқыш қондырғыларының барлық типтерінің орташа жылу қуаты, Гкал/сағ;
11) Qтұщ – ЭӨҰ станциясының бастапқы (теңіз) суын тұщыландыру үшін ЭӨҰ станциясының жылуын босату қуатының қажеттілігінің тиісті жылдағы ең жоғары белгіленген мәні, Гкал/сағ;
12) Qөқ – тиісті жыл үшін ЭӨҰ станциясының өз қажеттіліктеріне қажетті жылу шығыны қуатының берілген ең жоғары мәні, Гкал/сағ;
13) Qбу – тұтынушыларға бу жібере отырып, ЭӨҰ станциясының қажетті жылу шығыны қуатының тиісті жыл үшін берілген ең жоғары мәні, Гкал/сағ;
14) Q – жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының жұмыс істеп тұрған барлық генерациялайтын қондырғыларының тиісті жылдағы жылу жүктемесінің берілген ең көп деңгейі, Гкал/сағ.
2-кесте*
ЭӨҰ станциясы ГҚ атауы** | Параметрлері*** | |||||
Qбелг.гқ,Гкал/сағ | , Гкал/сағ |
Qгқ, |
Рмин.гқ, | МВт | ||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
Гкал/сағ – сағатына гигакаллория;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетілген;
** – жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарының құрамына кіретін жылу электр орталығы, (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы);
*** – параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылған:
1) Qбелг.гқ. – жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының гнерациялайтын қондырғыларының белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағ;
2)
– жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының барлық генерациялайтын қондырғыларының белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағ;3) Qгқ – жылыту іріктеуі (іріктеулері) бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының жылу жүктемесінің тиісті жылдағы берілген ең көп деңгейі, Гкал/сағ;
4)Рмин.гқ. – ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;
5)
– ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт.3-кесте*
ЖЭО атауы** | Параметрлері*** | ||||
МВт | МВт | МВт | КҚК МВт | ||
2 | 3 | 4 | 5 | ||
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
Гкал/сағ – сағатына гигакаллория;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы) құрамына кіретін жылу электр орталығы;
*** – параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылған:
1)
– ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;2)
– ЭӨҰ станцияларның генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;3)
– энергия өндіруші ұйымның өзіндік тұтынуының тиісті жылдағы электр қуатының ең көп мәні, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы шартта көрсетіледі, МВт;4) КҚК – құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен Бірыңғай сатып алушы жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін кызметтің көлемі, МВт.
2. Осы Есепте көрсетілген барлық генерациялайтын қондырғылардың тәуелділік графиктері (Есепке қоса беріледі).
Бұл ретте әрбір тәуелділік графигіне осы график бойынша әрбір көрсетілген қадамды егжей-тегжейлі негіздей отырып, тиісті генерациялайтын қондырғының (оның жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) ең төменгі электр қуатының тәуелділігін айқындау процесінің қадамдық сипаттамасы қоса беріледі.
Егер ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысында бірнеше бу іріктеуі бар болса, осы тармақта көрсетілген процестің кезең-кезеңімен сипаттамасында іріктеулер арасында будың бөлінуін есептеуде пайдаланылатын негіздеме де көрсетіледі.
Егер есептеу графигін пайдалану үшін іріктеулерден алынған бу энтальпияларының мәндерін пайдалана отырып аралық есептеулер пайдаланылған жағдайда, осы тармақта көрсетілген процестің қадамдық сипаттамасында қолданылған формулалар мен пайдаланылған бастапқы деректердің егжей-тегжейлі сипаттамасы бар осы есептеулер де көрсетіледі.
3. Жергілікті атқарушы органмен келісілген алдағы күзгі-қысқы кезеңге арналған температуралық кестелер, қолданыстағы энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін осы есепте көрсетілген барлық жылу электр орталықтары (есепке қоса беріледі).
4. Осы есепте көрсетілген барлық генерациялайтын қондырғылардың паспорттық деректерінің көшірмелері (есепке қоса беріледі).
5. Растайтын құжаттар (есепке қоса беріледі):
1) өткен күзгі-қысқы кезеңнің ең суық бес күндік күндері (күндері) ;
2) осы есепте көрсетілген ең жоғары су жылыту қазандықтарының және осы бес күн ішінде тұтынушыларды жылумен жабдықтаумен қамтамасыз етуге тартылған ЭӨҰ станцияларының редукциялық-салқындату қондырғыларының барлық түрлерінің жылу қуаттарының ең суық бес күндік орташа мәндері;
3) өткен күзгі-қысқы кезеңнің ең суық бескүндігі уақытындағы орташа сыртқы ауа температурасының мәні;
4) өткен күзгі-қысқы кезеңнің ең суық бескүндігі уақытындағы орташа бастапқы шикі су температурасының мәні.
6. Есептеулердің қадамдық сипаттамасы (осы Қағидаларда көрсетілген формулалар бойынша), олардың нәтижелері бойынша осы есептеудің 1, 2 және 3-кестелерінде көрсетілген параметрлердің мәндері айқындалған).
Субъекттің электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты, жылдар бойынша*
Кезең, жыл** | Электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні, МВт | Оның ішінде: | Экспорттың ең жоғары электр қуаты, МВт | |
электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні, МВт*** | ||||
2 | 3 | 4 | 5 | |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі және ай/жыл форматында көрсетіледі: ______20__ ж;
*** – Субъектінің электр станцияларының барлық меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәнін де, Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік қажеттіліктерінің электр қуатының тиісті ең жоғары мәнін де қосатын Субъектінің электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына 6-қосымша |
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
Ескерту. Бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________ 20__жылғы "___"__________
(шарт жасасу орны)
_______________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі "Субъект" деп аталатын, бір жағынан,
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә. (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары) назарға ала отырып, мыналар туралы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуаттарының жиынтығы, МВт;
2) генерацияның жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосы-энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерацияның жұмыс электр қуаттарының, генерацияның ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін ағымдағы және алдағы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жүйелік оператор жасайтын құжат;
3) генерациялайтын қондырғы-электр энергиясын өндіретін құрылғы;
4) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау-аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын айқындауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
5) есептік кезең – осы Шартта электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызмет есептелетін айдың бірінші күнінің 00-00-ден соңғы күнінің 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт-Гринвич Меридианы қосу бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең;
6) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмысты қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді сақтауды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтер сатып алуды жүзеге асыратын, сондай-ақ ұлттық электр желiсiн ұстау және пайдалану әзірлігін және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания
7) коммерциялық есепке алу кешені-коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
8) техникалық минимум – тиісті паспорттық деректерге сәйкес гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су шығыстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардың су шығыстарын қамтамасыз ету шарттары бойынша конденсациялық, жылыту, газ турбиналық және бу-газ электр станциялары үшін-олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі рұқсат етілген электр қуаттарының жиынтығы, МВт;
9) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) ең төменгі электр қуаттарының жиынтығы, МВт;
10) электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызмет - энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға жүктемені көтеруге генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі көрсетілетін қызмет;
11) электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы-энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минут;
12) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерацияның электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минут.
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет) көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы сатып алуға және төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары: ________________________________
____________________________________________________________________.
(аталған тармақта осы Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделеді)
4. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша Субъекттің қолдау жөніндегі қызметіне ақы төлеуге міндеттелетін баға (жеке тариф) Қуат нарығы қағидаларына сәйкес айқындалады (бұдан әрі – шарттық баға).
5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндеттелген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындалады (бұдан әрі – шарттық көлем).
6. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге міндеттелетін, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттелетін мерзім Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындалады.
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық бағасы (жеке тариф), сатып алу көлемі мен мерзімі жылдар бойынша осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
7. Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты жылдар бойынша осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
Егер субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттардың бірінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электр қуаттарының мәндері көрсетілген болса, осы Шартқа 2-қосымшада осы электр қуаттарының мәндері көрсетілмейді.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес Субъектіні әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы дереу хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға құқылы.
9. Бірыңғай сатып алушы:
1) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
2) Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша олардың құзыреті шегінде Субъектінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат беруге;
4) субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
10. Субъект:
1) шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде оның құрамына кіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты дайындықта ұстауға;
2) күн сайын жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге реттеуге қатысуға өтінім беруге;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілікті жалпы бастапқы реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға;
5) күн сайын, ағымдағы тәуліктің сағат 08:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпаратты алдағы жоспарлау тәулігіне ұсынуға (бұл ретте, алдағы тәулік ішінде генерациялайтын жабдықты жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығаруға жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан тиісті тәулік ішінде келіп түскен су режимін өзгерту туралы өкімнің көшірмесі жүйелік операторға берілген жағдайда осы ақпаратты қосымша түзетуге рұқсат етіледі);
6) жүйелік операторға Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;
7) жүйелік операторға күн сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпарат беруге;
8) ай сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және алдыңғы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты тіркеп, жүйелік операторға ұсынуға;
9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосыла отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;
10) көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектерінің және коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында жүйелік оператор қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге рұқсат беруге;
11) Бірыңғай сатып алушыны атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті басқа да мәліметтердің өзгеруі туралы дереу хабардар етуге;
12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын және жүйелік оператордың жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі аварияға қарсы автоматиканы күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға;
13) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өтуге;
15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес тарату құрылғыларының, Субъектінің объектілерінде орналасқан аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;
16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәулігіне берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуаттарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға;
17) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген) Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне қосу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен жыл сайын жүйелік оператормен реттеу жөніндегі шарт жасасуға;
18) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.
11. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
4-тарау. Қолдау көрсету қызметыне ақы төлеу
12. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметі үшін ай сайын, бірақ осы қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілген нақты көлемі (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі) үшін ақы төлейді.
Әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілетін нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.
Бірыңғай сатып алушының төлеуіне жататын әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Бірыңғай сатып алушы тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Субъектіге ұсынады.
13. Осы Шарттың 12-тармағында көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпараттың негізінде қалыптастырады.
14. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы шот-фактураның даулы емес бөлігін осы Шарттың 12-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін әзірлігін ұстап тұру қызметінің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген жағдайда, Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
15. Бірыңғай сатып алушының қолдау жөніндегі қызметтің нақты көлемдерін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
16. Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған кезде, төлем бірінші кезекте осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер есеп айырысу кезеңінде Бірыңғай сатып алушы Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
17. Электр энергиясын есепке алу үшін Субъект тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.
18. Коммерциялық есепке алу аспаптарының жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізген кезеңде есепке алу жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
19. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
20. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
21. Шот-фактураны ол бойынша төлеу мерзімі басталған сәтте төлемегені үшін Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Субъект бірыңғай сатып алушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемені нақты орындамаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
22. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
23. Егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды қайтарып алуға құқылы болмайды. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындағанға дейінгі туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
24. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
8-тарау. Дауларды қарау
25. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
9-тарау. Басқа ережелер
26. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
27. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және ол реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
28. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз ашылуға және/немесе үшінші тараптарға берілуге жатпайды.
29. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар, егер олар жазбаша түрде жасалып, екі тарап қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшіне енеді.
30. Осы Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
31. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
32. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
Электр қуатының орталықтандырылған сауда саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметті сатып алу туралы үлгілік шартқа 1-қосымша |
|
Нысан |
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың келісім бағасы (жеке тарифі), көлемі және мерзімі, жылдар бойынша*
Кезең, жыл ** | ҚҚС есебінсіз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет бағасы (жеке тарифі), мың теңге/(МВт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт*ай | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жылдар*** | |
2 | 3 | 4 | 5 | |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің әрбір кезеңі ай/жыл форматында көрсетіледі: __________20___ ж.
*** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әрбір кезеңі үшін бірдей ай/жыл форматында көрсетіледі: ____20 ___ ж. - _____20 ___ ж.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметті сатып алу туралы үлгілік шартқа 2-қосымша |