Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10582 тіркелді.

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 07.09.2017 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтын 1-қосымшасына сәйкес Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары;

      2) осы бұйрықтын 2-қосымшасына сәйкес "Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;

      3) осы бұйрықтын 3-қосымшасына сәйкес "Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;

      4) осы бұйрықтын 4-қосымшасына сәйкес "Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;

      5) осы бұйрықтын 5-қосымшасына сәйкес "Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық - ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 119 бұйрығына 1-қосымша

Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну
және жасау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 27.06.2016 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары (бұдан әрі – декларациялар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 8-бабы 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және бензиннің, авиациялық және дизель отынының, мазуттың (бұдан әрі – мұнай өнімдері) айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау тәртібін айқындайды.

      2. Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндіру, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізіліміне енгізіледі.

2-тарау. Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды
ұсыну

      3. Мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) (бұдан әрі – өндірушілер) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін өндіру бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген "Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі" жөніндегі декларациясының нысаны бойынша декларация ұсынады.

      Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын өндірушілер, салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін сату бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген "Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" жөніндегі декларациясының нысаны бойынша декларация ұсынады.

      4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктері) қоспағанда, мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін сату бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген "Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" жөніндегі декларацияның нысаны бойынша декларация ұсынады.

      Мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін сату бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген "Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" жөніндегі декларацияның нысаны бойынша декларация ұсынады.

      Бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген бірнеше мұнай өнімдері базалары (резервуарлары) бар мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) барлық мұнай өнімдері базалары (резервуарлары) үшін бір декларация ұсынады.

      5. Мұнай өнімдерін автожанармай құю станциясынан (бұдан әрі – АҚС) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін сату бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген "Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" жөніндегі декларацияның нысаны бойынша декларация ұсынады.

      Бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген бірнеше АҚС бар мұнай өнімдерін АҚС-нан бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) барлық АҚС үшін декларация ұсынады.

      6. Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндіру, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) аталған қызметті жүзеге асыру жері бойынша мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес нысанда авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті ұсынады.

      Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндіру, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату бойынша қызметті жүзеге асырған дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) және аталған қызметті тоқтатқандар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізілімінен шығару туралы өтініш негізінде тізілімнен шығарылуға жатады.

      Есертпе. Өтініштер электронды түрде немесе қағаз тасығышта ұсынылады.

      7. Мұнай өнімдерін өндіру, мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) декларацияларды ақпараттық жүйлер арқылы электрондық түрде ұсынады.

      8. Мұнай өнімдерін АҚС-нан бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), декларацияларды өз таңдауы бойынша ұсынады:

      1) келу тәртібімен – қағаз тасығышта;

      2) пошта бойынша тапсырыстық хат хабарламасымен – қағаз тасығышта;

      3) ақпараттық жүйлер арқылы электрондық түрде.

      Мемлекеттік кірістер органдарына пошта бойынша тапсырыстық хат хабарламасымен декларацияларды ұсыну күні пошталық немесе басқа да мекемелердің байланысын қабылдау туралы белгі болып табылады.

      9. Декларациялар табиғи көрсеткіштерде (тоннада) ұсынылады.

      10. Осы Қағидаларға сәйкес ұсынылатын декларациялар дара кәсіпкерлер, заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігі) басшысы, бас бухгалтері қол қояды. Электрондық түрде ұсынылатын декларациялар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 № 1078 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Осы бұйрықпен бекітілген "Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" жөніндегі декларацияның нысаны бойынша декларацияны ұсыну кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

      12. Декларациялар мемлекеттік кірістер органына ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне дейін ұсынылады.

      Егер декларацияны ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күніне келмесе, онда декларацияны ұсыну мерзімінің соңғы күні одан кейінгі жұмыс күні болып табылады.

      13. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінен шығу кезінде, тізімнен алып тастау кезінде декларацияны ерте мерзімде ұсынады.

      14. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) негізінде декларацияны ұсыну мерзімін ұзартады.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, декларацияны ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өтініш электронды түрде немесе қағаз тасығышта ұсынылады.

      Мемлекеттік кірістер органы декларация тапсыру мерзімін өтінішті алған күнен 10 күнтізбелік күнге ұзартады.

      15. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бұрын ұсынылған декларацияларға толықтырулар енгізу және (немесе) қателерді түзету қажет болған жағдайда, бұрын ұсынылған декларацияларына түзету нысанын ұсынады.

      Түзету нысанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігі) бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), есепті кезең және тек жолдың белгілі бір бағандарының мәнін ұлғайту немесе азайту қажеттілігіне қарай қосу немесе алу мәнімен бағандарына өзгеріс енгізу қажет жолдардың нөмірлері көрсетіледі.

3-тарау. "Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері
айналымының теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы
жөніндегі декларацияны жасау тәртібі

      16. "ЖСН/БСН" жолында өндірушінің ЖСН/БСН көрсетіледі.

      17. "Атауы" жолында өндірушінің атауы көрсетіледі.

      18. "Есепті кезең" жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.

      19. "Мемлекеттік кірістер органының коды" жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

      20. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.

      21. 2-бағанда мұнай өнімінің дербес сәйкестендірілген нөмір-коды (ДСН-коды) көрсетіледі.

      22. 3-бағанда есепті кезеңнің басында өндірушідегі мұнай өнімдерінің жалпы қалдығы мөлшері көрсетіледі.

      23. 4-бағанда өндірілген мұнай өнімдерінің, оның ішінде алыс-беріс шикізатының мөлшері көрсетіледі.

      24. 5-бағанда мұнай (шикізат) жеткізушіге тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      25. 6-бағанда сатылған (тиеп-жөнелтілген) мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері (6-баған = 7-баған + 8-баған + 9-баған + 10-баған + 11-баған + 12-баған) көрсетіледі.

      26. 7-бағанда дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ары қарай сату үшін сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      27. 8-бағанда өндірушінің құрылымдық бөлімшелеріне өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      28. 9-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша тиеп жөнелтілген (өз мұнай өнімдерінің базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына) мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      29. 10-бағанда жеке және заңды тұлғаларға олардың өндірістік қажеттіліктері (соңғы тұтынушы) үшін өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      30. 11-бағанда өндірушінің өзінің өндірістік қажеттіліктері үшін пайдаланған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      31. 12-бағанда экспортқа сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      32. 13-бағанда өндіруші бүлдірген, жоғалтқан мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      33. 14-бағанда нормалар шегіндегі шығындардың мөлшері көрсетіледі.

      34. 15-бағанда өндірушіге қайтарылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      35. 16-бағанда есепті кезеңнің соңына өндірушідегі мұнай өнімдерінің жалпы қалдығы (16-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған - 6-баған - 13-баған - 14-баған + 15-баған) көрсетіледі.

Параграф. "Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері
айналымының теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы
жөніндегі декларацияға "Шикізат бойынша мәліметтері"
қосымшасын жасау тәртібі

      36. "ЖСН/БСН" жолында көрсетіледі ЖСН/БСН көрсетіледі.

      37. "Атауы" жолында өндірушінің атауы көрсетіледі.

      38. "Есепті кезең" жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.

      39. "Мемлекеттік кірістер органының коды" жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

      40. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.

      41. 2-бағанда шикізатты жеткізушінің ЖСН/БСН көрсетіледі.

      42. 3-бағанда шикізатты жеткізушінің атауы көрсетіледі.

      43. 4-бағанда шикізатты жеткізушінің резиденттігі (резидент – 0, резидент емес – 1) көрсетіледі.

      44. 5-бағанда мұнай өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат түрі көрсетіледі.

      45. 6-бағанда есепті кезеңнің басындағы шикізаттың барлық қалдығы (6-баған = 7-баған + 8-баған) көрсетіледі.

      46. 7-бағанда есепті кезеңнің басындағы өз шикізатының қалдығы көрсетіледі.

      47. 8-бағанда есепті кезеңнің басындағы алыс-беріс шикізатының қалдығы көрсетіледі.

      48. 9-бағанда шикізат түсімдерінің барлығы (9-баған = 10-баған + 11-баған) көрсетіледі.

      49. 10-бағанда өз шикізатының түсімі көрсетіледі.

      50. 11-бағанда алыс-беріс шикізатының түсімі көрсетіледі.

      51. 12-бағанда қосылған тұнбалар көрсетіледі.

      52. 13-бағанда барлығы қайта өңделген шикізаттың мөлшері (13-баған = 14-баған + 15-баған) көрсетіледі.

      53. 14-бағанда қайта өңделген өз шикізатының мөлшері көрсетіледі.

      54. 15-бағанда қайта өңделген алыс-беріс шикізатының мөлшері көрсетіледі.

      55. 16-бағанда сатылған өз шикізатының мөлшері көрсетіледі (мұнай шикізаты және (немесе) газдық конденсатына қоспағанда).

      56. 17-бағанда қайтарылған алыс-беріс шикізатының мөлшері көрсетіледі.

      57. 18-бағанда бүлінген, жоғалған шикізаттың мөлшері көрсетіледі.

      58. 19-бағанда нормалар шегіндегі шығындардың мөлшері көрсетіледі.

      59. 20-бағанда есепті кезеңнің соңына шикізаттың қалдығы (20-баған = 21-баған + 22-баған) көрсетіледі.

      60. 21-бағанда есепті кезеңнің соңындағы өз шикізатының қалдығы көрсетіледі.

      61. 22-бағанда есепті кезеңнің соңындағы алыс-беріс шикізатының қалдығы көрсетіледі.

4-тарау. "Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан
(резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек
саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" мұнай
өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияны жасау тәртібі

      62. "ЖСН/БСН" жолында мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының ЖСН/БСН көрсетіледі.

      63. "Атауы" жолында мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының атауы көрсетіледі.

      64. "Есепті кезең" жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.

      65. "Мемлекеттік кірістер органының коды" жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

      66. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.

      67. 2-бағанда мұнай өнімінің дербес сәйкестендірілген нөмір-коды (ДСН-коды) көрсетіледі.

      68. 3-бағанда есепті кезеңнің басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы көрсетіледі.

      69. 4-бағанда сату үшін келіп түскен мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері (4-баған = 5-баған + 6-баған + 7-баған + 8-баған + 9-баған) көрсетіледі.

      70. 5-бағанда өндірушілерден келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      71. 6-бағанда дара кәсіпкерлерінен және заңды тұлғаларынан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      72. 7-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша (өз мұнай өнімдерінің базаларынан (резервуарынан) және АҚС-нан) келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      Бұл бағанда бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларынан (резервуарынан) және АҚС-нан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.

      73. 8-бағанда құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      74. 9-бағанда импорт бойынша келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      75. 10-бағанда алушылардан қайтарылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      76. 11-бағанда барлық өткізілген (тиеп жөнелтілген) мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері (11-баған = 12-баған + 13-баған + 14-баған + 15-баған + 16-баған + 17-баған) көрсетіледі.

      77. 12-бағанда дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ары қарай сату үшін сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      78. 13-бағанда жеке және заңды тұлғаларға олардың өндірістік қажеттіліктері (соңғы тұтынушы) үшін өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      79. 14-бағанда өз қажеттіліктеріне пайдаланылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      80. 15-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша тиеп жөнелтілген (өз мұнай өнімдерінің базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына) мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      Бұл бағанда бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.

      81. 16-бағанда экспортқа сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      82. 17-бағанда өз құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      83. 18-бағанда жеткізушілерге қайтарылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      84. 19-бағанда бүлінген, жоғалған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      85. 20-бағанда нормалар шегіндегі мұнай өнімдерінің шығыны көрсетіледі.

      86. 21-бағанда қайта өңдеуге (компаундирлеуге) тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      87. 22-бағанда есепті кезеңнің соңындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (22-баған = 3-баған + 4-баған + 10-баған - 11-баған - 18-баған - 19-баған - 20-баған - 21-баған) көрсетіледі.

5-тарау. "Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан
(резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек
саудада сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің
айналымы теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі
декларацияны жасау тәртібі

      88. "БСН" жолында құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаның БСН көрсетіледі.

      89. "Атауы" жолында құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

      90. "Есепті кезең" жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.

      91. "Құрылымдық бөлімшенің БСН" жолында мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН көрсетіледі.

      92. "Құрылымдық бөлімшенің атауы" жолында мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

      93. "Мемлекеттік кірістер органының коды" жолында құрылымдық бөлімшенің салық салуға байланысты объектілері тіркелген мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

      94. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.

      95. 2-бағанда мұнай өнімінің ДСН-коды көрсетіледі.

      96. 3-бағанда есепті кезеңнің басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы тоннада көрсетіледі.

      97. 4-бағанда сату үшін келіп түскен мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері (4-баған = 5-баған + 6-баған + 7-баған + 8-баған + 9-баған + 10-баған) көрсетіледі.

      98. 5-бағанда өндірушілерден келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      99. 6-бағанда дара кәсіпкерлерінен және заңды тұлғаларынан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      100. 7-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша (өз мұнай өнімдерінің базаларынан (резервуарынан) және АҚС-нан) келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      Бұл бағанда бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларынан (резервуарынан) және АҚС-нан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.

      101. 8-бағанда бас кәсіпорыннан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      102. 9-бағанда бас кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      103. 10-бағанда импорт бойынша келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      104. 11-бағанда алушылардан қайтарылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      105. 12-бағанда барлық сатылған мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері (12-баған = 13-баған + 14-баған + 15-баған + 16-баған + 17-баған + 18-баған + 19-баған) көрсетіледі.

      106. 13-бағанда дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ары қарай сату үшін сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      107. 14-бағанда жеке және заңды тұлғаларға олардың өндірістік қажеттіліктері (соңғы тұтынушы) үшін өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      108. 15-бағанда өз қажеттіліктеріне пайдаланылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      109. 16-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша тиеп жөнелтілген (өз мұнай өнімдерінің базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына) мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      Бұл бағанда бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.

      110. 17-бағанда экспортқа сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      111. 18-бағанда бас кәсіпорынға тиеп-жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      112. 19-бағанда бас кәсіпорын құрылымдық бөлімшелеріне өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      113. 20-бағанда жеткізушілерге қайтарылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      114. 21-бағанда бүлінген, жоғалған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      115. 22-бағанда нормалар шегіндегі мұнай өнімдерінің шығыны көрсетіледі.

      116. 23-бағанда қайта өңдеуге (компаундирлеуге) тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      117. 24-бағанда есепті кезеңнің соңына мұнай өнімдерінің қалдығы (24-баған = 3-баған + 4-баған + 11-баған - 12-баған - 20-баған - 21-баған - 22-баған - 23-баған) көрсетіледі.

6-тарау. "Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек
саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" мұнай
өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияны жасау тәртібі

      118. "ЖСН/БСН" жолында АҚС-нан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының ЖСН/БСН көрсетіледі.

      119. "Атауы" жолында АҚС-нан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының атауы көрсетіледі.

      120. "Есепті кезең" жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.

      121. "Құрылымдық бөлімшенің БСН" жолында АҚС-нан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН көрсетіледі.

      122. "Құрылымдық бөлімшенің атауы" жолында АҚС-нан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

      123. "Мемлекеттік кірістер органының коды" жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

      124. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.

      125. 2-бағанда мұнай өнімінің ДСН-коды көрсетіледі.

      126. 3-бағанда есепті кезеңнің басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы көрсетіледі.

      127. 4-бағанда сату үшін келіп түскен мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері көрсетіледі.

      Бұл бағанда бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларынан (резервуарынан) және АҚС-нан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.

      128. 5-бағанда сатылған мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері көрсетіледі.

      129. 6-бағанда өз қажеттіліктеріне пайдаланылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      130. 7-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша тиеп жөнелтілген (өз мұнай өнімдерінің базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына) мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      Бұл бағанда бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.

      131. 8-бағанда бүлінген, жоғалған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      132. 9-бағанда нормалар шегіндегі мұнай өнімдерінің шығыны көрсетіледі.

      133. 10-бағанда есепті кезеңнің аяғына мұнай өнімдерінің қалдығы (10-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған - 6-баған - 7-баған - 8-баған - 9-баған) көрсетіледі.

  Мұнай өнімдерінің айналымы
жөніндегі декларацияларды
ұсыну және жасау қағидаларына
1-қосымша

      нысан

Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізіліміне енгізу туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 № 1078 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________

      _________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы ______________

      _________________________________________________________________

      Тізімге:


авиациялық отынды, мазутты ғана өндіруші

авиациялық отынды, мазутты ғана көтерме саудада беруші және

      (немесе) бөлшек саудада сатушы ретінде енгізуді сұраймын

      Мұнай өнімдері базасының (резервуардың) орналасқан жері:

      Облысы _____________________________________________________

      Қала (аудан) _________________________________________________

      Ауыл (село) __________________________________________________

      Көшесі ______________________________________________________

      Ғимарат нөмері ______________________________________________

      Өтініш беру күні ________________________________

      _________________________________________________ / __________

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))             (қолы)

      Өтініш қабылдау күні ____________________________

      _________________________________________________ / __________

      (өтінішті қабылдаған уәкілетті тұлғаның                   (қолы)

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      Мемлекеттік кірістер органының коды ____________ Мөртаңба орны

      Пошталық штемпель күні_______________________________________

                        (пошта бойынша өтініш ұсынылған жағдайда толтырылады)

  Мұнай өнімдерінің айналымы
жөніндегі декларацияларды
ұсыну және жасау қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізілімінен шығару туралы өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 № 1078 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________

      _________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы ______________

      _________________________________________________________________

      Тізімнен:


авиациялық отынды, мазутты ғана өндіруші

авиациялық отынды, мазутты ғана көтерме саудада беруші және

      (немесе) бөлшек саудада сатушы ретінде шығаруды сұраймын

      Мұнай өнімдері базасының (резервуардың) орналасқан жері:

      Облысы _____________________________________________________

      Қала (аудан) _________________________________________________

      Ауыл (село) __________________________________________________

      Көшесі ______________________________________________________

      Ғимарат нөмері ______________________________________________

      Өтініш беру күні ______________________________

      _________________________________________________ / __________

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))             (қолы)

      Өтініш қабылдау күні __________________________

      _________________________________________________ / __________

      (өтінішті қабылдаған уәкілетті тұлғаның                         (қолы)

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Мемлекеттік кірістер органының коды ____________ Мөртаңба орны

      Пошталық штемпель күні ______________________________________

                        (пошта бойынша өтініш ұсынылған жағдайда толтырылады)

  Мұнай өнімдерінің айналымы
жөніндегі декларацияларды
ұсыну және жасау қағидаларына
3-қосымша

      нысан

Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтініш

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 № 1078 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________

      _________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы ______________

      ________________________________________________________________

      Декларацияны ұсыну мерзімін ұзартуды сұраймын

      (декларация атауын көрсету) ________________________________________

      _________________________________________________________________

      Есептік кезең: Айы _________ Жылы____________

      Өтініш беру күні ________________________________

      __________________________________________________ / _________

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))             (қолы)

      Өтініш қабылдау күні ____________________________

      __________________________________________________ / _________

      (өтінішті қабылдаған уәкілетті тұлғаның                         (қолы)

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      Мемлекеттік кірістер органының коды _____________ Мөртаңба орны

      Пошталық штемпель күні_______________________________________

                  (пошта бойынша өтініш ұсынылған жағдайда толтырылады)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 119 бұйрығына 2-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

"Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі"
мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация
есепті кезең 20___ жылғы ______ айы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 07.09.2017 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: өндірушінің МӨАД 1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері)

      Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына

      Ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей

      Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидаларында келтірілген.

"Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі"
мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация

      ЖСН/БСН

      Атауы

      Есепті кезең ________ ай _____ жыл

      Мемлекеттік кірістер органының коды

р/с

Мұнай өнімінің ДСН-коды

Есепті кезеңінің басындағы қалдығы

Өндірілді, оның ішінде алысберіс шикізатынан

Мұнай (шикізат) жеткізушіге тиеп жөнелтілді

Өндірушінің сатқаны (тиеп жөнелткені)

Бұзылған, жоғалған

Нормалар шегіндегі шығындар

Өнімді қайтару

Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы

Барлығы

дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ары қарай сату үшін

құрылымдық бөлімшелерге

ішкі орын ауыстыру бойынша

жеке және заңды тұлғаларға (соңғы тұтынушы) олардың жеке қажеттіліктері үшін

өз қажеттіліктеріне пайдаланылды

экспортқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16


































Бензин бойынша жиыны
















































Дизель отыны бойынша жиыны
















































Авиациялық отын бойынша жиыны
















































Мазут бойынша жиыны















      Басшысы

      Бас бухгалтер

  "Мұнай өнімдерін өндірушінің
мұнай өнімдері айналымының
теңгерімі" мұнай өнімдерінің
айналымы жөніндегі декларация
нысанына
қосымша

Шикізат бойынша мәліметтері

      ЖСН/БСН

      Атауы

      Есепті кезең ________ ай _____ жыл

      Мемлекеттік кірістер органының коды

№ р/с

Шикізат жеткізушінің ЖСН/БСН

Шикізат жеткізушінің атауы

Резидент/ Резидент емес

Шикізат түрі

Есепті кезеңінің басындағы қалдығы

Шикізат келіп түсті

Қосылған тұнбалар

Қайта өңделді

Өз шикізаты сатылды

Алыс-беріс шикізатын қайтару

Шикізаттың бүлінуі

Нормалар шегіндегі шығындар

Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы

Барлығы

өз шикізаты

алыс-беріс шикізаты

Барлығы

өз шикізаты

алыс-беріс шикізаты

Барлығы

өз шикізаты

алыс-беріс шикізаты

Барлығы

өз шикізаты

алыс-беріс шикізаты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22













































Жиыны


















      Басшысы

      Бас бухгалтер

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 119 бұйрығына 3-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

"Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада
беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация
есепті кезең 20___ жылғы ______ айы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 07.09.2017 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: резервуарлардың МӨАД 2

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктері) қоспағанда, мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар

      Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына

      Ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей

      Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидаларында келтірілген.

"Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация

      ЖСН/БСН

      Атауы

      Есепті кезең ________ ай _____ жыл

      Мемлекеттік кірістер органының коды

№ р/с

Мұнай өнімінің ДСН-коды

Есепті кезеңінің басындағы қалдығы

Сату үшін мұнай өнімдері келіп түсті

Алушылардан өнімдерді қайтару

Өткізілді (тиеп жөнелтілді)

Жеткізушілерге өнімді қайтару

Бүлінгені, жоғалғаны

Нормалар шегіндегі шығыны

Қайта өңдеуге (компаундирлеуге) тиеп жөнелтілді

Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы

Барлығы

өндірушіден

дара кәсіпкерлерінен және заңды тұлғаларынан

ішкі орын ауыстыру бойынша

құрылымдық бөлімшелерінен

импорт бойынша

Барлығы

дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ары қарай сату үшін

жеке және заңды тұлғаларға, олардың жеке қажеттіліктері үшін (соңғы тұтынушыға)

жеке қажеттіліктеріне пайдаланылды

ішкі орын ауыстыру бойынша

экспортқа

құрылымдық бөлімшелеріне

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22














































Бензин бойынша жиыны


































































Дизель отыны бойынша жиыны


































































Авиациялық отын бойынша жиыны


































































Мазут бойынша жиыны





















      Дара кәсіпкер

      Басшысы

      Бас бухгалтер

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 119 бұйрығына 4-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

"Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация
есепті кезең 20___ жылғы ______ айы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 07.09.2017 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: құрылымдық МӨАД 3

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері)

      Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына

      Ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей

      Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидаларында келтірілген.

"Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация

      БСН

      Атауы

      Есепті кезең ________ ай _____ жыл

      Құрылымдық бөлімшенің БСН

      Құрылымдық бөлімшенің атауы

      Мемлекеттік кірістер органының коды

№ р/с

Мұнай өнімінің ДСН-коды

Есепті кезеңінің басындағы қалдығы

Сату үшін мұнай өнімдері келіп түсті

Алушылардан өнімдерді қайтару

Өткізілді (тиеп жөнелтілді)

Жеткізушілерге өнімді қайтару

Бүлінгені, жоғалғаны

Нормалар шегіндегі шығыны

Қайта өңдеуге (компаундирлеуге) тиеп жөнелтілді

Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы

Барлығы

өндірушіден

дара кәсіпкерлерінен және заңды тұлғаларынан

ішкі орынауыстыру бойынша

бас кәсіпорыннан

бас кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінен

импорт бойынша

Барлығы

дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ары қарай сату үшін

жеке және заңды тұлғаларға, олардың жеке қажеттіліктері үшін (соңғы тұтынушыға)

жеке қажеттіліктеріне пайдаланылды

ішкі орын ауыстыру бойынша

экспортқа

бас кәсіпорынға

бас кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24


















































Бензин бойынша жиыны








































































Дизель отыны бойынша жиыны








































































Авиациялық отын бойынша жиыны








































































Мазут бойынша жиыны























      Басшысы

      Бас бухгалтер

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 119 бұйрығына 5-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

"Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация
есепті кезең 20___ жылғы ______ айы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 07.09.2017 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: АҚС МӨАД 4

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: мұнай өнімдерін автожанармай құю станциясынан бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері)

      Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына

      Ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей

      Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидаларында келтірілген.

"Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация

      ЖСН/БСН

      Атауы

      Есепті кезең ________ ай _____ жыл

      Құрылымдық бөлімшенің БСН

      Құрылымдық бөлімшенің атауы

      Мемлекеттік кірістер органының коды

№ п/п

Мұнай өнімінің ДСН-коды

Есепті кезеңінің басындағы қалдығы

Келіп түсті

Өткізілді

Жеке қажеттіліктеріне пайдаланылды

Ішкі орын ауыстыру бойынша жіберілді

Бүлінгені, жоғалғаны

Нормалар шегіндегі шығындар

Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10






















Бензин бойынша жиыны










Дизель отыны бойынша жиыны










Авиациялық отын бойынша жиыны










Мазут бойынша жиыны









      Дара кәсіпкер _______________________________________________________ / ___________

                  (Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))       (қолы)

      Басшысы __________________________________________________________ / ____________

                  (Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))       (қолы)

      Бас бухгалтер _____________________________________________________ / _____________

                  (Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))       (қолы)

      Декларация қабылданған күн __________________

      __________________________________________________________________ / _____________

      (Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (егер ол жеке басын       (қолы)

      куәландыратын құжатта көрсетілсе))

      Пошта штемпелінің күні (декларация поштамен ұсынылған жағдайда толтырылады)

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады