"Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығына өзгерiс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 сәуірде № 22546 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қантардағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерiс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесінде:

      "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызмет үшін" деген 1-бөлімде:

      3) тармақша алып тасталсын.

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады