Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 сәуірде № 10599 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 10 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2018 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 3-3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 140 бұйрығына
1-қосымша

Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандары*

1.

Тауар биржасының атауы


2.

Есепті сауда сессиясының күні


3.

Жасалған әрбір биржалық мәміле бөлінісіндегі ақпарат

биржалық мәміле нөмірі (биржаның есепке алуы бойынша)


биржалық мәмілені тіркеу күні мен уақыты


биржалық мәміле жасалған биржалық тауардың атауы немесе коды


биржалық тауардың өлшем бірлігі


биржалық мәміле жасалған тауардың саны


биржалық мәміле жасалған тауардың бір бірлігінің бағасы


биржалық мәміленің жалпы бағасы


биржалық мәміленің валютасы


биржалық мәміле бойынша сатып алушыға/сатушыға қызмет көрсететін брокердің атауы және оның салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН)


4.

Әрбір биржалық тауар бөлінісіндегі ақпарат

мәмілелер саны


тоннадағы көлемі


теңгедегі айналымы


5.

Есепті ұсыну күні мен уақыты



      Ескертпе*:

      есепте кодтар пайдаланылған жағдайда олардың толық жазылуы келтірілуі тиіс;

      есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі;

      есепті жасау кезінде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 140 бұйрығына
2-қосымша

Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын ұсыну қағидалары

      1. Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын ұсыну қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Тауар биржалары сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) мерзімді келісімшарттарды қоспағанда, тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын (бұдан әрi – есеп) ұсынады.

      3. Есеп тауар биржасының уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында күн сайын, есепті күннен кейінгі жұмыс күні Астана уақытымен сағат 10.00-ден кешіктірілмей уәкiлеттi органға ұсынылады.

      4. Есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша уәкілетті органның электрондық мекенжайына берілген сәттен бастап жіберілген болып саналады.

      5. Электрондық құжат нысанындағы есеп уәкілетті органның ақпараттық-коммуникациялық желiсінде тіркелгеннен кейін келіп түскен болып саналады.

      6. Есепті алу туралы хабарлама есепті алу фактісі мен уақыты және тауар биржасы уәкілетті тұлғасының жіберушісі туралы деректерді қамтиды. Егер тауар биржасының уәкілетті тұлғасына хабарлама келіп түспеген жағдайда уәкілетті орган есепті алмаған болып саналады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады