Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және "Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 140 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 тамызда № 17312 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. "Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 140 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10599 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _____________ Ө. Шөкеев

      2018 жылғы 9 тамыздағы

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрінің міндетін атқарушы

      _______________ Р. Скляр

      2018 жылғы 31 шілдедегі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрінің міндетін атқарушы

      _____________ Б. Шолпанқұлов

      2018 жылғы 1 тамыздағы

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _____________ Қ. Қасымов

      2018 жылғы 1 тамыздағы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 тамыздағы
№ 10 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Кепілді және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 251 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10994 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекiту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Кепілдік беру қорын қалыптастыру тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Сақтандыру қорын қалыптастыру тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Кепілдік беру және сақтандыру қорларын пайдалану тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Кепілдік беру және сақтандыру қорлары бойынша есептілік";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тауар биржасы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей тауар биржаларының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша кепілдік беру және сақтандыру қорлары жөніндегі есепті тауар биржасының банк шотында көрсетілген ақша қалдықтарын растайтын банктік көшірмені қоса отырып, қағаз тасығышта ұсынады.

      14. Кепілдік беру және сақтандыру қорлары жөніндегі есеп тауар биржасының бірінші басшысының (ол жоқ болған кезеңде – оны алмастыратын адамның) және оның бас бухгалтерінің қолы қойылып, еркін нысанда беріледі.".

      2. "Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Iшкi сауда қағидаларында:

      5-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте осы Қағидалардың 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес болған жағдайда КТО, сауда ойын-сауық орталығы, сауда орталығы, гипермаркет, аутлет орталығы, дискаунт орталығы, супермаркет заманауи форматтағы сауда объектілеріне жатады.".

      3. "Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржа саудасының үлгі қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Брокерлерді және (немесе) дилерлерді тауар биржасының мүшелеріне қабылдаудың, олардың мүшелігін тоқтата тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртібі";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тауар биржасының мүшелері Заңның 1-бабының 17) тармақшасына сәйкес тауар биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылады.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Биржалық сауда-саттықтарды өткізу тәртібі, оның ішінде атаулы және кросс-мәмілелерді жасау ерекшеліктері";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Қосарланған қарсы аукцион режимінде стандартталған біртекті тауарлар ғана саудаланады.

      Биржалық саудаға қатысушылар биржалық тауарлар тізбесіне кірген өзінің тоқсан сайынғы жалпы биржалық тауарлар айналымының кемінде отыз пайызын қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізуді қамтамасыз етеді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Биржалық сауда-саттықта жасалған тауарлармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Тауар биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта жаңартудың шарттары мен тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Биржалық төрелік қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасасуға байланысты дауларды шешу тетіктері";

      67-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Биржалық төреліктің қызметі "Төрелік туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағымен реттеледі.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Биржалық мәмілелер жасасуға байланысты дауларды шешуге арналған биржалық төрелікті тұрақты жұмыс істейтін төрелік ретінде тауар биржасы құрады. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті құру үшін тауар биржасы төрелік регламентін, қызметін осы төрелікте жүзеге асыратын төрешілердің тізілімін бекітеді.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Дау биржалық мәміле тараптарының арасында жасалған төрелік келісім, яғни тараптардың туындаған немесе туындауы мүмкін дауды тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің қарауына беру туралы жазбаша келісімі болған кезде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің қарауына беріледі.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібі";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Тауар биржасындағы мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібі";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Тауар биржасының уәкілетті мемлекеттік органға есептерді ұсыну, сондай-ақ өткізілетін сауда-саттықтар туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсында орналастыру тәртібі";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік және өзге де сатып алуларды өткізу тәртібі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады