Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 938 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 33821 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының ұсынылып отырған тізбесі бекітілсін, оларға осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізіледі.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас Қолбасшылығы заңнамасында белгіленген тәртіпте мыналарды:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 938 бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10620 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамдарының лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау үшін кандидаттарды (бұдан әрі - кандидаттар) іріктеуді және зерделеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының (бұдан әрі – ҰҰБҚ), өңірлік қолбасшылықтарының (бұдан әрі - ӨңҚ), әскери бөлімдерінің және Ұлттық ұлан академиясының (бұдан әрі - Академия) кадр қызметтері жүзеге асырады.";

      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Әскери қызметшілерді Ұлттық ұланның жеке құрамының тізімдерінде қалдыра отырып, басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарының курсанттары (тыңдаушылары) ретінде тіркеу ҰҰБҚ емтихан қабылдау комиссиясының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрықтарымен жүзеге асырылады.

      31. Әскери оқу орнын аяқтаған соң, бітіруші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалады немесе тиісті командирдің (бастықтың) қарамағына тіркеледі.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді ӨңҚ, Академия, тікелей бағынысты бөлімдер арасында тиісті командирлердің (бастықтардың) қолдаухаты бойынша тағайындау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жеке құрам бойынша бұйрықтарымен жүзеге асырылады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамының әскери қызметшілерін Ұлттық ұланнан әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органдарға іссапарға жіберу және әскери қызметшілерді (қызметкерлерді) құқық қорғау және арнайы органдардан, Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ҚР ҰҰ-ға келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жеке құрам бойынша бұйрықтарымен жүргізіледі.".

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілер Заң 25 – бабы 2 тармағына сәйкес осы Нұқсаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атына келісімшарт мерзімін ұзарту туралы баянат береді.";

      48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Тікелей бастықтардың қолдауы және аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Қағидаларға сәйкес екінші мерзімге әскери лауазымдарда болу уақытын ұзартады.

      49. ӨңҚ және тікелей бағынысты әскери бөлімдер жыл сайын 5 желтоқсанға ҰҰБҚ Кадр және әскери білім басқармасына өз номенклатурасы бойынша ротациялау жоспары мен тізімін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының номенклатурасының әскери қызметшілерін ротациялау бойынша ұсыныстар жолдайды.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Қағидалардың 90-тармағына сәйкес офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруге ұсынылған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бланкісінде ұсыным ресімделеді.";

      60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Әскери атағы жоқ азаматтарға "қатардағы жауынгер" әскери атағы тиісті штаттық лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген, сондай-ақ Академияға түскен кезде жеке құрам бойынша бұйрықтармен беріледі.

      61. "Кіші сержант" әскери атағы әскери қызметшіні штатта тиісті және одан жоғары әскери атақ көзделген әскери лауазымға тағайындау кезінде, оқу бөлімін бітірген соң, ал Академия курсанттарына олар Академия жанындағы біліктілікті арттыру факультетінде оқу-әдістемелік жиындардан өткеннен кейін беріледі.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы жыл сайын бұйрық шығарады, онда ӨңҚ мен әскери бөлімдер ЖӘБО-ға бекітіледі.";

      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Мерзімді қызметтегі сарбаз-мамандарды әскери оқу бөлімінде даярлау есебін ҰҰБҚ басқармалары шақыру кезеңдері бойынша жасайды, Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасы жинақтайды және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы бекітеді.";

      122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      122. Заңда көзделген жағдайларда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен, денсаулық жағдайы бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде әскери бөлім командирінің бұйрығымен жүргізіледі.

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Запасқа шығарылғандарды ұйымдасқан түрде жөнелтуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы бекіткен кестеге сәйкес әскери есепке қою пункттеріне дейінгі жол жүру құжаттары алдын ала сатылып алынады.";

      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Олар үшін бос лауазымдардың бар-жоғын келіскеннен, қажетті құжаттарды жинағаннан, медициналық куәландыру және арнайы тексеру өткізілгеннен кейін бұл әскери қызметшілер:

      1) өңірлік қолбасшылықтардың әскери бөлімдері арасында – өңірлік қолбасшылық қолбасшысының өкімімен;

      2) Академия, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына тікелей бағынысты әскери бөлімдер және ӨңҚ арасында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының өкімімен ауыстырылады.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 8-қосымшада:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) аттесттау (Ұлттық ұлан академиясының бітірушілеріне);

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 354 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11072 болып тіркелген):

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына, өңірлік қолбасшылықтарына, Академияға және әскери бөлімдеріне тиістілігін көрсететін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерінің сипаттамасы;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына, өңірлік қолбасшылықтарына, Әскери институтына және әскери бөлімдеріне тиістілігін көрсететін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерінің сипаттамасында:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына, өңірлік қолбасшылықтарына, Академияға және әскери бөлімдеріне тиістілігін көрсететін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерінің сипаттамасы";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Академиясының эмблемасы (логотипі) Қазақстан Республикасы туының түсіне көгілдір реңді шеңбер болып табылады. Шеңбер 2 аймаққа бөлінген: бірінші (сыртқы) – көгілдір түсті, екі жағынан сары шеңбермен бөлінген, олардың ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылымдық бөлімшесінің мәртебесін білдіретін "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ АКАДЕМИЯСЫ" деген жазулар, ал төменгі жағында қазақ ұлттық ою-өрнегі бар жолақ бар; екінші (ішкі) – көгілдір түсті фонда ортасында айқастырылған жүздері төмен қылыштарда ашық кітап орналасқан, кітаптың астында екі лавр бұтағы орналастырылған, бүкіл композицияның үстінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының эмблемасы орналасқан.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының ғимараттарын, үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 549 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15637 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының ғимараттарын, үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) өтеусіз уақытша беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мүлікті жалға беруші (жалдауға беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтары, әскери бөлімдері мен Академиясы болып табылады.".

      4. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 562 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15699 болып тіркелген):

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН":

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларында:

      7-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы не оны алмастыратын адам – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне.".

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 938 бұйрыққа
қосымша



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады