Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 255 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10648 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесі және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесін жасау және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 23 қазандағы № 01-08/180 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5350 тіркелген, 2008 жылғы 28 қарашадағы № 182 (1408) "Заң газеті" газетінде жарияланған)

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министріне.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 255 бұйрығымен бекітілген

Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу туралы осы қағидалары "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) туристік маршруттар мен соқпақтарды есепке алу құжаты болып табылады.

2. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      3. Тізілім туристің (саяхат кезінде) танымдық, спорттық, эстетикалық не өзге де мақсаттармен өту, қарау үшін белгіленген географиялық мекендердің, болу объектілерінің тізбесін көрсететін белгіленген маршруттар мен соқпақтардан қалыптастырылады.

      4. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілім облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - әкімдіктер) жүргізіледі.

      Тізілім жүргізудің астарында:

      1) туристік маршруттар мен соқпақтар туралы мәліметтерді енгізу;

      2) тізілімді туристік маршруттар мен соқпақтар туралы мәліметтер өзгерген кезде жаңарту;

      3) әкімдіктердің интернет - ресурсында тізілімді орналастыру және оны жүйелі түрде жаңарту түсіндіріледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 04.12.2018 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Тізілім қағаз және электронды тасығыштарда жүргізіледі. Тізілімнің барлық беттері қағаз түрінде нөмірленеді, тігіледі, соңғы бетінде парақтардың саны көрсетіледі және мөр басылады.

      Ескерту. 5-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 04.12.2018 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі, өшірусіз және түзетулерсіз толтырылады.

      7. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша әкімдіктер тізілімге енгізілген мәліметтерді ұсынады.

  Туристік маршруттар мен
соқпақтардың мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру және
жүргізу қағидасының қосымшасы

      Нысан

Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімі

Туристік қызметтің түрі

Туристік маршрут пен соқпақтардың атауы

Бару мақсаты

Туристің жүру жолы

Туристік маршрут пен соқпақтың ұзақтығы

Өзге де мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7








      М.О. қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады