"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 сәуірде № 10713 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.05.2017 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрінің м.а.

М. Құсайынов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      __________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 3 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ В. Школьник

      2015 жылғы 13 наурыз



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 127 бұйрығымен
бекітілген

"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

      2. Осы Санитариялық қағидалар:

      1) үй-жайларды және жабдықтарды күтіп-ұстау;

      2) медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму;

      3) науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ медицина персоналының еңбек жағдайлары;

      4) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу және дезинфекциялауды жүргізу;

      5) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.

      3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым – сырқаттанушылықтың алдын алу және оны төмендету, науқастарды анықтау, ауруханаға жатқызу, науқастарды стационарлық қадағалаумен, тексерумен, емдеумен және оқшаулаумен байланысты емес білікті медициналық көмек көрсету бойынша профилактикалық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық етуші денсаулық сақтау субъектілері;

      2) антисептик – микробтарды жою мақсатында теріге немесе тінге қолдануға арналған микробқа қарсы химиялық агент;

      3) антисептика – емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық үдерістің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы әлеуетті қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы;

      4) асептикалық бөлімше – науқаста іріңді инфекция болмағанда медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жайлар;

      5) асептикалық режим – микробтардың жараға түсуінің алдын алатын санитариялық-техникалық және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар кешені;

      6) бокс – сырттан науқас келіп түсуіне арналған, жеке есігі бар үй-жай. Оның құрамына: палата, санитариялық торап, ванна және шлюз кіреді;

      7) денсаулық сақтау объектілері – денсаулық сақтау ұйымдары өздерінің қызметін жүзеге асыратын объектілер және денсаулық сақтау саласында медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар;

      8) жеке босандыру палатасы немесе бірге болу палатасы – босанатын бір әйелді босандыруға арналған, санитариялық торабы бар, босанған әйел жаңа туған нәрестесімен стационардан шыққанға дейін болатын, жабдықталған үй-жай;

      9) жылжымалы медициналық объект – арнайы медициналық жабдық орнатылған, дәрігер мамандардың кабинеттері бар көлік құралдары (автомобиль, теміржол, теңіз, өзен) базасында орналасқан ұтқыр консультациялық-диагностикалық денсаулық сақтау объектісі;

      10) залалсыздандырудың арнайы құрылғысы – өртеуді, ұсақтайтын автоклавирлеуді, қысқа толқынды өңдеуді, плазмалық өңдеуді, химиялық ықпал етуді және/немесе басқа әдістерді пайдаланатын, медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған жабдық.

      11) қалдықтарды залалсыздандыру – қалдықтардың қауіпті қасиеттерін механикалық, физикалық-химиялық және биологиялық өңдеу жолымен азайту немесе жою;

      12) қауіпті емес қалдықтар – қауіпті қасиеттерге ие емес қалдықтар – А сыныбы;

      13) медициналық қалдықтар – медициналық қызметтер көрсету және медициналық мапипуляциялар жүргізу үдерісінде пайда болатын қалдықтар;

      14) медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (бұдан әрі – ҚЖКЖК) – медициналық қалдықтарды жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған су өткізбейтін және тесілмейтін, бір рет қолданылатын сыйымдылықтар;

      15) радиоактивті қалдықтар – құрамында Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамаларымен белгіленген, радиоактивті заттар үшін регламенттелген мәннен асатын мөлщерде және концентрацияда радиоактивті заттар бар қалдықтар – Д сыныбы;

      16) санитариялық-эпидемияға қарсы режим – денсаулық сақтау объектілерінде инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және таратылуы жөніндегі іс-шаралар кешені;

      17) серіктестік босандыру – босанатын әйелге жақын адамдардың босану барысында бірге болуы және қатысуы;

      18) токсикологиялық қауіпті қалдықтар – пайдалануға жатпайтын қалдықтар (дәрілік, оның ішінде цитостатиктер, диагностикалық, дезинфекциялау құралдары), құрамында сынап бар заттар, аспаптар мен жабдық, фармацевтикалық өндірістердің шикізаттары мен өнімдерінің қалдықтары, жабдықты, көлікті, жарықтандыру жүйелерін пайдалану қалдықтары) – Г сыныбы;

      19) төтенше эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар – инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен жанасқан, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында төтенше жағдайлардың пайда болуына алып келуі мүмкін және аумақты санитариялық қорғау бойынша іс-шараларды жүргізуді талап ететін материалдар, патогендігі I-II топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін зертханалардың, фармацевтикалық және иммундық биологиялық өндірістердің қалдықтары, фтизиатриялық стационарлардың емдеу-диагностикалық бөлімшелерінің қалдықтары, анаэробты инфекциялы пациенттердің қалдықтары, туберкулез қоздырғыштарымен жұмысты жүзеге асыратын микробиологиялық зертханалардың қалдықтары) – В сыныбы;

      20) шлюз – ауаның бір үй-жайдан екіншісіне өткізбейтін және ауаның ластану деңгейлері әр түрлі үй-жайлар арасында орналастырылған санитариялық-техникалық құрылғылары (қол жууға арналған раковина, ауауны зарарсыздандыратын құрылғы) бар үй-жай;

      21) эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар – инфекцияланған және әлеуетті инфекцияланған қалдықтар (қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар және аспаптар, заттар, патологоанатомиялық қалдықтар, органикалық операциялық қалдықтар: ағзалар, тіндер, инфекциялық бөлімшелердің тамақ қалдықтары, патогендігі III-IV топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін микробиологиялық, клиникалық-диагностикалық зертханалардың, фармацевтикалық, иммундық биологиялық өндірістердің қалдықтары, виварийлердің биологиялық қалдықтары, пайдалануға жарамсыз тірі вакциналар) – Б сыныбы;

2. Денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болған жағдайда ғана денсаулық сақтау объектілері салуға жер учаскесін таңдауға, жобалауға, қайта құру, реконструкциялауға және пайдалануға рұқсат етіледі.

      5. Құрылысты жобалау кезінде топырағында органикалық, химиялық, радиациялық сипаттағы ластанулары бар, бұрын қоқыс үйінділеріне, ассенизация алқаптарына, мал қорымдарына, бейіттерге пайдаланылған аумақтардағы жер учаскелерін бөлуге жол берілмейді.

      6. Денсаулық сақтау объектілері өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерден қашықтағы тұрғын үй салынған аумақтарда, көкжелек немесе қала маңындағы аймақтарда осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес орналасуы тиіс.

      7. Болу режимі ерекше науқастарға арналған мамандандырылған денсаулық сақтау объектілерін (психиатриялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық) және науқастардың ұзақ уақыт бойы болуына арналған қуаты 1000 төсектен астам кешендерді қала маңындағы аймаққа немесе шеткері аудандарға, мүмкіндігінше – қоныстану аумағынан кемінде 500 метр (бұдан әрі – м) қашықтықты сақтай отырып, жасыл алқаптарда орналастыру керек.

      8. Денсаулық сақтау объектілерінің аумағы арқылы магистральдық инженерлік коммуникациялардың (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) өтуіне жол берілмейді.

      9. Денсаулық сақтау объектілерінің негізгі және қосалқы үй-жайларының жиыны мен алаңы жобалау тапсырмасына және қолданыстағы "Емдеу-сауықтыру мекемелері" құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес белгіленеді.

      10. Үй-жайлардың құрылымы, жоспарлануы және жабдықталуы технологиялық процестердің ағымдылығын қамтамасыз етеді және эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесі әртүрлі ағымдардың қиылысу мүмкіндігін болдырмайды.

      11. Селолық елді мекендерде дәрігерлік амбулаторияларды, фельдшерлік-акушерлік пункттерді, медициналық пункттерді бір немесе бірнеше елді мекендерге қызмет көрсететінін ескере отырып, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда орналастыруға жол беріледі. Тұрғын үйлерге орналастырылған жағдайда даладан кіретін жеке есік қарастырылуы тиіс.

      12. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, олардың ішіне және жапсарлас салынған үй-жайларға жеке кіру есігі болған жағдайда инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға және алкогольдік және есірткілік тәуелділікке түскен адамдарға қызмет көрсетуге арналғандарды қоспағанда, қуаты ауысымына 150 келушіден аспайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, оның ішінде күндізгі стационарлары (емделушілер 5 тәулікке дейін болатын) бар ұйымдарды, амбулаториялық хирургия орталықтарын орналастыруға жол беріледі.

      13. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда пациенттер тәулік бойы болатын стационарлар, микробиологиялық (вирусологиялық, паразитологиялық) зертханалар, магниттік-резонанстық томография бөлімшелері орналастырылмайды.

      14. Магниттік-резонанстық томографияға арналған үй-жайды жүкті әйелдерге, балаларға және кардиологиялық науқастарға арналған палаталармен көршілес (көлденең және тігінен) орналастыруға жол берілмейді.

      15. Ғимараттардың цокольдік және жертөле қабаттарында науқастарға арналған қабылдау және палаталық бөлімшелер, электрлік-жарықпен емдеу, босандыру, ота жасау, байлап-таңу, емшара кабинеттері, шеберханалар, улы, әсері күшті, тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтар сақтайтын қоймалар орналастырылмайды.

      Рентген кабинеттерінің тұрғын үй және палата үй-жайларының тікелей астыңғы қабатында орналасуына жол берілмейді.

      16. Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарының жертөле және цокольдік қабаттарында стоматологиялық объектілер орналастырылмайды.

      17. Биіктігі екі қабаттан асатын ғимараттар лифтілермен жабдықталады. Бұл ретте "лас" және "таза" ағындардың қиылысуының алдын алу, науқастарды, келушілерді тасымалдау, науқастарға тамақ жеткізу үшін лифтілерді "лас деп есептелетін" және "таза деп есептелетін" лифтілер деп белгілеген жөн.

      18. Көп бейінді ауруханалардың құрамына кіретін инфекциялық, психиатриялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелер бөлек тұрған ғимараттарға орналастырылады.

      19. Инфекциялық және туберкулезге қарсы бөлімшелерде көлік кіретін (адам кіретін) жеке кіреберіс және көлікті дезинфекциялауға арналған алаң жасалады.

      20. Объектілердің ғимараттары орталықтандырылған суық, ыстық сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне қосылады.

      21. Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда тасымалданатын су немесе су объектілері қауіпсіздігінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес келетін жергілікті жүйе құрылғысының суы пайдаланылады.

      22. Денсаулық сақтау объектілерінің палаталарында, кабинеттерінде, әжетханаларында, емшара бөлмелерінде, таңып-байлау, қосалқы үй-жайларында араластырғыш арқылы ыстық және суық су келтірілген раковиналар орнатылады. Құралдарға өңдеу жүргізілетін кабинеттерде қол жууға арналған жеке раковина және құралдарды өңдеуге арналған жуу ұяшығы көзделеді.

      23. Операция алды, таңып-байлау, босандыру залдары, реанимация залдары, емшара кабинеттері, жаңа туған нәрестелер палаталары жанындағы мейiрбикелер постылары, хирургиялық, гинекологиялық кабинеттер, бокстар, жартылай бокстардың шлюздері, зертханалар шынтақ крандары қондырғысы бар қолжуғыштармен, сұйық антисептикалық сабыны мен антисептиктер ерітіндісі бар шынтақ дозаторларымен жабдықталады.

      24. Ана мен баланы қорғау ұйымдарында хирургиялық және инфекциялық стационарларда әрбір бөлімшеге кіреберісте қолды өңдеу үшін антисептігі бар шынтақ дозаторлары орнатылады.

      Медицина персоналы қолды өңдеу үшін антисептігі бар жеке дозаторларды қосымша пайдаланады.

      25. Жаңа туған нәрестелер палаталарында балаларды жуындыру үшін кең тостағаны бар және араластырғыш арқылы ыстық және суық су келіп тұратын раковина орнатылады.

      26. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда, санитариялық өткізгіштерде, операция алды және босандыру залдарында, емшара, таңып-байлау, егу кабинеттерінде, стерилдеу, жаңа туған нәрестелер және бір жасқа дейінгі балалар бөлімшелерінде, санитариялық-тұрмыстық бөлмелерде, жуу, буфет, тарату, ас блоктарында, кір жуатын орындарда үздіксіз жұмыс істейтін су жылытқыштар орнатылады.

      27. Объектіні кәрізделмеген және ішінара кәрізделген елді мекендерге орналастырған жағдайда жергілікті кәріз жүйесі және шығарылатын тазарту жүйесі көзделеді. Сарқынды суларды қабылдауға арналған су өткізбейтін ыдыс (ор) қақпақпен жабдықталады, шаруашылық аймағында орналастырылады және көлемінің үштен екісі толуына қарай тазартылады.

      28. Объектілердің сарқынды суларын тазалау және зарарсыздандыру жалпы қалалық кәріздік тазалау құрылыстарында жүзеге асырылады. Инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде) жергілікті тазарту құрылыстары көзделуі қажет.

      29. Инфекциялық, туберкулез, тері-венерологиялық бөлімшелерде бокстардың, жартылай бокстардың шлюздерінде және дәретханаларда персоналға арналған шынтақты немесе жанаспай ағатын шүмектері бар қол жуғыштар орнатылуы қажет, сондай-ақ барлық дәретханаларда жуғыш бактар үшін педальды ағызғыш көзделеді.

      30. Балшықпен емдеудің балшық емшаралары мен балшық асүйлері үй-жайларының сарқынды суларын ағызу балшық тұндырғыштардағы арнайы жолдар арқылы жүзеге асырылады. Гипс дайындауға арналған үй-жайлардағы қол жуғыштың астына гипс тұндырғыш жабдықталады. Гипс дайындауға арналған үй-жайларда қол жуғыш астында сыйымдылығы 0,1 м3 (бұдан әрі - м3) болатын қондырғы көзделуі керек.

      31. Ас блогының өндірістік сарқынды суларын тазалау үшін объектілерде май жинағыштар орнатылады.

      32. Едендегі сарқынды суға арналған траптар дәрет ыдыстарын жууға және дезинфекциялауға, жинау мүкәммалын, ас блогының негізгі цехтары мен кір жуу орындарын өңдеуге арналған еңіспен жарақтандырылады.

      33. Су құбыры және кәріз жүйелерінің құбырлары ұзындығы бойынша қаптармен жабылады және жуу мен дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан жасалады.

      34. Объектілердің үй-жайларында табиғи жарықтандыру көзделеді.

      35. Көкжиектің оңтүстік румбаларына бағдарланған терезелер күннен қорғау құрылғыларымен (күнқағарлар, жалюздер) жабдықталады.

      36. Жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда көзделеді.

      37. Төбелерге орнатылатын жарықтандыру шамшырақтары тұтас (жабық) плафондармен жабдықталады.

      38. Палаталарды жарықтандыру үшін (балалар мен психиатриялық бөлімшелерді қоспағанда) әрбір төсектің жанына еден деңгейінен 1,7 м биіктікке орнатылатын, қабырғаға ілетін құрамдас шамшырақтар (жалпы және жергілікті жарықтандыру) қолданылады.

      39. Қойма үй-жайларын, санитариялық тораптарды, клизма, жеке гигиена бөлмелерін, персоналға арналған себезгі және киім ілетін орын, термостат, микробиологиялық бокстарды, операция алды және операциялық, аппарат, наркоз бөлмелерін, фотозертханаларды және пайдалану қағидалары табиғи жарықтандыруды талап етпейтін басқа да үй-жайларды екінші жарықпен жарықтандыруға немесе жасанды жарықтандыруға ғана жол беріледі.

      40. Палаталы секциялардың (бөлімшелердің) дәліздерінде ғимараттың жанындағы қабырғасындағы және жарық қалталарындағы (холдардағы) терезелер арқылы жүзеге асырылатын табиғи жарықтандыру болуы тиіс. Жарық қалталары арасындағы арақашықтық 24 м және қалтаға дейін 36 м аспауға тиіс. Емдеу-диагностикалық және қосалқы бөлімшелердің дәліздері жанынан және бүйірден жарықтандырылуы тиіс.

      41. Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларын табиғи және жасанды жарықтандырылуы осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес параметрлермен белгіленеді.

      42. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларындағы микроклимат пен ауа ортасының тиімді жағдайлары желдету, ауа баптау және жылыту жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Сору-сыртқа таратудың желдеткіш жүйелері тазалық сыныбына сәйкес үй-жайлар топтарына қызмет көрсетеді.

      43. Желдеткіш және ауа өткізгіштердің ауа баптау жүйелерін профилактикалық тексеру, жөндеу, механикалық сору-сыртқа тарату желдеткіші және ауа баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

      44. Ғимараттар жасанды іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйелерімен жабдықталады.

      Инфекциялық, оның ішінде туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде), әрбір бокс пен жартылай бокстың палаталы секцияларында гравитациялық іске қосылатын дербес сору жүйесі орнатылады. Инфекциялық бөлімшелерде жасанды іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткіші болмаған жағдайда, әрбір бокс пен жартылай боксты ауаны рециркуляциялық түрде зарарсыздандыру құрылғысымен жарақтандырылған табиғи желдеткішпен жабдықталады.

      45. Денсаулық сақтау объектілерінде басшының бұйрығымен ауаны желдету және баптау жүйелерін пайдалануға, желдеткіш жүйелерінің жоспарлы-профилактикалық жөндеу кестесінің орындалуына жауапты адам тағайындалады.

      46. Операциялық үй-жайлардан басқа барлық үй-жайларда механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткішінен басқа табиғи желдеткіш болуы тиіс.

      47. Туберкулезге қарсы ұйымның желдету және ауа баптау жүйелері үшін сырттан ауа жинау жер бетінен кем дегенде 3 м биіктіктегі таза аймақтан, ауаны шығару кемінде 2 м биіктікте жүргізіледі.

      48. Операциялық, наркоз, босандыру бөлмесіне, реанимациялық, операциядан кейінгі палаталарға, қарқынды терапия палаталарына, тері күйігі және иммун тапшылығы бар онкогематологиялық науқастарға арналған палаталарға берілетін ауа тазалау дәрежесі жоғары бактерицидті ауа сүзгілерінің көмегімен зарарсыздандырылады (кемінде 95%).

      49. Операциялық, қарқынды терапия, реанимация, босандыру палаталарында, емшара, зертханаларда медициналық жабдықты пайдалану ауаға зиянды заттарды бөлумен қоса жүретін үй-жайларда жергілікті сорғы құрылғысы немесе сору шкафы қондырғысы қарастырылады. Препараттардың әртүрлі бояудың күрделі әдістемелерін қолданатын зертханаларда биологиялық қауіпсіздік шкафтары орнатылады.

      50. Массаж кабинеттері сағатына ауаны бес рет алмастыратын сору-сыртқа тарату желдеткішімен қамтамасыз етіледі.

      51. Операциялық, наркоз, босандыру бөлімшелерінде, операциядан кейінгі палаталарда, қарқынды терапия палаталарында, онкогематологиялық науқастар, ЖИТС-пен ауыратын науқастар, тері күйігі бар науқастар палаталарында, реанимациялық, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге, емшектегі сәбилерге, шала туған балаларға, жарақат алған балаларға арналған палаталарда ауаны баптау көзделеді. Кювездермен толығымен жабдықталған палаталарда ауа баптауға жол берілмейді.

      52. Эпидемияға қарсы ерекше режимді сақтауды талап ететін үй-жайларда тиімділігі жоғары сүзгілер болған жағдайда сплит-жүйені пайдалануға жол беріледі.

      53. Ауа алмасу жиілігі белгіленген тазалықты қамтамасыз ету есебінен және ауаның газ құрамын ұстап тұруына қарай таңдалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%, ауа қозғалысының жылдамдығы секундына 0,15 метрден (бұдан әрі - м/сек) аспауы тиіс.

      54. Ауа өткізгіштер, торлар, желдеткіш камералары таза күйінде ұсталуы тиіс, механикалық зақымдалмаған, тотығу іздері, тұмшалануы бұзылмаған болуы тиіс. Сору-сыртқа тарату желдеткішінің (ауа баптаудың) ауа өткізгіштерінің үй-жайға ауа өткізгіш материалының, қорғаныш жабынының бөлшектерін шығаруды болдырмайтын ішкі беттері болуы тиіс. Ішкі жабынның сіңіру қасиеттеріне ие емес материалдан жасалуы тиіс. Желдету жүйелерін тазарту және дезинфекциялау емдеу мекемесі бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

      55. Жалпы алмасымды сору-сыртқа тарату және жергілікті сору қондырғылары жұмыс басталардан бес минут бұрын қосылады және жұмыс аяқталған соң бес минуттан кейін ажыратылады.

      56. Барлық үй-жайларға ауа жоғарғы аймаққа, стерилді үй-жайларға ламинарлық немесе әлсіз турбулентті ағынмен 0,15 м/сек жылдамдықпен беріледі.

      57. Желдеткіш жүйесінің жабдығы сыртқа тарату және сору жүйелері үшін бөлек және дәрігерлер кабинеттеріне, операциялық бөлімге, палаталарға және адамдар үнемі болатын басқа да үй-жайларға жалғаспайтын арнайы үй-жайларда орналастырылады.

      58. Сору жүйелеріне арналған үй-жайларда бір сағатта бір мәрте ауа алмасатын сору желдеткіші, сыртқа тарату жүйесіне арналған үй-жайларда екі мәрте ауа алмасатын сыртқа тарату жүйесі болуы тиіс.

      59. Асептикалық үй-жайларда ауа өткізгіштердің, құбырлардың, арматураның жасырын төсемі жүзеге асырылады.

      60. Автоклав, себезгі бар бөлмелер, дәретханалар, санитариялық бөлмелер, лас киім-кешектерді, қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайлар және дезинфекциялық құралдарды сақтауға арналған қоймалар ұйымдастырылған ауа ағымының құрылғысы жоқ жасанды іске қосылатын сору желдеткішімен жабдықталады.

      61. Сору-сыртқа тарату желдеткіші мен ауа баптаудың дербес жүйелері мына үй-жайлар үшін көзделеді: операциялық блоктар, реанимация залдары мен қарқынды терапия палаталары (септикалық және асептикалық бөлімшелер үшін бөлек), босандыру залдары (босандыру палаталары), жаңа туған нәрестелер палаталары, онкогематологиялық, диализдік, күйік бөлімшелері, таңу бөлмелері, жекелеген палаталық секциялар, рентген кабинеттері.

      62. Туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде):

      1) желдету жүйесі палаталарда сағатына кемінде алты еселік ауа алмасуды және аэрозоль құрайтын емшараларды орындауға арналған үй-жайларда (қақырық жинау бөлмесі, бронхоскопия) иіс тұрып қалған аймақтардың пайда болуын болдырмай он екі еселік ауа алмасуды қамтамасыз етеді;

      2) роторлық немесе пластиналық түрдегі рекуператорларды пайдалануға жол берілмейді;

      3) қауіптілігі жоғары аймақтарға және 1-2-сыныптағы биологиялық қауіпсіздік шкафтарына қызмет көрсететін сору қондырғылары НЕРА-сүзгілерді немесе қарқындылығы жеткілікті бактерицидті ультракүлгін сәулеленуді қолдану арқылы ауаны зарарсыздандыруға арналған құрылғылармен жабдықталады;

      4) қабатаралық желілерді бір тік коллектормен біріктіруге жол берілмейді;

      5) ауаны беруге және шығаруға арналған жабдықтар қарама-қарсы қабырғаларда орналастырылады;

      6) үй-жайлардың және шлюздердің барлық есіктері автоматты түрде жабылатын құрылғылармен, палаталардың және бокстардың есіктері (есіктің төменгі жағынан) ауа кіруі үшін желдеткіш торлармен жабдықталады;

      7) көптеген дәрі-дәрмекке тұрақты микобактериясы бар туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімшелердегі дербес сору желдеткіші әрбір палатада гравитациялық іске қосылатын және дефлектор қондырғысымен орнатылады. Осы бөлімшелердегі сору желдеткіші механикалық іске қосылатын және дәлізге ауа беру арқылы көзделеді;

      8) сору ауасының шығыны бір төсекке сағатына кемінде 80 текше метр (бұдан әрі – м3/сағ) құрауы тиіс. Бактерия бөлмейтін науқастарға арналған палаталар сору ауасы көлемінің 80 %-ын ауаны сыртқа тарату шығындайтын сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;

      9) баспалдақ алаңдары, лифт шахталары, көтергіштердің діңгектері ауаны сыртқа шығаруы басым дербес сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.

      63. Объектілер орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылады немесе жеке жылу көзін пайдаланады.

      64. Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларының, оның ішінде күндізгі стационардың температурасы, ауа алмасу жиілігі, тазалығы бойынша санаты осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада белгіленген параметрлерге сәйкес келеді.

      65. Денсаулық сақтау объектілерінің функционалдық мақсатына және олардың тазалық сыныбына байланысты үй-жайлардағы ауа ортасының бактериялық тұқымдалуының рұқсат етілген деңгейлері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада белгіленген параметрлерге сәйкес келеді.

      66. Ауадағы дәрілік заттардың қауіптілік сыныптары әдістемелері болған жағдайда қолданылатын дәрілік заттардың атауына сәйкес айқындалады.

      67. Ағымдық ылғалды дезинфекция жасалатын, ылғалды жұмыс режимі бар үй-жайларда (операциялық, таңып-байлау, босандыру, операция алды, наркоз беретін, емшара, манипуляциялық, микобактериялары көптеген дәрілерге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған стационардың егу, үй-жайлары, сондай-ақ ванна, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, клизма жасайтын, лас киім-кешекті сақтауға және бөлшектеуге арналған үй-жайлар) қабырғалары әшекейлі тақталармен немесе басқа да ылғалға төзімді материалдармен барлық биіктігі бойынша қапталады.

      68. Үй-жайлар қабырғаларының, едендері мен төбелерінің беттері тегіс, ақаусыз, ылғалды жууға қолайлы және жуу мен дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге төзімді материалдардан жасалады.

      Панельдерді пайдаланған кезде олардың конструкциясы тегіс бетті қамтамасыз етеді.

      69. Ағымдағы ақауларды жою (төбелердегі және қабырғалардағы су өтуін, сыз, көгеру іздерін жою, жарық, тесік, шұңқырларды бітеу, қопарылып түсіп қалған өңдегіш плитканы, еден жабындыларының ақауларын және т.б. қайта қалпына келтіру) шапшаң жүргізілуі тиіс.

      70. Палаталардың, дәрігерлер кабинеттерінің, холдардың, вестибюльдердің, асханалардың, физиотерапиялық, емдік-диагностикалық кабинеттердің қабырғаларын бояу үшін нитробояуларды қолдануға жол берілмейді.

      71. Вестибюльдерде еденді жабу үшін механикалық әсерге төзімді материал, операциялық, наркоз жасайтын, босандыру үй-жайларында антистатикалық қасиеттерге ие материал пайдаланылады.

      72. Үй-жайлардың едені су өтпейтін, сіңірмейтін және уытты емес, сырғанауды болдырмайтын, оларды санитариялық өңдеуге бейім материалдардан жасалады.

      Денсаулық сақтау объектілерінде едендердің линолеум жабындарының ақаулары болмайды, негізіне тығыз жапсырылған тегіс болып табылады.

      73. Пайдаланылуы қабырғалар мен қалқаларды ықтимал ылғалдаумен байланысты раковиналар мен басқа да санитариялық-техникалық аспаптар, жабдықтар орналасқан орындарда соңғыларын еденнен 1,6 м биіктікте және жабдық пен аспаптың әр жағында енін 20 см асырмай әшекейлі тақталармен немесе басқа да ылғалға төзімді материалдармен әрлеу көзделеді.

      74. Денсаулық сақтау объектілерінде күрделі жөндеу уақытында науқастардың болуына рұқсат етілмейді.

      75. Инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде), ана мен баланы қорғау объектілерінде кіру есіктері, баспалдақтар науқастарды қабылдау және олардан шығару үшін бөлек болуы қажет.

      76. Науқастарға арналған палаталардың, емдеу-диагностикалық және емшара кабинеттерінің жанына шу мен діріл көзі болып табылатын медициналық және инженерлік жабдықты орнатуға жол берілмейді. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларындағы шудың рұқсат етілетін деңгейі осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшамен нормаланады.

      77. Объектілерде науқастар мен персонал үшін бөлек дәретханалар көзделуі тиіс.

      78. Соматикалық ауруханадағы палаталы бөлімшелердің науқастарына арналған санитариялық аспаптар (шүмектер, раковиналар, ванналар, унитаздар, писсуарлар) саны, егер олар палаталарда қарастырылмаған болса, ерлердің санитариялық торабында он бес адамға бір аспап, әйелдердің санитариялық торабында он адамға бір аспап есебінен қабылданады. Ерлер дәретханасындағы писсуарлар саны унитаздар саны бойынша қабылданады.

      Әйелдер палаталы секцияларының санитариялық тораптары араластырғыш арқылы ыстық және салқын су келтірілген раковинамен, себезгі кабинасымен немесе ваннамен, унитазбен және бидемен жабдықталады.

      79. Персоналға арналған санитариялық-тұрмыстық үй-жайларда:

      1) әр бөлімшеде санитариялық аспаптар саны әйелдер үшін кемінде бір аспап және ерлер үшін бір аспап;

      2) инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде) он адамға бір себезгi кабинасы, орта және кіші персоналдың неғұрлым көп ауысымында жұмыс істейтін басқа бөлімшелерде он бес адамға кемінде бір себезгі кабинасы көзделуі қажет. Персонал саны аз болған жағдайда бір бөлімшеге бір себезгi кабинасы болуы тиіс.

      80. Операциялық блоктарда (бөлімшелерде) ішкі үй-жайларды қатаң түрде аймақтарға бөлу (стерильді аймақ, қатаң режим аймағы, "лас" үй-жайлар аймағы) қамтамасыз етіледі. Операциялық блокты басқа емдеу корпустарына орналастырған кезде жылытылған өтпелер көзделуі қажет. Кезек күттірмейтін хирургияға арналған операциялық бөлімшелерді қабылдау бөлімшелерінің құрамында орналастыруға болады.

      81. Операциялық блоктарды бірінің үстіне бірін орналастырған кезде септикалық операциялық блоктар асептикалықтан жоғары орналастырылады.

      82. Операциялық блоктар (бөлімшелер) әрі-бері өтетін жолда болмауы тиіс. Персоналдың кіруі санитариялық өткізгіштер арқылы, науқастар үшін шлюздер арқылы көзделеді.

      83. Персоналға арналған санитариялық өткізгіштер үш көршілес үй-жай құрамында жобаланады. Бірінші үй-жай себезгімен, санитариялық тораппен жабдықталады. Екінші үй-жай таза хирургиялық костюмдер, аяқ киімдер, бахилалар кию үшін пайдаланылады. Операция өткізгеннен кейін персонал үшінші үй-жай арқылы пайдаланылған киім-кешекті жинауға арналған санитариялық өткізгішке қайта оралады.

      84. Операциялық блокта (бөлімшеде) мынадай ағындардың қозғалысы көзделуі керек: "стерильді" (операция жасайтын және ассистент болатын хирургтер, операциялық мейірбике), "таза" (анестезиологтар, кіші және техникалық персонал, науқасты, таза киім-кешекті, дәрі-дәрмектерді жеткізу), "лас" (медициналық қалдықтарды, пайдаланылған киім-кешекті, таңу материалын шығару).

      85. Асептикалық бөлімшелерді (блоктарды) қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды қарқынды химиялық емдеумен, алдын ала иммундық-депрессивтік емдеу фонында сүйек кемігі мен басқа да ағзаларды транспланттаумен, жіті сәуле ауруларымен, агранулоцитозбен, иммун тапшылығы жағдайында өтетін аурулармен ауыратын науқастарды емдеумен айналысатын денсаулық сақтау объектілерінде ұйымдастырады.

      86. Асептикалық бөлімшелерге (блоктарға) мыналар кіреді: дәретханасы, ваннасы немесе себезгісі бар палаталар, емшара қабылдау бөлмесі, дәрігер кабинеті, буфет, стерильді материалды сақтауға арналған үй-жай және бөлімшенің бейініне байланысты басқа да үй-жайлар.

      87. Асептикалық режимі бар бөлімшелерде, сәулелік диагностика және терапия бөлімшелерінде, технологиялық айналымы жабық бөлімшелер: зертхана, ас блогы, орталықтандырылған стерилдеу бөлімшелері (бұдан әрі – ОСБ), дәріхана, кір жуатын орын әрі-бері өтетін жолда болмауы тиіс.

      88. Қан қызметі ұйымдарында өндірістік үй-жайлар "таза" және "лас деп есептелетін" ағындардың қиылысуын болдырмайтын технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, функционалдық блоктар бойынша жобаланады.

      89. Қан компоненттерін дайындауға арналған үй-жайлар қатаң түрде мақсатына байланысты пайдаланылуы тиіс. Осы үй-жайларға кіру персонал үшін шектеледі.

      90. Өндірістік және зертханалық үй-жайлар басқа үй-жайлардан бөлек орналастырылады, арналған мақсаттарда ғана пайдаланылады және санкцияланған рұқсаты болады.

      91. Қанды және қан компоненттерін сақтау және тасымалдау үшін мынадай "салқындату тізбегінің" шарттары сақталады:

      1) қан өнімдерін сақтау және жеткізу шарттарын қамтамасыз ететін тоңазыту жабдығы – термоконтейнерлер, авторефрижераторлар;

      2) тиісті температураны сақтауға, өнімді физикалық зақымданудан және микробиологиялық ластанудан сақтауға мүмкіндігі бар қаптама;

      3) барлық кезеңдерде температуралық режимнің сақталуын тұрақты бақылау.

      92. Қан алу асептика қағидаларын сақтау арқылы жүргізіледі.

      93. Жылжымалы медициналық объектінің құрамында медициналық және қызмет көрсететін персоналға арналған жатын бөлмелер, санитариялық тұрмыстық үй-жайлар, тамақ дайындауға және ішуге арналған үй-жайлар (ас үй, асхана) көзделеді.

      94. Арнайы медициналық жабдық орнатылған жерлерде бекіткіштер көзделеді.

      95. Қызмет көрсететін персоналға арналған жатын үй-жайлар ұйықтайтын сөрелермен, киімдерге арналған ілмектермен, жоғары сөреге көтерілу үшін баспалдақтармен, қосалқы тұтқалармен, үстелшелермен жабдықталады. Тоңазытқыш жабдығы, қысқа толқынды пеш, диспенсерлер көзделеді.

      96. Медициналық кабинеттер шалқаймалы үстелмен, жылжымалы шкафтармен, дәрігер үстелімен, кеңсе креслосымен, медициналық кушеткамен, медициналық аппаратурамен жабдықталады.

      97. Кабинеттер араластырғыштар орнатылған шынтақты крандары мен су ағатын құралдары бар раковиналармен жабдықталады. арқылы ыстық және суық су келтірілген қол жуғыштар орнатылады.

      98. Санитариялық торап тұрмыстық араластырғышпен, айнамен, сабын салғышпен, дәретхана құралдарына арналған шағын сөремен, сүлгі ұстағышпен, киімдерге арналған ілмектермен, дәретхана қағазын ұстағышпен, унитазға арналған қыл щеткамен, еденге төсейтін сырғанамайтын жабынмен жабдықталады.

      99. Жылжымалы медициналық объектіде төбеге ілінетін моноблокты ауа баптау жүйесі көзделеді.

      100. Стационарлық көмек көрсететін барлық объектілердегі палаталы бөлімшелер әрі-бері өтетін жолда болмауы тиіс.

      101. Күндізгі стационар жеке блокта орналастырылады және мынадай үй-жайлар жиынын қамтиды: күту аймағы 10,0 шаршы метр (бұдан әрі - м2), дәрігер кабинеті 10,0 м2, емшара кабинеті 10,0 м2, ересек адам үшін бір төсекке 6,0 м2, бала үшін 4,5 м2 есебінен күндіз болатын палаталар, санитариялық торап.

      102. Палаталарда төсектер алаңға қатаң сәйкестікпен орнатылады.

      103. Ана мен баланы қорғау объектілерінде, көп бейінді ауруханалардың хирургиялық бөлімшелерінде, инфекциялық аурулар стационарларында (бөлімшелерінде) бөлімшелерді аймақтарға бөлуді қамтамасыз ету қажет. Балалар емханасын ересектерге арналған емханамен бір ғимаратта орналастыруға жол беріледі, бұл ретте, балалар емханасының жеке сыртқы кіре берісі болуы қажет.

      104. Экстракорпоральды ұрықтандыру бөлімшесінің құрамы мен алаңы технологиялық процеспен және мекеменің қуатымен айқындалады.

      105. Гинекологиялық, босандыру бөлімшелерінің қабылдау бөлімшелері және балалар стационарының қабылдау бөлімшесі киім ілетін орны мен себезгісі бар персоналға арналған санитариялық өткізгіштермен жабдықталады.

      106. Жеке босандыру палатасы сұйық сабынмен, антисептикпен, бір рет пайдаланылатын сүлгімен, қол жуу техникасы бойынша қабырғалық көрнекі құралмен, кілемшемен, доппен, швед шкафымен қамтамасыз етіледі. Палаталарда ылғалды жинауға болатын заттарды қолданған жағдайда еркін интерьерге, ана мен бала үшін өзінің таза киімін пайдалануға жол беріледі.

      107. Босандыру палатасында ауаның температурасы кемінде +250С болуы тиіс. Мерзімінен бұрын босану кезінде босану залындағы ауаның температурасы кемінде +280С қамтамасыз етіледі.

      108. Босанғаннан кейінгі бөлімшенің палаталары циклмен, кемінде бес күн болудан аспайтындай етіп толықтырылуы тиіс, үй-жайдың температурасы кемінде 250С болуы тиіс.

      109. Ана мен бала бірге болатын палатада жаңа туған нәрестелер үшін жеке балалар төсектері және жаңа туған нәрестелерге арналған құндақтайтын үстел орнатылады.

      110. Шала туған балаларға арналған палатада ауаның температурасы +250С – +280С болуы тиіс.

      111. Балалар бөлімшесінің құрамында балаларға арналған қоспаларды дайындауға және құюға арналған үй-жай көзделеді. Құрғақ сүт қоспаларының қаптамасы ашылғаннан кейін ашылған күні мен уақыты көрсетілген таңбаланады.

      112. Балалар бөлімшелерінде үш жастан асқан балаларға арналған асхана көзделуі қажет.

      113. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде қабылдау бөлімшесіне кірмей, науқастарды емдеуге жатқызуға рұқсат етіледі.

      114. Инфекциялық (оның ішінде туберкулезге қарсы) стационардың қабылдау бөлімшесінде кемінде екі қабылдау-тексеру боксы көзделеді.

      115. Инфекциялық бөлімшелерде жалпы палаталардан басқа бокстар мен жартылай бокстар көзделуі қажет. Бокстар мен жартылай бокстардың құрамына дәретхана мен ваннадан тұратын санитариялық торап, палата және палата мен дәліз арасындағы шлюз кіреді. Бокста сыртқа шығатын тамбур болуы тиіс.

      116. Бөлімшелердің жұмысы палатада пациенттерге қызмет көрсету және медициналық көмек көрсету қағидаты бойынша ұйымдастырылады.

      117. Персоналдың боксқа кіру есігі арнайы киімді ауыстыру, қолды жуу және дезинфекциялау жүргізілетін шлюздер арқылы инфекциялық емес "таза деп есептелетін" дәліз арқылы көзделеді.

      118. Инфекциялық аурулар бөлімшелерінің бокстарында палатаға шлюздерден әйнектелген жақтаулар, шлюзден палатаға тамақ, дәрілік заттар мен ішкі киімді жеткізуге арналған беру шкафы көзделеді. Боксталған палаталарда осы шкафтар дәлізден палатаға ұйымдастырылады. Науқастардың тамақтануы палатада жүзеге асырылады.

      119. Туберкулезге қарсы стационарларда биіктігі периметрі бойынша 2,5 м кем емес тұтас қоршау, бақылау-өткізу пункті, күзет көзделуі тиіс.

      120. Туберкулезге қарсы стационарлардың аумағында бактерия бөлетін, бактерия бөлмейтін науқастарға жеке-жеке қоршалған серуендеу алаңдары көзделуі тиіс.

      121. Туберкулезге қарсы стационарларда науқастарды қақырық жағындысының микроскоптық нәтижелеріне, дәрілік сезімталдыққа тестілеуге, емдеу режиміне сәйкес (бұдан әрі – эпидемиологиялық мәртебеге) мынадай бейіндік бөлімшелер бойынша бөлек жатқызу қамтамасыз етіледі:

      1) рифампицинге сезімталдығы сақталған бактерия бөлетін науқастарға арналған бөлімше;

      2) дәрінің көп түріне тұрақты және дәрілік тұрақтылығы кең науқастарға арналған бөлімше;

      3) спецификалық ем қабылдамайтын, бактерия бөлетін созылмалы туберкулез науқастарына арналған бөлімше;

      4) бактерия бөлмейтін науқастарға арналған бөлімше;

      5) мәжбүрлеп емдеуге арналған бөлімше.

      Бактерия бөлетін науқастарды емдеуге арналған әрбір бөлімше эпидемиологиялық мәртебеге сәйкес бөлінеді. Дәрілік сезімталдық мәртебесі белгісіз бактерия бөлетін науқастар дәрілік сезімталдыққа тестілеу нәтижелері алынғанға дейін бір кісілік палаталарда ұсталады.

      122. Палаталарда төсектер ауданға қатаң сәйкестікте қойылады.

      123. Мәжбүрлеп емдеу бөлімшелерінде байланысты туберкулез науқастарын дәрілік сезімталдығына қарай бөлек жатқызу қамтамасыз етіледі.

      124. Симптомдық емдеуді қажет ететін, тұрақты бацилла бөлетін туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастар бацилла бөлуді тоқтату кезеңіне дейін туберкулезге қарсы ұйымдардың жанындағы мамандандырылған ұйымдарда немесе бөлімшелерде оқшаулануға жатады.

      125. Туберкулезге қарсы диспансерлерде мульти- (поли-) резистентті штаммдар бөлетін науқастарды амбулаторлық қабылдауға арналған жеке кабинеттер бөлінеді.

      126. Туберкулезге қарсы стационарларда палаталарды толтыру циклділігі күнтізбелік он төрт күн ішінде қамтамасыз етіледі.

      127. Туберкулезге қарсы стационарлардың әрбір бөлімшесі арасында ауаны залалсыздандыру құрылғысымен, қол жууға арналған раковинамен жабдықталған шлюз құрылғысы бар "таза" және "лас" аймақтарға бөлінеді.

      128. Шлюздің тұмшаланған есіктері үй-жайдың барлық периметрі бойынша орналастырылады, "лас" аймақ жағына қарай ашылады және өздігінен жабылатын тетіктермен жарақталады.

      129. Туберкулезге қарсы ұйымның, алғашқы медициналық-санитариялық жәрдем беру мекемелерінде, амбулаторлық және стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың әрбір бөлімшесінде ауданы кемінде 6 м2 қақырық жинауға арналған бөлме бөлінеді, оның тікелей қақырық жинауға арналған бір бөлігі үй-жайдың барлық биіктігі бойынша жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан жасалған қалқамен бөлінеді.

      130. Қақырық жинау бөлмесі бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен, антисептикалық сабыны және антисептика ерітіндісі бар дозаторы бар қол жууға арналған раковинамен, дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылықтармен, таза контейнерлер мен қақырығы бар (бикстер, мырыш және тот баспайтын құрыштан жасалған тұтқалары бар металл жәшіктер) контейнерлерге арналған сыйымдылықтармен жабдықталады, үй-жай ауасын алмастыру жиілігі сағатына кемінде 6-12 көлемдегі жергілікті желдету жүйесімен жабдықталады.

      131. Туберкулезге қарсы диспансерлердің (бөлімшелердің) бактериоскопиялық зерттеулерді орындауға арналған бактериологиялық зертханаларында:

      1) жағындыларды дайындауға және бояуға арналған;

      2) бактериоскопияға арналған;

      3) препараттарды тіркеуге және сақтауға арналған үш жеке секция көзделеді.

      132. Туберкулезге қарсы ұйымдарда стационарлық науқастарға баруға жол берілмейді.

      133. Туберкулездің микобактерияларын бөлетін науқастар палаталарда тамақтанады.

      134. Балаларға арналған оңалту орталықтарының жатын үй-жайлары оқшауланған палаталы секциялардан тұрады. Секция құрамы ойын бөлмесімен, жатын палатамен, кептіру шкафтары бар киім ілетін орынмен, буфет бөлмесімен қосымша жабдықталады.

      Балаларға арналған жатын бөлмелерде сыйымдылық бес кісіден аспауы тиіс. Екі секцияға киім үтіктеуге және тазалауға арналған бөлме, балалардың заттарын сақтауға арналған үй-жай беріледі.

      135. Ересектерге арналған оңалту орталығында бір төсектік және екі төсектік жатын бөлмелер көзделуі керек. Орталықтың тұрғын корпусында мыналар емшара бөлмесі, таза және лас киім-кешекке арналған бөлек қоймалар, тұрмыстық бөлме, кезекші персоналдың бөлмесі және жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған үй-жай көзделеді.

      136. Терапиялық, ортопедиялық, хирургиялық, ортодонтиялық стоматологиялық кабинеттердің ауданы негізгі стоматологиялық креслоға 14 м2 және әрбір қосымша кресло үшін 7 м2 есебінен белгіленеді. Қосымша креслода әмбебап стоматологиялық қондырғы болған жағдайда ауданы 10 м2-ге дейін үлкейтіледі.

      137. Стоматологиялық ұйымдарды осы Санитариялық қағидалардың талаптары сақталған жағдайда жеке кіру есігі бар тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасқан жеке тұрған, жапсарлас (ішіне жапсарлас) салынған үй-жайларда орналастыруға рұқсат етіледі.

      138. Тіс техникасы зертханаларында негізгі үй-жайдағы тіс технигінің жұмыс орны арнайы тіс техникасы үстелімен және шаңды жергілікті соруға арналған электрлі тегістеу машинасымен жабдықталады. Тіс техникасы зертханасының алаңы кемінде 7,0 м2, бір жұмыс орнына кемінде 4,0 м2. Стерилдеу және дәнекерлеу бөлмелерінде механикалық іске қосылатын сору шкафтары; негізгі үй-жайлардағы тіс техниктерінің жұмыс орындарында және ысып жылтырататын бөлмедегі әрбір ысып жылтырататын машина жанында шаңды жергілікті сорғыштар, құю бөлмесінде сыртқа тепкіш құю пешінің үстінде, дәнекерлеу бөлмесінде газ плитасының үстінде, полимеризациялық үй-жайда жұмыс үстелінің үстінде сору шатырлары жабдықталады.

      139. Электрмен емдеу, жарықпен емдеу және ультрадыбыстық терапия бөлімшелерінде (кабинеттерінде) кабиналардың ауданы бір стационарлық аппаратқа кемінде 6 м2 болуы тиіс.

      140. Электрмен ұйықтататын кабинет дыбыстан оқшаулау жағдайларында терезесі тыныш аймаққа бағытталу есебімен өтпелі емес аймаққа орналастырылады. Кабинетте бақылауға арналған қарайтын терезесі бар өтетін аппарат бөлмесі болуы тиіс.

      141. Топтық ингаляциялау үй-жайы қалған үй-жайлардан оқшауланады.

      142. Физиотерапия бөлімшелері "құрғақ" (электрмен, жарықпен, жылумен емдеу кабинеттері) және "ылғал" (сумен емдеу, балшықпен емдеу) аймаққа бөлінеді. Емшаралар жүргізу үшін емдеудің әрбір түрі бойынша жеке үй-жайлар жабдықталады. Электрмен емдеуге және жарықпен емдеуге арналған жабдықтарды бір үй-жайда орналастыруға жол беріледі.

      143. Инемен емдеу бөлімшесінде: дәрігер кабинеті, емшара кабинеті, науқастарға арналған демалыс бөлмесі және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар көзделуі қажет.

      144. Ыстық-салқын су ванналары үшін өлшемдері 1,75 м х 1,75 м және тереңдігі 1,2 (1,3) м болатын екі жапсарлас бассейн көзделуі қажет. Бір бассейннен екінші бассейнге өту бассейндер арасындағы баспалдақ бойынша жүзеге асырылады.

      145. Балшықпен емдеу залы оларға жалғасқан себезгі кабиналары бар жеке кабиналардан және науқастардың шешінуіне арналған екі кабинадан тұрады. Шешінуге арналған және себезгі кабиналары арқылы ғана науқастарға арналған кіретін есік болады.

      146. Электрлі балшықпен емдеу емшаралары балшықпен емдеу үй-жайының құрамына кіретін бөлек оқшауланған үй-жайда өткізіледі.

      147. Емдеу-жүзу бассейндері суы айнасының өлшемдері бір жүзетін адамға 6,0 м2 есебінен қабылданады.

      148. Гирудотерапия кабинетінде мынадай үй-жайлар болуы тиіс: қабылдауды күтуге арналған, емдік емшаралар жасауға арналған кабинет, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар (санитариялық торап, жинау мүкәммалын сақтауға арналған үй-жай). Сүліктің әрбір тобының сәйкестік сертификаты болуы керек. Сүліктер бір-ақ рет пайдаланылуы тиіс, олар қайта пайдаланылмайды. Пайдаланылған сүліктер қанды құсып тастағанан соң тұзды ерітінді құйылған астаушаға салынады, одан соң полиэтилен пакеттерге салынып, қабылданған медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кестесіне сәйкес жиналып залалсыздандырылады.

      149. Объектілерде орталықтандырылған стерилдеу бөлімшелері (бұдан әрі – ОСБ) көзделеді.

      ОСБ-нің үй-жайлары мынадай үш аймаққа бөлінеді:

      1) лас (лас материалды қабылдау, сұрыптау, дезинфекциялау-жуу машинасына салу);

      2) таза (дезинфекциялау-жуу машинасынан тазаланған, дезинфекцияланған және кептірілген материалды шығару, қаптау, стерилизаторға салу). Медициналық киім-кешекті қаптамалау үшін жеке үй-жай болуы тиіс;

      3) стерилді (стерилді материалдың стерилизатордан келіп түсуі және оның сақталуы).

      150. Таза және стерилді аймақтардың үй-жайына кіру санитариялық өткізгіш арқылы жүзеге асырылады.

      151. Қосымша үй-жайлар: экспедиция (стерилді материалды беру), медициналық персоналға арналған санитариялық тораптар және тұрмыстық үй-жайлар.

      152. Дербес ұйымдастырылған медициналық және стоматологиялық кабинеттерде үш жұмыс орнына дейін кемінде 6,0 м2, төрт және одан да астам жұмыс орындары үшін кемінде 8,0 м2 жуу-стерилдеу алаңын көздеу керек.

      Оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес стерилдеу жабдығы тікелей жұмыс орындарында орнатылады.

      153. Кір жуу орнын жобалау кезінде оның өнімділігі стационардағы бір төсекке тәулігіне құрғақ төсек әбзелдерінің 2,3 килограмын (бұдан әрі – кг) және амбулаториялық-емханалық ұйымға бір рет келуге 0,4 кг құрғақ төсек әбзелдерін жуу есебінен қабылданады.

      154. Қуаты аз денсаулық сақтау объектілерінде екі үй-жайдың құрамында (біреуі жинауға және жууға арналған, екіншісі кептіруге және үтіктеуге арналған) шағын кір жуу құрылғысы (арнайы киімді, орамалдарды, сулықтарды жууға арналған) көзделеді.

      155. Стационарларда дезинфекциялау бөлімшесі көзделеді (құрамы мен алаңы стационардың қуатымен белгіленеді). Меншікті дезинфекциялау бөлімшесі болмаған жағдайда төсек жабдықтарын дезинфекциялау дезинфекциялау камералары бар ұйымдарда жүргізіледі.

      156. Патологиялық-анатомиялық бөлімшеде және мәйітханада үш кіріп-шығатын, екеуі мәйіттерді бөлек қабылдауға және беруге арналған, үшіншісі персоналдың пайдалануына арналған есік болуы тиіс.

      157. Мәйітханада мынадай үй-жайлар: мәйіттерді қабылдау және сақтау бөлмесі, секциялық (кемінде екеу), оның ішінде бөлек сыртқы есігі мен кіретін жолдары бар инфекциялық аурулардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін ашып қарауға және беруге арналған кіші секциялы, жерлеу рәсімдері және мәйіттерді беруге арналған бөлме, тіркелген материалды, киімді, табыттарды және басқа да мүліктерді сақтау бөлмесі, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар көзделуі қажет.

      158. Ғимарат ішінде мәйіттерді тасымалдауға, ашуға, тіркелмеген секциялық материалды өңдеуге және сақтауға байланысты үй-жайлар гистологиялық зертханадан, дәрігерлер мен қызмет көрсететін персоналға арналған үй-жайлардан, мұражайдан және тұрмыстық үй-жайлардан тамбур немесе дәліз арқылы бөлінеді.

      159. Мәйіттерді сақтауға арналған үй-жайлардың, секция алдындағы, секциялық, мәйіттерді киіндіруге арналған бөлменің және қаза рәсімі өтетін залдың есіктерінің жақтауларын және құрылымын жоспарлау зембілдердің және арбаның еркін өтуін қамтамасыз етуі тиіс.

      160. Сот-медициналық сараптама орталықтарында тірі адамдарды сараптау бөлімшесі жеке кіретін есігі бар оқшауланған бөлікте орналасады.

      161. Мәйіттерді сақтауға арналған үй-жай +2оС - +4оС температураны қамтамасыз ететін тоңазытқыш қондырғыларымен, мәйіттерді тасымалдауға арналған механикаландыру құралдарымен, стеллаждармен, сөрелермен немесе арнайы сейфтермен жабдықталады. Мәйіттерді еденде сақтауға жол берілмейді. Мәйіттерді әртүрлі қабаттарда сақтаған кезде лифт жабдықталады.

      162. Секциялық үстелдерге салқын және ыстық су жүргізіледі. Секциялық үстел сарқынды суларды жинауға және кәрізге құю алдында зарарсыздандыруға арналған сыйымдылықпен жабдықталады. Секциялық үстел жанындағы жұмыс орны ағаш тормен жабдықталады.

      163. Секциялық үстелдер, каталкалар, зембілдер және мәйіттерді тасымалдауға арналған басқа да құрал-жабдықтар жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді, су өткізбейтін материалмен қапталады.

      164. Еден күн сайын жуу құралдарымен жуылады, қабырға панельдері, есіктер ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жуылады.

      165. Айына бір реттен сиретпей және инфекциялық аурулардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін ашқаннан кейін үй-жайларда жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалану арқылы күрделі жинау жүргізіледі.

      166. Секциялық материалмен жұмыс жеке қорғаныш құралдарын (халат, қолғаптар, алжапқыштар, көзілдіріктер) пайдалана отырып жүргізіледі. Туберкулезді жоққа шығармайтын жағдайларда қорғаныш дәрежесі жоғары бетперделер, респираторлар пайдаланылады.

3. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайлары мен жабдығын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      167. Үй-жайларды ылғалды жинау (еденді, жиһазды, жабдықты, терезе алдын, есіктерді) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, тәулігіне кемінде екі рет (операция жасалатын орындарда операциялар арасында) жүргізіледі.

      168. Жинау мүкәммалында үй-жайлар мен жинау жұмыстарының түрлері көрсетіле отырып таңбаланады болуы, қатаң түрде тағайындалуы бойынша пайдаланылады, дезинфекцияланады.

      169. Медицина жиһазының сыртқы және ішкі беті тегіс, жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдардан жасалады.

      170. Ауруханадағы барлық технологиялық, санитариялық-техникалық, инженерлік және басқа жабдықтар жұмыс жағдайында болуы тиіс.

      171. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып қабырғаны, еденді, жабдықтарды, мүкәммалды, шамшырақтарды өңдей отырып, айына бір рет және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша палаталы бөлімшелердің үй-жайларын, функционалдық үй-жайларды және кабинеттерді ауқымды жинау жүргізіледі.

      172. Ауқымды жинау жүргізу үшін персонал арнайы киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен, таңбаланған жинау мүкәммалымен және таза шүберекпен қамтамасыз етіледі.

      173. Науқас ауруханадан шығарылғаннан кейін, ауыстырылғаннан, қайтыс болғаннан кейін босатылған палатада қорытынды дезинфекция типі бойынша жинау жүргізіледі, төсек жабдықтары (матрастар, жастықтар, көрпелер) камералық дезинфекциялауға және дезинфекциялау ерітіндісімен өңдеуге жатқызылады.

      174. Операциялық блокты, таңып-байлау, босандыру залдарын, емшара, манипуляциялық, стерилдеу үй-жайларын, қарқынды терапия палаталарын, асептикалық режимді үй-жайларды ауқымды жинау жабдықты, жиһазды, мүкәммалды өңдеу және дезинфекциялау арқылы аптасына бір рет жүргізіледі.

      175. Операциялық, таңып-байлау, босандыру залдарында, реанимация палаталарында, жаңа туған, шала туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі нәрестелер палаталарында, емшара бөлмелерінде, инфекциялық бокстарда, асептикалық режимді үй-жайларда әрбір ағымдағы жинаудан кейін отыз минутқа, күрделі жинаудан кейін 2 сағатқа ультракүлгін сәулелегіштер қосылады. Ауаны зарарсыздандыруға арналған басқа қондырғыларды қолданған кезде пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес есептеу жүргізіледі.

      Бактерицидті сәулелендіргіштердің жүмысын есепке алу осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға тіркеледі.

      176. Экрандалмаған жылжымалы бактерицидті сәулелендіргіштер үй-жайдың бір текше метріне (бұдан әрі - м3) 2,0-2,5 вт қуат есебінен орнатылады. Экрандалған бактерицидті сәулелендіргіштер үй-жайдағы адамдарға сәуленің бағытталмауы жағдайында үй-жай көлемінің 1 м3-не 1,0 вт қуат есебінен еденнен 1,8-2,0 метр биіктікке орнатылады. Қарқынды үздіксіз жүктемесі бар үй-жайларда ультракүлгін рециркуляторлар орнатылады.

      177. Шамдарға арналған ажыратқыш үй-жайға кіреберісте орналасады және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі "Кіруге болмайды, бактерицидті сәулелегіш қосылып тұр!" деген жарық берілетін тақтамен блокталады.

      178. Ауаның тұқымдалуын қауіпсіз деңгейге дейін төмендету үшін мынадай технологияларды қолдануға рұқсат етіледі:

      1) адамдар жоқ кезде қолданылатын ашық және аралас бактерицидтік сәулелегіштердің және жабық сәулелегіштердің, оның ішінде адамдар бар кезде ауаны зарарсыздандыру жүргізуге мүмкіндік беретін рециркуляторлардың көмегімен ультракүлгін сәулемен әсер ету;

      2) бактериялық сүзгілерді қолдану.

      Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сәулелегіштер мен сүзгілер пайдаланылады.

      179. Науқастардың киім-кешегін ауыстыру жеті күнде бір рет және ластануына қарай жүргізіледі.

      Стационарлық емделіп жүрген туберкулезбен ауыратын науқастар туберкулезге қарсы диспансер киімімен қамтамасыз етіледі.

      180. Босанған әйелдердің төсек жабдығын ауыстыру әрбір үш күн сайын және ластануына қарай жүргізіледі.

      181. Операциялық, босандыру залдарында, асептикалық режимдегі үй-жайларда стерилді немесе бір реттік киім-кешек пайдаланылады.

      182. Пайдаланылған киім-кешекті жинау тығыз арнайы ыдыста (клеенка, полиэтилен қаптар, жабдықталған киім-кешекке арналған арбалар) жүзеге асырылады. Бөлімшелерде лас киім-кешектерді бөлуге жол берілмейді.

      183. Бөлімшелерде лас киім-кешектерді уақытша сақтау (он екі сағаттан асырмай) санитариялық бөлмелерде, осы мақсат үшін арнайы бөлінген үй-жайларда жууға және дезинфекциялауға жеңіл (металл, пластмасса бөшкелер) жабық ыдыста жүзеге асырылады. Лас киім-кешектермен жұмыс істеу үшін персонал ауыстырылатын санитариялық киіммен қамтамасыз етіледі.

      184. Таза киім-кешектер арнайы бөлінген үй-жайларда стеллаждарда, шкафтардағы сөрелерде сақталады.

      185. Киім-кешектің ауруханадан тыс киім-кешекпен жанасу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы технологиялық желілер бөлінген жағдайда, барлық меншік нысанындағы кір жуу орындарында киім-кешекті жууға жол беріледі. Инфекциялық, іріңді хирургиялық және патологиялық-анатомиялық бөлімшелердің киім-кешектері жуу алдында дезинфекцияланады.

      186. Таза және лас киім-кешекті тасымалдау қаптамаланған күйде ("таза", "лас" киім-кешек) таңбаланған жабық ыдыста жүзеге асырылады.

4. Медициналық қалдықтарды жинауға қойылатын талаптар

      187. Медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару денсаулық сақтау объектісінде қабылданған, қалдықтармен жұмыс істеу схемасына сәйкес орындалады, ол мынаны көздейді:

      1) пайда болатын қалдықтардың сандық және сапалық құрамы;

      2) қалдықтарды жинау тәртібі;

      3) қалдықтарды зарарсыздандыру (залалсыздандыру) мен жоюдың қоданылатын тәсілдері;

      4) персоналды қалдықтармен жұмыс істеу кезінде эпидемиялық қауіпсіздік қағидаларына гигиеналық оқыту.

      188. Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау объектісі басшысының бұйрығымен:

      1) қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды және осы Санитариялық қағидалар, санитариялық-эпидемиологиялық заңнамалар, қалдықтар туралы заңнамалар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын, қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарында мерзімдік оқытудан өтіп тұратын адам тағайындалады;

      2) әрбір құрылымдық бөлімшеде қалдықтармен жұмыс істеуге жауапты, медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтан өтіп тұратын адамдар тағайындалады. Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты осы санитариялық қағидалардың бірінші абзацында көрсетілген адам өткізеді.

      189. Персонал алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өтеді. Қалдықтармен жұмысқа 18 жасқа толмаған адамдар жіберілмейді.

      190. Персонал арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен (халаттар, комбинезон, қолғап, бетперде, респираторлар, арнайы аяқ киім, алжапқыштар, жеңқаптар) жабдықталады.

      191. Қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластикалық сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер (бұдан әрі – ЖҚКЖК) пайдаланылады.

      Қалдықтардың әрбір сыныбын жинауға арналған қаптардың, пакеттердің түсі әртүрлі (А сыныбы қалдықтары - ақ, Б сыныбы - сары, В сыныбы - қызыл, Г сыныбы – қара), контейнерлерде, сыйымдылықтарда таңба болуы тиіс. Қауіпті қалдықтарды жинауға арналған металл және пластикалық сыйымдылықтар, контейнерлер тығыз жабылуы тиіс.

      192. А сыныбының қалдықтарын жинау көп рет қолданылатын сыйымдылықтарда немесе бір рет қолданылатын пакеттерде жүзеге асырылады.

      Бір рет қолданылатын пакеттер арнайы арбаларда немесе көп рет қолданылатын контейнердің ішінде орналасады. Қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар мен арбалар таңбалануы тиіс.

      Арнайы бөлінген тоңазытқыш жабдығы болмаған жағдайда тағам қалдықтарын жиырма төрт сағаттан асырмай уақытша сақтауға жол беріледі.

      193. Б сыныбының қалдықтары түсі сары немесе сары түсті таңбасы бар бір рет қолданылатын жұмсақ (пакеттерге) немесе қатты (тесілмейтін) контейнерлерге жиналады.

      194. Шанышпалы және үшкір заттар алдын ала бөлшектелмей және дезинфекцияланбай, тесілмейтін және ылғалға төзімді ЖҚКЖК-ға медициналық қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек жиналады.

      Инелерді кесуге арналған арнайы құрылғылар (ине шешкіш, ине бұзғыш, ине кескіш және басқалары) болған жағдайда пайдаланылған инесіз шприцтерді арнайы қондырғыларда жоюға жататын Б сыныбының басқа қалдықтарымен бірге бір рет қолданылатын жұмсақ пакеттерге жинауға жол беріледі.

      ЖҚКЖК үшкір заттармен жарақаттануды болдырмайтындай сенімді және бір рет жабылады.

      195. Б сыныбының органикалық, сұйық қалдықтарын жинау үшін олардың герметикалығын қамтамасыз ететін қақпағы бар бір рет қолданылатын, тесілмейтін, ылғалға төзімді контейнерлер пайдаланылуы тиіс. Сұйық қалдықтар міндетті түрде зарарсыздандыруға (дезинфекциялауға) жатады, содан кейін су бұру жүйесіне төгіледі.

      196. ЖҚКЖК көлемінің төрттен үшінен асырмай толтырылады.

      ЖҚКЖК толтырылғаннан кейін қақпақпен тығыз жабылады және үш тәуліктен асырмай сақталатын медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайға жіберіледі.

      197. Зарарсыздандыратын арнайы қондырғыларды пайдаланып қалдықтарды зарарсыздандыруды ұйымдастыру кезінде Б сыныбының қалдықтарын жинау, уақытша сақтау, тасымалдау алдын ала зарарсыздандырусыз пайда болған жерінде эпидемиологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда жүргізіледі.

      198. Б сыныбының паталогиялық-анатомиялық және органикалық операциялық қалдықтары (ағзалар, тіндер және тағы басқалар) өртелінуі немесе зираттардың арнайы бөлінген учаскелерінде көмілуі тиіс. Инфекциялық аурулармен ауырған науқастардан пайда болған қалдықтарды қоспағанда, мұндай қалдықтарды алдын ала зарарсыздандыру талап етілмейді.

      199. В сыныбының қалдықтары денсаулық сақтау объектісінде физикалық әдістермен (термиялық, қысқа толқынды, радиациялық және басқалары) міндетті зарарсыздандыруға (дезинфекциялауға) жатады. Дезинфекциялаудың химиялық әдістерін тек тамақ қалдықтарын зарарсыздандыруға және науқастарды бөлуге, сондай-ақ ошақтарда эпидемияға қарсы алғашқы іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қолдануға жол беріледі. В сыныбының зарарсыздандырылмаған қалдықтарын ұйым ауласынан тыс жерлерге шығаруға жол берілмейді.

      В сыныбының қалдықтары түсі қызыл немесе қызыл түсті таңбасы бар бір рет қолданылатын жұмсақ (пакеттерге) немесе қатты (тесілмейтін) контейнерлерге жиналады. Пайдаланылған бір рет қолданылатын шанышпалы (кесетін) аспаптар мен басқа да медициналық мақсаттағы бұйымдар (бұдан әрі – ММБ) қатты (тесілмейтін), ылғалға төзімді тұмшаланған контейнерлерге салынады. В сыныбының сұйық биологиялық қалдықтары зарарсыздандырылғаннан кейін (дезинфекциялаудан) кәріз жүйесіне ағызылады.

      200. Б және В сыныбының қалдықтарын соңғы орау кезінде оларды бөліністен өшіру үшін бір реттік сыйымдылықтар (пакеттер, ЖҚКЖК) тиісті "Қалдықтар. Б сыныбы (тиісінше В сыныбы). Ұйымның, бөліністің атауы, күні және бөлініс бойынша қалдықтарға жауапты адамның тегі" жазбаларымен таңбаланады.

      201. Пайдаланылған люминесценттік шамдар, құрамында сынабы бар аспаптар мен жабдық қара түсті тығыз жабылатын қақпағы бар сыйымдылықтарға жиналады. Сыйымдылықтар толтырылғаннан кейін тығыз жабылады және медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайда сақталады. Қалдықтар жинақталғаннан кейін медициналық кәдеге жаратумен айналысатын ұйымдарымен шығарылып кәдеге жаратылады.

      Қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды жою "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 79-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      202. Қысқа мерзімдік айналымы бар (қатты, сұйық және газ түріндегі) Д сыныбының радиоактивті медициналық қалдықтары тиісті сақтау қоймаларында олар толық ыдырағанға дейін сақталады, содан кейін олар А сыныбының медициналық қалдықтары тәрізді жойылады. Д сыныбының "ұзақ мерзімдік" радиоактивті медициналық қалдықтары арнайы полигондарға (қорымдар) көмуге жіберіледі.

      203. Медициналық ұйымның жауапты адамы осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қалдықтарды күнделікті есепке алу журналын жүргізеді.

5. Денсаулық сақтау объектілерінде медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға қойылатын талаптар

      204. Б, В, Г сыныбының медициналық қалдықтарын уақытша сақтау үшін денсаулық сақтау объектісінде жеке үй-жай бөлінеді.

      205. Тамақ қалдықтарын, Б сыныбының зарарсыздандырылмаған қалдықтарын жиырма төрт сағаттан артық сақтау тоңазытқыштарда немесе мұздату камераларында жүзеге асырылады.

      Медициналық ұйымдарда (денсаулық сақтау пункттері, кабинеттер, медициналық пункттер) Б және В сыныбының қалдықтарын қосалқы үй-жайларда орналасқан сыйымдылықтарда уақытша сақтауға (24 сағаттан артық сақтаған кезде тоңазытқыш жабдығы пайдаланылады) жол беріледі.

      206. А сыныбының қалдықтары бар контейнерлер арнайы алаңда сақталады.

      207. Контейнерлер денсаулық сақтау объектісінен 25 метр қашық орналастырылуы тиіс. Мұндай контейнерлерге арналған алаң үш жағынан 1,5 м биіктікте қоршалуы тиіс.

      208. Медициналық қалдықтарды сақтауға арналған бөлме сору желдеткішімен, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығымен, стеллаждармен, медициналық қалдықтары бар пакеттерді жинауға арналған контейнерлермен, ыстық және суық су келтірілген раковинамен, бактерицидті шаммен жабдықталады.

      209. А, Б, В сыныбының қалдықтары пайда болған орнында бір тәуліктен асырылмай (төрттен үш көлеміне толғаннан кейіе жойылатын үшкір заттары бар ЖҚКЖК қоспағанда), арнайы алаңдардағы контейнерлерде немесе қалдықтары бар сыйымдылықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайларда үш тәуліктен асырылмай сақталады. Б сыныбының биологиялық қалдықтары +5оС-тан аспайтын температурада сақталады.

      210. Уақытша сақтау үй-жайынан медициналық қалдықтарды автокөлік құралына тиегеннен кейін, үй-жай, пайдаланылған мүкәммал және жабдық дезинфекцияланады.

      211. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жай шығаруға арналған кіретін жолдары бар денсаулық сақтау объектісі корпусының шығатын жеріне тікелей жақын жерде орналастырылады.

6. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар

      212. А сыныбының медициналық қалдықтарын тасымалдау кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға арналған автокөлік құралы пайдаланылады.

      213. Б және В сыныптарының сұйық медициналық қалдықтарын зарарсыздандырмай кәріз желісіне құюға жол берілмейді.

      214. Патогенді биологиялық агенттердің қалдықтары, пайдаланылған ыдыс, зертханалардың "жұқпалы" аймағының қатты медициналық қалдықтары сыйымдылықтарға жиналады және автоклавтарда немесе дезинфекциялау құралдарымен зарарсыздандырылады.

      215. Б және В сыныбының қауіпті медициналық қалдықтарын тасымалдау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына (бұдан әрі - нормалау құжаттары) сәйкес жүзеге асырылады.

      216. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі орган берген оң санитариялық-эпидемиологиялық қортындысы бар автокөлік құралына рұқсат етіледі.

      Медициналық қалдықтарды тасымалдауға арналған автокөлік құралы жеңіл дезинфекциялық өңделетін, су өткізбейтін жабық кузовпен жабдықталады. Осы автокөлік құралы басқа да мақсаттарға пайдаланылмайды.

7. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға қойылатын талаптар

      217. Б, В сыныпты қалдықтарды денсаулық сақтау объектілерінің аумағында мамандандырылған қондырғыларсыз өртеуге тыйым салынады.

      218. Қалдықтарды термиялық әдіспен залалсыздандыру медициналық қалдықтарды +800-1500 С төмен емес температурада термиялық әсер ету жолымен немесе медициналық қалдықтарды кәдеге жарататын арнайы жабдықтың жұмыс температурасына сәйкес жүргізіледі.

      Медициналық қалдықтарды ("Б" сыныбының залалсыздандырылмаған медициналық қалдықтары мен "В" сыныбының барлық медициналық қалдықтары) өртеу нормалау құжаттарына сәйкес санитариялық-қорғау аймағының өлшемі ескеріле отырып орналастырылған арнайы қондырғыларда жүргізіледі.

      219. Қондырғыны орналастыру үшін мыналар көзделеді: ауданы кемінде 10 м2 қалдықтарды уақытша сақтау үй-жайы, ауа ағымын сору қасиеті бар сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған, су бұру жүйесіне ағылатын және су келтірілген ауданы кемінде 20 м2 қондырғыны орналастыру үй-жайы (егер өзгесін өндіруші көздемеген болса), қызметтік-тұрмыстық үй-жай (персоналдың бөлмесі, санитариялық торап, себезгі).

      Ішкі әрлеу үшін үй-жайлардың функциялық мақсатына сәйкес материалдар пайдаланылады.

      220. А сыныбының қалдықтары пайда болған орындарынан денсаулық сақтау объектісінің аумағында орналасқан контейнерге жіберіледі және контейнерлердің толуына қарай, үш күнде бір реттен сиретпей қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.

      221. Қалдықтарды кәдеге жаратудың ақырғы өнімдері қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.

8. Денсаулық сақтау объектілерінде науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруға, медицина персоналының еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      222. Денсаулық сақтау объектісінің ас блогын инфекциялық бөлімшелерден басқа корпустармен және бас корпуспен қолайлы жер асты және жер бетіндегі көлік байланыстарымен қосылған, бөлек тұрған ғимаратта орналастырады.

      223. Тағамдарды дайындау кезінде өндірістік процестің ағымдылығы қатаң сақталады. Шикізат пен дайын өнімдердің қарама-қарсы ағымына жол берілмейді. Шикізатты, тағам өнімдерін тауар көршілестігі қағидаларын сақтай отырып сақтайды. Тоңазытқыш жабдығы болмаған жағдайда тез бұзылатын тағам өнімдерін сақтауға жол берілмейді.

      224. Апта сайынғы таратылатын ас мәзірін жасау кезінде бекітілген тамақ нормалары ескеріледі.

      225. Өнімдер мен тағамдарды ауыстыру кезінде емдәмнің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығы (құнарлылығы) апта сайын есептеліп отырады.

      226. Күн сайын ас блогында дайындалған тағамдардың тәуліктік сынамасы қалып отыруы тиіс. Тәуліктік сынама үшін бірінші тағамдардың жарты үлесі қалдырылады, үлесті екінші тағамдар кемінде 100 грамм (бұдан әрі – гр) мөлшерінде толығымен алынады, үшінші тағамдар кемінде 200 гр мөлшерінде алынады.

      Тәуліктік сынамалар дайын тамақты сақтауға арналған тоңазытқышта арнайы бөлінген орында +2 - +6 Цельсий градусы (бұдан әрі – оС ) температурасында қақпақтары жабылған таңбаланған банкаларда сақталады (1,2,3 тағамдар). 24 сағат өткеннен кейін тәуліктік сынама тағам қалдықтарына тасталады. Тәуліктік сынаманы сақтауға арналған ыдыс (сыйымдылықтар, қақпақтар) бес минут бойы қайната отырып өңделеді.

      227. Дайын тамақты аурухананың буфет бөлімшелеріне жеткізу үшін таңбаланған (тамақ өнімдері үшін) термостар немесе қақпақтары жабылатын ыдыс пайдаланылады. Тасымалдау арнайы арбалардың көмегімен жүзеге асырылады.

      228. Дайын тағамды таратуды буфетшілер және бөлімшенің кезекші мейірбикелері "тағам таратуға арналған" деп таңбаланған халаттарда жүргізеді. Тағамды таратуды бақылауды тағайындалған диетаға сәйкес аға мейірбике жүзеге асырады.

      229. Тарату кезінде бірінші тағамдар мен ыстық сусындарда температура +75оС, екіншілерде +65оС төмен болмауы, салқын тағамдар мен сусындарда +7-ден 14оС дейiн болуы тиіс. Тарататын сәтке дейін бірінші және екінші тағамдар дайындалған сәтінен бастап eкi сағатқа дейін ыстық плитада тұруына болады. Тамақты бір күн бұрын дайындалған тамақтың және сол күнi ертерек мерзімдерде дайындалған тамақтың қалдықтарымен араластыруға жол берілмейді.

      230. Буфет бөлімшелерінде: тамақ таратуға арналған және үш ұялы ванна қондырғысы бар ыдыс жууға арналған екі үй-жай көзделеді.

      231. Буфеттерде жуу ванналарына су келтірілген резервтік су ысытқыштар, инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелердің буфеттерінде асхана ыдысын өңдеуге арналған стерилизаторлар орнатылады.

      232. Ыдысты өңдеуді мынадай тәртіппен жүргізеді: тамақты механикалық алып тастау және бірінші жуғышта майсыздандыру құралдарымен жуу, екінші жуғышта ыстық сумен шаю және ыдысты арнайы сөрелерде, торларда кептіру.

      233. Инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы стационарлардың (бөлімшелердің) буфеттерінде, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша басқа бейін бөлімшелерінде:

      1) ыдысты тамақ ішкеннен кейін буфеттерде бөлек үстелде жинайды, тамақтың қалдықтарынан босатады, зарарсыздандырады, жуады және кептіреді. Зарарсыздандыру химиялық (дезинфекциялық құралдардың ерітіндісімен, оның ішінде жуғыш машинада) немесе термиялық тәсілмен (қайнату, ауа стерилизаторында өңдеу арқылы) жүргізіледі;

      2) тамақ қалдықтарын қақпағы бар арнайы таңбаланған бакқа тастайды және бестен бір ара қатынасындағы (экспозициясы бір сағат) құрғақ дезинфекциялық құралды себу тәсілімен тиісті инфекцияға арналған режим бойынша зарарсыздандырады. Пайдаланылған ыдысқа арналған үстел, щеткалар, ысқыштар әрбір қолданыстан кейін дезинфекцияланады. Үстелдер мен ыдысты жууға арналған шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге батыру арқылы зарарсыздандырады, шаяды және кептіреді.

      234. Науқастарға арналған сәлемдемелер науқастың тегі, аты, берiлген күнi көрсетілген целлофан пакеттерде беріледі. Сәлемдемелерді беру орындарында, бөлімшелерде беруге рұқсат етілген (олардың саны көрсетіле отырып) және тыйым салынған өнімдердің тізімдері iлiнеді.

      235. Бір жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету кезінде, балалар бөлімшесінің құрамында балаларға арналған қоспаларды дайындауға және құюға арналған үй-жай көзделеді. Құрғақ сүт қоспаларына қаптамасы ашылғаннан кейін ашылу күні және уақыты көрсетілген таңба салынуы және қаптамасында көрсетілген "қаптамасын ашқаннан кейін сақтау" жағдайында және мерзімінде сақталуы тиіс. Қоспаларды араластыру стерилді ыдысты қолдана отырып жүзеге асырылады. Дайын сүт қоспалары дайындаушының құжаттарына сәйкес тасымалданады, қолданылады, сақталады және таратылып беріледі.

      236. Персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар санитариялық өткізгіш типі бойынша жабдықталады және олардың құрамына мыналар кіреді: киім ілетін орын, себезгі бөлмесі, қол жуғыштар, дәретхана, арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын сақтауға арналған үй-жай. Киім ілетін орындар арнайы және жеке киімді сақтауға арналған жеке шкафтармен жабдықталады.

      237. Персоналды тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін асханалар мен буфеттер көзделуі қажет, барлық бөлімшелерде ауданы 12,0 м2 тоңазытқышпен, су жылытуға арналған құрылғымен, қол жууға арналған раковиналармен жабдықталған персоналға арналған бөлме бөлінеді. Жұмыс орындарында тамақ ішуге жол берілмейді.

      238. Медициналық персонал ауысымдық жұмыс киімінің үш жиынымен: халаттармен, қалпақтармен (орамалдармен), ауысымдық аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Санитариялық киімді ауыстыру күн сайын және ластануына қарай жүзеге асырылады. Санитариялық киімді жуу бір орталықтан, науқастардың киім-кешегінен бөлек жүзеге асырылады.

      239. Консультациялық көмек көрсететін медициналық персонал, стационарлардың бөлімшелерінде уақытша жұмыс атқаратын техникалық, әкімшілік-шаруашылық персоналы ауысымдық киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.

9. Денсаулық сақтау объектілерінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу мен дезинфекциялауды жүргізу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      240. Бір рет қолданылатын медициналық құрал-сайман алдын ала дезинфекциялаусыз кәдеге жаратуға жатады.

      241. Көп рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар (бұдан әрі – КМБ) пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады, стерилдеу алдында тазаланады, кептіріледі, қапталады және стерилденеді.

      242. Құрал-сайманды дезинфекциялау оны пайдаланған жерде әртүрлі тәсілдермен (қайнату, бумен, ауамен, химиялық) жүргізіледі.

      243. КМБ-ны дезинфекциялау үшін екі сыйымдылық пайдаланылады. Бірінші сыйымдылықта құрал-сайман қанның, сілемейдің, дәрілік препараттардың қалдықтарынан жуылады, сосын экспозиция үшін екінші сыйымдылыққа батырылады. Алмалы-салмалы бұйымдар бөлшектелген күйінде өңделеді.

      Биологиялық сұйықтықтарға қатысты бекітуші әсері бар дезинфекциялық құралдарды пайдаланған кезде құрал-сайман суды кейіннен зарарсыздандыру арқылы алдын ала жеке сыйымдылықта жуылады.

      244. Дезинфекциялық ерітінділер Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралды пайдалану жөніндегі нұсқауда (әдістемелік нұсқаулықта) көрсетілген мерзімдерге сәйкес пайдаланылады.

      245. КМБ-ны стерилдеу алдында тазалау қолмен немесе механикаландырылған (ультрадыбыстық) тәсілмен жүргізіледі. Дезинфекциялық құралдың құрамында жуу компоненті болған кезде стерилдеу алдында тазалау дезинфекциямен бірге жүргізіледі.

      246. Стерилдеу алдында өңдеудің сапасы қанның және синтетикалық жуу заттарының сілтілі компоненттерінің қалдық мөлшеріне оң сынаманың (азопирамды, фенолфталеинді) болмауымен бағаланады. Әрбір атаудың (кемінде 3-5 бірлік) немесе әрбір партиядағы медициналық бұйымның кемінде 1%-ы бақылауға жатады.

      247. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу алдында тазалау мен стерилдеу орталықтандырылған стерилдеу бөлімшесінде, ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау бөлімшесінің арнайы бөлінген орнында жүргізіледі.

      Стерилді материал бөлімшеге жабық көлік контейнерлерінде, арнаулы қаптарда, көлік лифтілерімен жеткізіледі.

      248. КМБ-ны стерилдеу жабдықтың тиісті стерилдейтін агенттері мен типтерін пайдалана отырып, физикалық (бумен, ауамен, инфрақызыл, глассперлен), химиялық (химиялық заттардың ерітінділерімен, газбен, плазмалы) әдістермен жүргізіледі.

      249. Стерилдеуді нақты құралды қолдану жөніндегі нұсқаулықта, стерилизаторды пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетілген режимдер бойынша жүзеге асырады.

      250. Стерилдеу аппаратурасының жұмысын бақылау физикалық (бақылау-өлшеу аспаптары), химиялық (термохимиялық индикаторлар), биологиялық тесттермен жүзеге асырылады.

      251. Стерилизаторлармен жұмысқа он сегіз жастан асқан, медициналық тексеріп-қараудан, курстық оқудан өткен және техникалық минимум тапсыру туралы куәлігі бар адамдар жіберіледі.

      252. Балалар бөлімшелерінде ойыншықтар күн сайын жұмыс күнінің соңында сабынды-содалы ерітіндінің 2 %-ы пайдаланыла отырып жуылады, ағынды сумен шайылады, кептіріледі. Қуыршақтың киімі жуылады және аптасына бір рет үтіктеледі. Жұмсақ ойыншықтарды пайдалануға жол берілмейді.

      253. Ультракүлгін шамдармен жарақталған бактерицидті камералар тек стерилді құрал-сайманды сақтауға ғана пайдаланылады.

10. Денсаулық сақтау объектілерінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      254. Қабылдау бөлімшесінде барлық келіп түсетін науқастардың жұтқыншағын қарау, температурасын өлшеу, сырқатнамасына белгі қоя отырып, педикулезге, қышымаға, дерматомикозға тексеру жүргізіледі. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін көрсеткіштер бойынша биоматериал алу жүргізіледі.

      255. Инфекциялық ауруға күдіктену кезінде пациентті инфекциялық аурулар бөлімшесіне (ауруханаға) ауыстырғанға дейін қабылдау бөлімшесінің жанындағы диагностикалық палатаға оқшаулайды.

      256. Науқастар стационарға келіп түскен кезде қабылдау бөлімшесінде санитариялық өңдеуден өтеді және таза іш киімдер, пижама, аяқ киім жиынтығы беріледі. Стационарда, туберкулезге қарсы ұйымдарда емделіп жатқан науқастарды қоспағанда, науқастардың үй киімімен жүруіне жол беріледі.

      257. Босанатын әйелге айғақтар бойынша тексеруден кейін немесе әйелдің қалауы бойынша санитариялық өңдеу жүргізіледі.

      258. Науқастарды емдеуге жатқызу кезінде палаталардың (үш күн ішінде) толықтырылу циклі сақталады.

      259. Іріңді-септикалық инфекциямен ауыратын науқастарды іріңді хирургия бөлімшесіне, ол болмаған кезде бөлек оқшауланған палатаға жатқызған жөн.

      260. Ірің бөлінетін пациенттерді таңу септикалық таңу бөлмесінде, ол болмаған кезде ірің бөлінбейтін пациенттерді таңып-байлағаннан кейін асептикалық таңу бөлмесінде жүргізіледі.

      261. Пайдаланылғаннан кейін жинау мүкәммалы дезинфекцияланады, құрғатылады және кейіннен арнайы бөлінген орында сақталады.

      262. Денсаулық сақтау объектілерінде тексерулер кезінде жүргізілетін зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

  "Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
1-қосымша

Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларын табиғи және жасанды жарықтандырылуы

      1-кесте

Үй-жайлар

Жұмыс беті және табиғи жарықтандыру коэффициентін (ТЖК) нормалау және жарықтандыру жазықтығы (К-көлденең, Т-тік) және жазықтықтың еден үстіндегі биіктігі

Көретін жұмыстың разряды мен шағын разряды

1

2

3

4

1

Операциялық

К-0,8

А-2

2

Операцияалды

К-0,8

Б-1

3

Таңып-байлау

К-0,8

А-1

4

Қан сақтауға арналған үй-жай

К-0,8

VIIIa

5

Гипс сақтауға және дайындауға арналған үй-жай

К-0,8

VIIIб

6

Хирургтар, акушер-гинекологтар, травматологтар, педиатрлар, инфекционисттер, дерматологтар, аллергологтар, стоматологтардың қабылдау кабинеттері, қарау кабинеттері

К-0,8

А-1

7

Басқа мамандар қабылдайтын кабинеттер

К-0,8

Б-1

8

Офтальмологтардың қараңғы бөлмелері

К-0,8

-

9

Функциональдық диагностика кабинеті, эндоскопиялық кабинет

К-0,8

Б-1

10

Фотария, физиотерапия, уқалау, ЛФК кабинеттері

К-0,8

Б-2

11

Гидротерапия кабинеттері, емдік ванналар, себезгі залдары

К-0,8

Б-2

еңбекпен емдеу

К-0,8

Б-1

ұйқымен емдеу

К-0,8

Ж-2

12

Парафин, озокерит дайындауға, төсемдерді өңдеуге, ласты регенерациялауға арналған үй-жай

К-0,8

VIIIб

13

Күндіз болатын палаталар

К-0,0

В-2

14

Дәрілік және таңып-байлау құралдарын сақтау үй-жайы

К-0,8

VIIIб

15

Дезинфекциялау құралдарын сақтау үй-жайы

К-0,8

VIIIб

16

Емшара бөлмесі, манипуляциялық

К-0,8

А-1

17

Мейірбике кабинеттері, посттары

К-0,8

Б-1

18

Науқастар күндіз болатын үй-жай

К-0,8

Б-2

19

Науқастар тамақ ішетін үй-жай

К-0,8

Б-2

20

Аппарат (басқару пульттері) бөлмесі, жуу, стерилдеу, сұрыптау және сақтау үй-жайы, киім-кешек тұратын жер

К-0,8

Б-2

21

Тіркеу орны

К-0,8

Б-2

22

Дәліздер

К-0,0

Е

23

Тасымалданатын аппаратураны сақтау үй-жайы

К-0,8

VIIIб

24

Санитарялық-тұрмыстық үй-жайлар:

- қол жуатын орын, дәретханалар;

- темекі тартатын орындар,

- себезгі, сыртқы киімді ілетін орын




К-0,0

К-0,0

К-0,0




Ж-1

Ж-2

Ж-1


      2-кесте

Табиғи жарықтандыру

Біріктірілген жарықтандыру

Жасанды жарықтандыру

ТЖК, е11, %

ТЖК, е11, %

Жарықтандыру,

лк, жалпы жарықтандыру кезінде

М жайсыздық көрсеткіші

Пульсациялық жарықтандыру коэффициенті Кп, %, көп емес

Жоғары немесе аралас жарықтандыру кезінде

Жанынан жарықтандыру кезінде

Жоғары немесе аралас жарықтандыру кезінде

Жанынан жарықтандыру кезінде

5

6

7

8

9

10

11

-

-

-

-

400

40

10

3,0

1,0

1,8

0,6

300

40

15

4,0

1,5

2,4

0,9

500

40

10

-

-

-

-

200

40

20

-

-

-

-

75

-

-

4,0

1,5

2,4

0,9

500

40

10

3,0

1,0

1,8

0,6

300

40

15

-

-

-

-

20

-

10

3,0

1,0

1,8

0,6

300

40

15

2,5

0,7

1,5

0,4

200

60

20

2,5

0,7

1,5

0,4

200

60

20

3,0

1,0

1,8

0,6

300

40

15

-

-

-

-

50

-

-

-

-

-

-

75

-

-

2,0

0,5

-

-

100

25

15

-

-

-

-

100

-

-

-

-

-

-

75

-

-

4,0

1,5

2,4

0,9

500

40

10

3,0

1,0

1,8

0,6

300

40

15

2,5

0,7

1,5

0,4

200

60

20

-

-

1,5

0,5

200

60

20

-

-

-

-

200

60

20

-

-

1,5

0,4

200

60

20

-

-

-

-

150

90

-

-

-

-

-

75

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

75

50

75

-

-

-

-

-

-

  "Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
2-қосымша

Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларының, оның ішінде күндізгі стационардың температурасы, ауа алмасу жиілігі, тазалығы бойынша санаты

Үй-жайлардың атауы

Ауаның есепті температурасы, оС

1 сағатта ауа алмасу жиілігі

Үй-жайдың тазалығы бойынша санаты

Табиғи ауа алмасу кезіндегі сору жиілігі

ішке сору

сыртқа шығару

1

2

3

4

5

6

7

1

Ересек науқастарға арналған палаталар, балалар бөлімшелерінің аналарға арналған үй-жайлары, гипотермия үй-жайлары

20

1 төсекке 80 м3/с 100%

т

2

2

Туберкулезбен ауыратын науқастарға (ересектер, балалар) арналған палаталар

20

1 төсекке 80 м3

л

2

80%

л

3

Гипотиреозбен ауыратын науқастарға арналған палаталар

24

1 төсекке 80 м3/с 100%

т

2

4

Тиреотоксикозбен ауыратын науқастарға арналған палаталар

15

Сол сияқты

т

2

5

Операциядан кейінгі палаталар, реанимация залы, қарқынды терапия палаталары, босандыру бокстары, операциялық, наркоз, күйікпен түскен науқастарға арналған 1-2 төсектік палаталар

Барокамералар

22

Есеп бойынша, бірақ кемінде он еселік алмасу

ӨТ

жол берілмейді

100%

80%

80%- асептикалық (20% наркоз, стерилизация арқылы) 100% - септикалық

6

Босанудан кейінгі палаталар

25-28

100%

100%

т

жол берілмейді

7

Күйік науқастарға, балаларға арналған 2-4 төсектік палаталар

22

100%

100%

т

жол берілмейді

8

Шала туған, емшектегі, жаңа туған нәрестелер және зақымданған балаларға арналған палаталар

25-28

Есеп бойынша, бірақ кемінде

өт

жол берілмейді

100%

100%

80% ассептикалық 100%-септ икалық

9

Бокстар, жартылай бокстар, сүзгі-бокстар, бокс алды үй-жайлары

22

2,5 дәлізден беріледі 100%)

2,5

л

2,5

10

Инфекциялық бөлімшенің палаталы секциялары

20

1 төсекке 80 м3

1 төсекке 80 м3

л

-

11

Босандыру алды, сүзгілер, қабылдау-қарау бокстары, қарау таңып-байлау, манипуляциялық операция алды, 1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыруға арналған бөлмелер, егу үй-жайы

22

2

2

л

2

12

Операциялық жанындағы стерилизациялық

18

-

3-септикалық бөлімшелер

3-асептикалық бөлімшелер

л



т

2

13

Шағын операциялық, оның ішінде күндізгі стационарлар

22

10

5

т

1

14

Дәрігерлер кабинеттері, рефлексотерапия кабинеттері, науқастар күндіз болатын үй-жайлар

20

Дәлізден ағыс

1

т

1

15

ЛФК залдары

18

Залда айналысатын бір адамға 50 м3 80%

100%

л

2

16

Функционалдық диагностика кабинеттері, ректороманоскопия кабинеті

22

-

3

л

2

17

Емдік дене шынықтыру, механотерапия кабинеті, зондтау кабинеті

20

2

3

л

2

18

Вестибюльдер, тамақ ішуге арналған үй-жай, компрессорлық ингаляторлар, киім-кешек және қойма үй-жайы

18

-

1

л

1

19

Қысқа толқынды және ультражоғары жиілікті терапия кабинеттері, жылумен емдеу, ультрадыбыспен емдеу кабинеттері

20

4

5

л

жол берілмейді

20

Лас киім-кешекті, жинау құралдарын, дезинфекциялау құралдарын сақтау қоймалары

18

-

5

л

3

21

Сантораптар

20

-

1 унитазға 50 м3 және 1 писсуарға 20 м3

л

3

  "Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
3-қосымша

Денсаулық сақтау объектілерінің функционалдық мақсатына және олардың тазалық сыныбына байланысты үй-жайлардағы ауа ортасының бактериялық тұқымдалуының рұқсат етілген деңгейлері

      1-кесте

Тазалық сыныбы

Үй-жайдың атауы

Санитариялық-микробиологиялық көрсеткіштер

Ауаның 1 м3микроорганизмдердің жалпы саны (КОЕ/м3)

Ауаның 1 м3Staphylococcus aureus колониялар саны (КОЕ/м3)

Ауаның 1 дм3 зең және ашытқы грибоктарының саны

Жұмыс басталғанға дейін

Жұмыс кезінде

Жұмыс басталғанға дейін

Жұмыс кезінде

Жұмыс басталғанға дейін

Жұмыс кезінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Өте таза (А)

Операциялық, босандыру залдары, гематологиялық, күйігі бар пациенттерге арналған асептикалық бокстар, шала туған балаларға арналған палаталар, дәріханалардың (асептикалық блогы, стерилизациялық (таза бөлігі), бактериологиялық зертханалардың бокстары, диализдік залдар

200 артық емес

500 артық емес

болмауы тиіс

болмауы тиіс

болмауы тиіс

болмауы тиіс

2

Таза (Б)

Емшара, таңып-байлау, операция алды, реанимация залдары мен палаталары, балалар палаталары, емшек сүтін жинау және пастерлеу бөлмелері, ассистент және дәріханалардың өлшеп-орау бөлмесі, бактериологиялық және клиникалық зертханалардың зерттеу жүргізуге арналған үй-жайы, хирургиялық және стоматологиялық қабылдау кабинеттері

500 артық емес

750 артық емес

болмауы тиіс

болмауы тиіс

болмауы тиіс

болмауы тиіс

3

Таза деп есептелетін (В)

Хирургиялық бөлімшелер палаталары, операциялық, босандыру залына жалғасатын дәліздер, қарау кабинеттері және инфекциялық бөлімшелердің бокстары мен палаталары, ординаторлық, материалдық бөлмелер, таза киім-кешек қоймалары

750 артық емес

1000 артық емес

болмауы тиіс

2 артық емес

болмауы тиіс

болмауы тиіс

  "Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
4-қосымша

Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларындағы
инфрадыбыс және жиілігі төмен шудың рұқсат етілетін деңгейі

      1-кесте

п/п

Үй-жайлардың немесе аумақтардың қолданылу мақсаты

Тәулік мерзімі

Дыбыс қысымының деңгейі, дБ Орташа геометриялық жиілікпен октавалық белдеуде, герц (Гц)

"лин" сипаттамасындағы дыбыстық қысымның жиілік бойынша түзетілген деңгейлері L, дБ

2

4

8

16

31,5

63

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Ауруханалар мен санаторийлердің палаталары, аурухананың операциялық бөлмелері

Тәулік бойы

86

81

76

71

66

51

51

2.

Ауруханалар мен санаторийлердің ғимараттарына тікелей іргелес аумақтар

Тәулік бойы

90

85

80

75

70

55

70

3.

Ауруханалар мен санаторийлердің аумағындағы демалу алаңдары

Сағат 7-ден сағат 23-ке дейін

94

89

84

79

74

59

74

4.

Тұрғын үйлерге, демалу үйлеріне, пансионаттарға, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерін е, демалу үйлеріне, емханаларға, амбулаторияларға , диспансерлерге, мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге және басқа оқу ұйымдарына, кітапханаларға тікелей іргелес аумақтар

Тәулік бойы

96

89

86

79

74

59

74

Жұмыс режимдеріне байланысты медициналық техниканың жеке
түрлерінен шығатын шудың рұқсат етілген деңгейі (жабдықтан
1 метр қашықтықтағы шудың сипаттамасы)

      2-кесте

п/п

Бұйымдар атауы

Рұқсат етілген

дыбыс деңгейі

LA, дБА

Жұмыс режимі

1

2

3

4

1

Хирургиялық аппаратура, өкпені, наркоздық-тыныс алуды жасанды желдету аппаратурасы

45

Үздіксіз

2

Зертханалық жабдық (клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық және басқа да зерттеулер үшін)

50

Үздіксіз

3

Стерильдеу-дезинфекциялау жабдығы

55

Үздіксіз

4

Физиотерапевтикалық, рентгенологиялық жабдық, функционалдық диагностикалауға арналған аспаптар, осыған ұқсас жабдық

50

Қайталама

қысқа уақыт

5

Стоматологиялық және зертханалық жабдық (центрифуга, термостаттар, осыған ұқсас жабдық)

55

Қайталама

қысқа уақыт

6

Жуғыш жабдық

60

Қайталама

қысқа уақыт

  "Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Бактерицидті сәулелендіргіштердің жүмысын есепке алу журналы

      ________________________________________ 20___ жылға арналған

      (Денсаулық сақтау объектісінің атауы)

п/п

Бөлімшенің (кабинеттің) атауы

Сәулелендіргіш орнатылған күн

Қосу уақыты

Сөндіру уақыты

Жұмыс істеген уақыты саны

Жауапты персоналдың қолы








  "Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

      ______________________________________________ 20 ___ жылға арналған

      (денсаулық сақтау объектісінің атауы)

Медициналық қалдықтарды күнделікті есепке алу журналы

Медициналық қалдықтардың сыныптары

Денсаулық сақтау объектілеріндегі бөлімшенің атауы

Уақытша сақтау үй-жайына тапсырылған медициналық қалдықтардың көлемі

Медициналық қалдықтарды қабылдаған медицина қызметкерінің қолы

Тапсыру күні

Кәдеге жаратуға жіберілді (кәдеге жаратылды)

Кәдеге жаратуға жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Б сыныбы, кг







2

В сыныбы, кг







3

Г сыныбы:

а) құрамын да сынап бар, дана:

- термомет рлер;

- бактериц идті шамдар;

- люминисц ентті шамдар;

б) цитоста ттар:

- сұйық, л;

- қатты, г.







4

Д сыныбы







  "Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
7-қосымша

Денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы тексерулер кезінде
жүргізілетін зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер

      1-кесте

Р/с

Зерттеулер түрлері

Зерттеулер кезеңділігі

Сынама алу немесе өлшеу орны

1

2

3

4

1. Физикалық факторларды бақылау

1

Температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауа алмасу жиілігі, жарықтандыру

жылына 1 рет

Науқастарға арналған палаталар, операциядан кейінгі палаталар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары, босандыру бокстары, операция және наркоз бөлімшелері, барокамералар, босанудан кейінгі палаталар, шала туған, емшектегі, жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, бокстар, жартылай бокстар, бокс алдындағы бөлімшелер, сүзгілер, қарау, таңу, манипуляциялық, емшара, стерильдеу бөлмелері, ЕДШ залдары, функционалдық диагностика кабинеттері, науқастарды қабылдау кабинеттері

2

Шу деңгейі

жылына 1 рет

Стерильдеу бөлмелері, зертханалар, рентген кабинеттері, функционалдық диагностика кабинеттері, стоматологиялық кабинеттер, физиотерапиялық кабинеттер, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары, операциялық бөлмелер

3

Электромагниттік өрістер

жылына 1 рет

Зертханалар, функционалдық диагностика бөлімшелері, магнитті-резонансты томография кабинеті, физиотерапиялық кабинеттер

2. Радиациялық бақылау

1

Сәулелену дозасының қуатын өлшеу

жылына бір реттен сирек емес

Персоналдың жұмыс орындарында, емшара кабинетімен аралас аумақта және үй-жайда

2

Рентген сәулесінің радиациялық шығуын өлшеуіштің көмегімен пациентті сәулелеудің тиімді дозасын анықтау

жылына бір реттен сирек емес

алаңға дозаның шығарылуын өлшеуішпен жабдықталмаған әрбір медициналық рентгендік диагностикалық аппарат үшін (рентген түтігінің анодтық кернеуінің жұмыс мәндерінің барлық диапазонында)

3. Санитариялық-химиялық бақылау

1

Сынап буының болуы

жылына 1 рет

Физиотерапиялық кабинеттер

2

Көміртегі тотығының болуы

жылына 1 рет

Клиникалық-диагностикалық зертханалар

3

Озонның болуы

жылына 1 рет

Операцияалды, операциялық, стерильдеу бөлмелері, палаталар, емшара, реанимация, операциядан кейінгі, күйік палаталары, функционалдық диагностика, клиникалық-диагностикалық зертханалар, физиотерапиялық кабинеттер, рентген кабинеттері

4

Азот тотықтарының болуы

жылына 1 рет

Операцияалды, операциялық, стерильдеу бөлмелері, палаталар, емшара, реанимация, операциядан кейінгі, күйік палаталары, функционалдық диагностика бөлімшесі, клиникалық-диагностикалық зертханалар, физиотерапиялық кабинеттер, рентген кабинеттері

5

Қорғасынның болуы

жылына 1 рет

Рентген кабинеттері

6

Аммиактың болуы

жылына 1 рет

Палаталар, емшара, реанимациялық, операциядан кейінгі, күйік палаталары, клиникалық-диагностикалық зертханалар, патологиялық-анатомиялық бөлімшелер

7

Күкіртті сутектің болуы

жылына 1 рет

Реанимациялық, операциядан кейінгі, күйік палаталары, физиотерапиялық кабинеттер

8

Дезинфекциялау құралдарында, ерітінділерінде белсенді әрекет ететін заттардың шоғырлануын анықтау

тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Операцияалды, емшара, таңу, манипуляциялық, клиникалық-диагностикалық зертханалар, патологиялық-анатомиялық бөлімшелер, функционалдық диагностика бөлімшелері, буфеттер – тарату орындары (кемінде 2 түр)

9

Стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау (азопирамдық, фенолфталеиндік сынамалар)

тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Орталықтандырылған стерильдеу бөлмелері және көрсеткіштер бойынша

4. Өнімдерді, дайын тағамдар мен тамақтану рациондарын зерттеу

1

Негізгі қоректік заттардың болуы және тағамдардың тәуліктік құнарлылығы

жылына 1 рет

Ұйымдардың ас блоктары

2

Термиялық өңдеу тиімділігі

тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Тарату желісіндегі ет және балық өнімдерінен жасалған дайын тағамдар

3

Тамақ қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері

тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Ұйымдардың ас блоктары, буфет-тарату орны

5. Суды зерттеу

1

Бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге су

көрсеткіштер бойынша

Шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін пайдаланылатын су (тарату желісінен алынатын және сырттан әкелінетін су)

6. Ұйымның санитариялық жағдайын бағалау кезіндегі санитариялық-бактериологиялық көрсеткіштер

1

Сыртқы ортадан алынған шайындыларды бактериологиялық зерттеу (ІТБТ-на, патогенді стафилококқа, шартты-патогенді және патогенді микрофлораға)

тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Медициналық жабдық және мүкәммал, киім-кешек, персоналдың қолы мен арнайы киімі, ас блоктарының және тарату бөлмесінің мүкәммалы.

2

Ауа ортасын бактериологиялық зерттеу

тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Операциялық, операцияалды, босандыру кабинеттері, палаталар мен реанимация залдары, асептикалық бокстар, стерильдеу, таңу, манипуляциялық, емшара бөлмелері, стоматологиялық кабинеттер, шала туған нәрестелерге арналған палаталар, дәріханалардың асептикалық блогы, бактериологиялық және клиникалық зертханалардағы үй-жайлар

3

Стерильдігіне зерттеу (шайындылар, материал)

тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Операциялық, босандыру, реанимация залдары, стерильдеу, таңу, манипуляциялық бөлмелер, стоматологиялық кабинеттер, емшара бөлмесі, асептикалық бокстар залдар

4

Дезинфекциялау-стерильдеу жабдығын бактериологиялық бақылау

жылына 1 рет

Стерильдеу, дезинфекциялау бөлімшелері

5

Паразитологиялық зерттеулерге арналған шайындыларды зерттеу

тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Балалар стационарлары, бөлімшелері


      *ескерту: ЕАМ ауасындағы зиянды заттардың құрамы жұмыс аймағының ауасына қойылатын гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс.

Денсаулық сақтау объектілерінде өндірістік бақылау (өзін-өзі бақылау) кезінде жүргізілетін зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер

      2-кесте

Р/с

Зерттеулер түрі

Зерттеулер кезеңділігі

Сынама алу немесе өлшеу орны

1

2

3

4

1. Физикалық факторларды бақылау

1

Ауа алмасу жиілігі

жылына 1 рет

Науқастарға арналған палаталар, операциядан кейінгі палаталар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары, босандыру бокстары, операциялық және наркоз, барокамералар, босанудан кейінгі палаталар, шала туған, емшектегі, жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, бокстар, жартылай бокстар, боксалды сүзгілер, қарау, таңу, манипуляциялық, емшара, стерильдеу бөлмелері, ЕДК залдары, функционалдық диагностика кабинеттері, науқастарды қабылдау кабинеттері, негізгі қорды:

дәрілік, таңу құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау үй-жайы

2. Санитариялық-химиялық бақылау

1

Дезинфекциялау құралдарында, ерітінділерде белсенді әсер ететін заттардың шоғырлануын айқындау

3 айда 1 рет

Операцияалды, емшара, таңу, манипуляциялық бөлмелер, клиникалық-диагностикалық зертханалар, паталогиялық-анатомиялық бөлімше, фунционалдық диагностика бөлімшесі, буфеттер-тарату орны

2

Стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау (азопирамдық, фенолфталеиндік сынамалар)

әрбір атаудағы медициналық бұйымдардың кемінде 1 %-ы (кемінде 3-5 бірлік)

Медициналық бұйымдарды стерильдеу алдында тазартудан кейін

3. Ұйымның санитариялық жағдайын бағалау кезіндегі санитариялық-бактериологиялық көрсеткіштер

1

Сыртқы ортадан алынған шайындыларды бактериологиялық зерттеу (ІТБТ-на, патогенді стафилококкқа, шартты-патогенді және патогенді микрофлораға)

3 айда 1 рет

Медициналық жабдық және мүкәммал, киім-кешек, персоналдың қолы мен арнайы киімі, ас блоктарының және тарату бөлмесінің мүкәммалы

2

Ауа ортасын бактериологиялық зерттеу

3 айда 1 рет

Операциялық, операцияалды, босандыру кабинеттері, реанимация палаталары мен залдары, асептикалық бокстар, стерильдеу, таңу, манипуляциялық, емшара бөлмелері, стоматологиялық кабинеттер, шала туған нәрестелерге арналған палаталар, дәріханалардың асептикалық блогы, бактериологиялық және клиникалық зертханалардағы үй-жайлар

3

Стерильділігін зерттеу (шайындылар, материал)

айына 1 рет

Операциялық, босандыру, реанимация залдары, стерильдеу, таңу, манипуляциялық бөлмелер, стоматологиялық кабинеттер, емшара бөлмесі, асептикалық бокстар залдар.

4

Дезинфекциялық-стерилизациялық жабдықты бактериологиялық бақылау

3 айда 1 рет

Стерилизациялау, дезинфекциялау бөлімшелері

4. Жабдықты физикалық-химиялық бақылау

1

Дезинфекциялау-стерилизациялық жабдықтың жұмысын бақылау

әрбір жүктеме кезінде күн сайын

Стерилизациялау, дезинфекциялау бөлімшелері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады