"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10732 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында :
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
      2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 001 бюджеттік бағдарламасы бар 733 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «733 Облыстың мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
      001 Жергілікті деңгейде мемлекеттік активтер мен сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 002, 003, 004, 005, 032, 100, 102, 103, 106, 107, 108, 109, 113, 114, 115, 116, 121, 123, 124, 125 және 126 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «002 Ақпараттық жүйелер құру
      003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
      004 Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу
      005 Коммуналдық меншікке мүлік сатып алу
      032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      103 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      113 Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысалы трансферттер
      114 Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      121 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу
      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу
      125 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
      126 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттер»;
      3 «Сыртқы саяси қызмет» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 136 бюджеттік бағдарламасы бар 241 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «241 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
      136 Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету»;
      07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
      1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      271 «Облыстың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      009 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      032 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен» бюджеттік бағдарлама алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «033 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен»;
      279 «Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      046 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      032 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен» бюджеттік бағдарлама алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «033 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен»;
      281 «Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      015 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      032 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен» бюджеттік бағдарлама алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «033 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен»;
      288 «Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      009 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      032 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен» бюджеттік бағдарлама алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «033 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен»;
      483 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 063 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «063 Бұзылу аумағынан тұрғындарды көшіру үшін тұрғын-үй құрылысына
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      722 «Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      046 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      032 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен» бюджеттік бағдарлама алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «033 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен»;
      08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
      1 «Мәдениет саласындағы қызмет» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 005 бюджеттік бағдарламасы бар 802 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «802 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      005 Мәдени-демалыс жұмысын қолдау
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      2 «Спорт» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 006, 007 және 008 бюджеттік бағдарламалары бар 802 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «802 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      006 Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
      007 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
      008 Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      3 «Ақпараттық кеңiстiк» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 001, 002 және 003 бюджеттік бағдарламалары бар 734 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «734 Облыстың тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
      001 Жергілікті деңгейде тілдерді дамыту саласындағы, мұрағат ісін басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
      002 Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
      003 Мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 004, 005, 032, 100, 102, 103, 106, 107, 108, 109, 113, 114, 115, 116, 121, 123, 124, 125 және 126 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «004 Ақпараттық жүйелер құру
      005 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
      032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      103 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      113 Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысалы трансферттер
      114 Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      121 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу
      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу
      125 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
      126 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттер»;
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 004 бюджеттік бағдарламасы бар 802 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «802 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      004 Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      9 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 001 бюджеттік бағдарламасы бар 802 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «802 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      001 Жергілікті деңгейде мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 002, 003, 032, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 118, 123 және 124 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «002 Ақпараттық жүйелер құру
      003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
      032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
      106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
      118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу
      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу»;
      09 «Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
      1 «Отын және энергетика» функционалдық кіші тобында:
      271 «Облыстың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      13 «Басқалар» функционалдық тобында:
      9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 065 және 096 бюджеттік бағдарламалары бар 733 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «733 Облыстың мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
      065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту
      096 Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау»;
      мынадай мазмұндағы 065 және 096 бюджеттік бағдарламалары бар 734 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «734 Облыстың тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы
      065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту
      096 Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау»;
      мынадай мазмұндағы 065 бюджеттік бағдарламалары бар 802 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «802 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік заңнамасы департаменті (З. А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімде оны баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады