Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекiтуге арналған өтiнiмдерді, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаның жобасын қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 сәуірде № 10742 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 14-1-бабы 1-тармағынының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекiтуге арналған өтiнiмдерді, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаның жобасын қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 219 бұйрығымен бекітілген

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетілетін
қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерiн
бекiтуге арналған өтiнiмдерді, сондай-ақ электр энергетикасы
саласындағы реттелетін нарық субъектісінің тауарларына
(жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) баға жобасын қарау
кезiнде жария тыңдаулар өткiзу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) баға жобасын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 2-тармағына және 14-1-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі - уәкілетті органның ведомствосы) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді және электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) баға жобасын қарау кезінде жария тыңдауларды өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Жария тыңдаулар өткізудің мақсаты ашықтықты, хабардарлықты, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері (электр энергетикасы саласындағы субъекті) мүдделерінің теңгерімін сақтауды, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастырудың ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жария тыңдаулар - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) немесе оның шекті деңгейінің жобасын, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарықтар субъектісінің тауарларына (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) баға жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілдерін, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды және табиғи монополиялар субъектілерін шақыра отырып өткізілетін талқылау рәсімі;

      2) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      4. Жария тыңдауларды өткізу қағидаттары:

      1) жариялылық;

      2) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтау;

      3) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастырудың ашықтығы.

      5. Уәкілетті органның ведомствосы Заңның 17-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзімде жария тыңдауларды өткізгенге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарландыруды өзінің интернет-ресурсында орналастырады және табиғи монополия субъектісі немесе электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын баспасөз басылымдарында аптасына кемінде екі рет шығарып жариялайды. Жария тыңдауларды өткізу мерзімдері:

      1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде - заңнамада белгіленген тәртіппен күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей;

      2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы субъектінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) - күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей;

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қуаты аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.

      6. Уәкілетті органның ведомствосы тұтынушыларға қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде жария тыңдаулар өткізілетіні туралы өзінің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы хабарлайды.

      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде жария тыңдаулар өткізу мерзімі - оларды бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік бір күннен кешіктірмей.

      7. Алдағы болатын жария тыңдаулар туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді:

      1) тыңдауларды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан орнын;

      2) тыңдаулардың өткізілетін күні, орны мен уақытын;

      3) табиғи монополия субъектісінің атауын және тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерін не электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің атауын және тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды көтеру туралы хабарлама берілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлерін;

      4) уәкілетті орган ведомствосының және табиғи монополия субъектісінің ақпарат алу мүмкін болатын байланыс телефондарын;

      5) уәкілетті органның және табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсының мекенжайын (болған жағдайда) қамтиды.

      8. Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын талқылау, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы субъектінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды талқылау жөнінде жария тыңдауларды өткізу кезінде уәкілетті органның ведомствосы тиісті жергілікті мемлекеттік басқару органдарын шақырады.

      9. Табиғи монополия субъектісі жария тыңдауларды өткізу күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:

      реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын;

      реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру себептері туралы экономикалық негізделген есептері бар ақпаратты береді.

2. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және
электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің
тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаның
жобасын бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария
тыңдауларды өткізу тәртібі

      10. Тыңдаулар уәкілетті органның ведомствосы айқындаған үй-жайда кедергісіз кіруді қамтамасыз ету арқылы өткізіледі.

      11. Жария тыңдаулар өткізу үшін уәкілетті органның ведомствосы қызметкерлерінің ішінен жария тыңдаулардың төрағасы (бұдан әрі - төраға) тағайындалады. Төраға қуаты аз табиғи монополия субъектісінің өтінімдерін қарауды қоспағанда, уәкілетті органның ведомствосы қызметкерлерінің ішінен жария тыңдаулардың хаттамасын жүргізетін хатшыны тағайындайды.

      12. Жария тыңдауларды өткізу процесінде жазбаша нысанда хаттама жүргізіледі.

      13. Төраға әрбір жария тыңдауға регламент белгілейді.

      14. Төраға белгіленген уақытта тыңдауларды ашады, олардың мақсатын және күн тәртібін жариялайды. Төраға қатысушыларды тыңдауларды өткізу регламентімен таныстырады.

      15. Өз сөзінде табиғи монополия субъектісі (электр энергетикасы саласындағы субъекті) бағаларды талқылау жөнінде жария тыңдауларды өткізу кезінде) өзі көрсететін реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ұсынылып отырған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейіне немесе оның шекті деңгейіне растаушы фото, бейне материалдарды қоса бере отырып, егжей-тегжейлі түсініктеме және негіздеме береді (ол болған кезде).

      16. Төраға жария тыңдауларда сөз сөйлейтіндерге сұрақтар қояды, қаралып отырған мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіреді, тыңдауларға қатысушының тыңдау регламентін бұзатын, сондай-ақ жария тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ сөзін бөледі.

      Жария тыңдауларды өткізу кезінде тәртіпті бұзатын тұлғаға төраға ескерту жасайды. Тәртіпті қайта бұзған жағдайда тыңдауларға қатысып отырған адам үй-жайдан шығарылады.

      17. Жария тыңдауларға қатысушылар қаралып отырған мәселелер бойынша өз көзқарастарын білдіреді, сөз сөйлеушілерге сұрақтар қояды, өз сөздерінде көмекші материалдарды (плакаттар, кестелер және тағы басқалар) пайдаланады және жария тыңдаулардың хаттамасына сөйлеген сөзін жазбаша қоса береді.

      18. Төраға тыңдаулардың қорытындысын шығарады және жария тыңдауларды жабады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады