Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 11.06.2018 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 968 қаулысымен бекітілген Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының лауазымдарына біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының бастығы:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант О.Б. Сапаровқа жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қорғаныс министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 140 бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктер орталығының лауазымдарына біліктілік талаптар
Әскери өкілдік бастығы
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Әскери, жоғары инженерлік-техникалық немесе экономикалық білімі, негізінен, әскери-есептік мамандық бойынша. |
Кәсіби біліктілігі | Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Техникалық реттеу туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, нақты лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатыныстарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі. |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында офицерлер құрамының әскери лауазымдарында кемінде он жыл әскери қызмет өткеру өтілі және офицерлер құрамының командалық-штабтық лауазымдарында кемінде бес жыл еңбек өтілі. Азаматтық персоналдың адамдары үшін функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жұмыста кемінде он жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарында кемінде бес жыл еңбек өтілі бар болу. Ақпараттық-талдау жұмыс тәжірибесі болу. Компьютерде "Word, Excel, E-mail, Internet" бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. |
Жетекші сарапшы-инженер
Білімі | Әскери, жоғары техникалық немесе экономикалық білімі, негізінен, әскери-есептік мамандық бойынша. |
Кәсіби біліктілігі | Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Техникалық реттеу туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, нақты лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатыныстарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі. |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында офицерлер құрамының әскери лауазымдарында кемінде бес жыл әскери қызмет өткеру өтілі. Азаматтық персоналдың адамдары үшін функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жұмыста кемінде бес жыл еңбек өтілі бар болу. Ақпараттық-талдау жұмыс тәжірибесі болу. Компьютерде "Word, Excel, E-mail, Internet" бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. |
Аға сарапшы-инженер