"Ұшулар мен авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету" кәсіби стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 сәуірде № 10812 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 853 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 853 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Ұшулар мен авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету" кәсіби стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов)

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интранет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы


Ж. Қасымбек



      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _______ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 13 наурыз




  Қазақстан Республикасының
  Инвестиция және даму
  министрінің міндетін атқарушы
  2015 жылғы 20 қаңтардағы
  № 27 бұйрығымен бекітілген

"Ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету" кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету" кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде персоналды кәсіпорындарда оқыту, білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен түлектерін сертификаттау, персоналды басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге арналған.

      2. Осы кәсіби стандартта төмендегі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) азаматтық авиация – эксперименталды және мемлекеттік авиация құрамына кірмейтін, Қазақстан Республикасының 15-шілде 2010-жылғы "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңының 6-бабының 3-тармағымен қарастырылған мақсаттарда қолданылатын авиация.

      2) әуе кемесі – жер (су) бетінен қайтарылған ауамен әрекеттесуден басқа ауамен әрекеттесу арқасында атмосферада қолданылатын аппарат.

      3) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болуы;

      4) біліктілік деңгейі – күрделілік, еңбек іс-қимылдарының стандарттан тыс болуы, жауапкершілік және дербестік параметрлері бойынша сараланатын қызметкердің даярлық деңгейі мен құзыретіне қатысты талаптар жиынтығы;

      5) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

      6) кәсіби топ – ортақ ықпалдастық негізі (баламалы немесе жақын міндеті, нысандары, технологиялары, сонымен қатар еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін ұқсас еңбек қызметтері мен құзыреттіліктерін жорамалдайтын кәсіби кіші топ жиынтығы;

      7) кәсіби кіші топ – кәсіби қызмет саласының еңбек функцияларын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің тұтас жиынтығынан қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;

      8) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік, құзыреттердің деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

      9) кәсіп – арнайы даярлықтың нәтижесінде пайда болған және білімі туралы тиісті құжаттармен расталатын арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін адам еңбек қызметінің негізгі түрі;

      10) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      11) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      12) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығы тарапынан мамандар біліктілігіне сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу механизмдері жиынтығы.

      3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

      1) АА – азаматтық авиация

      2) ӘҚБ – әуе қозғалысын басқару;

      3) БА – басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілердің лауазымдарының біліктіллік анықтамалығы;

      4) КС – кәсіби стандарт;

      5) СБШ – салалық біліктілік шеңбері;

      6) ИКАО (ICAO) – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

2. Кәсіби стандарттың паспорты

      4. Кәсіби стандарттың атауы: Ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету.

      5. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде персоналды кәсіпорындарда оқыту, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен түлектерін сертификаттау, персоналды басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешу.

      6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: азаматтық авиация ұйымдарының ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз етуі.

      7. Негізгі топ: әуе көлігі.

      Кәсіби топ: аэронавигациялық қызметтердің жұмыстары.

3. Кәсіптердің карточкалары

      8. Кәсіптердің тізбесі:

      1) радиолокация, радионавигация және байланыс бойынша техник, СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейі;

      2) радиолокация, радионавигация және байланыс жөніндегі инженер, СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейі.

      Кәсіп карточкалары осы кәсіби стандартқа Қосымшада келтірілген.


  "Ұшуды және авиациялық радиобайланысты
  радиотехникалық қамтамасыз ету" кәсіби
  стандартына қосымша


"РАДИОЛОКАЦИЯ, РАДИОНАВИГАЦИЯ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС БОЙЫНША ТЕХНИК" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ


Кәсіптің коды


3114


Кәсіптің атауы


радиолокация, радионавигация және байланыс бойынша техник


СБШ бойынша біліктілік деңгейі


3


БТБА бойынша біліктілік деңгейі


3


Кәсіби білім деңгейі


Орта (техникалық және кәсіби) білім


Еңбек функциялары


1) Радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтар мен байланыс жабдықтарына техникалық қызмет көрсету


2) Радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтар мен байланыс жабдықтарын жөндеу


1 еңбек функциясы

Радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтар мен байланыс жабдықтарына техникалық қызмет көрсету


Біліктері мен дағдылары:

1. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының аэронавигациялық ақпарат құжаттарының талаптарына және жабдықтардың техникалық сипаттамаларына сәйкестігін бақылау.

2. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының және авиациялық радиобайланыстың сенімділігі мен жұмыс сапасын қамтамасыз ету.

3. Объектінің (байланыс каналының) жұмысқа қабеліттілігін анықтау және оны масқаты бойынша шығыс сипаттамасы (белгілері), телемеханика сигналдары бойынша пайдалану мүмкіндігі.

4. Әуе қозғалысын ұйымдастыру қызметімен келісілген және АА ұйымы басшысы бекіткен, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына және авиациялық радиобайланысқа техникалық қызмет көрсету кестесін нормативтік құжаттардың талаптарына және өндіруші кәсіпорынның пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарына сәйкес сақтау.

5. Зертханалық жағдайларда және объектілерде жабдықтар мен жүйелерді баптау, туралау, реттеу және тәжірибелік тексеру.

6. Эксперименттер мен сынақтарды жүргізуге қатысу, аспаптарды іске қосу, қажетті сипаттамалар мен параметрлерді тіркеу.

7. Бастапқы материалдарды, статистикалық есептілік деректерін, ғылыми-техникалық құжаттаманы жинау, өңдеу және жинақтау.

8. Жүргізілетін жұмыстардың, қажетті спецификацияның, диаграммалардың, кестелердің және басқа да техникалық құжаттаманың сипаттамасын құру.

9. Жоспарлы және есептік құжаттаманы ресімдеу, техникалық құжаттамаға қажетті өзгерістер мен түзетулер енгізу.

10. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлік қызметтер мен лауазымды тұлғалардың сөйлесулерін құжаттау, сонымен қатар радиолокациялық ақпаратты құжаттау.

11. Бағдарламалар, нұсқаулықтар, техникалық қызмет көрсету кестелері және регламенттік жұмыстар және басқа да техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу.

12. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету нысандары мен байланыс нысандарының негізгі және резервтік энергиямен жабдықтау жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын тексеру.


Білімі:

1. Қазақстан Республикасының 15-шілде 2010-жылғы "Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңының "Әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру" 3-тарауы.

2. Қазақстан Республикасының 15-шілде 2010-жылғы "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңының 14-бабының 1-тармағының 41-17-тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы өкілетті органымен бекітілетін Ұшуды және азаматтық авиацияның авиациялық радиобайланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасы.

3. Жұмыс тақырыбы бойынша анықтамалық материалдар.

4. Жөндеу жұмыстарын орындаудың негізгі әдістері.

5. Арнайы және анықтамалық әдебиетте, жұмыс бағдарламаларында және нұсқаулықтарда қолданылатын терминология.

6. Бақылау-өлшеу аспаптары және оны пайдалану ережесі.

7. Ақпаратты техникалық алу, өңдеу және тарату құралдары.

8. Пайдаланылатын жабдықтың техникалық сипаттамасы, конструкциялық ерекшеліктері, қолданылу мақсаты, жұмыс істеу принципі және пайдалану қағидалары.

9. Жабдықтарды тексеру және ақауларды анықтау әдістері.

10. Жабдықтың жұмыс істеу режимінің параметрлерін, сипаттамасын және деректерін өлшеу әдістері мен құралдары.

11. Өлшеулерді, бақылауларды және эксперименттерді жүргізу жүйелілігі және техникасы.

14. Авиациялық және өрт қауіпсіздігі қағидалары.

15. Еңбек туралы заңнама негізі.

16. Еңбек қорғау қағидалары мен нормалары.


2 еңбек функциясы.

Радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтар мен байланыс жабдықтарын жөндеу


Біліктері мен дағдылары:

1. Радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтар мен байланыс жабдықтарын пайдалану процесіндегі ақаулықтарды анықтау.

2. Пайдалану процесінде анықталған ақаулықтарды нормативтік және пайдалану құжаттарына сәйкес жою.

3. Резервтеу бойынша жергілікті нұсқаулықта көрсетілген нормативтік уақыт ішінде резервтік жабдықты, резервтік электр қоректендіру көздерін, байланыс арналарын жұмысқа қосу.

4. Радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтар мен байланыс жабдықтарын жоспарлы жөндеу кестесін әзірлеуге қатысу.

5. Тұрақты және оперативтік аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізу үшін ұшуды және авиациялық байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету бойынша деректерді даярлау.

6. Әзірлеуші ұйымдар дайындаған бюллетеньдерге сәйкес ұшуды және авиациялық байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын пысықтау бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу.

7. Ұшуды және авиациялық байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының пайдалану құжаттамасында белгіленген қызмет ету (ресурстық) мерзімін ұзарту бойынша тексерулерге қатысу.

8. Белгіленген ресурсты атқарған және шектік күйге жеткен ұшуды және авиациялық байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын қызмет ету немесе сақтау мерзімі аяқталуы бойынша шығынға жазуға дайындау.

9. Ұшуды және авиациялық байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының үздіксіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған қажетті резервтік жабдықтар тізімін құру.

10. Ұшуды және авиациялық байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын жөндеуді материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, жабдықтардың тораптары мен бөлшектерін ауыстыруға нормативтік және пайдалану құжаттарына сәйкес өтінім беру


Білімі:

1. Қазақстан Республикасының 15-шілде 2010-жылғы "Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңының "Әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру" 3-тарауы.

2. Қазақстан Республикасының 15-шілде 2010-жылғы "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңының 14-бабының 1-тармағының 41-17-тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы өкілетті органымен бекітілетін Ұшуды және азаматтық авиацияның авиациялық радиобайланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасы.

3. Жұмыс тақырыбы бойынша анықтамалық материалдар.

4. Жөндеу жұмыстарын орындаудың негізгі әдістері.

5. Арнайы және анықтамалық әдебиетте, жұмыс бағдарламаларында және нұсқаулықтарда қолданылатын терминология.

6. Бақылау-өлшеу аспаптары және оны пайдалану қағидалары.

7. Ақпаратты техникалық алу, өңдеу және беру құралдары.

8. Пайдаланылатын жабдықтың техникалық сипаттамасы, конструкциялық ерекшеліктері, қолданылу мақсаты, жұмыс істеу принципі және пайдалану қағидалары.

9. Жабдықтарды тексеру және ақауларды анықтау әдістері.

10. Әзірленетін техникалық құжаттаманың стандарттары және техникалық шарттары, оны құру тәртібі және ресімдеу ережесі.

11. Өлшеулерді, бақылауларды және эксперименттерді жүргізу жүйелілігі және техникасы.

12. Авиациялық және өрт қауіпсіздігі қағидалалары.

13. Еңбек туралы заңнама негізі.

14. Еңбек қорғау қағидалары мен нормалары.


Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар


Өзара қарым-қатынас жасай білу құзыреттілігі, нәтижеге және тиімділікке бейімделу


СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы


3114


Техник-электроникер және телекоммуникациялар бойынша техниктер


"РАДИОНАВИГАЦИЯ, РАДИЛОКАЦИЯ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕР" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ


Код профессии


2144


Кәсіптің атауы


радионавигация, радилокация және байланыс жөніндегі инженер


СБШ бойынша біліктілік деңгейі


4


БТБА бойынша біліктілік деңгейі


4


Кәсіби білім деңгейі


Жоғары (техникалық және кәсіби) білім; ИКАО-да тіркелген ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электрбайланыс қызметінің қызметерлерін даярлау бойынша азаматтық авиация оқу орнының бағдарламасына сәйкес арнацйы пәндер


Еңбек функциялары


1) Ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына техникалық қызмет көрсету


2) Ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын жөндеу


1 еңбек функциясы.

Ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына техникалық қызмет көрсету


Біліктері мен дағдылары:

1. Ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының техникалық күйін (жұмысқа қабілеттілігі, пайдалануға жарамдылығын) белгіленген функцияны орындау сапасын сипаттайтын параметрлері, белгілері бойынша айқындаушы параматерлердің мәндерін бақылау нәтижелері бойынша бағалау.

2. Құрылысы аяқталған ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету объектілерін қабылдау

3. Тұрақты және жедел аэронавигациялық ақпараттар жинағына ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер енгізу үшін белгіленген нысан бойынша хабарлама жасау.

4. Негізгі байланыс жабдықтарын есепке алу және радиосәулелену құрылғыларын пайдалануға рұқсатты ресімдеу.

5. Ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету объектілерінің техникалық және экономикалық жұмыс көрсеткіштерін, байланыс нысандары мен құралдары туралы, байланыс объектілерінің жұмысындағы функционалдық істен шығулар туралы ақпаратты талдау.

6. Радиотехникалық құралдар мен жабдықтарды пайдалану қызметтерінің объектілері оналасқан ауданда, қызмет көрсетілетін, кабель трассаларына жақын учаскеде жер қазу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен келісім жасау.

7. Техникалық тапсырмаларға, қолданыстағы стандарттарға және нормативтік құжаттарға сәйкес қажетті техникалық есептеулер жүргізу және жобалар мен сызбалар әзірлеу.

8. Эксперименттер мен сынақтар жүргізу және алынған нәтижелерді өңдеу.

9. Ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жердегі және ұшу сынақтарына қатысу.

10. Бағдарламалар, нұсқаулықтар, техникалық қызмет көрсету кестелері және регламенттік жұмыстар және басқа да техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу.

11. Жұмыс туралы есеп құру үшін деректерді жүйелеу, өңдеу және дайындау.

12. Өндіруші кәсіпорынның (жеткізушінің) пайдалану құжаттамасына және осы объектілерді резервке ауыстырудың (көшіру) рұқсат етілген уақытының хрономтеражы бойынша хаттамаға сай ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету нысандарын резервілеу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу.

13. Ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына техникалық қызмет көрсетуді метрологиялық қамтамасыз етуды өлшем құралдарын қамтамасыз ету және өлшем құралдарын қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес рұқсат етілген саладағы пайдалану шарттарына және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өлшем құралдарының көмегімен ұйымдастыру.


Білімі:

1. Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 10-қосымшасының 1-5 томдары

2. Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның Doc8400 құжаты

3. "Радионавигациялық құралдарды сынау бойынша нұсқаулық" (Doc. 8071) ИКАО,

4. Қазақстан Республикасының 15-шілде 2010-жылғы "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңы 

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12-мамыр 2011-жылғы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану ережелері;

6. Қазақстан Республикасының 15-шілде 2010-жылғы "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңының 14-бабының 1-тармағының 41-17-тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы өкілетті органымен бекітілетін Ұшуды және азаматтық авиацияның авиациялық радиобайланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасы

7. Қазақстан Республикасы инвестициялар мен даму бойынша министрі міндетін атқарушысының 24-ақпан 2015-жылғы № 169 бұйрығымен (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10605 тіркелген) бекітілген Әуе кемелерінің пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары,

8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығымен (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 7102 тіркелген) бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаслары,

9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығымен (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6635 тіркелген) бекітілген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезіндегі радиоалмасу фразеологиясы қағидалары.

10. Жұмыс тақырыбы бойынша анықтамалық материалдар.

11. Баптау жұмыстарын орындаудың негізгі әдістері.

12. Арнайы және анықтамалық әдебиетте, жұмыс бағдарламаларында және нұсқаулықтарда қолданылатын терминология.

13. Бақылау-өлшеу аспаптары және оны пайдалану қағидасы.

14. Ақпаратты техникалық алу, өңдеу және тарату құралдары.

15. Пайдаланылатын жабдықтың техникалық сипаттамасы, конструкциялық ерекшеліктері, қолданылу мақсаты, жұмыс істеу принципі және пайдалану қағидалары.

16. Жабдықтарды тексеру және ақауларды анықтау әдістері.

17. Жабдықтың жұмыс істеу режимінің параметрлерін, сипаттамаларын және деректерін өлшеу әдістері мен құралдары.

18. Өлшеулерді, бақылауларды және эксперименттерді жүргізу жүйелілігі және техникасы.

19. Авиациялық және өрт қауіпсіздігі қағидалары.

20. Еңбек туралы заңнаманың негізі.

21. Еңбек қорғау қағидалары мен нормалары.


2 еңбек функциясы.

Ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын жөндеу


Біліктері мен дағдылары:

1. Радионавигациялық, радиолокациялық жабдықтарды және байланыс жабдықтарын пайдалану процесіндегі ақалықтарды анықтау.

2. Нормативтік және пайдалану құжаттарына сәйкес пайдалану процесінде анықталған ақаулықтарды жөндеу.

3. Резервтеу бойынша жергілікті нұсқаулықта көрсетілген нормативтік уақыт ішінде резервтік жабдықты, резервтік электр қоректендіру көздерін, байланыс арналарын жұмысқа қосу.

4. Нормативтік құжаттарға сәйкес әдістеме бойынша бұзылу (зақымдану) функциясын есептеу арқылы ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының мүлтіксіз жұмыс істеу бағалау.

5. Нормативтік құжаттарға сәйкес әдістеме бойынша жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіретін орташа уақытты есептеу арқылы ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жөндеуге жарамдылығын бағалау.

6. Ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын жоспарлы жөндеу кестелерін әзірлеу.

7. Тұрақты және жедел аэронавигациялық ақпарат жинағына ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз етуға өзгерістер енгізу үшін деректер ресімдеу және ұсыну.

8. Әзірлеуші ұйымдар дайындаған бюллетеньдерге сәйкес ұшуды және авиациялық байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын пысықтау бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу.

9. Ұшуды және авиациялық байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының пайдалану құжаттамасында белгіленген қызмет ету (ресурстық) мерзімін ұзарту бойынша тексерулерді ұйымдастыру.

10. Тексеру қорытындысы бойынша жөндеу жүргізудің мақсатқа лайықтығын, ауқымын және мерзімін анықтау.

11. Белгіленген ресурсты атқарған және шектік күйге жеткен ұшуды және авиациялық байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын қызмет ету немесе сақтау мерзімі аяқталуы бойынша шығынға жазу.

12. Ұшуды және авиациялық байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын жөндеуді материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жабдықтардың тораптары мен бөлшектерін ауыстыруды нормативтік және пайдалану құжаттарына сәйкес ұйымдастыру.

13. Өзінің қызметіне қатысты нормативтік құжаттарды қолдану.


Білімі:

1. Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 10-қосымшасының 1-5 томдары

2. Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның Doc8400 құжаты

3. "Радионавигациялық құралдарды сынау бойынша нұсқаулық" (Doc. 8071) ИКАО,

4. Қазақстан Республикасының 15-шілде 2010-жылғы "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңы 

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12-мамыр 2011-жылғы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану ережелері;

6. Қазақстан Республикасының 15-шілде 2010-жылғы "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңының 14-бабының 1-тармағының 41-17-тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы өкілетті органымен бекітілетін Ұшуды және азаматтық авиацияның авиациялық радиобайланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасы

7. Қазақстан Республикасы инвестициялар мен даму бойынша министрі міндетін атқарушысының 24-ақпан 2015-жылғы № 169 бұйрығымен (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10605 тіркелген) бекітілген Әуе кемелерінің пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары,

8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығымен (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 7102 тіркелген) бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаслары,

9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығымен (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6635 тіркелген) бекітілген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезіндегі радиоалмасу фразеологиясы қағидалары.

10. Жұмыс тақырыбы бойынша анықтамалық материалдар.

11. Баптау жұмыстарын орындаудың негізгі әдістері.

12. Арнайы және анықтамалық әдебиетте, жұмыс бағдарламаларында және нұсқаулықтарда қолданылатын терминология.

13. Бақылау-өлшеу аспаптары және оны пайдалану қағидасы.

14. Ақпаратты техникалық алу, өңдеу және тарату құралдары.

15. Пайдаланылатын жабдықтың техникалық сипаттамасы, конструкциялық ерекшеліктері, қолданылу мақсаты, жұмыс істеу принципі және пайдалану қағидалары.

16. Жабдықтарды тексеру және ақауларды анықтау әдістері.

17. Жабдықтың жұмыс істеу режимінің параметрлерін, сипаттамаларын және деректерін өлшеу әдістері мен құралдары.

18. Өлшеулерді, бақылауларды және эксперименттерді жүргізу жүйелілігі және техникасы.

19. Авиациялық және өрт қауіпсіздігі қағидалары.

20. Еңбек туралы заңнаманың негізі.

21. Еңбек қорғау қағидалары мен нормалары.


Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар


Өзара қарым-қатынас жасай білу құзыреттілігі, нәтижеге және тиімділікке бейімделу

Өзін-өзі тәртіптеу.


СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы


2144


Инженер-электрониктер, байланыс және аспап жасау бойынша инженерлер


Кәсіби стандарттың техникалық деректері


Әзірледі


"Personnel Recruitment Center "Career-Holdings" ЖШС


Нұсқасының нөмірі мен шыққан жылы


1-нұсқа, 2014


Болжамды қайта қарау күні


2017



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады