"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 284 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10836 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, 2013 жылғы 23 қарашадағы № 237 (28176) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі


2015 жылғы 1 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 284 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2013 жылғы 25 сәуірдегі
№ 130-НҚ бұйрығымен бекітілген

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды бекiту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Ерекше тәртіп мынадай ережелерді қамтиды:

      1) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеу;

      2) шикiзат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптар шегiнде табиғи монополия субъектiсi шығыстарының баптарын шектеу;

      3) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiне қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеу;

      4) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн пайданы шектеу;

      5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсу;

      6) негізгі құралдарды қайта бағалау және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражаттарын пайдалану бағыттарын келісу.

      3. Ерекше тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) құзыреттi орган – салалық министрлiк және (немесе) ведомство, ал су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – жергiлiктi атқарушы органдар;

      2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия саласындағы және уәкілетті орган мемлекеттік реттеуге жатқызған, белгілі бір тауарды тұтынушыға қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрінде беру жағдайын қоса алғанда, табиғи монополия субъектісі ұсынатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

      3) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігі – тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаларды бекiту кезінде ескерілетін табиғи монополия субъектісінің қызметтер (жұмыстар) көрсетуге байланысты шығындарының жиынтығы.

      Осы шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) өзіндік құнынан және кезең шығыстарынан (жалпы және әкімшілік шығыстар, өткізу шығыстары, сыйақылар төлеуге арналған шығыстар) тұрады;

      4) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізілетін шығын түрлерін шектеу - тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаларды бекiту кезінде ескерілмейтін шығындар тізбесін белгілеу;

      5) шығыстар – табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бойынша қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуден алынған табыс есебінен жүзеге асыратын шығындары;

      6) шығыстар деңгейін шектеу – шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларының, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптар мен лимиттердің негізінде тарифте (бағада, алым мөлшерлемесінде) ескерілетін шығындар деңгейінің шегін белгілеу;

      7) уәкілетті орган – табиғи монополияр салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополияр салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      4. Ерекше тәртіп реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополия субъектілеріне қолданылады.

      5. Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді есепке алу негізінде жүзеге асырылады.

      Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру кезінде осы Ерекше тәртiптiң талаптары ескеріле отырып, шығындар енгiзiледi. Шығындардың баптарын қалыптастыру Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеу

      6. Табиғи монополия субъектісінің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін шығындарды реттеу тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізілетін шығын түрлерін шектеу және табиғи монополия субъектісінің шығыстар деңгейін шектеу жолымен жүзеге асырылады.

      7. Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлiгiне енгiзiлетiн материалдық шығыстар өнiмнiң (көрсетілетін қызметтердiң, тауарлардың, жұмыстардың) бiрлiгiн шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия (бұдан әрi – материалдық ресурстар) шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен тендерлiк (конкурстық) сатып алулардың нәтижелерi бойынша анықталған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып айқындалады.

      Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) пайданың (таза кірістің) ұйғарынды деңгейі қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының шамасына пайда мөлшерлемесінің туындысы ретінде енгізіледі.

      8. Шығыстарға бағытталған, тарифтің шығын бөлігінде ескерілмеген демеуқаржыларды қоспағанда, табиғи монополия субъектісіне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлiнетiн демеу қаржы тарифтiң шығын бөлiгін азайтуда ескерiледi.

      9. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифiн (бағасын, мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде мынадай шығындар ескеріледі:

      1) аудиторлық, консалтингтік, маркетингтік қызметтеріне және мердігерлік тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстарының, бөгде ұйымдар жүзеге асыратын өндірістік сипаттағы басқа қызметтерге, сондай-ақ өкілеттік, іссапар шығыстары және әкімшілік персоналының байланыс, мерзімдік баспасөзге, қызметтік автокөлікті ұстауға, ақпараттық, консультациялық қызметтерге арналған шығыстар (табиғи монополия субъектісі белгілеген лимиттер шегінде уәкілетті орган ведомствосының келісімі бойынша тарифтерге енгізіледі);

      2) нормативтік техникалық ысыраптарға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9046 тіркелген Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесіне сәйкес;

      3) табиғи монополия субъектiсiнiң негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу және басқада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арналған қаражаттар (уәкілетті органның ведомствосымен келісілген шығындардың жылдық сметасына сүйене отырып);

      4) өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеу шығыстары (табиғи монополия субъектiсi персоналының нормативтiк санынан аспайтын нақты санға және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерінде) қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып анықталады).

      Электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісі бар энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру, жылу энергиясын өндіру, беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтiк санынан аспайтын нақты саннан және өтінім беру алдында бір жыл бұрын статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызметінің түрлері бойынша қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан анықталады.

      Электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісі бар энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері ескеріле отырып қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерінде) қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып анықталған сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру, жылу энергиясын өндіру, беру саласындағы табиғи монополия субъектілерінің өндірістік персоналының жалақысын өтінім беру алдында бір жыл бұрын статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызметінің түрлері бойынша қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан асырған кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерінде) қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып анықталатын өндірістік персоналдың жалақысы ескеріледі.

      Электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісі бар энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру, жылу энергиясын өндіру, беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтiк санынан аспайтын нақты саннан және өтінім беру алдында бір жыл бұрын статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызметінің түрлері бойынша қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан анықталады.

      Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, табиғи монополия субъектілері басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің және әкімшілік персоналдың басқа да қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары бойынша шығындарға енгізілетін субъектілердің әкімшілік персоналының еңбегіне ақы төлеу шығыстары штат кестесіне сәйкес табиғи монополия субъектісі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысының он бес еседен аспайтын ең жоғарғы және ең төменгі деңгейінің арасындағы ара қатынасы негізінде шектеледі.

      Табиғи монополия субъектiсi (мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлiгiне енгiзiлмейтiн сыйлықақыға және жалақыға берілетін басқа да сыйақы түрлерiне арналған шығыстарды таза кіріс есебiнен (нақты пайда) ол болған жағдайда жүзеге асырады.

      5) әкiмшiлiк персоналдың еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстары (табиғи монополия субъектiсi персоналының нормативтiк санынан аспайтын нақты санға сүйене отырып анықталады);

      6) негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары тікжелілік (біркелкі) есептеу әдісі бойынша есептелген;

      7) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жобасын іске асыру үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар,

      8) энергия өндіруші ұйымдармен күзгі-қысқы кезеңдегі резервтік отынды сатып алуға арналған шығыстар;

      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселік ресми мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.

      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге шығыстар тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде Лондон банкаралық нарығының 4 еселік мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.

      Шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің негізінде шетелдік валютаға теңге бағамының болжамды өзгеруі ескеріле отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігінің кезеңіндегі шығыстарын ескеріледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мен Лондон банкаралық нарығының мөлшерлемесі табиғи монополия субъектісінің тарифiн (бағасын, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметасын бекiту жөнінде шешім қабылданған күніне қолданылады.

      9) Өндірістік қажеттілікке байланысты әкімшілік персоналының біліктілігін арттыруға арналған шығындардың деңгейі уәкілетті орган ведомствосының алдын ала келісімі бойынша тарифтің (бағаның, алымдар мөлшерлемелерінің) есебіне енгізіледі.

      10) Реттеліп көрсетілетін қызметтердің шеңберіңде өндірістегі өнертапқыштыққа және өнертабыстыққа байланысты шығыстар (экономикалық негізделген материалдар болған кезде).

      Ескерту:

      Табиғатты қорғау шығыстары, табиғат ресурстарын пайдалануға төлемақы мөлшерлемелеріне, тәртібі мен шарттарына сәйкес анықталады.

      Кезең шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, алымдар мен төлемдерге арналған шығыстар ақы төлеудің мөлшерлемелеріне, тәртібі мен шарттарына сәйкес айқындалады.

      Уәкiлеттi орган осындай немесе ұқсас қызмет түрiмен айналысатын табиғи монополия субъектiлерiнiң жалақыларына жұмсалатын шығындарды салыстырып талдау негiзiнде, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi көрсететiн реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемi қысқарған жағдайда тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) енгiзiлетiн әкiмшiлiк және (немесе) өндiрiстiк персоналдардың еңбегiне ақы төлеу шығыстарын төмендету немесе жоғарылатудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаларды бекiткен жағдайда, жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарды уәкiлеттi орган осы Ерекше тәртіптің 5-тармағында көзделген жағдайларда тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) өзгерту алдындағы кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерінде) қабылданған шығыстар шегiнде тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) енгiзеді.

      Уәкiлеттi орган тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде табиғи монополия субъектiсінiң қызметiне жүргiзiлген қаржылық сараптаманың нәтижелерi бойынша не табиғи монополия субъектiсі қызметінің тиiмдiлiгi төмендеген (көрсетiлген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бiрлiгiнiң өзiндiк құнының артуы, көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiнің азаюы, кредиторлық және дебиторлық берешектердiң ұлғаюы) жағдайда жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстар сомасын өзгерту мақсаттылығын айқындайды.

      Табиғи монополия субъектілері инвестицияларды өздерінің және (немесе) қарыз қаражаттарының есебінен жүзеге асырады. Өздерінің қаражат көздері пайда (таза кіріс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.

      Қарыз қаражаттарын қайтару пайда және (немесе) амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның ведомствосы тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемесінің) жобаларына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартады және жүргізілген сараптама негізінде түзету жүргізеді.

3. Шикiзат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптар шегiнде табиғи монополия субъектiсi шығыстарының баптарын шектеу

      10. Шикiзат, материалдар, отын, энергия шығыстарының нормативтiк техникалық ысыраптары, техникалық және технологиялық нормалары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9046 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығымен бекітілген, Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесіне сәйкес анықталады.

4. Тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемелері) немесе оның шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеу

      11. Табиғи монополия субъектілерінің тарифтерiн (бағаларын, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларын қалыптастыру және бекiту кезінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігінде мынадай шығыстар ескерілмейді:

      нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуі мен жетіспеушілігіне басқа өндірістік емес шығыстар мен ысыраптар;

      реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету, ұсыну кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;

      сенімгерлікпен басқаруға, мүліктік жалға, лизинг бойынша алынған негізгі құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардан басқа) пайдалану үшін жалдау төлемақы шығыстары;

      ластаушы заттардың нормативтен тыс тастандысы (шығарындысы) үшін төлемдер;

      сот шығындары;

      сенімсіз қарыздар;

      шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыз төлемдер мен санкциялардың басқа түрлері;

      табысты жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;

      ұрлықтан келген залалдар;

      ақаудан болған ысыраптар;

      қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтарды (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу) ұстау жөніндегі шығыстар;

      құзыретті органмен келісілген технологиялық қажеттіліктен басқа денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындарына, кәсіптік-техникалық училищелер объектілерін ұстауға шығыстар:

      сауықтыру лагерлерін, мәдени және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға шығыстар;

      мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларын (демалыс кештерін, спектакльдер мен концерттер өткізу) өткізуге шығыстар;

      кәсіпорындардың қызметкерлеріне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге берілген несиелерді (пайызсыздарын қоса алғанда) өтеуге шығыстар;

      бақшалық серіктестіктерді абаттандыру (оның ішінде жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа шығыстарды жүзеге асыру) жөніндегі шығыстар;

      дәрістер, көрмелер, пікірсайыстар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардағы мүшелік жарналарға шығыстар;

      өндірістік мақсаттарға пайдаланылатын өнімдерді қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар бойынша, жарнамалық, плакаттық және баспаханалық өнімдер шығару бойынша шығыстар;

      табиғи монополия субъектісінің персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын үй ғимараттары мен құрылыстарды, жатақханадан және қонақ үйлерден орындар сатып алуға, жалдауға және ұстауға шығыстар;

      қаланы абаттандыру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды және осы тәріздес басқа да жұмыстарды орындауға шығыстар;

      білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің еңбек демалыстарына ақы төлеуге шығыстар;

      жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беруге және сыйақының басқа да нысандарына шығыстар;

      кәсіби ауруларды оңалту еміне байланысты шығындардан басқа, табиғи монополия субъектісі қаражаттарының есебінен қызметкерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға, саяхатқа шығуға жолдамаларға ақы төлеу жөніндегі шығыстар;

      өз қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуге денсаулық сақтау органдарымен жасалған шарттар бойынша емхана қызметтеріне ақы төлеуге шығыстар;

      сақтандыру төлемдері (кәсіпорындармен өз қызметкерлерінің пайдасына жасалған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлеген жарналар);

      қызметкерлерге, оның ішінде балалар тәрбиелейтін әйелдерге қосымша берілетін демалыстарға (еңбек заңнамасында көзделгеннен тыс) ақы төлеуге, қызметкердің отбасы мүшелеріне демалысты өткізетін жеріне және қайтар жолына жолақы төлеуге, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлеуге шығыстар;

      демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге шығыстар;

      еңбек заңнамасында көзделгеннен басқа табиғи монополия субъектісінің қызметкерлеріне (қызметкерлерге тамақты тегін немесе төмендетілген бағамен беру, сауықтыру топтарына, секцияларда, клубтарда шұғылдануға арналған абонементтерге, протез салуға ақы төлеу) жеңілдіктер;

      мерейтойлық күндерге немесе қызметкерлерге ынталандыру түрінде берілетін (автокөлік, пәтерлер, ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен басқа тауарлар, сондай-ақ қызметкерлердің жеке есептерінің пайыздық мөлшерлемелерін арттыру) сыйлықтарды сатып алуға шығыстар;

      мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі, шипажайлардағы және сауықтыру лагерлеріндегі балалар тамақтарының құнын өтеуге шығыстар;

      тұтынушылардан коммуналдық төлемдерді қабылдау жөніндегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк және ұйымдар қызметтеріне арналған шығыстар;

      ұжымдық шартта айқындалған мақсаттар үшін кәсіподақтарға аударым жасау шығыстары;

      тәжiрибелік-эксперименттiк жұмыстарды жүргізуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгiлердi жасауға және сынауға (реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде қолданылатын жұмыстарды қоспағанда), көрмелер, байқаулар, конкурстар мен басқа да iс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақылар төлеуге және басқа байланысты шығыстар;

      өндіріске және реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қатысы жоқ және тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өсуіне алып келетін шығыстар.

5. Табиғи монополия субъектілерінің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы шектеу

      12. Пайда мөлшерлемесі мен қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген, Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) мөлшерлемелерін есептеу жөніндегі нұсқаулығында айқындалады.

      Бұл ретте, егер сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне тарифтердің жоспарлы деңгейі 1 м3 үшін қосымша құн салығынсыз 200 теңгеден асатын болса, пайда мөлшерлемесі тарифті немесе оның шекті деңгейін бекітуге арналған өтінімді беру күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейінде қабылданады.

6. Табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарының тозуын есептеуге қолданылатын әдістерді, негізгі құралдарды қайта бағалау және тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражаттарын пайдалану бағыттарын келісу

      13. Тікжелілік (біркелкі) есептеу әдісі бойынша есептелген негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.

      14. Уәкiлеттi орган сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру саласындағы қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектiлерін қоспағанда, табиғи монополия субъектiсi негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзгеннен кейiн тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлiгiне амортизациялық аударымдарды өсіруді кезең-кезеңмен енгiзеді.

      15. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің тозуын тікжелілік (біркелкі) есептеу әдісін қолдану уәкілетті орган ведомствосының келісімін талап етпейді.

      16. Амортизацияны есептеудің өзге әдістерімен амортизацияны қолдану және есептеу уәкілетті органның ведомствосымен келісіледі.

      17. Уәкiлеттi органның ведомствосы табиғи монополия субъектiсiне негiзгi құралдарға қайта бағалауды жүргiзуін келiседi.

      18. Реттелетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетудегі қолданысқа енгізілген активтерден түсетін амортизациялық аударымдар негізгі құралдар құнының артуына әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады