Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатындағы өзара іс-қимылының қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 220 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 256 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10894 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 191 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 23 ақпандағы № 71 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 15.02.2018 № 191 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.02.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 121-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатындағы өзара іс-қимылының қағидасы бекітілсін.

      2. "Тегін қаржылай және техникалық көмек ретінде мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарларға кедендік ресімдеу жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекетінің ережесін бекіту туралы" Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 7 маусымдағы № 717 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормалық құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде № 1588 тіркелген, орталық атқарушы және өзгеде мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., № 30, 477-құжатта).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау үшін мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Т. Сұлтанов ___________

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің м.а.
М.Ә. Құсайынов ___________


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 220 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 256 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатындағы өзара іс-қимыл қағидалары

      1. Осы Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатындағы өзара іс-қимыл қағидасы (бұдан әрі – Қағида), "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 121-бабының 4-1-тармағына, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша тауарларды өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде, сондай-ақ грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын (меморандумдарды, келісімдерді, келісім-шарттарды) іске асыру шарттарын қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимылының тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағида өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде, сондай-ақ грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен әкелінетін тауарларға қатысты қолданылады.

      3. Өтеусіз негізде техникалық көмек көрсету (ықпал ету), сондай-ақ грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен тауарларды әкелу бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды (меморандумды, келісімді, келісім-шартты) іске асыру шарттарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіруді сыртқы көмек мәселесі бойынша өкілетті орган (бұдан әрі – ҚР Ұлттық экономика министрлігі) жүзеге асырады.

      4. ҚР Ұлттық экономика министрлігі өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде, сондай-ақ грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен Қазақстан Республикасына тауарларды жөнелту қағидалары туралы мүдделі мемлекеттерге, мемлекеттер үкіметтеріне, халықаралық ұйымдарға хабарлайды.

      5. Өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету), сондай-ақ грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен тауарларды әкелу бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан (меморандум, келісім, келісім-шарттарынан) туындайтын міндеттемелерін өз құзіреті шеңберінде орындалуын қамтамасыз ететін орталық мемлекеттік орган әкелінетін тауарларды кедендік декларациялау басталғанға дейін күнтізбелік елу күннен кешіктірмей ҚР Ұлттық экономика министрлігіне мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:

      өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде немесе грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен тауарларды алу туралы шарттың (меморандумның, келісімнің, келісім-шарттың) көшірмесі;

      тиісті шарттың (меморандумның, келісімнің, келісім-шарттың) шеңберінде олардың атауын, санын және құнын көрсете отырып, өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде немесе грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен әкелінетін тауарлардың тізбесі;

      әрбір жеке халықаралық шарттар (меморандум, келісім, келісім-шарт) бойынша әкелінген тауарларды кедендік декларациялауда жауапты тұлға туралы және әкелінген тауарларды соңғы алушы туралы ақпарат;

      әкелінетін тауарларды кедендік тазарту және бақылау жүзеге асырылатын аумақтық мемлекеттік кірістер органдарын көрсете отырып, тауарларды жеткізу кестесі.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді қарағаннан кейін өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде, сондай-ақ грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен тауарларды алу туралы тиісті келісімнің (меморандум, келісім, келісім-шарттың) барын және әкелінетін тауарлардың соңғы алушысын растайды және әкелінетін тауарларды кедендік декларациялағанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті) және осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген орталық мемлекеттік органға жазбаша хабарлайды.

      7. Осы Қағйданың 5-тармағында көрсетілген орталық мемлекеттік орган, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарламасын алғаннан кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне Осы Қағйданың 5-тармағында қарастрылған мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.

      8. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған құжаттар мен мәліметтерді қарағаннан кейін оларды әкелінетін тауарларды кедендік тазарту мен бақылау жүргізілетін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.

      9. Егер, осы Қағиданың 3-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қызметін үйлестіру бойынша өкілеттік өзге орталық орындаушы органға берілген жағдайда, ҚР Ұлттық экономика министрлігі бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекетік кірістер комитетіне хабарлайды, сондай-ақ осы Қағиданың ережелерінен туындайтын міндеттемелер туралы орталық орындаушы органды хабардар етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады