"Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатындағы өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 220 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 256 бірлескен бұйрығын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 191 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 23 ақпандағы № 71 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 наурызда № 16567 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатындағы өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 220 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 256 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10894 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариалған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов ___________
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
Р. Дәленов ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады