Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10908 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 182, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 376 және ҚР Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 мамырдағы № 374 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 15.05.2018 № 182, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.05.2018 № 376 және ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2018 № 374 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабы 23-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкi су айдындарында мұнай төгiлуінiң алдын алу және оларға ден қою жөнiндегi ұлттық жоспары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В.Школьник



"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
________ И. Тасмағамбетов

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков

2015 жылғы 2 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов

2015 жылғы 11 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық және әлеуметтiк даму министрі
______________ Т. Дүйсенова

2015 жылғы 26 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрдің м.а.
______________ Ж. Қасымбек

2015 жылғы 16 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрі
______________ Қ. Қасымов

2015 жылғы 3 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
______________ Н. Әбіқаев

2015 жылғы 19 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев

2015 жылғы 6 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрдің м.а.
______________ Р. Жошыбаев

2015 жылғы "___"_________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрдің
міндетін атқарушы
_____________ Т. Жақсылықов

  Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 134 бұйрығымен
бекітілген

Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық жоспар
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Теңiзде және Қазақстан Республикасының ішкi су айдындарында мұнай төгiлуінiң алдын алу және оларға ден қою жөнiндегi ұлттық жоспардың мақсаты мен міндеті

      1. Теңiзде және Қазақстан Республикасының ішкi су айдындарында мұнай төгiлуінiң алдын алу және оларға ден қою жөнiндегi ұлттық жоспар (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заң) 18-бабының 23-7) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Ұлттық жоспардың мақсаты экологиялық сипаттағы ластануға әкеліп соғатын теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуіне (бұдан әрі – мұнайдың төгілуі) жедел, тиімді және білікті ден қоюды және олардың зардаптарын жою жөніндегі тиісті операцияларды орындауды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін құру болып табылады.

      3. Ұлттық жоспардың негізгі міндеттері:

      1) уақтылы, кешенді және тиімді алдын алу шараларын, тәуекелдерді бағалау және қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау негізінде қоршаған ортаға зиянын тигізуге әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған, мұнайдың авариялық төгілуіне ден қою даярлығын қамтамасыз ету;

      2) орталық атқарушы органдар, жергілікті атқарушы органдар, өзге де мүдделі ұйымдар мен мекемелер, сондай-ақ мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушы) мен мұнай төгілу тәуекелімен байланысты теңізде және ішкі су айдындарында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін және өкілеттігін белгілеу;

      3) ұлттық жоспар мен азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

      4. Авария, қақтығыс кезінде Қазақстан Республикасының мұнай төгілуін болдырмау, халықты, иеліктегі объектілер мен елдің аумағын төтенше жағдайлардың зақымдаушы (бұзушы) факторының әсерінен қорғау мақсатында өндірістік объектілердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Азаматтық қорғау туралы" Заң), "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Заң) және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Ұлттық жоспарда қолданылатын ұғымдар жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы саласында пайдаланылатын ұғымдарға сәйкес келеді.

2. Ұлттық жоспардың қолданылу аясы мен саласы

      6. Осы Ұлттық жоспардың талаптары, сондай-ақ магистральдық мұнайқұбыры, теңіз құрылыстары мен теңіз порты объектілері сияқты мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты теңізде және ішкі су айдындарында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға да қатысты қолданылады.

      Осы Ұлттық жоспардың талаптары егер "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттарында өзгеше белгіленбесе, кемелер мен кеме иелеріне қатысты қолданылады.

      7. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында халықаралық шарттарында белгіленген шекара шектерінде Каспий және Арал теңізінің суларын қоса алғанда, ішкі су айдындары мен жағалау аймақтарына қолданылады.

3. Мұнайдың авариялық төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жүйесі мен мұнайдың төгілуін жіктеу

      8. Мұнайдың авариялық төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жүйесі Ұлттық жоспардан, мұнайдың төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі өңірлік жоспардан (бұдан әрі – өңірлік жоспар) және мұнай төгілуінің кауіпімен байланысты теңізде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мен жеке және заңды тұлғалардың теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі жоспарларынан тұрады.

      Мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою:

      1) Ұлттық жоспар шеңберінде республикалық басқару деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады;

      2) Өңірлік жоспар шеңберінде аумақтық басқару деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады;

      3) мұнайдың төгілу қауіпіне байланысты теңізде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мен жеке және заңды тұлғалардың мұнайдың төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі жоспары шеңберінде басқарудың объектілік деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – объектілік жоспар).

      9. Мұнайдың төгілуі "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңның 95-1-бабына сәйкес бірінші, екінші, үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуіне бөлінеді:

      1) бірінші деңгей – жер қойнауын пайдаланушының теңіз құрылысында бар материалдар мен заттар көмегімен құрылыс персоналы жоятын мұнайдың болмашы (он тонна мұнайдан аспайтын) төгілуі;

      2) екінші деңгей – жою үшін жұмыс жүргізілген жердегі жер қойнауын пайдаланушының теңіздегі құрылысында бар ресурстар, сондай-ақ жергілікті жағажай қызметтерінің қосымша материалдары, заттары мен персоналы да қажет болатын, мұнайдың шамалы (орташа) (он тонна мұнайдан екі жүз елу тонна мұнайға дейін) төгілуі;

      3) үшінші деңгей – жою үшін жер қойнауын пайдаланушының, жергілікті жағажай қызметтерінің, сондай-ақ мамандандырылған қор есебінен халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, мұнайдың төгілуін жою жөніндегі басқа да ұйымдардың материалдары, заттары мен персоналы талап етілетін, мұнайдың көп (екі жүз елу тоннадан және одан көп мұнай) төгілуі.

      10. Мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою Қазақстан Республикасының заңнамасына және ең жақсы тәжірибеге сәйкес тәуекелдерді бағалау негізінде жүзеге асырылады.

      11. Мұнайдың деңгейіне байланысты осы Ұлттық жоспардың 1-қосымшасына сай мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жоюдың Ұлттық жүйесінің құрылымына сәйкес мұнайдың авариялық төгілуі кезінде төтенше жағдайды жою басшысы белгіленеді.

      12. Ұлттық жоспарға, өңірлік жоспарға және объектілік жоспарға мынадай тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруі кезінде;

      2) бірлескен оқу-жаттығуларды жүргізу нәтижесі бойынша;

      3) мұнайдың төгілуін жою кезінде іс-қимылдарды бағалау мен іс-шараларды жүргізу нәтижесі бойынша.

4. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуіне жауапкершілік

      13. Жер қойнауын пайдаланушы теңізге төгілген мұнай қорытындысы бойынша қоршаған ортаға, үшінші тұлғаға келтірілген шығынды, сондай-ақ теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мемлекеттің шығындарын толық көлемде өтейді.

      Кеме иесі "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Заңның 171-178-баптарына сәйкес қауіпті жүкті тасымалдау және теңізді кемелердің мұнаймен ластау нұқсанына жауапты болады.

      14. Мұнайдың төгілуінің себептерін зерттеу, шығындарды өтеу тәртібі және мұнай төгілуінен қоршаған ортаны қалпына келтіру Азаматтық қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2-бөлім. Мұнайдың төгілуінің алдын алу
5. Мұнайдың төгілуінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар

      15. Мұнайдың төгілуінің алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралар:

      1) мұнайдың төгілуінің әлеуетті көзі туралы ақпаратты жедел жинау, өңдеу және талдау;

      2) мұнайдың төгілуінің ықтимал орын алуын және олардың зардаптарын жедел нақты және мониторингтік (практикалық) ақпараттың негізінде болжау;

      3) мұнайдың төгілуінің алдын алу, оған ден қою және оны жою жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру тиімділігін бағалау;

      4) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңның 95-1-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіпте мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі жоспарды бекіту;

      5) бірінші және екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою үшін жеке құрылымдар (бөлімшелер) құру, көрсетілген құрылымдарды заңнамаға сәйкес аттестациядан өткізу, оларды арнайы техникалық құралдармен жабдықтау немесе тиісті куәлігі бар және (немесе) белгіленген тәртіпте аттестацияланған, мұнайдың төгілуін жою жөніндегі жұмыстарды орындайтын кәсіби авариялық-құтқару құралымдарымен (қызметтермен) шарттар жасасу;

      6) технологиялық жабдықтарды жарамды күйде ұстау, мұнайдың ықтимал төгілуінің алдын алуға және олардың зардаптарының қауіпті ауқымын төмендетуге бағытталған инженерлік-техникалық іс-шараларды алдын ала өткізу;

      7) қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу;

      8) қауіпті өндірістік объектіде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      9) тиісті біліктілік талаптарын қанағаттандыратын және көрсетілген жұмысқа медициналық қарсы айғақтары жоқ тұлғаларды қауіпті өндірістік объектіде жұмысқа жіберу;

      10) мұнай төгілуін анықтау жүйесінің (мониторингінің), сондай-ақ байланыс және хабарлау жүйесінің дайындығын жасау және қолдау;

      11) болуы мүмкін төтенше жағдайлардың қауіптілігін, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық салдарларын болжамдау және бағалау.

      16. Болуы мүмкін төтенше жағдайлардың қауіптілігін, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық салдарларын болжамдау және бағалау экологиялық заннамаға сәйкес және азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады, ҚР СТ ИСО 15544-2006 "Мұнай және газ өнеркәсібі". Теңіздік кен орындарынан өндіру үшін қондырғылар. Төтенше жағдайларды жою үшін талаптар және басшылық нұсқаулар.

      Қауіпті бағалау кезінде:

      1) мұнайдың төгілу ықтималдығын анықтау:

      жүргізілетін мұнай операцияларының түрі, сондай-ақ теңізде мұнай төгілу қауіпімен байланысты теңізде қызметтердің өзге де түрлері;

      төгілетін мұнайдың түрі мен көлемі;

      мұнай төгілуінің күтілетін кезеңділігі мен ауқымы;

      мұнай төгілуінің жоғары қауіпімен аудандарды анықтау;

      учаскеде мұнайдың төгілуінің тарихы;

      2) мүмкін зардаптарды анықтау:

      сезімтал табиғи объектілердің және әлеуметтік маңызы бар объектілердің тұрақты жері, карталарды жасау;

      компьютерлік модельдеу негізінде төгіндінің таралу алаңы мен ықтималдығын көрсете отырып, мұнай төгілуінің мүмкін жағдайларын талдау;

      мұнайдың сезімтал табиғи объектілерге және әлеуметтік маңызы бар объектілерге әсері;

      климаттық және ауа райы жағдайларын талдау және желдің бағыты мен жылдамдығы, маусымдық температуралық көрсеткіштер, мүмкін болатын маусымдық тұнбалар;

      3) мұнай төгілуінің мүмкін болатын сценарийлерін анықтау;

      4) мұнайдың төгілуін жоюдың қажетті шаралары мен оңтайлы әдістерін белгілеу:

      мұнайдың төгілуін жоюдың бар әдістері және оларды іске асыру үшін қажетті шаралар;

      мұнайдың төгілуін жою әдістері төгілу зардабын төмендетуге, экологиялық жалпы пайданы қамтамасыз етуге ықпал ететіндігін анықтау қажет.

      17. Жер қойнауын пайдаланушы мұнайдың төгілуін, сондай-ақ жағалаулық аймақтың ластануын болдырмау жөнінде Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      18. Жер қойнауын пайдаланушылар өзара іс-қимыл тәртібі және құрал-жабдықтар, персонал мен мұнайдың төгілуін жою үшін басқа да ресурстар нысанында көмек алу туралы өзара келісімдер жасайды. Жер қойнауын пайдаланушылар қажет болған жағдайда мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жергілікті атқарушы органдармен және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомоствосымен өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімдер жасайды.

      19. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес азаматтық қорғау саласында және жер қойнауын пайдалану саласында жер қойнауын пайдаланушы жеке өндірістік персоналына және жағажай қызметтерінің персоналына жыл сайынғы өндірістік оқуды жүргізеді, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтың бөлімшесімен және нақты жағдайларға барынша жақындатылған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарымен бірлесіп оқу-жаттығу мен дабылдар өткізеді.

      20. Кемелер үшін қолжетімді, бұрғылау баржасында немесе акваторийлерде мұз жамылғысының болуы кезінде платформаларда бұрғылау жұмыстарын жүргізу мұнайдың ықтимал төгілуін жағалаулық базалардан арнайы құралдармен жеткізу сәтіне дейін оқшаулау және мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға жеткілікті көлемде бұрғылаудан ашық су кеңістігін қамтамасыз ету үшін қажетті құрал-жабдықпен мұзжарғыш үлгісіндегі кеменің тұрақты қатысуы қамтамасыз етіледі.

      21. Тұз асты қалыңдықтағы өнімді қабатты ашу және ұңғымаларды болжамды экстремальды қысыммен және күкірт сутегінің жоғары құрамымен сынау теңізде ауыр мұз жағдайларында жүргізілмейді.

6. Мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау
1-параграф. Теңiзде мұнайдың төгiлуінiң алдын алу және оны жою жөнiндегi өңірлік жоспар

      22. Теңiзде мұнайдың төгiлуінiң алдын алу және оны жою жөнiндегi өңірлік жоспар (бұдан әрі – өңірлік жоспар) жергілікті атқарушы органның, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жер қойнауын пайдаланушының, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің және құралымдары мен кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің, тиісті облыс аумағында авария нәтижесінде туындаған даярлығын қамтамасыз ету үшін мұнайдың төгілуіне уақытылы ден қою және оның зардаптарын жою саласында басқа да ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібін және құралдар мен ресурстарының интеграциясын айқындайды.

      23. Теңiзде мұнайдың төгiлуінiң алдын алу және оны жою жөнiндегi өң ірлік жоспарды қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің келісімі бойынша Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарының жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ осы Ұлттық жоспардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары әзірлейді және бекітеді.

      24. Өңірлік жоспарды әзірлеу үшін облыс әкімінің басшылығымен мұнайдың төгілуін алдын алу және оны жою бойынша құрамында облыстың төтенше жағдайларды алдын алу және оны жою жөніндегі комиссияның мүдделі мүшелері, азаматтық қорғау саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, авариядан құтқару қызметі, өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, авариялық құтқару қызметттерінің, жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдері бар тұрақты жұмыс тобы құрылады, сондай-ақ қажетті болған жағдайда мұнайдың төгілуін жою бойынша қызмет көрсететін ұйымдар тартылады.

      Өңірлік жоспарды жұмыс тобының мүшелері келіседі және облыстың әкімі бекітеді. Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жұмыс тобымен келісу кезінде жүзеге асырылады және облыстың әкімі бекітеді.

      25. Өңірлік жоспарды бекіту мерзімі осы Ұлттық жоспардың 3-қосымшасына сәйкес теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөнiндегi Ұлттық жоспарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында көрсетілген.

2-параграф. Теңiзде мұнайдың төгiлуінiң алдын алу және оны жою жөнiндегi объектілік жоспар

      26. Өңірлік жоспарға сәйкес келетін теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі объектілік жоспарды (бұдан әрі – объектілік жоспар) ұйым басшысы бекітеді және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мен азаматтық қорғау заңнамаларына сәйкес кәсіби авариялық құтқару қызметттерімен келіседі.

      27. Жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнайдың төгілуінін алдын алу және оны жою жөніндегі объектілік жоспарды осы Ұлттық жоспардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірлейді.

      28. Объектілік жоспарды бекіту мерзімдері осы Ұлттық жоспардың 3-қосымшасына сәйкес теңізде және Қазақстан Республикасының су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі Ұлттық жоспарды іске асыру іс-шаралар жоспарында көрсетілген.

      29. Кемеге қатысты кеме иесі әр мұнай танкерінің бортында жалпы сыйымдылығы 150 регистрлік тонна және одан да көп және әр кеменің, мұнай танкері болып табылмайтын жалпы сыйымдылығы 400 регистрлік тонна және одан да көп 1978 жылы хаттамамен өзгертілген, 1973 жылы кемелермен ластауды алдын алу бойынша Халықаралық конвенцияның 1-қосымшасының 5-бөлімінің 37-ережесінің 1-тармағына сәйкес мұнаймен ластануға қарсы күрес бойынша төтенше шаралардың кеме жобасының болуын қамтамасыз етеді.

3-бөлім. Мұнайдың төгілуіне ден қою және оны жою
7. Мұнайдың төгілуі және оған ден қою операцияларының барысы туралы хабарлау

      30. Мұнайдың төгілуінің пайда болуы туралы ақпарат мына ретпен беріледі:

      1) жер қойнауын пайдаланушы осы Ұлттық жоспардың

      5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша теңізде және ішкі су айдындарында мұнайдың авариялық төгілуі туралы ақпаратты кейін факсимиле байланысымен жіберетін, тұрақты қолданыстағы телефон желісінің арнасы немесе электрондық пошта арқылы азаматтық қорғау мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне дереу хабарлайды. Бұл ретте, хабарламаны (ауызша, кейіннен жазбаша хабарлаумен) алған сәттен бастап 5 минут ішінде хабарламаны алған аумақтық бөлімше жер қойнауын пайдаланушыға хабарламаны алғанын растайтын жауап хат (электрондық пошта не факсимиле байланысы арқылы) жібереді;

      2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің жедел кезекшісі жер қойнауын пайдаланушыдан мұнайдың төгілуі туралы ақпаратты алған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің "Республикалық дағдарыс орталығы" (бұдан әрі - Республикалық дағдарыс орталығы) мемлекеттік мекемесіне (ауызша, кейіннен жазбаша хабарлаумен) дереу хабарлайды, екінші және үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі кезінде қосымша тиісті облыс әкіміне (ол болмаған жағдайда әкімнің орынбасарына) хабарлайды;

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомоствосының аумақтық бөлімшесі басқа облыстардың аумағына мұнай төгілуінің таралу қаупі кезінде шекаралас облыстардың азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің жедел кезекшілеріне дереу хабарлайды;

      4) Республикалық дағдарыс орталығы төгілген мұнай дерегі және оның деңгейі туралы мына: азаматтық қорғау және саудалық теңізде жүзу саласы, мұнай және газ саласы, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласының орталық уәкілетті органдарына хабарлайды;

      5) Мұнайдың төгілу орнынан бастап барлық ақпарат азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық аумақтық бөлімшесі арқылы Республикалық дағдарыс орталығына түседі.

      32. Республикалық дағдарыс орталығы қауіп немесе үшінші деңгейлі мұнайдың төгілуі болған жағдайда ақпаратты дереу Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлайды.

      33. Жағалау аймағында авария туындаған жағдайда ақпаратты жеткізу үшін жағалау аймағындағы басқару пункті ұйымдастырылады.

      34. Республикалық дағдарыс орталығы мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі, жер қойнауын пайдаланушы және байланыс операторлары байланыс желісінің жұмысын мына мақсатта қамтамасыз етеді:

      1) ластануды туғызатын авария туралы ақпаратты қабылдау;

      2) авариялық мұнайдың төгілуі кезінде ден қою операциясы уақытында көмек көрсету және жедел хаттармен алмасу туралы төтенше жағдайларды жою басшысының сұранысын беру;

      3) мұнайдың төгілуі аймағындағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша команда беру және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган ведомствосының өкімін қамтамасыз ету.

      35. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы төнетін қатер туралы немесе мұнай төгілуінің пайда болуы туралы елді хабардар етеді.

      36. Халықты қауіп дәрежесі, қажетті қауіпсіздік, салдарлар, мұнайдың төгілуінің алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады, атап айтқанда:

      1) "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 5-тармағына сәйкес телерадио хабарларын тарату желісі;

      2) азаматтық қорғау және саудалық теңізде жүзу саласындағы, мұнай және газ, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауiпсiздiк саласындағы уәкілетті органдардың интернет-ресурстары;

      3) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2004 жылғы 5 шілдедегі 14-бабының 3-тармағына сәйкес ұялы байланыс;

      4) мерзімді баспасөз басылымдары.

8. Бірінші және екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою жөніндегі шаралар

      37. Жер қойнауын пайдаланушы бірінші және екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою үшін барлық қажетті ресурстармен жарақталады.

      Екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін және олардың зардаптарын жою үшін мұнайдың төгілуін және жиналуын оқшаулау үшін жер қойнауын пайдаланушының жағалаудағы объектілерінен қосымша ресурстар (материалдар, заттар) тартылады.

      Бірінші және екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті жеке материалдар мен жабдықтары болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы мұнайдың төгілуін жою саласындағы қызметті жүзеге асыратын, мұнай операцияларын жүргізу ауданында бірінші және екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін уақтылы жою үшін жабдықтар мен техникалық құралдары бар кәсіби авариялық-құтқару қызметімен шарт жасасады.

      38. Бірінші және екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі кезінде жер қойнауын пайдаланушы объектілік жоспарға сәйкес қажетті шараларды қабылдайды. Жер қойнауын пайдаланушы мұнайдың төгілуіне ден қою және оны жою үшін бар жабдықты пайдаланады.

      39. Жер қойнауын пайдаланушы азаматтық қорғау саласындағы және қоршаған ортаны қорғау, өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелеріне кез келген деңгейдегі мұнайдың төгілуі туралы дереу хабарлайды.

      40. Каспий теңізінің қорық аймағына қаупі жоқ екінші деңгейдегі мұнай төгілуіне ден қоюды мемлекеттік органдардың қатысуынсыз жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асырады.

      41. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласында мұнайдың төгілуін жою және оны оқшаулау жөніндегі іс-шараларды жүргізгеннен және авариялық себептерді, инцидентті тексергеннен кейін қоршаған ортаны қалпына келтіру шаралары, сондай-ақ аварияның салдарларын жою және осыған ұқсас авариялардың алдын алу бойынша жоспарланған шаралар туралы есепті қоршаған ортаны қорғау, өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшілеріне жібереді.

9. Үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-шаралар

      42. Ұлттық жоспар ішінара немесе толық күшіне енеді, егер:

      1) жабдықтардың жеткіліксіздігі және жер қойнауын пайдаланушыға елде үшінші деңгейдегі халықаралық ресурстардың жеткізілуін ұйымдастыруға көмек талап етілсе;

      2) мұнайдың төгілу ауқымы жер қойнауын пайдаланушының мүмкіндігінен артық болса;

      3) мұнайдың төгілуі шекаралас мемлекеттің аумағына таратыла бастаса;

      4) мұнайдың төгілуі Каспий теңізінің қорық аймағына қауіп төнгізетін болса.

      43. Үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою отандық және халықаралық ресурстар орналасқан кез келген нүктеден материалдар мен заттарды тез арада жұмылдыруды талап етеді.

      44. Ұлттық жоспар шеңберінде мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуіне ден қою бойынша іс-қимылды үйлестіру және басқару "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 95-1-бабының 6-тармағына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға (бұдан әрі – ведомствоаралық комиссия) жүктеледі, жүктелген өкілеттіктері, құқықтары және міндеттері "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 7-бабында белгіленеді.

      45. Yшінші деңгейдегі мұнай төгілуі туралы хабарландыру түскен сәттен бастап, осы Ұлттық жоспардың 47-тармағына сәйкес төтенше жағдайды жою басшысы тағайындалғанға дейін мұнайдың авариялық төгілуі кезінде төтенше жағдайларды жою басшысы "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес осы аймақтағы күштер мен құралдарды жұмылдыратын облыс әкімінің тағайындауымен жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы болып табылады.

      46. Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңының

      50-бабының 2-тармағына сәйкес үшінші деңгейдегі мұнайдың авариялық төгілуі кезінде төтенше жағдайларды жою басшысы:

      1) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай кезінде – әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің шешімімен жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы;

      2) жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай кезінде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы тағайындылады.

      47. Жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы мұнайдың авариялық төгілуі кезінде төтенше жағдайды жою басшысы ведомствоаралық комиссия мүшелерін жинау туралы ведомствоаралық комиссияға ұсыныстар енгізеді.

      48. Мұнайдың авариялық төгілуі кезінде төтенше жағдайларды жою басшысы "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 50-бабының 9-тармағына сәйкес мына міндеттемелерді іске асырады:

      1) қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, төтенше жағдай аймағында барлауды және жағдайды бағалауды, адамдарды құтқаруды ұйымдастырады;

      2) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу бойынша негізгі күш-жігерді жұмылдыру учаскелерін, күштер мен құралдардың қажетті санын, құтқару жұмыстарын жүргiзудiң әдiстерi мен тәсiлдерiн айқындайды;

      3) төтенше жағдай аймағындағы объектiлерде және ұйымдардың аумақтарында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;

      4) авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарына мiндеттер қоюды жүзеге асырады, олардың өзара iс-қимыл жасауын ұйымдастырады, олардың қауiпсiздiгiн және алға қойылған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi;

      5) төтенше жағдай аймағындағы мән-жайдың өзгеруiне бақылауды жүзеге асырады;

      6) қажет болуына қарай қосымша күштер мен құралдарды шақыртады, олардың кездесуін ұйымдастырады, олардың авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу орнын (ауданын) айқындайды;

      7) күштер мен құралдардың резервiн құруды ұйымдастырады, ауысымды жұмыс тәртiбiн айқындайды;

      8) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, азаматтық қорғау және саудалық теңізде жүзу саласындағы, мұнай және газ, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауiпсiздiк саласындағы орталық уәкілетті органға жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай аймағында қалыптасқан жағдай және авариялық-құтқару жұмыстары және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жөнінде мен өзі қабылдаған шешімдер туралы хабар береді;

      9) төтенше жағдай орнынан күштер мен құралдардың кету тәртiбiн айқындайды.

      49. Мұнайдың авариялық төгілуі кезінде төтенше жағдайды жою басшысы аса қажет болған жағдайда (адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төнгенде):

      1) төтенше жағдай аймағына адамдар мен көлiктiң кіруiн шектейдi;

      2) төтенше жағдай аймағындағы ұйымдардың қызметiн тоқтата тұрады;

      3) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге азаматтық қорғаудың авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының күштері мен құралдарын және көрсетілген құралымдардың құрамына кiрмейтiн құтқарушыларды тартады;

      4) кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге ерiктi негiзде халықты, сондай-ақ құтқарушы болып табылмайтын жекелеген азаматтарды, олардың келiсiмімен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге тартады;

      5) төтенше жағдай аймағында эвакуациялық iс-шаралар жүргiзудi ұйымдастырады;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығыстарды кейіннен өтей отырып, ұйымдардың материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстарын тартады;

      7) төтенше жағдайлардың өршуіне және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстардың барысына байланысты басқа да қажеттi шараларды қолданады.

      50. Республикалық дағдарыс орталығы және жедел штаб басшысы жүйелі түрде авариялық мұнай төгілуі болған жағдайда төтенше жағдайды жою басшысын және қабылданған ден қою шаралары туралы ведомствоаралық комиссияны, бұл ретте адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға қауіптің кез келген өсу жағдайы туралы хабарлай отырып, хабардар етеді.

      51. Жедел штаб мұнайдың авариялық төгілуін бағалауды және мұнайдың авариялық төгілуі кезінде оны шектеу және жою бойынша төтенше жағдайды жою басшысының ұсыныстарын әзірлеуді жүзеге асырады.

      Жедел штаб авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысатын азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының іс-қимылдарын үйлестіреді.

      Жедел штаб мұнайдың авариялық төгілуі кезінде төтенше жағдайды жою басшысының шешімімен құрылады.

      Жедел штаб басшысы болып "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 50-бабының 5-тармағына сәйкес мұнайдың авариялық төгілуі кезіндегі төтенше жағдайды жою басшысының орынбасары болып табылатын, уәкілетте органның немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тағайындалады.

      Жедел штаб бастығы мұнайдың авариялық төгілуі кезіндегі төтенше жағдайды жою басшысымен келісу бойынша және төтенше жағдай ауқымы мен аймағына қарай функционалдық топтардың және жедел топтардың қажетті санын құрады және мұнайдың авариялық төгілуі кезіндегі төтенше жағдай аймағындағы олардың жұмысын бөліп береді.

      Жедел штаб басқару және функционалды топтар орталығынан тұрады (жоспарлау, операциялар, логистика және материалдық-техникалық жабдықтау, қаржылар). Біріктірілген команда басқармасын қамтамасыз ету және жедел іс-қимылдарды үйлестіру үшін басқару орталығының құрамына мына өкілдер енгізіледі:

      1) тиісті орталық уәкілетті органдардың;

      2) тиісті жергілікті атқарушы органдардың;

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомоствосының аумақтық бөлімшелерінің;

      4) мұнайдың авариялық төгілуін жою бойынша жедел іс-қимылды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы.

      Мұнайдың төгілуін жою әдістерін қолдануға жол беру туралы мәселелер жедел штабты жоспарлаудың функционалдық тобы құратын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бөлімшелер қарастырады.

10. Мемлекеттік органдардың мұнайдың төгілуіне ден қоюы

      52. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:

      1) азаматтық қорғау шараларын ұйымдастыру және жүргізу кезінде азаматтық қорғау күштерін басқарады;

      2) уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құралдарын бөледі және пайдаланады;

      3) тұрғындарды, азаматтық қорғауды басқару органдарын төтенше жағдай туындау қаупі туралы болжамдардың болуы кезінде алдын ала және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел ақпаратты және хабарлауды қамтамасыз етеді;

      4) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік және жұмылдыру қорының материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстарды пайдалану туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорынан төтенше жағдайлардың алдын алу, оны жою және оның зардаптарын жою үшін пайдалану туралы ұсыныстар енгізеді.

      53. Қазақстан Республикасының көлік, көлік кешенінің қызметін үйлестіру және реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган:

      1) мұнайдың төгілуін және оның зардаптарын жою үшін қажетті көлікті қамтамасыз етуге байланысты барлық шараларды үйлестіреді;

      2) азаматтық қорғау саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен жеке меншіктегі теңіз кемелерін қоса алғанда көлік құралдарын тартады;

      3) мұнайдың төгілуін және оның зардаптарын жою, эвакуациялық іс-шараларды өткізу үшін қажетті құрамның және жабдықтардың, материалдар мен техникалық ресурстардың тасымалдауын қамтамасыз етеді;

      4) мұнайдың төгілуіне ден қоюға және оны жоюға тартылатын теңіз және әуе жолдарымен келетін халықаралық күштер мен құралдарды қабылдауға дайындықты қамтамасыз етеді.

      54. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықты төлемей, сондай-ақ тарифтік реттеу шараларын қолданбай, бірінші кезектегі тәртіппен, мұнайдың авариялық төгілу аймағына жеткізілетін техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, кездейсоқ апаттардың зардаптарын жою үшін қажетті тауарды кедендік рәсімдеуді қамтамасыз етеді.

      55. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

      1) мұнай төгілген жерде гидрометеорологиялық жағдайларға жедел болжамды жүзеге асырады;

      2) авариялық мұнай төгілу басталған сәттен бастап оның зардаптарын толық жойғанға дейін (қаржыландыру және тұлғалардың материалдық базасын тарту есебінен) қоршаған орта объектілеріне мемлекеттік мониторингті (соның ішінде, жедел ғарыштық мониторинг) жүзеге асырады;

      3) қазіргі заманғы ғарыштық түсірудің жедел деректерін пайдалана отырып, мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау ауданындағы, мұнаймен ластанған ауданды анықтау, мұнайдың төгілуіне мониторинг жүргізу аумағының экологиялық ахуалына мониторинг жүзеге асырады;

      4) жағалау аймағында ластану және (немесе) мұнай төгілуінің таралу сипатын, көзін және ареалын анықтау мақсатында талдау жүргізу үшін қоршаған орта объектілеріне іріктеу сынағын жүргізеді.

      56. Сыртқы саясат қызметі саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен мұнайдың төгілуін және оның зардаптарын жоюға көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетел қызметкерлеріне тиісті визалар рәсімдейді.

      57. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның сұранысы бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (келісім бойынша) мұнайдың төгілуін және оның зардаптарын жоюға қатысу үшін келетін шетел күші мен заттарын Қазақстан Республикасының аумағына жедел өткізу рәсімін қамтамасыз етеді.

      58. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне әскери-саяси және әскери экономикалық басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган, мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен:

      1) көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының көлік кешенінде үйлестіру және басқаруды жүргізетін уәкілетті органның келісімімен ден қою қызметкерлеріне және жабдығы бар әуе кемелеріне қауіпсіз дәлізді қамтамасыз етеді;

      2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның сұранысы бойынша авариялық мұнай төгілуіне ден қою операцияларын жүзеге асыру үшін теңіз және әуе кемелері мұнай төгілген жердегі басшының қарамағына беріледі;

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының сұранысы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде мұнайдың авариялық төгілуі кезінде төтенше жағдайды жою басшысының өкімінде және қорғаныс саласындағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер бөлімі және бөлімшесі беріледі.

      59. Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген аңшылық жерлерде және балық шаруашылығы су қоймаларында және (немесе) учаскелерінде мұнай төгілген кезде жаппай ауырған, олардың жойылуына қауіп төнген жағдайда жануарларға көмек көрсетуді ұйымдастырады.

      60. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мұнайдың төгілу аймағында және жағалау аймақтарында қажетті ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асырады.

      61. Мұнай және газ саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган:

      1) теңізде, ішкі су қоймаларында, төтенше экологиялық жағдайлар аймағында және арнайы бақыланатын табиғи аймақтарында мұнай операцияларын жүргізу тәртібін анықтайды;

      2) мұнай операцияларын өткізу және мұнай тасымалдау саласында қоршаған ортаға және адам денсаулығына және өміріне төнетін зардаптар тәуекелін талдауды және бағалауды өткізеді;

      3) теңізді тазалау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтер мен талаптарды анықтайды;

      4) жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутекті шикізаттар бойынша келісімшарттардың және өнімді бөлу туралы келісімнің талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      62. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган:

      1) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп аварияны тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;

      2) мұнай төгілуін жоюға арналған арнайы жабдықтардың есебін жүргізеді;

      3) олардың жүргізуіндегі ведомстволық тәуелді әскерилендірілген, атқыламаларды тұмшалау қызметтерін және төтенше жағдайлар аймағында құтқару, аварияны қалпына келтіру және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін құралымдарды тартады.

      63. Мұнайдың төгілуін жою үшін жергілікті атқарушы орган "Азаматтық қорғау туралы" Заңға сәйкес облыста орналасқан және құрылған азаматтық қорғаудың орталық мемлекеттік органдарының, қызметтерінің және құралымдарының аумақтық бөлімшелерін және төтенше жағдайлар тартады.

      Жергілікті атқарушы орган:

      1) жағалаулық аймақтағы ластану зардаптарын жою, сондай-ақ облыс аумағындағы қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) мұнайдың төгілуі нәтижесінде және зардаптарды жою барысында зиян шеккен қызметкерлерге көмек көрсету үшін ден қоюдың барлық уақытында жедел медициналық жәрдем көмегінің болуын қамтамасыз етеді;

      3) медициналық ұйымдарда зиян шеккендерді эвакуациялауды жүзеге асырады.

11. Авариялық жағдайды жою жұмысымен айналысатын персонал мен тұрғындардың денсаулығы мен еңбегін қорғау

      64. Мұнайдың авариялық төгілуін жоюға тартылған персонал мен тұрғындардың денсаулығы мен еңбегін қорғау авариялық іс-шараларға ден қою кезінде бірінші кезектегі мәселе болып табылады. Тәуекелді бағалауды және тәуекелді төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыруды алдын ала жүргізбейінше, мұнайдың авариялық төгілуін жою жөніндегі жоспарлар мен іс-шаралар орындалмайды.

      Тәуекелді төмендету жөніндегі шаралар көлеміне мыналар кіреді:

      1) мұнаймен ластану немесе ілеспе газдың шығуы тұрғындар мен персоналдың денсаулығы үшін қауіп туғызатын аварияны жоюмен айналысатын аумақты оқшаулау;

      2) аварияны жоюмен айналысатын барлық персонал үшін нұсқама өткізу;

      3) арнайы жабдықтарды немесе химиялық заттарды қолданған кездегі техника қауіпсіздігіне оқыту;

      4) мұнайдың төгілу зардаптарын жоюға тартылған ластанған заттардан тікелей байланыстан аулақ болу үшін зардаптарды жоюмен айналысатын персоналды тартуға жеке қорғау және қоршаған ортаның қауіпті факторларының әсерін бақылау құралдарын пайдалану;

      5) тиісті демалыспен қамтамасыз ету үшін персоналдың ауыспалы жұмысы;

      6) персонал денсаулық пен еңбекті қорғауға қолданылатын заңнама талаптарын сақтайды.

      Мұнайдың төгілуін жоюшы топ қауіпті факторларды бақылау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау мақсатында сол жерде авариялық іс-шаралардың іске асуына есеп жүргізеді.

12. Теңізде және жағалау аймақтарында мұнайдың төгілуіне ден қою шаралары

      65. Ден қою шараларына мыналар кіреді:

      1) жағалау аймағында ластану және (немесе) теңізде мұнайдың төгілу көзін және таралу сипатын анықтау мақсатында сынаманы іріктеу және оларды талдау;

      2) авариялық мұнай төгілудің көзін бақылау мен жою;

      3) жағалау аймағында ластанудың және (немесе) теңізде және ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің таралуын бақылау;

      4) физикалық немесе механикалық құралдарды пайдалану арқылы жағалау аймағындағы теңізде және ішкі су айдындарында мұнай төгілудің және (немесе) ластанудың алдын алу немесе шектеу;

      5) осы іс-шараларды өткізуге арналған құралдардың көмегімен мұнайдың төгілуін жою.

      66. Мұнайдың төгілуін жою үшін мына әдістер қолданылады:

      1) су бетінен мұнайды механикалық тежеу және жинау (сезімтал ресурстардан мұнай дағының ауытқуын қоса алғанда);

      2) химиялық құралдарды қолдану;

      3) мұнай дағын бақылап жағу.

      67. Заңнамада белгіленген тәртіппен төгілуді жоюдың әдістерін қолдану жүзеге асырылады. Ден қою шараларын таңдаған кезде, оның ішінде теңізде мұнайды жинау немесе тазарту әдістерін таңдаған кезде, әдетте қолданылатын химиялық және физикалық үдерістерді ескере отырып, теңізде мұнайдың авариялық төгілуі кезінде төтенше жағдайды жою басшысы адамдардың денсаулығын және қоршаған ортаны барынша қорғауға бағытталған әдістерге артықшылық береді.

      68. Мұнайдың төгілуін және оның зардаптарын жою кезінде адамдардың денсаулығын және қоршаған ортаны барынша қорғауға бағытталған әдістерге артықшылық береді.

      Мұнай төгілуін жою әдістерін қолдану және таңдау объектілік жоспарға сәйкес тәуекелдерді бағалау және экологиялық жиынтық пайданың талдау негізінде анықталады және жүзеге асырылады. Химиялық құралдардың немесе мұнай дағын бақылап жағуды қолдану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімінің болуы кезінде жол беріледі.

      Егер де объектілік жоспармен көзделген мұнайдың төгілуінің нақты жағдайлары мен сценарийлері мұнайдың төгілуінің нақты жағдайларымен сәйкес келмесе, онда химиялық құралдарды қолдануға жол беру туралы шешім немесе мұнай дағының бақылайтын жағуы экологиялық жиынтық пайданы талдау негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел тәртіпте қарастырады.

      69. Егер жағдай және қолда бар жабдықтар мүмкіндік берсе, механикалық тежеу және су бетінен мұнайды жинау бұл оңтайлы шара болып табылады. Әдіс мұнай жинауды және бондық қоршауды, сондай-ақ бондық қоршауды тартуға, мұнай жинаушыны және мұнайды уақытша қаттауға арналған бір, екі немесе үш кемені пайдалануды білдіреді. Мұнайды тиімді механикалық жинау жұмысты мұнайдың төгілу көзіне жақын жүргізуді талап етеді және ол төгілген мұнаймен күресе алатын механикалық жинау жүйесінің жылдамдығымен шектелген.

      70. Химиялық құралдарды (сорбенттерді, диспергенттерді) пайдалану, араластыру мен еріту теңізде төгілген мұнайдың қоюлығын суда тіршілік ететін организмдерге қаупі жоқ деңгейге дейін тез төмендетуі мүмкін мұнайды механикалық тежеуге және жинауға қосымша шара ретінде қарастырылады. Химиялық құралдарды қолдану және оларды таңдау қажеттілігі туралы шешімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады.

      71. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдарға химиялық құралдарды қолдану туралы есеп береді.

      Есеп химиялық құралдардың мөлшері, оларды қолдану тиімділігі, су объектісінің экожүйесіне олардың әсер ету мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды.

      72. Химиялық заттарды қолдану әуеден немесе теңізден қадағалау көрсеткіштерімен үйлестіріледі. Көзбен шолып бақылау химиялық құралдарды қолданудың тиімділігін бағалау үшін жүргізіледі. Әуеден және теңізден қадағалау, сондай-ақ химиялық құралдарды ыдырату қажет болған географиялық шектеулерді сақтау үшін пайдалынылады.

      73. Мұнай дағын бақылап жағуды таңдау және қолдану Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады.

4-бөлім. Мұнайдың төгілу зардаптарын жою
13. Ден қою шаралары, мұнайды жинау және қоршаған ортаны қалпына келтіру

      74. Өңірлік жоспар мен объектілік жоспарда қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан ең тиімді нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған тиісті ден қою шаралары мен тазарту жұмыстары көзделеді.

      75. Қоршаған ортаны қалпына келтіру шаралары мен тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес белгілінеді.

14. Жиналған мұнайды кәдеге жарату

      76. Жиналған мұнайды және басқа да улы заттарды, сондай-ақ ластанған материалдарды түпкілікті орналастыру тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалады.

      77. Жинау және жиналған мұнайды орналастыру, арнайы тұрақты сақтау резервуарларына одан әрі қотару үшін қаптар мен бөшкелерді, пластикалық қапшықтарды және бактарды қоса алғанда ауыспалы және жылжымалы сыйымдылықтарды пайдаланылуы мүмкін. Жиналған мұнайды көп мөлшерде жинау үшін тиімді әдісі арнайы жағалау объектісіне тасымалдау және аса үлкен кемеге одан әрі тиеуге арналған мұнай өнімдерін баржалар мен ірі қалқымалы резервуарларға қотару болып табылады.

      78. Қажет болған жағдайда, мұнаймен қаныққан құмды және басқа да қалдықтарды, сондай-ақ құрылықта жиналған мұнайды кәдеге жарату қоршаған ортаны қорғау және елдің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінің хабардар ете отырып құрлықта жүзеге асырылады.

15. Мұнайдың төгілуін жою туралы есептілік

      79. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі операция басталған сәттен бастап жедел штаб шығынды қалпына келтіру талаптарын кейіннен жеңілдету үшін барлық жедел іс-қимылдарға және қадағалауларға құжаттама жүргізеді. Осы жұмыстарды орындау үшін жедел штабта тиісті – жедел іс-қимылдар мен қаржылық есептілікті жүргізу үшін қадағалау жазбасын жүзеге асыратын логистика және материалдық-техникалық жабдықтау, қаржы бөлімшелері құрылады.

      80. Жедел іс-қимылдар мен қадағалау жазбасына, сондай-ақ қаржылық есептілікке мыналар кіреді:

      1) мұнайдың төгілуін сипаттау (суреттер мен мүмкіндігінше бейнематериалдарды қоса алғанда);

      2) қабылданған шешімдер мен жүзеге асырылған ден қою шаралары;

      3) ден қою операциялары кезінде жұмсалған барлық шығындар туралы есептер.

      81. Жедел іс-қимылдар мен қадағалау жазбасын жүргізетін қызметкер толық мәліметтерді қамтитын күнделікті жұмыс журналын жүргізеді, олар:

      1) ден қою операциясының барысы туралы (орны, уақыты, мақсаты);

      2) жабдықтар және басқа да пайдаланылған құралдар туралы (орны, уақыты, мақсаты);

      3) жалданған персонал туралы (орны, саны, уақыты);

      4) пайдаланылған ден қою материалдары мен басқа да пайдаланылған материалдар туралы (мысалы, отынның түрі, оның мөлшері, пайдалану мақсаты).

      82. Жұмыс басшысы мұнай төгілген жерде мынаны қамтамасыз етеді:

      1) мұнайдың төгілу көзін жою кезінде алынған барлық сынаманы жинау және сақтау;

      2) мұнай төгілуінің тұрғындар мен персонал денсаулығына және қоршаған ортаға әсері жөніндегі құжаттаманы жүргізу;

      3) барлық талдаудың көшірмелерін сақтау;

      4) ден қою штабы мәжілісінің хаттамасын жүргізу;

      5) барлық келтірілген шығындар бойынша құжаттаманы дайындау.

      83. Аталған құжаттар кейіннен шығындарды өтеуді есептеу үшін және оларды құжаттық растау, сондай-ақ мұнайдың төгілуіне ден қою шараларын кейін бағалау мақсатында пайдаланылады.

      84. Жедел штаб мұнайдың төгілуіне ден қою операциялары аяқталғаннан кейін жедел штаб мұнайдың төгілуі кезінде төтенше жағдайды жою басшысының келісімі бойынша есеп дайындайды.

      Жедел штаб есепте:

      1) мұнайдың төгілуіне әкеп соққан аварияның сипаттамасы және оның дамуын;

      2) қабылданған ден қою шараларының сипаттамасын;

      3) шетел мемлекеттері ұсынған көмекті сипаттау мен бағалауды;

      4) ден қоюдың барлық операциясын бағалауды;

      5) ден қою кезінде туындаған проблеманы сипаттау мен талдауды;

      6) қазіргі шараларды жақсарту мүмкіндігі туралы ұсынымдарды, атап айтқанда Ұлттық жоспардың ережелерін;

      7) мұнайдың төгілуіне ден қою уақытында келтірілген шығынды есептеуді;

      8) мұнайдың төгілуінен болған экологиялық және экономикалық зиянды бағалауды көрсетеді.

      85. Мұнайдың авариялық төгілуі кезінде төтенше жағдайды жою басшысы мұнай төгілу зардаптарын жою жұмысы аяқталғаннан кейін барлық жедел іс-қимылдар мен қадағалау құжаттамасын тапсырады:

      1) бірінші және екінші деңгейде өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомостволарының аумақтық бөлімшелеріне;

      2) үшінші деңгейде өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарға.

5-бөлім. Мұнайдың төгілуіне ден қоюдың халықаралық аспектілері

      86. Каспий теңізінің әлеуетті ластану көздерінің болуы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен Каспий жағалауындағы мемлекеттерге ұсынылады.

      87. Мұнайдың төгілуіне трансшекаралық әсер ету аспектілерін қозғайтын ден қою жөніндегі іс-қимылдар сыртқы саясат қызметі жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      88. Авария (мұнайдың төгілуі) немесе оған ден қою шаралары өзге мемлекеттердің қоршаған ортасына теріс әсер етуі мүмкін болған жағдайда, бұл мемлекеттерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды сақтау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, тиісті деңгейде хабарлама жіберіледі.

  Теңiзде және Қазақстан
Республикасының iшкi су
айдындарында мұнай төгiлуiнiң
алдын алу және оларға ден қою
жөнiндегi Ұлттық жоспарға
1-қосымша

Мұнай төгілуінің алдын алу және оны жою ұлттық жүйесінің құрылымы

Мұнай төгілуінің алдын алу және оны жою ұлттық жүйесі (МТАЖ ҰЖ)

Мұнайдың төгілу деңгейі/тартылатын ресурстар

Мұнайдың авариялық төгілуі кезінде төтенше жағдайды жою басшысы (ЖМАТ)

2

3

4

Теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі объектілік жоспар (жер қойнауын пайдаланушылар мен мұнай төгілу тәуекелімен байланысты теңізде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар)

Бірінші

– мұнайдың болмашы (10 тонна мұнайдан аспайтын) төгілуі

– өндірістік жұмыс кезінде теңіз құрылысындағы ресурстар

жер қойнауын пайдаланушының басшысы

Мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі өңірлік жоспар (Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстары үшін)

Екінші

– бірқалыпты (орташа) төгілулер (10 тоннадан 250 тоннаға дейінгі мұнай)

- теңіз құрылысында, қосымша жұмыс өндірісі орнында бар ресурстар, жергілікті жағалау қызметіне қосымша

1) жер қойнауын пайдаланушының басшысы, немесе

2) әкімдік (облыс әкімі тағайындаған лауазымды тұлға);

Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық жоспар

Үшінші

– ірі мұнай төгілулері (250 тоннадан аса)

– мұнайдың төгілуін жою бойынша, халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, әртүрлі ұйымдардың ресурстары

1) әкімдік (облыс әкімі тағайындаған лауазымды тұлға);

2) ҚР Премьер-Министрі тағайындаған азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы

  Теңiзде және Қазақстан
Республикасының iшкi су
айдындарында мұнай төгiлуiнiң
алдын алу және оларға ден қою
жөнiндегi Ұлттық жоспарға
2-қосымша

      Нысан

Теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөнiндегi өңірлік жоспар
1. Кіріспе

      1. Жалпы ережелер

      2. Мақсаттары мен міндеттері

      3. Географиялық іс-қимыл шекаралары

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттар

2. Мұнайдың төгiлуiн жоюдың ұлттық басқару жүйесі

      5. Мұнайдың төгiлуiн жоюдың ұлттық басқару жүйесінің құрылымы

3. Мұнайдың төгілуін алдын алу және оны жою жөнiндегi аумақтық
(облыстық) басқару деңгейі

      6. Өңірлік жоспарға жалпы талаптар

      7. Өңірлік жоспарды бекіту және өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      8. Мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөнiндегi өңірлік (облыстық) басқару деңгейінде функциялар мен міндеттемелерді бөлу

      9. Мұнайдың төгілуі туралы ақпаратты беру тәртібі

4. Жедел басқару

      10. Мұнайдың төгілуі кезінде басқару деңгейін күшейту

      11. Біріктірілген басшылық

      12. Функцияналдық топтар

      13. Басқарудың объектілік деңгейі

      14. Жедел іс-шаралар

      15. Мұнайдың төгілуі кезінде жедел іс-қимыл жоспары

      16. Жедел жоспарды құру жүйелілігі мен оны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл нысаны

      17. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-шараларды тоқтату және есептелік

      18. Мұнайдың авариялық төгілуін тексеру

5. Дайындықты жоспарлау және қамтамасыз ету

      19. Тәуекелді бағалау

      20. Мұнайдың төгілуіне дайындығын қамтамасыз ету, уақтылы ден қою және оны тиімді жою үшін (жеке нысанына байланысты емес) тартылатын ұйымдардың өзара іс-қимыл және өзара көмек тәртібі

      21. Бірлескен оқу-жаттығулар мен үйрету

      22. Ақпараттық деректер

  Теңiзде және Қазақстан
Республикасының iшкi су
айдындарында мұнай төгiлуiнiң
алдын алу және оларға ден қою
жөнiндегi Ұлттық жоспарға
3-қосымша

Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

№ р/с

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты тұлғалар

Орындалу мерзімі

Болжанатын шығындар

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1.

Теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі өңірлік жоспарды әзірлеу және бекіту

жоспар

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстары әкімдігі

2015 жылғы маусым

Талап етілмейді

-

2.

Теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі объектілік жоспарды әзірлеу және бекіту

жоспар

Жер қойнауын пайдаланушылар, теңізде мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты теңізде қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

2015 жылғы шілде

Талап етілмейді

-

  Теңiзде және Қазақстан
Республикасының iшкi су
айдындарында мұнай төгiлуiнiң
алдын алу және оларға ден қою
жөнiндегi Ұлттық жоспарға
4-қосымша

      Нысан

Теңізде мұнай төгiлуiнiң алдын алу және оны жою жөніндегі объектілік жоспар
1. Кіріспе

      1) жоюдың жалпы басымдықтары мен міндеттері;

      2) жоспардың қолданылу саласы (операциялар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасын қоса алғанда);

      3) жоспардың географиялық қолдану шекаралары;

      4) басқа да жоспарлармен өзара іс-қимыл;

      5) құжаттаманы басқару (жоспарды сақтауға жауапты тұлғаны анықтау, таралуы, қаралуы және жаңартылуы туралы жазба жүргізу).

2. Алдын алу мен жоспарлаудың бастапқы шаралары

      1) бастапқы іс-қимылдар және бастапқы кезеңдегі стратегиялық шешімдерді қабылдау жөніндегі басшылық;

      2) объектіде бастапқы қауіпсіздік талаптары және мұнайдың төгілуін оқиға болған жерде бағалау;

      3) ден қоюдың бастапқы басымдықтары мен мақсаттары;

      4) негізгі қызметкерлерге арналған бастапқы кезеңдегі іс-қимылдар тізбесі;

      5) шұғыл хабарлау және есептілік;

      6) мұнай төгілуін жою жөніндегі басқарма командасын іске қосу;

      7) сезімтал экологиялық аудандар мен әлеуметтік-экономикалық нысандарды анықтау;

      8) бірінші деңгейдегі ресурстар және байланыс;

      9) бірінші деңгейдегі ресурстарды іске қосу және өрістету;

      10) мұнайдың төгілуі жөнінде, олардың таралуы жағдайындағы іс-қимыл тәртібі;

      11) нысан туралы негізгі ақпарат.

3. Хабарлау және есеп беру

      1) ішкі хабарлау жөніндегі талаптар мен тәртібі;

      2) сыртқы хабарлау жөніндегі талаптар мен тәртібі;

      3) егер талап етілсе, қосымша хабарлау;

      4) байланыс деректері және нысандары (жоспарда көрсетілуі немесе жиі жаңартуларды енгізуді жеңілдету үшін қосымшаға жеке құжатпен енгізілуі мүмкін).

4. Бағалау

      1) денсаулықты және объектіде қауіпсіздікті бағалау;

      2) мұнайдың төгілуін қадағалау тәсілдері (әуеден қадағалау, қалқыма белгiлері және и т.б.);

      3) мұнайдың төгілуін қадағалау және оны бағалау бойынша басшылық;

      4) метеорологиялық және гидродинамикалық болжамдар;

      5) төгілулердің траекториясы және оларды үлгілеу;

      6) төгілу деңгейін және таралу қатерін бағалау.

5. Жою жөніндегі ресурстар

      1) ресурстар тізбесі және қызметтер тізімі, қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, байланыс деректері және өрістету уақытын қоса алғанда (жоспарда көрсетілуі немесе жиі жаңартуларды енгізуді жеңілдету үшін қосымшаға жеке құжатпен енгізілуі мүмкін);

      2) ресурстарды бөлу тәртібі;

      3) тартылатын кемелер (кемелердің талап етілетін сипаттамасы, мұнай төгілген орындағы кемелер тізбесі және т.б.);

      4) жергілікті еңбек ресурстары;

      5) тар мамандандырылған сарапшылар.

6. Мұнайдың төгілулерін жою басқармасы

      1) басқарманың ұйымдық құрылымы;

      2) қызметтері мен өкілеттіктері;

      3) басқару процестері мен рәсімдері;

      4) объектіде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі басқарманы іске қосу және оның орналасуы.

7. Сезімтал аймақтар

      1) сезімтал аймақтарды анықтау;

      2) қорғау басымдығы;

      3) сезімтал картасы (карталардың көлемдеріне, өлшемдеріне және түрлеріне қарай карталар жоспар мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады);

      4) операциялық сезімтал картасы және (немесе) оқиға болған жерде іс-қимылдар жоспары географиялық жою картасы (карталар мен жоспарлардың көлемдеріне, өлшемдеріне және түрлеріне қарай карталар мен жоспарлар жоспардың мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады).

8. Жою стратегиясы

      1) стратегиялық шешімдер қабылдау жөніндегі басшылық (диаграммалар, ықтимал сценарийлердің матрицасы, жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде шешімдер қабылдау жөніндегі басшылық және т.б.);

      2) нақты сценарийлерге қарай мұнайдың төгілуін жою стратегиялары туралы жиынтық ақпарат;

      3) қажетіне қарай теңізде, теңіздің жағалау аймағында, жаға бойында және ішкі су жолдарында мұнайдың төгілуінің зардаптарын жою үшін қажетті ресурстар;

      4) мұнайдың төгілуін жою әдістерін қолдануды алдын ала келісу және (немесе) мақұлдау;

      5) қажетіне қарай жалпы тактикалық жоспарлар (жоспар мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады).

9. Қалдықтарды жайғастыру

      1) заңнама талаптары;

      2) тәртібі (жеке сақтау, көлемін азайту, әкету және т.б);

      3) нақты төгілуге қалдықтарды жайғастыру жоспарын әзірлеу жөніндегі басшылық;

      4) уақытша сақтауға алдын ала белгіленген орындар;

      5) қалдықтарды өңдеу және түпкілікті жою іс-шаралары немесе қалдықтармен жұмыс істеудің басқа да нұсқалары.

10. Тазарту

      1) денсаулық сақтау және қауіпсіздік талаптары;

      2) тәртібі және рұқсат етілген тазарту заттары;

      3) тазарту бойынша іс-шараларды жүргізу үшін алдын ала белгіленген орындар;

      4) нақты төгілуді тазарту бойынша жоспарды әзірлеу жөніндегі басшылық.

11. Демобилизация

      1) жабдықтар мен кемелерді ақтық тексеру, персоналды әкету, шығыс материалдарды қайтару, жалға алынған мүлікті қайтару тәртібі және т.б.;

      2) нақты төгілу кезінде объектіден техника мен қызметкерлерді әкету жоспарын әзірлеу жөніндегі басшылық.

12. Ден қою шараларын аяқтау

      1) төгілуді кәдеге жаратудың түпкілікті деңгейін анықтау жөніндегі басшылық және мұнайдың төгілуін жою жөніндегі операциялардың аяқталу өлшемдері;

      2) аймақты тазарту бойынша жұмыстарды қабылдайтын және мұнай төгілуін жою жөніндегі операциялардың аяқталуын растайтын жауаптыны анықтау.

13. Мұнайдың төгілуін жою жөнінде жүргізілген шаралар мен операциялар туралы есеп

      1) есеп әзірлеуге жауапты тұлғалар және мұнайдың төгілуін жою аяқталғаннан кейін талдау жүргізу жөніндегі басшылық.

  Теңiзде және Қазақстан
Республикасының iшкi су
айдындарында мұнай төгiлуiнiң
алдын алу және оларға ден қою
жөнiндегi Ұлттық жоспарға
5-қосымша

      Нысан

Теңізде және ішкі су айдындарында мұнайдың авариялық төгілуі
туралы ақпарат беру

КІМГЕ: Теңізде авариялық ақпарат берудың реттік нөмірі (еселік)

1-бөлім. Алғашқы ескертпе (1 бөлім оқиға болғаннан кейін толтырылады және онда оқиғаға қатысты алғашқы ақпарат көрсетіледі. Оқиға мәлім болған шұғыл облыстық ТЖД және экология департаментіне 2 сағат ішінде жіберіледі. Облыстық ТЖД 10 минут аралығында облыс әкіміне жібереді.

1.

Кімнен

(Аты-жөні мен ұйым)

2.

Күні

кк/аа/жж уақыт (жергілікті):

3.

Оқиға


4.

Байланыс құралдары:

Телефон:

Факс:

5.

Учаске/орналасуы


6.

Объектінің/кеменің атауы


7.

Болжамды көлем

(өлшем бірлігін көрсету)

8.

Төгілу жалғасады

Иә/Жоқ

9.

Қолы


2-бөлім. Толық сипаттама (1 нысан бойынша ескертпе жіберілгеннен кейін қысқа мерзімде мәліметтің жиналуына орай 2 бөлім қосымша ақпартпен толтырылады. Толтырылған 1 бөлім 2 бөлімді толтыру үшін ақпарат болмаса да жіберілу керек).

1.

Күні

кк/аа/жж уақыт (жергілікті):

2.

Орналасуы (ендік пен бойлық)


3.

Желдің жылдамдығы

(өлшем бірлігін көрсету)

4.

Желдің бағыты


5.

Теңіздің жай-күйі және көрінуі

(өлшем бірлігін көрсету)

6.

Ағыс немесе судың көтерілуі мен қайтуы


7.

Теңіз суының температурасы

(өлшем бірлігін көрсету)

8.

Ауаның температурасы

(өлшем бірлігін көрсету)

9.

Дақтың қалқуы

(жылдамдық пен бағытын көрсету)

10.

Оқиғаның негізі



Төгілудің алдын ала болжамы


11.

Оқиға түрі


12.

Дақтың сыртқы түрі


13.

Сынама алынды

Иә/Жоқ

14.

Фотосуреттер жасалды

Иә/Жоқ

15.

Зардапты болжау

Сезімтал учаскелерді көрсету:

16.

Авариялық ден қою бойынша қабылданған шаралар


17.

Қолы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады