"Уәкілетті экономикалық операторлардың сауалнамасын, тізілімін және тізілімге енгізу туралы куәлігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 26 шілдедегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10909 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 737 бұйрығымен

      Ескерту. ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 17.07.2019 № 737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 61-бабының 2-тармағына, 63-бабының 1-тармағына, 64-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Уәкілетті экономикалық операторлардың сауалнамасын, тізілімін және тізілімге енгізу туралы куәлігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 26 шілдедегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6383 болып енгізілген, 2010 жылғы 18 тамызда № 218 (26279)) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнама нысандарын, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімін, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнамасының нысаны, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінің нысаны, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлігінің нысаны, осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 234 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу
туралы куәлікті алуға арналған сауалнама

      _____________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның атауы

      _____________________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________

      Заңды мекен-жайы

      _____________________________________________________________________

      Іс жүзіндегі мекен-жайы

      _____________________________________________________________________

      Электрондық мекен-жайы, веб-сайт

Ұйымдастыру сипаттамалары

Сұрақ

Жауап

1

Заңды тұлғаның акцияның бақылау пакетін иеленуші құрылтайшылардың, акционерлердің, ірі акция ұстаушылардың (акциялардың үлесі 10% артық) мекен-жайын көрсетіңіз

1) Т.А.Ә.

2) ЖСН/БСН (егер құрылтайшы заңды тұлға болған жағдайда);

3) акционерлердің, құрылтайшылардың, заңды тұлғалардың директорлары атына ресімделген компаниялар туралы мәлімет;


2

Мемлекеттік кірістер органдарында заңды тұлғалардың мүдделерін білдіру үшін жауапты тұлғалар туралы мәліметті көрсетіңіз:

1) Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, еңбек шарт (бұйрық) жасалған күні және нөмірі (жеке тұлға үшін);

2) атауы, БСН, заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы, қызмет көрсету туралы шарттың нөмірі және күні (заңды тұлға үшін)


3

Заңды тұлға қызметінің негізгі түрін көрсетіңіз


4

Заңды тұлғаның, сондай-ақ басқа елдердегі өкілдіктері және/немесе филиалдары туралы мәліметті көрсетіңіз:

1) қызметтің түрі;

2) заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы;

3) телефон нөмірлері және электрондық поштаның мекен-жайы;

4) қызметкерлер саны


2. Бизнестің көлемі

1

Кедендік декларациялау жүзеге асырылады:

1) Кедендік декларациялауды дербес жүзеге асырылған кезде қорғаныс жапсырмасының кодын көрсетініз;

2) кеден өкілінің қызметі (атауы, БСН, кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы бұйрығының нөмерін және күнін және қорғаныс жапсырмасының коды)


2

Сіз демпингке қарсы немесе өтемдiк баждарға жататын тауарлармен жұмыс істейсіз бе? (Иә/жоқ)

Егер, иә болса, онда демпингке қарсы немесе өтемдiк баждарға төлеуге жататын тауарлардың өндірушісі (лері) және елдері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты ұсыныңыз.


3

Заңды тұлға соңғы жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден ісі саласында әкімшілік жауапкершіліккке тартылды ма? Егер, иә болса, онда заңды тұлға тартылған бапты көрсетіңіз және алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін қандай шаралар қабылданған?


3. Бухгалтерлік есеп, логистикалық және компьютерлік жүйе

1

Мына мәселелер бойынша ақпаратты ұсыныңыз:

1) Сіз кедендік декларациялар мен тауарлардың автоматтандырылған бақылау және есепке алу жүйесін пайдаланасыз ба? (Иә/жоқ) Егер иә болса, онда Сіз қандай жүйені пайдаланасыз?

2) Сіз пайдаланатын декларациялар мен тауарлардың автоматтандырылған бақылау және есепке алу жүйесінің бағдарламалық өнімі мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімімен үйлесімді ме?

3) Сізде тауарлар мен көлік құралдарының іс жүзіндегі санының құжаттары бойынша деректердің сәйкес келмеуін анықтауға арналған ішкі бақылау жүйесі бар ма? Егер иә болса, оның неге негізделетінін және немен бекітілетінін көрсетіңіз?

4) Заңды тұлға қандай бухгалтерлік және логистикалық бағдарламалық қосымшаларды пайдаланады?

5) Сізде құжаттаманы сақтау және оған бөгде адамдардың санкцияланбаған кіруінен компьютерлік жүйені қорғау мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша технологиялық шаралар бар ма? Егер иә болса, оның неге негізделетінін және немен бекітілетінін көрсетіңіз?

6) Компьютерлік жүйені басқару және қорғау үшін кім жауапты болады?


2

Қай компания бағдарламалық өнімнің сүйемелдеуін жүргізеді? Бағдарламалық өнімді сүйемелдейтін заңды тұлғаның реквизиттерін, бағдарламалық өнімді сүйемелдеу туралы шарт жасасқан күні және нөмірі.


4. Қаржылық тұрақтылық

1

Соңғы үш жыл ішінде заңды тұлғаға қатысты төлем қабілетсіздігі бойынша қандай да бір сот талқылауы болды ма? (Иә/жоқ)

Егер иә болса, деректемелерін көрсетіңіз.


2

Заңды тұлғаның қаржылық ахуалы туралы мәліметті көрсетіңіз:

1) таза активтердің мөлшері;

2) жалпы (ағымды) өтімділік коэффициенті;

3) меншікті капиталдың табыстылығы;

4) қаржылық тұрақтылықтың коэффициенті;


5. Тауарлардың ішкі бақылау жүйесі

1

Егер сіз өндіруші немесе экспорттаушы болып табылсаңыз, қандай тауарларды өндіресіз және/немесе экспорттайсыз? Өз тауарыңыздың қысқаша сипаттамасын көрсетіңіз? Сіздің тауарларыңыз қайта өңдеуге және/немеес экспортқа ұшырай ма? Бір жыл ішінде тауарлар жеткізілімінің қандай мөлшерін жүзеге асырасыз?


6. Экспорттық бақылау және екі жақтық белгілеу тауарлар туралы ақпарат

1

Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Сіздің заңды тұлғаңыздың қызметі қосарланған мақсаттағы тауарлармен байланысты ма?

2) Сіз экспорттық шектеулерге немесе эмбаргоға немесе басқа салықтық емес талаптарға ұшырайтын қосарланған мақсаттағы тауарлардың әкелуін қалай жүзеге асырасыз? Егер, иә болса, Сіз әкелген қосарланған мақсаттағы тауарларға қатысты мемлекеттік бақылаудың қандай шаралары қабылданды?

Сондай-ақ, осы тауарларға қатысты тиісті ережелердің сақталуын қамтамасыз ету үшін қандай рәсімдер пайдаланылатынын қысқаша сипаттаңыз (мысалы, рұқсат, ерекше жауапкершілік, арнайы оқытылған персонал және басқа)?

Мұндай тауарларға қатысты Сіздің заңды тұлғаңызда бекітілген нұсқаулық, басшылық немесе басқа басқару құжаттары бар ма? (Иә/жоқ)


6. Тауарларды сақтау

1

Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Сізде тауарларды сақтауға арналған орындар бар ма?

Егер иә болса, олардың орналасуын және олардың шаршысын сипаттаңыз, олар немен жабдықталған және тауарларды сақтау кезінде қабылданатын қауіпсіздік шараларын көрсетіңіз;

2) Сізде заңды тұлғаның өзге аумақтарында тауарларды сақтауға арналған үй-жайлар бар ма? (Иә/жоқ)

Егер иә болса, олардың шаршысын сипаттаңыз, олар немен жабдықталған және тауарларды сақтау кезінде қабылданатын қауіпсіздік шараларын көрсетіңіз;


2

Тәуекелдің әртүрлі деңгейі бар тауарлар жеке сақталады? (Иә/жоқ)

Егер иә болса, онда жеке сақтауға арналған өлшемшарттарды сипаттаңыз (мысалы, қауіпті жүктер, жоғары құнды тауарлар, химиялық заттар, қару-жарақ және т.б.)?


3

Сіз стандарттарды қанағаттандыратын тауарларға санкцияланбаған қол жетімділікті алдын алу үшін сәйкестендіру құралдарын пайдаланасыз ба (халықаралық стандарттарға сәйкес келетін пломбалар, мөрлер)?



      Заңды тұлғаның басшысы _______________

      (қолы, күні)

      М.О.

      (болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 234 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі

р/с

Уәкілетті экономикалық операторды тізілімге енгізу туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні

Уәкілетті экономикалық оператордың атауы

Уәкілетті экономикалық оператордың тұрған жерінің мекенжайы

Уәкілетті экономикалық оператордың бизнес сәйкестендіру нөмірі

Уәкілетті экономикалық операторға куәлік беру туралы ҚР ҚМ МКК бұйрығының нөмірі және күні

Уәкілетті экономикалық оператор тіркелген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі

Уәкілетті экономикалық оператордың тауарларын сақтауға арналған үй-жайдың тұрған орнының мекенжайы

Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін тоқтата тұру туралы ҚР ҚМ МКК бұйрығының нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9


      Жалғасы

Уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің қолданылуын жаңғырту туралы ҚР ҚМ МКК бұйрығының нөмірі

Уәкілетті экономикалық оператордың куәлігін кері қайтару туралы ҚР ҚМ МКК бұйрығының нөмірі

Уәкілетті экономикалық оператордың құрылымдық бөлімшесінің атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны және тұрған орнының мекенжайы

Уәкілетті экономикалық оператордың құрылымдық бөлімшесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі

Уәкілетті экономикалық оператордың құрылымдық бөлімшесі белгілеген тауарларды сақтауға арналған үй-жайдың тұрған орнының мекенжайы

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің тіркелген күні және аяқталу күні, қолданылу мерзімі

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілі

Қосымша ақпарат

10

11

12

13

14

15

16

17

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 234 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
3-қосымша

      Нысан

Уәкілеттік экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы
№ ____ КУӘЛІК

      _____________________________________________________ берілді

      Заңды тұлғаның атауы

      _____________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________

      Ұсынылатын арнайы (қосымша) оңайлатулардың атауы

      Басшы

      (оны алмастыратын тұлға) ____________________________________________

      М.О.

      Уәкілеттік экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы ___ жылғы № ___ бұйрығы

      Астана қ.

      Берілген күні 201_ ж."__"______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады