Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10943 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2021 № ҚР ДСМ-82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2021 № ҚР ДСМ-82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің


міндетін атқарушы

М. Құсайынов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ___________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 30 ақпан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ В. Школьник

      2015 жылғы 1 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 259 бұйрығымен бекiтiлген

Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және eceпке алу қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2021 № ҚР ДСМ-82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген және иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және eceпке алу жүзеге асырудың тәртiбiн aйқындайды және иондаушы сәулелендiру әсерiне ұшырайтын барлық жеке тұлғалар (бұдан әрi – азаматтар) мен қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрi – ұйымдар) қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2021 № ҚР ДСМ-82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жеке алған сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу мынадай:

      1) иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргізу кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлері туралы объективтi ақпарат алу;

      2) белгiленген шектерден тыс сәуле алған адамдарды есепке алу;

      3) азаматтар мен ұйымдар персоналы алған сәуле мөлшерлері туралы объективтi және шынайы ақпарат алу мүмкiндігін қамтамасыз ету;

      4) радиациялық фактордың азаматтарға әсер етуiн бағалау;

      5) азаматтардың сәуле алу деңгейлерiн төмендету жөнiнде шаралар қабылдау мақсатында жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2021 № ҚР ДСМ-82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жеке сәуле алу мөлшерлерiн бақылау және есепке алуды ұйымдастырудың жалпы тәртiбi

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жеке сәуле алу мөлшерлерiн бақылау және есепке алу радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен қағидалар талаптарын ескере отырып, осы Қағидаларға сәйкес жүргiзiледi және бақылау мен есепке алу көлемiне, параметрлеріне, әдiстерi мен құралдарына қойылатын бiрыңғай талаптармен қамтамасыз етiледi.

      4. Бақылау мен есепке алуға:

      1) азаматтарға әр түрлi иондаушы сәулелендіру көздерi әсер еткен кезде олар алған жеке сәуле мөлшерлерi;

      2) табиғи және техногендiк өзгертiлген радиациялық аяға байланысты азаматтар мен ұйымдар персоналы алған жеке сәуле мөлшерлерi;

      3) медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерi;

      4) радиациялық авариялар кезiнде азаматтар мен ұйым персоналы алған жеке сәуле мөлшерi жатады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2021 № ҚР ДСМ-82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Негiзгi бақыланатын параметрлер:

      1) жылдық тиiмдi және баламалы мөлшерлер;

      2) көз бұршағындағы, терiдегi, қолдың буындары мен табандағы жылдық баламалы мөлшер;

      3) радионуклидтердiң организмге түсуi және жылдық түсудi бағалау үшiн оларды организмде ұстау;

      4) ауадағы, судағы, тамақ өнімдеріндегі, құрылыс материалдары мен басқалардағы радионуклидтердің көлемдiк немесе үлестiк белсендiлiгi;

      5) терi қабаттарының, киiмнiң, аяқ киiмнiң, жұмыс орындарының радиоактивтік ластануы;

      6) сыртқы гамма-сәулелендiрудiң мөлшерi мен қуаттылығы болып табылады.

      6. Жеке алған сәуле мөлшерлерiн айқындау үшiн:

      1) жеке дозиметрлердің көмегiмен тiкелей өлшемдер (объектінің персоналы мен азаматтар дербес алған сәуле мөлшерлерi);

      2) радиациялық мән-жайды ескере отырып, адамдар фантомдары мен сәулеленуiн есептегіштердің көмегiмен алынған жеке сәуле алу мөлшерлерiнiң есептемелерi;

      3) сәуле алған организмдегі биологиялық, биохимиялық және биофизикалық әсерлер бойынша азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн қайта жаңарту;

      4) әр түрлi материалдардағы радиациялық әсерлер бойынша азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн қайта жаңарту пайдаланылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу кезінде персонал алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылауды есепке алуды жүзеге асыру тәртiбi

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жұмыс сипатына байланысты ұйым персоналы алған сәуленi жеке бақылау жеке дозиметрлердi пайдалана отырып аралас сәулелендiру немесе есептеу жолымен сыртқы бета, гамма, рентген және нейтрон сәулелендіру мөлшерлерi жеке бақылауды қамтиды.

      8. Ұйымдарда жеке дозиметриялық бақылауды жүргiзу үшiн персоналдың киiмiне қыстырылатын жеке дозиметрлер пайдаланылады. Дозиметрлердiң орналасу орны орындалатын жұмыстың сипатына байланысты.

      9. Персонал ұйымда белгiленген жеке дозиметрлерді пайдалану тәртібiн сақтауы қажет.

      10. Бақылау кезiнде қызметкер алған жиынтық мөлшерлер тоқсан сайын тіркеледi.

      11. Ұйым персоналының жеке сәулелену дозасын есепке алуды кейіннен қызметкердің жеке есепке алу карточкасына енгiзе отырып, ұйымның деретер қорына тіркеу жолымен, ұйымның (бақылау) радиациялық қауiпсiздiгі үшiн жауапты адам жүзеге асырады. Ұйым персоналының жеке сәулелену дозасын бақылау және есепке алу деректерi 50 жыл бойы сақталады. Қызметкердің жеке сәулелену дозасы туралы мәлiметтердің көшiрмесi, ол радиоактивті заттар мен басқа да иондаушы сәулелендіру көздерiн қолданатын ұйымға басқа жұмыс орнына ауысқан жағдайда, жаңа жұмыс орнына берiледi.

      Ұйымға iссапарға жiберiлген адамдардың жеке сәулелену дозалары туралы деректер олардың тұрақты жұмыс орнына жiберiледi және ұйымның деректер қорында тiркеледi.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Персоналға арналған тиiмдi мөлшердiң шегi кез келген келесi 5 жыл үшiн орта есеппен алғанда жылына 20 миллизиверттi (бұдан әрi – мЗв) құрайды, бiрақ жылына 50 мЗв-дан және 5 жылда 100 мЗв-дан аспауы тиiс. Тұтастай алғанда персоналдың еңбек қызметi кезеңiнде 50 жыл бойы тиiмдi жеке мөлшер 1000 мЗв-дан аспауы тиiс.

4-тарау. Медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азаматтар (пациенттер) алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылауды және есепке алуды ұйымдастыру тәртiбi

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар диагностикалық ақпарат немесе терапиялық әсер алу мақсатында тек дәрiгердiң тағайындауы және азаматтың (пациенттiң) келiсуi бойынша ғана жүргiзiледi. Тиiстi процедураны жүргiзу туралы түпкiлiктi шешiмдi дәрiгер рентгенолог немесе дәрігер-радиолог қабылдайды.

      14. Қолдану мүмкiн болмаған немесе басқа баламалы диагностика әдiстерiнен жеткiлiкті хабардар болмаған жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте мөлшерлердiң шегi белгiленбейді, бiрақ медициналық рентген-радиологиялық процедураларды тағайындау негiздемесі мен азаматтарды (пациенттерді) қорғау шараларын оңтайландыру қағидаттары пайдаланылады.

      15. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген және қолдануға рұқсат етiлген медициналық техника пайдаланылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргізу кезiнде азаматтың (пациенттің) сәулелiк жүктемелерiн азайту үшiн барлық ықтимал шаралар қолданылуы тиiс.

      17. Әрбiр рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азамат (пациент) алған мөлшерлер азаматтың (пациенттiң) амбулаториялық картасына мiндеттi қосымша болып табылатын медициналық сәуле алу мөлшерлерiн есепке алудың дербес парағына енгізіледi және тиiстi медициналық рентген-радиологиялық процедураларды есепке алу журналында тiркеледi.

      18. Азаматтың (пациенттің) талап етуi бойынша оған күтiлетiн немесе алынған сәуле алу мөлшерi мен рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзуден болатын ықтимал салдарлар туралы ақпарат берiледi.

      19. Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде жылдық тиiмдi жеке алған сәуле мөлшерi 1 мЗв-дан аспауға тиiс.

      Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде қосымша зерттеу жүргiзудi немесе мөлшерлер көп пайда болатын әдiстердi мәжбүрлі пайдалануды талап ететiн жағдайда ғана белгiленген жылдық сәуле алу нормативi асып түсуi мүмкiн.

      Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгендік процедураларды жүргізу кезінде осы стандарттың уақытша мәжбүрлі түрде асып кету туралы шешімін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер қабылдайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Азаматтардың (пациенттердің) дозалық жүктемелерін айқындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасымен бекітілетін санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің (бұдан әрі – нормалау құжаттары) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Табиғи сәулелендiру көздерiнің әсер етуi есебiнен радиациялық аямен байланысты тиiмдi мөлшердің жол берiлетiн мәнi азаматтар үшін белгiленбейдi. Азаматтар алған сәуленi азайтуға жекелеген табиғи сәулелендіру көздерiнен сәуле алуды шектеу жүйесiн орнату жолымен қол жеткiзiледi.

5-тарау. Азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерін мемлекеттiк бақылау және есепке алу жүйесi

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Ұйымдар нормалау құжаттарына сәйкес арнайы нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне азаматтар мен персоналдардың алған жеке сәуле мөлшерлері бойынша мәліметтерді ұсынады.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасы анықтаған ұйымда республикалық азаматтар мен персоналдардың алған жеке сәуле мөлшерлері дерекқоры құрылады.

      23. Персонал мен азаматтарға жеке дозиметриялық бақылауды жүргізу кезінде жылдық тиімді мөлшерді, сондай-ақ барлық кәсіби жұмыс істеу кезеңіндегі жиынтық тиімді жеке мөлшерді есепке алу жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады