Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10958 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 391 бұйрығымен
бекітілген

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1. Жалпы ережелер

      1. Осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-12) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім – мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйелендірілген жиынтығы;

      2) мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға баламалы көлемде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері;

      3) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) – энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;

      4) энергетикалық ресурстар – қордағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері);

      5) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – көрсетілген қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнім (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;

      6) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;

      7) энергия үнемдеу аймағы – энергия ресурстарын тұтынатын және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру объектілері болып табылатын технологиялық процестің, жабдықтың және оның қамтамасыз ету жүйесінің негізгі және қосалқы бөлігі, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың сапа менеджменті жүйесінің іс-шаралары;

      8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (бұдан әрі − энергия менеджменті) − энергетикалық ресурстарды ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және объектінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) осы талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді және оны бекіту мерзімі көрсетіле отырып, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бірінші басшысы бекітеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Іс-шаралар жоспарына толықтырулар мен (немесе) өзгерістер оны бекіту және қайта бекіту мерзімін көрсету арқылы Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бірінші басшысымен бекітіледі.

      5. Іс-шаралар жоспары шартты түрде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру объектілеріне, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етудің техникалық және ұйымдық іс-шараларына, сондай-ақ өнім, үйлер, ғимараттар мен құрылыстар алаңы бірлігіне энергия ресурстарын және суды тұтыну көлемдерін төмендету бойынша талаптарға сәйкес келетін энергия үнемдеу аймақтарына бөлінген.

      6. Іс-шаралар жоспарының әрбір ұстанымына, сондай-ақ энергия ресурсының түріне код және реттік нөмір беріледі. Іс-шара коды іс-шара мен энергетикалық ресурс түрінің қысқартылған атауын білдіреді.

      7. Іс-шаралардың орындалу мерзімін Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері өздігінен белгілейді.

      8. Әрбір энергия үнемдеу аймағы бойынша және жалпы бүкіл Іс-шаралар жоспары бойынша іс-шараларды іске асыруға жоспарлан шығыстардың қорытынды мәндері анықталады.

      9. Іс-шаралар жоспары осы Талаптарға қосымшаға сәйкес 1-кесте, 2-кесте және 3-кестеден тұрады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1127 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10. Іс-шаралар жоспарының 1-кестесі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

      1) 1-кестенің 1-бағаны (Код және нөмір) – энергия үнемдеу аймағының қысқартылған атауы түріндегі іс-шара коды және іс-шараның екі немесе үш таңбалы саннан тұратын реттік нөмірі;

      2) 1-кестенің 2-бағаны (Іс-шаралар) – сөздері мен атаулары қысқармаған іс-шараның толық атауы;

      3) 1-кестенің 3-бағаны (Іске асыру кезеңі (бастап - дейін) – іс-шараны іске асыру кезеңі ай мен жылды білдіретін сан түрінде толтырылады (мысалы - 09.16 бастап 09.17 дейін). Орындалу мерзімі көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады;

      4) 1-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Жоспарланған шығыстар) – жоспарланған қаржы шығыстары миллион теңгемен көрсетіледі. Жоспарланған шығыстар көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады;

      5) 1-кестенің 9-бағаны (Өлшем бірліктері) – үнемделуі осы іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланған энергетикалық ресурстың өлшем бірліктері;

      6) 1-кестенің 10, 11, 12, 13, 14-бағандары (Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 1-кестенің 9-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721);

      7) 1-кестенің 15-бағаны (Өтелу мерзімі) – осы іс-шараны енгізген кездегі өтелу мерзімі;

      8) 1-кестенің 16-бағаны (Орындалу туралы белгі) – осы іс-шараның орындалғанын растайтын құжаттар бойынша мәліметтер. Растайтын құжаттардың көшірмелері осы Іс-шаралар Жоспарының қосымшалары болып табылады. Егер іс-шаралар бірнеше жұмыстардың негізінде немесе бірнеше ұйымдарды тарта отырып орындалса, онда әрбір растайтын құжат бойынша деректер көрсетіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1127 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      11. Іс-шаралар жоспарының 2-кестесі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

      1) 2-кестенің 2-бағаны (Энергетикалық ресурстың атауы) – үнемделуі іс-шараны жүзеге асыру нәтижесінде жоспарланып отырған энергетикалық ресурстың атауы;

      2) 2-кестенің 3-бағаны (өлшем бірлігі) – үнемделуі іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланып отырған энергетикалық ресурстың өлшем бірліктері;

      3) 2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 2-кестенің 3-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721). Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі әр жылға көрсетіледі;

      4) 2-кестенің 9, 10, 11, 12, 13-бағандары (Жоспарланған үнемділік, млн. теңге) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеуі (2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары) ақшалай баламадағы жоспарланған үнемділігі миллион теңге;

      5) 2-кестенің 14-бағаны (максималды қуаттылықтың ықтимал азаюы) – максималды қуаттылықтың ықтимал азаюы электр энергиясына (кВтч), жылу энергиясына (Гкал*сағ) және судың жұмсалуына (м3/сағ) жатады;

      6) 2-кестенің 15-бағаны (Энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуеті) – энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуетінің өткен жылдағы осы энергетикалық ресурсты тұтынуға қатысты өзара қатынасын пайызбен қарастырады.

      7) 2-кестенің 16-бағаны (Орындалу туралы белгі) – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы және қортындының нөмірі мен күндері көрсетіле отырып, энергия аудитінің қорытындысы бойынша деректер.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1127 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      11-1. Іс-шаралар жоспарының 3-кестесі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

      1) 1-кестенің 1-бағаны (Коды және нөмірі) – энергия үнемдеу аймағының қысқартылған атауы түріндегі іс-шара коды және іс–шараның екі немесе үш таңбалы сан түріндегі реттік нөмірі;

      2) 3-кестенің 2-бағаны (Үлесті көрсеткіштің атауы) – үнемделуі іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланатын энергетикалық ресурстың атауы;

      3) 3-кестенің 3-бағаны (Ұйымның қолданылатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі) - ұйымның қолданылатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі (мысалы - кВтс/т, Гкал/м2);

      4) 3-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Өнiм/аудан бiрлiгiне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынуды жоспарланған төмендеу көлемі) – өнім/аудан бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 3-кестенің 3-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721). Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі әр жылға көрсетіледі.

      Ескерту. 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1127 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      12. Іс-шаралар жоспарының электрондық түрі Microsoft Excel кестелік редакторында жасалады.

  Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны
мен мазмұнына қойылатын
талаптарға қосымша

      Нысан

__________________________________20__ - 20__ жылдарға ұйымның толық атауы арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1-кесте

Код және нөмір

Іс-шаралар

Іске асыру кезеңі (бастап және дейін)

Жоспарланған шығыстар, млн. теңге

Өлшем бірлігі

Энергетикалық ресурстарды заттай түрде тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Энергия үнемдеу аймағы: Электрмен жабдықтау және жарықтандыру

ЭЖжЖ.01














ЭЖжЖ.02














ЭЖжЖ.03



























Жиыны:














Барлығы:






Энергия үнемдеу аймағы: Жылумен жабдықтау және жылыту

ЖЖжЖ.01














ЖЖжЖ.02














ЖЖжЖ.03



























Жиыны:














Барлығы:






Энергия үнемдеу аймағы: Желдету, салқындату, ылғалдандыру

ЖСЫ.01














ЖСЫ.02














ЖСЫ.03



























Жиыны:














Барлығы:






Энергия үнемдеу аймағы: Сумен жабдықтау және су бұру

СС.01














СС.02














СС.03



























Жиыны:














Барлығы:






Энергия үнемдеу аймағы: Технологиялық құрал-жабдық

ТҚ.01














ТҚ.02














ТҚ.03



























Жиыны:














Барлығы:






Энергия үнемдеу аймағы: Есептеу және бақылау аспаптары мен құралдары, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер

ЕҚ.01














ЕҚ.02














ЕҚ.03



























Жиыны:














Барлығы:






Энергия үнемдеу аймағы: Энергия менеджменті

ЭМ.01














ЭМ.02














ЭМ.03



























Жиыны:














Барлығы:






Энергия үнемдеу аймағы: Персоналды қайта даярлау және біліктілігін арттыру

ҚБА.01














ҚБА.02














ҚБА.03



























Жиыны:














Барлығы:






Жоспар бойынша жиыны













Жоспар бойынша барлығы





      Кестенің жалғасы

Өтелу мерзімі, жыл

Орындалу туралы белгі

15

16

Энергия үнемдеу аймағы: Электрмен жабдықтау және жарықтандыру



















Энергия үнемдеу аймағы: Жылумен жабдықтау және жылыту



















Энергия үнемдеу аймағы: Желдету, салқындату, ылғалдандыру



















Энергия үнемдеу аймағы: Сумен жабдықтау және су бұру



















Энергия үнемдеу аймағы: Технологиялық құрал-жабдық



















Энергия үнемдеу аймағы: Есептеу және бақылау аспаптары мен құралдары, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер



















Энергия үнемдеу аймағы: Энергия менеджменті



















Энергия үнемдеу аймағы: Персоналды қайта даярлау және біліктілігін арттыру

























      2-кесте

Энергия ресурсының атауы

Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі (ш.о.т.)

Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеуінің жиынтық көлемі (ш.о.т.)

Жоспарланған үнемдеу, млн. теңге

20_

20_

20_

20_

20_

20_

20_

20_

20_

20_

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1













2













3

























Барлығы (ш.о.т.):












      Кестенің жалғасы

Жоспарланған үнемдеу көлемі,
млн. теңге

Энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуеті
(%)

Орындалу туралы белгі

14

15

16
















      1. Іс-шаралар кодының мәні:

      1) ЭиОс. - электрмен жабдықтау және жарықтандыру;

      2) ЖЖжЖ. - жылумен жабдықтау және жылыту;

      3) ЖКЫ. - желдету, кондиционерлеу, ылғалдандыру;

      4) СЖСБ. - Сумен жабдықтау және су бұру;

      5) ТЖ. - технологиялық жабдық;

      6) ПУ. - есептеу және бақылау аспаптары мен құралдары, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер;

      7) ЭМ. - энергоменеджмент;

      8) ДБ. - қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

      9) КО. - қатты отын;

      10) Газ. - газ;

      11) СО. - сұйық отын;

      12) ЭЭ. - электр энергиясы;

      13) ЖЭ. - жылу энергиясы;

      14) с. - су;

      15) ш.о.т. - бір тонна шартты отын.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады