"Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12571 болып тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 41-3-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10958 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарда:
      2-тармақта:
      2) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялардың субъектілері;»;
      910 және 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Іс-шаралар жоспары осы Талаптарға қосымшаға сәйкес 1-кесте2-кесте және 3-кестеден тұрады.
      10. Іс-шаралар жоспарының 1-кестесі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) 1-кестенің 1-бағаны (Код және нөмір) – энергия үнемдеу аймағының қысқартылған атауы түріндегі іс-шара коды және іс-шараның екі немесе үш таңбалы саннан тұратын реттік нөмірі;
      2) 1-кестенің 2-бағаны (Іс-шаралар) – сөздері мен атаулары қысқармаған іс-шараның толық атауы;
      3) 1-кестенің 3-бағаны (Іске асыру кезеңі (бастап - дейін) – іс-шараны іске асыру кезеңі ай мен жылды білдіретін сан түрінде толтырылады (мысалы - 09.16 бастап 09.17 дейін). Орындалу мерзімі көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады;
      4) 1-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Жоспарланған шығыстар) – жоспарланған қаржы шығыстары миллион теңгемен көрсетіледі. Жоспарланған шығыстар көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады;
      5) 1-кестенің 9-бағаны (Өлшем бірліктері) – үнемделуі осы іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланған энергетикалық ресурстың өлшем бірліктері;
      6) 1-кестенің 10, 11, 12, 13, 14-бағандары (Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 1-кестенің 9-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721);
      7) 1-кестенің 15-бағаны (Өтелу мерзімі) – осы іс-шараны енгізген кездегі өтелу мерзімі;
      8) 1-кестенің 16-бағаны (Орындалу туралы белгі) – осы іс-шараның орындалғанын растайтын құжаттар бойынша мәліметтер. Растайтын құжаттардың көшірмелері осы Іс-шаралар Жоспарының қосымшалары болып табылады. Егер іс-шаралар бірнеше жұмыстардың негізінде немесе бірнеше ұйымдарды тарта отырып орындалса, онда әрбір растайтын құжат бойынша деректер көрсетіледі.
      11. Іс-шаралар жоспарының 2-кестесі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) 2-кестенің 2-бағаны (Энергетикалық ресурстың атауы) – үнемделуі іс-шараны жүзеге асыру нәтижесінде жоспарланып отырған энергетикалық ресурстың атауы;
      2) 2-кестенің 3-бағаны (өлшем бірлігі) – үнемделуі іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланып отырған энергетикалық ресурстың өлшем бірліктері;
      3) 2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 2-кестенің 3-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721). Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі әр жылға көрсетіледі;
      4) 2-кестенің 9, 10, 11, 12, 13-бағандары (Жоспарланған үнемділік, млн. теңге) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеуі (2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары) ақшалай баламадағы жоспарланған үнемділігі миллион теңге;
      5) 2-кестенің 14-бағаны (максималды қуаттылықтың ықтимал азаюы) – максималды қуаттылықтың ықтимал азаюы электр энергиясына (кВтч), жылу энергиясына (Гкал*сағ) және судың жұмсалуына (м3/сағ) жатады;
      6) 2-кестенің 15-бағаны (Энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуеті) – энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуетінің өткен жылдағы осы энергетикалық ресурсты тұтынуға қатысты өзара қатынасын пайызбен қарастырады.
      7) 2-кестенің 16-бағаны (Орындалу туралы белгі) – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы және қортындының нөмірі мен күндері көрсетіле отырып, энергия аудитінің қорытындысы бойынша деректер.»;
      мынадай редакциядағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Іс-шаралар жоспарының 3-кестесі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) 1-кестенің 1-бағаны (Коды және нөмірі) – энергия үнемдеу аймағының қысқартылған атауы түріндегі іс-шара коды және іс–шараның екі немесе үш таңбалы сан түріндегі реттік нөмірі;
      2) 3-кестенің 2-бағаны (Үлесті көрсеткіштің атауы) – үнемделуі іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланатын энергетикалық ресурстың атауы;
      3) 3-кестенің 3-бағаны (Ұйымның қолданылатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі) - ұйымның қолданылатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі (мысалы - кВтс/т, Гкал/м2);
      4) 3-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Өнiм/аудан бiрлiгiне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынуды жоспарланған төмендеу көлемі) – өнім/аудан бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 3-кестенің 3-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721). Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі әр жылға көрсетіледі.»;
      қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                   Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы     
№ 1127 бұйрығына қосымша     

Энергия аудитінің қорытындысы  
бойынша Мемлекеттік энергетикалық
тізілім субъектісі әзірлейтін, 
энергия үнемдеу және энергия   
тиімділігін арттыру жөніндегі  
іс-шаралар жоспарының нысаны мен
мазмұнына қойылатын талаптарға 
қосымша             

Нысан

Бекітемін           
________________________________
бірінші басшының лауазымы  
ұйымының қысқартылған атауы 
______________ ____________  
қолы         Т.А.Ә.     
20__ жылғы «__» ________   
(бекіту мерзімі)      
(20__ жылғы «__» __________) 
(қайта бекіту мерзімі)   
М.О.            

1-кесте

          ___________________________ 20__ - 20__ жылдарға
                ұйымның толық атауы
     арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
                 жөніндегі іс-шаралар жоспары

Код және нөмір

Іс-шаралар

Іске асыру кезеңі (бастап және дейін)

Жоспарланған шығыстар, млн. теңге

Өлшем бірлігі

Энергетикалық ресурстарды заттай түрде тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі

Өтелу мерзімі, жыл

Орындалу туралы белгі

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Энергия үнемдеу аймағы: Электрмен жабдықтау және жарықтандыру

ЭЖжЖ.01
















ЭЖжЖ.02
















ЭЖжЖ.03































Жиыны:
















Барлығы:








Энергия үнемдеу аймағы: Жылумен жабдықтау және жылыту

ЖЖжЖ.01
















ЖЖжЖ.02
















ЖЖжЖ.03































Жиыны:
















Барлығы:








Энергия үнемдеу аймағы: Желдету, салқындату, ылғалдандыру

ЖСЫ.01
















ЖСЫ.02
















ЖСЫ.03































Жиыны:
















Барлығы:








Энергия үнемдеу аймағы: Сумен жабдықтау және су бұру

СС.01
















СС.02
















СС.03































Жиыны:
















Барлығы:








Энергия үнемдеу аймағы: Технологиялық құрал-жабдық

ТҚ.01
















ТҚ.02
















ТҚ.03































Жиыны:
















Барлығы:








Энергия үнемдеу аймағы: Есептеу және бақылау аспаптары мен құралдары, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер

ЕҚ.01
















ЕҚ.02
















ЕҚ.03































Жиыны:
















Барлығы:








Энергия үнемдеу аймағы: Энергия менеджменті

ЭМ.01
















ЭМ.02
















ЭМ.03































Жиыны:
















Барлығы:








Энергия үнемдеу аймағы: Персоналды қайта даярлау және біліктілігін арттыру

ҚБА.01
















ҚБА.02
















ҚБА.03































Жиыны:
















Барлығы:








Жоспар бойынша жиыны















Жоспар бойынша барлығы







2-кесте

Энергия ресурсының атауы

Өлш. бірл.

Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі (ш.о.т.)

Жоспарланған үнемдеу, млн. теңге

Максималды қуаттылықтың ықтимал төмендеуі

Энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуеті (%)

Орындалу туралы белгі

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

1
















2
















3































Жиыны (ш.о.т.):















3-кесте

Үлестік көрсеткіш атауы

Ұйымның қолданылатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі

Өнiм/аудан бiрлiгiне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынуды жоспарланған төмендеу көлемі

20__

20__

20__

20__

20__

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








Жиыны:







Барлығы:



      Келісілді:                   Әзірлеушілер:

      Ескертпе:
      1. Іс-шаралар кодының мағынасы:
      1) ЭЖжЖ. – электрмен жабдықтау және жарықтандыру;
      2) ЖЖжЖ. – жылумен жабдықтау және жылыту;
      3) ЖСЫ. – желдету, салқындату, ылғалдандыру;
      4) СС. – Сумен жабдықтау және су бұру;
      5) ТҚ. – технологиялық құрал-жабдық;
      6) ЕҚ. – есептеу және бақылау құралдары мен аспаптары, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер;
      7) ЭМ. – энергия менеджменті;
      8) ҚБА. – қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
      9) ҚО. – қатты отын;
      10) Газ. - газ;
      11) СО. – сұйық отын;
      12) ЭЭ. - электр энергиясы;
      13) ЖЭ. - жылу энергиясы;
      14) С. – Су;
      15) ш.о.т. – шартты отынның тоннасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады