Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-2/60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11010 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 80 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.02.2018 № 80 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 7 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 31 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 4-2/60 бұйрығымен
бекітілген

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

      1) құрылымдық бөлімше - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың құрамына кіретін және тұқымдардың сорттық және егу сапасына зерттеулер жүргiзуге арналған аумақтық оқшауланған бөлiмше;

      2) өтініш беруші – аттестаттаудан өту және тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн алу үшін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) өтініш берген заңды тұлға;

      3) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау – заңды тұлғаның тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);

      4) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлік – мемлекеттің тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың қызметін танығандығы туралы куәландыратын, өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы орган берген құжат.

      3. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттауды жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлікті бере отырып, жүргізеді (бұдан әрі – аттестаттау туралы куәлік).

      4. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттауды жүргізу үшін жергілікті атқарушы органының қаулысымен құрамында кемінде бес адам (комиссияның төрағасы және төрт мүшесі) бар тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) құрылады.

      Комиссия жергілікті атқарушы органның өкілдерінен тұрады.

      Жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлімі комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс орган) болып табылады.

      5. Заңды тұлғаға тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру өтініш берушінің осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – талаптар) сәйкес болған жағдайда жергілікті атқарушы органның қаулысымен жүзеге асырылады.

2. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттауды жүргізу тәртібі
Параграф 1. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды алғашқы аттестаттауды жүргізу

      6. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн алу үшін өтініш беруші Жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды (қайта аттестаттауды) жүргізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысанын (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны).

      Өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліміттерді Жұмыс органы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Өтініш беруші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электронды нысанда құжаттарын тапсыра алады.

      7. Комиссия өтініш берушінің осы Қағидалардың 6-тармағында көрcетiлген құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Жұмыс органы екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

      8. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрcетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, комиссия сегіз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жергілікті жерге бара отырып, өтініш берушінің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелерінің (бар болса) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Өтініш берушіні және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелерін (бар болса) тексеру нәтижелері бойынша комиссия бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру актісін (бұдан әрі – тексеру актісі) екі данада жасайды. Бір данасы комиссияда қалады, екіншісі өтініш берушіге беріледі.

      10. Комиссия осы Қағидалардың 6-тармағында көрcетiлген құжаттарды, сондай-ақ тексеру актілерін қарау қорытындысы бойынша екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру не бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және оған комиссияның барлық қатысушы мүшелері қол қояды.

      11. Комиссияның өтініш берушіге тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы шешімі негізінде Жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды, ол бекітілгеннен кейiн Жұмыс органы өтініш берушіге мерзімі үш жылға жарамды аттестаттау туралы куәлік береді.

      Өтініш берушінің құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда, олар аттестаттау туралы куәлікке қосымшада көрсетіледі.

      12. Өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі өтініш беруші осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап он алты жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Талаптарға сәйкес келмеген өтініш берушіге Жұмыс органы осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзім ішінде бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

      Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      13-1. Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттаудан өткізуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш беруші аттестаттау жүргізу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) аттестаттау жүргізу үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Ескерту. 1-параграф 13-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 2. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертхананың атауы немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген
жағдайда аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу

      14. Атауы немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туындаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлікті және (немесе) аттестаттау туралы куәлікке қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш (бұдан әрі – қайта ресімдеу туралы өтініш);

      2) мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараттар бар құжаттарды қоспағанда, аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;

      3) аттестаттау туралы куәліктің түпнұсқасы.

      15. Комиссия осы Қағидалардың 14-тармағында көрcетiлген құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын текесереді және аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу не қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделелі және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеуден бас тартудың негізі болып табылады.

      16. Комиссияның оң шешімі негізінде Жұмыс органы жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды, ол бекітілгеннен кейін Жұмыс органы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаға аттестаттау туралы қайта ресімделген куәлікті береді.

      17. Аттестаттау туралы қайта ресімделген куәлікке жаңа тіркеу нөмірі беріледі.

      Аттестаттау туралы қайта ресімделген куәліктің жарамдылық мерзімі бұрын берілген аттестаттау туралы куәліктің жарамдылық мерзіміне тең болып қалады.

      18. Қайта ресімдеу туралы өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап алты жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Параграф 3. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханалардың құрылымдық бөлімшелерінің саны азайған жағдайда
аттестаттау туралы куәлікке қосымшаны қайта ресімдеу

      19. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалардың құрылымдық бөлімшелерінің саны азайған жағдайда, тиісті шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Жұмыс органына ұсынады:

      1) қайта ресімдеу туралы өтініш;

      2) құрылымдық бөлімшені қайта ұйымдастыру немесе тарту туралы бұйрықтың көшірмесі;

      3) аттестаттау туралы куәлікке қосымшаның түпнұсқасы.

      Өтініш беруші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы элктронды нысанда құжаттарын тапсыра алады.

      20. Комиссия осы Қағидалардың 19-тармағында көрcетiлген құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын текесереді және құрылымдық бөлімшені шығарып тастау немесе шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделелі және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау аттестаттау туралы құрылымдық бөлімшені шығарудан бас тартудың негізі болып табылады.

      21. Комиссияның оң шешімі негізінде Жұмыс органы жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды, ол бекітілгеннен кейін Жұмыс органы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаға аттестаттау туралы куәлікке қайта ресімделген қосымшаны береді.

      22. Құрылымдық бөлімшені шығаруға байланысты қайта ресімдеу туралы өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап алты жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Параграф 4. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханалардың құрылымдық бөлімшелерінің саны көбейген жағдайда
аттестаттау туралы куәлікке қосымшаны қайта ресімдеу

      23. Құрылымдық бөлімшелердің саны көбейген жағдайда, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана Жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қайта ресімдеу туралы өтініш;

      2) талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;

      3) аттестаттау туралы куәлікке қосымшаның түпнұсқасы.

      24. Жаңа құрылымдық бөлімшені тексеру осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      25. Комиссия осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттарды және құрылымдық бөлімшені тексеру актісін қарау қорытындысы бойынша жаңа құрылымдық бөлімшені тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың құрамына кіретін аттестаттау туралы куәлікке қосымшада көрcетілген құрылымдық бөлімшелердің тізбесіне (бұдан әрі - құрылымдық бөлімшелердің тізбесі) енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      26. Комиссияның оң шешімі негізінде Жұмыс органы жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды, ол бекітілгеннен кейін Жұмыс органы аттестаттау туралы куәлікке қайта ресімделген қосымшаны береді.

      27. Құрылымдық бөлімшені құрылымдық бөлімшелер тізбесіне қосуға байланысты қайта ресімдеу туралы өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап он алты жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Жаңа құрылымдық бөлімше талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Жұмыс органы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаға жаңа құрылымдық бөлімшені құрылымдық бөлімшелер тізбесіне енгізуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша дәлелді жауап жібереді.

Параграф 5. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды қайта аттестаттауды жүргізу

      29. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы қайта аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен аттестаттау туралы куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталған кейін үш жылда бір рет жүргізіледі.

      Сапаға сараптама жасау жөніндегі зертхананы қайта аттестаттау рәсімін өткізген жағдайда, құрылымдық бөлімшелердің тізбесіне енгізілген құрылымдық бөлімше аттестаттау туралы куәліктің жарамдылық мерзімі өтуіне өткенге дейінгі алты ай ішінде тексеруге жатпайды.

      Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы қайта аттестаттау туралы өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзімнен аспауы тиіс.

      30. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта аттестаттауға өтініш аттестаттау туралы куәлiктің жарамдылық мерзімі өткенге дейінгі күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірмей беріледі.

3. Қорытынды ережелер

      31. Аттестаттау туралы куәлікті немесе аттестаттау туралы куәлікке қосымшаны қайта ресімдеген жағдайда, қайтадан берілген аттестаттау туралы куәлікте немесе аттестаттау туралы куәлікке қосымшада Жұмыс органы қайта ресімдеудің күні мен негізін көрсете отырып, белгі жасайды.

      32. Аттестаттау туралы куәлiк:

      1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;

      2) аттестаттау туралы куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады.

  Тұқым сапасына сараптама
жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

№____ Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы
аттестаттау туралы куәлік

      ____________________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның толық атауы)

      20 __ жылғы "__" ___________ № ______ жергілікті атқарушы орган

      қаулысының негізінде _______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерін

      көрсету)

      тұқымдарының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесі

      берілді.

      Аттестаттау туралы куәлікке қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бар

      болса) заңды тұлғаның құрамына кiретiн құрылымдық бөлiмшелердің

      тізбесі.

      Қайта ресімдеу негізі (қайта ресімделген жағдайда толтырылады): ____

      ____________________________________________________________________

      Басшы ______________________________________ ___________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) (қолы)

      Лауазымы ___________________________________________________________

      Берілген күні 20____жылғы "___" ____________________

      Мөр орны

      Жарамдылық мерзімі 20____жылғы "____"____________ дейін

  Тұқым сапасына сараптама
жасау жөніндегі зертхананы
аттестаттау туралы куәлікке
қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің
тізбесі

р/с

Атауы

Тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерінiң атаулары

Почталық мекенжайы

1

2

3

4










      Қайта ресімдеу күні және негізі (қайта ресімделген жағдайда

      толтырылады): _______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Басшы ____________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      Мөр орны

  Тұқым сапасына сараптама
жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға
қойылатын талаптар

      Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға:

      1) меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізде (кемінде бір жыл мерзіммен иелену) ғимараттың (үй-жайдың);

      2) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесі тiзiлiміне енгiзiлген және Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес салыстырылып тексерілген зертханалық жабдықтың және өлшем құралдарының:

      зертханалық таразы;

      ылғал өлшегiштер;

      термометрлер;

      сағаттар (1, 3 минуттық, сигналдық құмсағаттар);

      зертханалық електер жиынтықтары, оның ішінде: қақпағы және тұғыры бар № 1, 2 елек, шөпке арналған қақпағы және тұғыры бар шағын габариттi елеуiштер;

      оптикалық құралдар (микроскоптар, лупалар);

      +50-ден +150 С-ға дейінгі реттеу диапазоны бар кептіргiш шкафтар;

      тұқым өсiруге арналған термостаттар (жылытқыш және суытқыш);

      зертханалық диірмен;

      сынама алуға арналған сүңгілер;

      секундомер;

      механикалық тұқым бөлгiш;

      саңылауларының диаметрi 1, 1,5, 2,5 миллиметрлік електер;

      тоңазытқыш (суытқыш термостат болмаған кезде);

      құмды қыздыруға арналған пеш;

      тұқым есептегіш-тарқатқыш;

      топырақ електері жиыны (мақта тұқымы үшін);

      люминесценттік шам;

      3) тұқым сапасын анықтау әдiстерiне нормативтiк-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес тұқымның сапа көрсеткiштерiн анықтауды қамтамасыз етуге арналған құрал-сайманның:

      сыйымдылығы әртүрлi шыны ыдыс;

      құрастырмалы тақтайшалар;

      зертханалық қалақтар;

      препаральды инелер;

      торлы түбі бар метал цилиндр, цилиндрлер;

      тұқым өсіретін ыдыстар;

      өлшеуіш колбалар;

      эксикатор;

      өлшеуіш цилиндрлер;

      бюкстер;

      зертханалық скальпель немесе пышақ;

      тигельдік қысқаштар;

      петри шыныаяғы;

      4) кемінде бір штаттық тұқым сарапшысының болуы кіреді.

  Тұқым сапасына сараптама
жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      _________________________________________________________________ ға

      (жергілікті атқарушы органның толық атауы)

      Кімнен _____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі)

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттауды (қайта аттестаттауды) жүргізу туралы өтініш

      Аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан (қажеттісінің астын сызу

      керек) өткiзуді және _______________________________________________

      (тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерін

      ____________________________________________________________________

      көрсету)

      тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн беруді

      сұраймын

      Заңды тұлға туралы мәліметтер:

      Мекенжайы: _________________________________________________________

      (индекс, аудан, облыс, қала (ауыл), көше, үй нөмірі, телефон,

      ____________________________________________________________________

      электрондық мекенжайы)

      Қоса берілетiн құжаттар:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды

      (қайта аттестаттауды) жүргізу туралы өтінішке қосымшаға сәйкес нысан

      бойынша заңды тұлғаның құрамына кiретiн құрылымдық бөлiмшелердің

      тiзбесі (бар болса) қоса беріліп отыр.

      Басшы ______________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) (қолы)

      Мөр орны толтыру күні: 20__ жылғы "___" _____________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ___ 20__ жылғы "___"_____

      Өтініш 20____ жылғы "___" ________________ қарауға қабылданды

      _______________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) (қолы)

  Тұқым сапасына сараптама
жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттауды (қайта аттестаттауды)
жүргізу туралы өтінішке
қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның құрамына кiретiн құрылымдық бөлімшелердің
тiзбесі (бар болса)

р/с

Атауы

Почталық мекенжайы

Электрондық мекен-жайы

Байланыс телефондары

Тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің атауы

1

2

3

4

5

6








      Басшы __________________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) (қолы)

  Тұқым сапасына сараптама
жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттау қағидаларына
4-қосымша

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға
қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны*

      Тұқым сапасына сараптама жасауды өткізуге арналған ғимараттың

      (үй-жайдың) болуы туралы мәлімет:

р/с

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік құқығын немесе өзге заңды негізді растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні

1

2

3





      Зертханалық жабдықтар және өлшем құралдарының болуы туралы

      мәліметтер:

р/с

Зертханалық жабдықтардың, өлшем құралдарының атауы

Өлшем бірлігі

20__ жылғы ___

қолда бары

Зертханалық жабдықтардың, өлшем құралдарының зауыттық нөмірі

Салыстырып тексеру (аттестаттау) туралы сертификаттың нөмірі және күні

1

2

3

4

5

6








      Құрал-саймандардың болуы туралы мәліметтер:

р/с

Құрал-сайман атауы

Өлшем бірлігі

20__жылғы ____

қолда бары

1

2

3

4






      Тұқымдық сарапшылардың болуы туралы ақпарат:

р/с

Маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Білімі бойынша мамандығы

Жергілікті атқарушы орган тұқымдық сарапшыдан алынған, тұқымның сұрыптық және егістік сапасына сараптаманы жүргізу бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның нөмірі және күні

1

2

3

4






      Ескерту: * әр құрылымдық бөлімше бойынша толтырылады (бар болса).

  Тұқым сапасына сараптама
жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға
қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актісі

      20___ жылғы "____" ___________ № _____

      Комиссия_______________________________________________________

      (заңды тұлғаның (құрылымдық бөлiмшенің) толық атауы)

      тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн беру

      үшiн ________________________________________________________________

      (тұқым сапасына

      _____________________________________________________________________

      сараптама жүргiзiлетін ауыл шаруашылығы өсiмдiктерін көрсету)

      тұқымға сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға

      сәйкестiгін тексеру нәтижелері туралы осы актіні жасады.

      Тексеру нәтижесiнде мыналардың:

      Тұқым сапасына сараптама жасауды өткізуге арналған ғимараттың

      (үй-жайдың) болуы белгіленеді:

р/с

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік құқығы немесе өзге заңды негізді растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні

1

2

3





      Зертханалық жабдықпен және өлшем құралдарымен қамтамасыз

      етілуі:

р/с

Зертханалық жабдықтардың, өлшем құралдарының атауы

Өлшем бірлігі

20__жылғы __

қолда бары

Зертханалық жабдықтардың, өлшем құралдарының зауыттық нөмірі

Салыстырып тексеру (аттестаттау) туралы сертификаттың нөмірі және күні

Жай-күйі

1

2

3

4

5

6

7









      Құрал-сайманмен қамтамасыз етілуі:

р/с

Құрал-сайман атауы

Өлшем бірлігі

20__жылғы ____

қолда бары

1

2

3

4






      Тұқымдық сарапшылардың бар болуы:

р/с

Маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Білімі бойынша мамандығы

Жергілікті атқарушы орган тұқымдық сарапшыдан алынған, тұқымның сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның нөмірі және күні

1

2

3

4






      Комиссия төрағасы ___________________________________________ _______

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы) (қолы)

      Комиссия мүшелерi ___________________________________________ _______

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы) (қолы)

      ___________________________________________ _______

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы) (қолы)

      ___________________________________________ _______

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы) (қолы)

      ___________________________________________ _______

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы) (қолы)

  Тұқым сапасына сараптама
жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттау қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның толық атауы)

      Кімнен______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі)

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау
туралы куәлікті және (немесе) аттестаттау туралы куәлікке
қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш

      ____________________________________________________________________

      (қайта ресімдеуге негіз көрсету)

      байланысты 20__ жыл "____" ___________ № ________ тұқым сапасына

      сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлікті

      немесе аттестаттау туралы куәлікке қосымшаны қайта ресімдеуді,

      құрылымдық бөлімшені шығаруды немесе қосуды (қажеттісінің астын сызу

      керек) сұраймын.

      Мекен-жайы: ________________________________________________________

      (индекс, аудан, облыс, қала (ауыл), көше, үй нөмірі, телефон,

      ____________________________________________________________________

      электрондық мекенжайы)

      Қоса берілетін құжаттар:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басшы _________________________________________ ________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      Мөр орны толтырылған күн: "__" _________ 20 __ жыл

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ____ 20_ жылғы "__" _____

      Өтініш 20 ___ жылғы "__" ________________ қарауға қабылданды

      _____________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) (қолы)

  Тұқым сапасына сараптама
жасау жөніндегі зертхананы
аттестаттау туралы куәлікті
және (немесе) аттестаттау туралы
куәлікке қосымшаны қайта ресімдеу
туралы өтінішке қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның құрамына кіретін немесе құрамынан шығарылатын
құрылымдық бөлімшелердің тізбесі*

Р/с

Атауы

Почталық мекенжайы

Электрондық мекенжайы

Байланыс телефондары

Тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің атауы

1

2

3

4

5

6








      Ескерту: * құрылымдық бөлімшелерді қосқан немесе шығарған

      жағдайларда толтырылады.

      Басшы ______________________________________ _________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады