Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын әзірлеу, басып шығару және жүргізу жөніндегi қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 мамырда № 11045 тіркелді.

      "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастрды әзiрлеу, басып шығару және жүргiзу жөніндегi қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Е. Досаев

      2015 жылғы 8 сәуір


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________________Ә. Исекешев

      2015 жылғы "___" ___________



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 283 бұйрығымен бекітілген

Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастрды әзiрлеу, басып шығару және жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастрды әзiрлеу, басып шығару және жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын (бұдан әрі – Кадастр) әзірлеу, жүргізу, басып шығару, тәртібін белгілейді.

      2. Кадастрға жүзі бар және лақтыратын суық қарулар, механикалық тозаңдатқыштар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозольды және басқа да құрылғылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе шетелге әкетiлетiн қарулардың сирек даналары туралы мәлiметтерден басқа, сәйкестігі мендетті түрде расталған өткен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары туралы барлық мәліметтер енгізуге жатады.

2. Кадастрды әзірлеу тәртібі

      3. Кадастр мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) отандық өндірістің азаматтық қаруы мен оның патрондары;

      2) шетелдік өндірістің азаматтық қаруы мен оның патрондары;

      3) қызметтік қару мен оның патрондары;

      4) тек экспорттау үшін жасалған қару мен оның патрондары;

      5) қару өндiру кезiнде технологиялық мақсаттарда пайдалануға арналған сынақтық, үлгiлiк және басқа да патрондар.

      4. Кадастрға қару мен патрондар туралы мынадай мәлiметтер енгiзiледi:

      1) отандық өндiрiс шығарған:

      қару мен пайдаланылатын патрондар моделiнiң (патрондар үлгiсiнiң) атауы мен белгiленуi;

      қару мен патрондардың негiзгi техникалық көрсеткiштерi;

      әзiрлеушi мен жасап шығарушының атауы;

      ол бойынша қарулар (патрондар) жасалатын (сыналатын) нормативтiк құжаттың белгiленуi мен атауы;

      сынақ жүргiзген ұйым (зертхана);

      үлгiсiнiң түрлi-түстi фотосуретi;

      2) шетелдiк өндiрiс шығарған:

      қару мен пайдаланылатын патрондар моделiнiң (патрондар үлгiсiнiң) атауы мен белгiленуi;

      қару мен патрондардың негiзгi техникалық көрсеткiштерi;

      қару мен патрондарды жасап шығарушы елдiң және фирманың атауы;

      түрлi-түстi фотосуретi;

      сәйкестігі расталған сынақ жүргiзген орган (зертхана) (ол Қазақстан Республикасында жүргiзілген болса).

      Шетелдiк өндiрiстен шыққан қару мен патрондар туралы қосымша мәлiметтер ретiнде қарудың жасалу нұсқалары, таңбалануы, сатушы-фирма, техникалық сипаттамасы енгiзiлуi мүмкiн.

      5. Кадастрға енгiзiлетiн қару мен патрондардың негiзгi техникалық көрсеткiштерiнiң номенклатурасы қарудың осы түрiне арналған нормативтік құжаттармен айқындалады. Отандық қарудың әр моделiне тiркеу нөмiрi берiледi.

      6. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары туралы мәлiметтердi Кадастрға енгiзу олардын сәйкестігін міндетті түрде растау нәтижелерi негiзiнде жүргiзiледi.

      Сәйкестігін міндетті түрде растауға Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының барлық моделi жатады.

      7. Қарудың және оның патрондарының техникалық талаптары мен сынау әдiстерi техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы нормативтiк құжаттармен айқындалады.

      8. Әкелiнетiн қару мен оның патрондарына мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi ақпарат iлесе жүреді.

      9. Өтiнiш иесi мәліметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органға осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi, сондай-ақ ұсынылатын қарудың (патрондардың) белгiленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды (қарудың немесе патрондардың жинау сызбасын, қарудың немесе патрондардың паспортын) ұсынады.

      Сертификаттық сынақтарды жүргiзу үшiн қарудың немесе патрондардың үлгiлерi ұсынылады.

      10. Сертификаттық сынақтардың, ұсынылған мәлiметтердi, құжаттарды және қарудың немесе патрондардың үлгiлерiн тексеру нәтижелері негiзiнде сәйкестігін растау жөнiндегi орган бұйымдарды азаматтық және (немесе) қызметтік қаруға немесе патрондарға не конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға жатқызу туралы шешім қабылдайды және өтiнiш иесіне Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгілеген нысан бойынша сәйкестiк сертификатын бередi.

      Сәйкестiк сертификаты қару мен оның патрондарының Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымы үшiн негiз болып табылады.

      11. Сәйкестiгін растау жөнiндегi орган қару моделiне (патрондардың үлгiлерiне) екi данадағы iстi құрайды және оның бір данасын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК) ұсынады.

      12. Қарудың әрбір моделiне (патронның үлгiсiне) осы Қағидалардың 2, 3, 5, 6, 7 және 10-тармақтарына сәйкес қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК-нің төрағасы бекітетін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары модельдерінің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) негізінде Кадастрдың тiркеу нөмiрiн бередi.

3. Кадастрды басып шығару және жүргізу тәртібі

      13. Кадастр Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында шығарылады.

      14. Кадастрды тізбенің негізінде қағаз және электрондық тасымалдағышта Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК жүргізеді. Кадастрға өзгерістерді тізбе бекітілгеннен кейін үш ай ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК енгізеді.

      15. Кадастрдың түпнұсқасы, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қарудың модельдерін (патрондардың үлгілерін) Кадастрға енгізу туралы құжаттар Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады