Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 354 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11068 тіркелді

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2015 жылғы 1 шілде - 2016 жылғы 30 маусым кезеңіне арналған шекті бағалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі                             В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      _______________Е. Досаев
      «____» __________2015 жыл

Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2015 жылғы 14 мамырда 
№ 354 бұйрығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды
көтерме саудада өткізудің 2015 жылғы 1 шілде - 2016 жылғы
30 маусым кезеңіне арналған шекті бағасы

Р/с

Өңір

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен

1.

Алматы қаласы

18 263 (он сегіз мың екі жүз алпыс үш)

2.

Алматы облысы

18 263 (он сегіз мың екі жүз алпыс үш)

3.

Оңтүстік Қазақстан облысы

16 808 (он алты мың сегіз жүз сегіз)

4.

Жамбыл облысы

16 457 (он алты мың төрт жүз елу жеті)

5.

Қызылорда облысы

6 561 (алты мың бес жүз алпыс бір)

6.

Батыс Қазақстан облысы

11 266 (он бір мың екі жүз алпыс алты)

7.

Ақтөбе облысы

4 105 (төрт мың жүз бес)

8.

Атырау облысы

5 464 (бес мың төрт жүз алпыс төрт)

9.

Қостанай облысы

17 105 (он жеті мың жүз бес)

10.

Шығыс Қазақстан облысы

7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)

11.

Маңғыстау облысы

11 894 (он бір мың сегіз жүз тоқсан төрт)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады