Тарифтік жеңілдіктер беру қағидаларын және тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 279 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 мамырда № 11069 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 272-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 28.06.2022 № 272-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабының 3-тармағына және "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.

      2. Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Т. Жақсылықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ____________________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 15 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 9 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________Ә.Исекешев

      2015 жылғы 3 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрдің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 279 бұйрығына
1-қосымша

Тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабының 3-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармақшасына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, "Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағына:

      1) құрылтай құжаттарында белгіленген мерзімдер шегінде заңды тұлғаның жарғылық капиталына осы капиталды қалыптастыру үшін құрылтайшының салымы ретінде үшінші елдерден әкелінетін тауарларды;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 1701 13, 1701 14-кодтарымен жіктелетін дәмдік-хош иісті немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантты;

      3) акцизделетіндерден (медициналық мақсаттар үшін арнайы арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда) басқа, өтеусіз көмек (жәрдемдесу) ретінде, сондай-ақ үшінші елдердің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтердің желісі бойынша қайырымдылық мақсаттарында, оның ішінде техникалық көмек көрсету (жәрдемдесу) үшін және (қаржылық көмек) гранттар есебінен әкелінетін тауарларды әкелуге қатысты тарифтік жеңілдіктер беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, коммерциялық емес ұйымдарға, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 135-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 135-бабының 2-тармағында көрсетілген ұйымдарға өтеусіз негізде берілетін мүлік;

      2) ізгілік көмек - халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрі-дәрмектер, өзге де заттар түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік;

      3) грант - мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметі қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгілі бір мақсаттарға (міндеттерге) жету үшін өтеусіз негізде беретін мүлік;

      4) шикі-қант - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 1701 13, 1701 14-кодтарымен жіктелетін дәмдік-хош иісті немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қант;

      5) техникалық көмек - мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар экономикалық, ғылыми-техникалық көмекті, сондай-ақ әскери-техникалық көмекті жүзеге асыру мақсатында, оның ішінде жауынгерлік дайындықты, әскери техниканы жөндеу және жаңғыртуды, бірлескен (халықаралық) оқуларды, сынақтарды, жарыстарды, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің қатысуымен көрмелер өткізуді қолдау үшін көмекті Қазақстан Республикасына өтеусіз негізде берілетін мүлік.

2. Құрылтайшының жарғылық капиталына салымы ретінде үшінші елдерден әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер беру тәртібі мен шарттары

      4. Заңды тұлға тарифтік жеңілдікті алу үшін осы заңды тұлғаның құрылтайшы жарғылық капиталына салымы ретінде үшінші елдерден әкелінетін тауарларды декларациялау кезінде кеден істері саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына:

      заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру туралы немесе құрылтайшының салымы есебінен жарғылық капиталды ұлғайту туралы мәліметтерді қамтитын тіркелген құрылтайшы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      заңды тұлғаның осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған әкелінетін тауарды мақсатты пайдалану туралы міндеттемесін ұсынады.

      5. Тауарларға кедендік әкелу бажын төлеуден босату түрінде тарифтік жеңілдік мынадай шарттар сақталған жағдайда беріледі;

      құрылтайшы заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде енгізетін осы тауарлар заңды тұлғаның негізгі қызметін жүзеге асыру процессіне қатысатын негізгі өндірістік қорларға (негізгі қорларға) жатады;

      тауарлар осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлар тізбесіне қосылған;

      тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына заңды тұлға құрылтайшыларының тиісті шешімімен белгіленген мерзімдер шегінде әкелінеді, бұл ретте әкелу мерзімі жарғылық капиталдың салымын енгізу көлемінде, құрамы мен тәртібінде құрылтай құжаттарында белгіленген мерзімнен аспауы тиіс;

      әкелінетін тауарды мақсатты пайдалану.

      6. Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтқан жағдайда, осы Қағидаларда көзделген тарифтік жеңілдік осы тауарларды енгізу есебінен заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуды көздейтін құрылтай құжаттарына белгіленген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін беріледі.

      7. Әкелінетің тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көзделген тәртіппен кедендік әкелу баждары төленген жағдайда, кедендік әкелу баждарын төлеуден босатылып әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету құқықтарын басқа тұлғаға беруге жол беріледі.

      8. Басқа мақсаттарда, оның ішінде осы кәсіпорынға тікелей қатысты емес үшінші тұлғаларға уақытша пайдалануға беру кедендік бақылауда болған кезеңде кедендік әкелу бажын төлеуден босатылып әкелінген тауарларды пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көзделген тәртіппен кедендік баждар мен салықтардың тиесілі сомалары өндіріп алуға жатады.

      9. Құрылтайшы кедендік әкелу баждарын төлеуден босату түрінде тарифтік жеңілдікті пайдаланған заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушылардың) құрамынан шыққан жағдайда, сондай-ақ осы құрылтайшы кедендік әкелу баждарын босата отырып әкелінген тауарларға меншік құқығының өтуін көздейтін мәмілелерді жасаған кезде не осындай тауарларды уақытша пайдалануға берген кезде кедендік әкелу баждарын төлеу міндеттемесі Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес орындауға жатады.

3. Шикі қантты әкелуге қатысты тарифтік жеңілдіктер беру тәртібі мен шарттары

      10. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган жыл сайын, 1 қарашаға дейінгі мерзімде:

      1) алдағы жылға арналған қант өндіру үшін қажетті шикі қант көлемін көрсете отырып Қазақстан Республикасында қант шығару мен тұтынудың теңгерімін;

      2) мынадай өлшемдерге:

      кәсіпорынның шикі құрақ қантын өңдеу үшін қажетті технологиялық жабдығының болуына;

      шикі құрақ қантынан ақ қантты сериялық өндірудің болуына;

      кәсіпорынның алдағы күнтізбелік жылға арналған жобалық қуатына сәйкес келетін қант өндіруші кәсіпорындар тізбесін қалыптастырады, және сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

      11. Сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша:

      31 желтоқсанға дейін алдағы жылға арналған ұсынылған теңгерім негізінде шикі қантты бажсыз әкелуге квота көлемін бекітеді;

      квота белгіленген жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейін, бекітілген квота көлемі шегінде қант өндіруші кәсіпорындарға немесе шикі қант әкелуге өндіруші кәсіпорындармен келісімшарт болған жағдайда шикі қант әкелуге лицензиялар беруді жүзеге асырады;

      1 сәуірге дейін есепті жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияға шикі қант әкелудің нақты көлемдері туралы ақпаратты жолдайды.

      12. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен әкелінетін шикі қантты кедендік ресімдеуді және қантты әкелуден кедендік баждар алуды:

      кедендік әкелу баждарының нөлдік мөлшерлемелері бойынша лицензиялар негізінде;

      Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде көрсетілген кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері бойынша лицензияларсыз қамтамасыз етеді.

      13. Шикі қантты әкелу кезінде кедендік әкелу бажын төлеуден босату түріндегі тарифтік жеңілдік:

      қант өндіруші кәсіпорын немесе шикі қант әкелуге өндіруші кәсіпорынмен келісімшарт болған кезде өнім беруші әкелуді жүзеге асырады;

      жыл сайынғы квотаның белгілеген көлемі шегінде сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган берген лицензияның болуы шарттары сақталған жағдайда беріледі.

4. Акцизделетіндерден (медициналық мақсаттар үшін арнайы арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда) басқа, өтеусіз көмек (жәрдемдесу) ретінде, сондай-ақ үшінші елдердің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтердің желісі бойынша қайырымдылық мақсаттарында, оның ішінде техникалық көмек көрсету (жәрдемдесу) үшін және (қаржылық көмек) гранттар есебінен әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер берудің тәртібі мен шарттары

      14. Акцизделетіндерден (медициналық мақсаттар үшін арнайы арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда) басқа өтеусіз (ізгілік) көмек ретінде әкелінетін тауарларды декларациялау кезінде тарифтік жеңілдікті алу үшін Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына мынадай құжаттар беріледі:

      тауарлардың әкеліну мақсаты көрсетілетін көліктік (тасымалдау) не коммерциялық және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растауы;

      тауарларды жіберушінің тауарларды өтеусіз беру фактісін растауы;

      тауарларды мақсатты пайдалану туралы алушының міндеттемесі.

      15. Қазақстан Республикасының кеден аумағына акцизделетіндерден (медициналық мақсаттар үшін арнайы арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда) басқа өтеусіз көмек (жәрдемдесу) ретінде үшінші елдердің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтердің желісі бойынша қайырымдылық мақсаттарында, оның ішінде техникалық көмек көрсету (жәрдемдесу) үшін және (қаржылық көмек) гранттар есебінен әкелінетін тауарларды декларациялау кезінде тарифттік жеңілдіктер алу үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына мынадай:

      1) үшінші елдердің, халықаралық ұйымдардың және үкіметтердің желісі бойынша қайырымдылық мақсаттарында әкелінетін тауарлар үшін:

      тауарлардың әкеліну мақсатында көрсетілетін көліктік (тасымалдау) не коммерциялық және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растауы;

      қайырымдылық мақсаттарда тауарлар әкелу жүзеге асырылатын халықаралық келісімнің, шарттың көшірмелері;

      заңды тұлғаның коммерциялық емес ұйым ретінде тіркелгендігін растайтын заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтаманың көшірмесі, сондай-ақ жарғының көшірмесі;

      2) техникалық көмек көрсету (жәрдемдесу), сондай-ақ (қаржылық көмек) гранттар есебінен әкелінетін тауарлар:

      оны орындау үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) деректемелері көрсетілетін көліктік (тасымалдау) не коммерциялық құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растауы;

      оны орындау үшін тауарлар жеткізілетін техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) көшірмесі сияқты құжаттар ұсынылады.

      16. Қазақстан тарапынан техникалық көмек (жәрдемдесу) бағдарламасының орындалуын бақылайтын құзыретті орган кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жобаның орындалғандығы туралы ақпаратты ұсынады.

      17. Әкелінетін тауарлардың ұсынылған жобаларда әкелінуі көзделіп отырған тауарлармен бірдейлігін қамтамасыз ету мақсатында аталған жобалардағы тауарлардың тізбесі жеке көрсетілуге тиіс.

      18. 14, 15-тармақтарда көрсетілген құжаттар болған жағдайда және әкелінетін тауарлардың, қайырымдылық, гуманитарлық және техникалық көмек көрсету мен грант мақсаттарына сәйкес келген кезде акцизделетіндерден (медициналық мақсаттар үшін арнайы арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда) басқа, өтеусіз көмек (жәрдемдесу) ретінде, сондай-ақ үшінші елдердің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтердің желісі бойынша қайырымдылық мақсаттарында, оның ішінде техникалық көмек көрсету (жәрдемдесу) үшін және (қаржылық көмек) гранттар есебінен әкелінетін тауарларды әкелген кезде кеден әкелу бажынан босату түрінде тарифтік жеңілдік беріледі.

  Тарифтік жеңілдіктер беру
қағидалары мен шарттарына
1-қосымша

      Нысан

Құрылтайшының және (немесе) шетелдік құрылтайшының жарғылық
капиталына салым ретінде әкелінген тауарларды мақсатты
пайдалану туралы заңды тұлғаның міндеттемесі

      1. Жалпы ақпарат

      Алушы/импорттаушы____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      Салық төлеушінің (ЖСН/БСН)


      2. Жарғылық капиталға салым ретінде әкелінген тауар туралы ақпарат

      _____________________________________________________________________

      (Тауардың атауы)

      _____________________________________________________________________

      (Тауардың сәйкестендіру/сериялық нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      3. Жарғылық капиталға салым ретінде әкелінген тауарлардың мақсатты пайдаланылуы

      Аталған тауарларды қатаң түрде олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндеттенемін. Аталған тауарларды мақсатсыз пайдаланған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамаларына сәйкес тиесілі кедендік баждардың, салықтар мен өсімпұлдардың сомасын төлеуге міндеттенемін,

      Басшы________________________________________________/______________/

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      _____________________________________________________________________

      (жеке куәліктің нөмірі, берген мекеме, берілген күні мен қолданылу мерзімі)

      Міндеттеме 20___жылғы "___"_________қабылданды.

      Кеден органының лауазымды адамы:

      _________________________________/

      _________________________________ ______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      Күні 20___жылғы "__" _____________ Кеден органының М.О.

  Тарифтік жеңілдіктер беру
қағидалары мен шарттарына
2-қосымша

      ________________ бастығына

      (кеден органының атауы)

      Нысан

Қазақстан Республикасының кеден аумағына ізгілік көмек ретінде
әкелінетін тауарларды мақсатты пайдалану туралы алушының
міндеттемесі

      Мен,_________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жүк алушының (ұйымның өкілі) Т.А.Ә. және төлқұжаттық деректері, ұйымның атауы, ЖСН/БСН, мекен-жайы мен банктік деректемелері)

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________кеден декларациясына сәйкес

      ізгілік көмек ретінде:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________әкелдім.

      (тауарлардың атауы)

      Осыған байланысты көрсетілген тауарларды тек халықтың өмір сүру және тұрмыс жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою үшін пайдалануға және коммерциялық пайда табу үшін пайдаланбауға міндеттенемін.

      Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарда пайдалану үшін Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамаларына сәйкес теңге мен олардың өсімпұлы мөлшерінде кедендік ресімдеу кезінде төленбеген кеден төлемдерін, салықтарын төлеуге міндеттенемін.

      ______________/_______/ Күні 200__жылғы "__"______________

      аты-жөні (қолы)

      М.О. (болған жағдайда)

      Ескерту. Ізгілік көмек кеден төлемдері, салықтары және өсімпұлдары төленбестен өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, тиісті сома Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамаларына сәйкес жауаптылық шаралары қолданыла отырып алынатын болады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 279 бұйрығына
2-қосымша

Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.01.2017 № 27 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ЕАЭО СЭҚ ТН коды Тауардың атауы1
1. Құрылтайшының жарғылық капиталына салымы ретінде үшінші елдерден әкелінетін тауарлар

8432
(ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына сәйкес тауарлардан басқа:
8432 10 000 0,
8432 21 000 0,
8432 29 300 0,
8432 31 190 0,
8432 39 190 0)

Жерді дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша немесе орман шаруашылығы машиналары, көгалдар мен спорт алаңдарына арналған аунақтар

8433
(ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына сәйкес тауарлардан басқа:
8433 51 000 1,
8433 51 000 9,
8433 59 110 1,
8433 59 110 9,
8433 59 850 9,
8433 20 900 0)

Пресс жинағыштарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер, сабанды немесе пішенді дестелерге буып-түюге арналған престер; пішен шалғылары және көгал шалғылары, жұмыртқаларды, жемістерді немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе калибрлеуге арналған машиналар

8434

Сауын қондырғылары мен аппараттары, сүт өңдеуге және қайта өңдеуге арналған жабдықтар

8435

Шарап жасауға, сидр, жеміс шырындарын және осыған ұқсас сусындар өндірісі үшін ұсақтағыштар және осыған ұқсас жабдықтар

8436

Ауыл шаруашылығына, бағбандыққа, орман шаруашылығына, құс шаруашылығына немесе бал ара шаруашылығына арналған жабдықтар, механикалық немесе жылытқыш құрылғылары бар тұқым өсіруге арналған жабдықтарды қоса алғанда, өзгелер; құс шаруашылығына арналған инкубаторлар мен брудерлер

8437
(ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына сәйкес тауарлардан басқа 8437 10 000 0)

Тұқымды, астықты және құрғақ бұршақ дәнді дақылдарды тазалауға, сұрыптауға немесе іріктеуге арналған машиналар, ауыл шаруашылығы фермаларында пайдаланылатын жабдықтардан басқа ұн тарту өнеркәсібіне арналған немесе дәнді немесе құрғақ бұршақ дәнді дақылдарды өңдеуге арналған жабдықтар

8438

Мал немесе ұшпайтын өсімдік майларын немесе май бөліп алуға немесе жасауға арналған жабдықтардан басқа, аталған топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген азық-түлік өнімдерін немесе сусындарды өнеркәсіптік жолмен жасауға немесе өндіру үшін жабдықтар

8701
(ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына сәйкес, тауарлардан басқа:
8701 20 101 3,
8701 20 101 8,
8701 20 109 0,
8701 20 901 4)

Тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларынан басқа)

8709

Зауыттарда, қоймаларда, кемежайларда немесе әуежайларда жүктерді шағын қашықтықтарға тасымалдау үшін пайдаланылатын, көтергіш немесе тиегіш қондырғылармен жабдықталмаған өздігінен жүретін өндірістік мақсаттағы өзге электр көлік құралдары, теміржол платформаларында пайдаланылатын тракторлар; жоғарыда аталған көлік құралдарының жаңа, сол сияқты бұрын пайдалануда болған бөлшектері

8716 39 300 9

Жүктерді тасымалдауға арналған өзге жаңа жартылай тіркемелер

8716 39 500 9

Жүктерді тасымалдауға арналған өзге жаңа тіркемелер

8716 39 800 8

Жүктерді тасымалдауға арналған өзге бұрын пайдалануда болған тіркемелер мен жартылай тіркемелер

8802 11 000

Бос снарядталған аппараттың массасымен 2000 кг аспайтын тікұшақтар

8802 30 000 7

Бос снарядталған аппараттың массасымен 2000 кг асатын, бірақ 15 000 кг аспайтын, саны 50 адамнан асатын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары, өзгелер

8802 40 001 6

Бос снарядталған аппараттың массасымен 15 000 кг асатын, бірақ 20 000 кг аспайтын, саны 50 адамнан асатын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары, өзгелер

8802 40 003 4

Бос снарядталған аппараттың массасымен 20 000 кг асатын, бірақ 90 000 кг аспайтын, саны 50 адамнан аспайтын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары

8802 40 003 5

Бос снарядталған аппараттың массасымен 20 000 кг асатын, бірақ 90 000 кг аспайтын, саны 50 адамнан асатын, бірақ 300 адамнан аспайтын жолаушы орындары, отырғыштардың арасында екі өту жолы бар магистральды, кең фюзеляжды азаматтық жолаушы ұшақтары

8802 40 003 6

Бос снарядталған аппараттың массасымен 20 000 кг асатын, бірақ 90 000 кг аспайтын, саны 50 адамнан асатын, бірақ 300 адамнан аспайтын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары

8901 10 100 1

Теңіз паромдары

9406 90 310 0

Жиналатын құрылыс конструкциялар, жылыжайлар

9406 90 900 9

Өзге материалдардан жасалған жиналатын құрылыс конструкциялары

2.Қант өндіретін кәсіпорындарға үшінші елдерден әкелінетін тауарлар

1701 13

Тростниктік шикі қант

1701 14

Өзге тростниктік шикі қант

      Ескертпе:

      1 Тарифтік жеңілдіктер қолдану мақсаттары үшiн тауарлар СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшiн келтiрiлген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады