Тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оларға қатысты тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 272-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 шiлдеде № 28694 болып тіркелді.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.

      2. Мынылардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Тарифтік жеңілдіктер беру қағидаларын және тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 279 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11069 болып тіркелген);

      2) "Тарифтік жеңілдіктер беру қағидаларын және тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 279 және "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығының 1-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14829 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2022 жылғы 28 маусымдағы
№ 272-НҚ бұйрығына
1-қосымша

Тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-2) тармақшасына, "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, "Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағына:

      1) құрылтай құжаттарында белгіленген мерзімдер шегінде заңды тұлғаның жарғылық капиталына осы капиталды қалыптастыру үшін құрылтайшының салымы ретінде үшінші елдерден әкелінетін тауарларды;

      2) акцизделетіндерден (медициналық мақсаттар үшін арнайы арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда) басқа, өтеусіз көмек (жәрдемдесу) ретінде, сондай-ақ үшінші елдердің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтердің желісі бойынша қайырымдылық мақсаттарында, оның ішінде техникалық көмек көрсету (жәрдемдесу) үшін және (қаржылық көмек) гранттар есебінен әкелінетін тауарларды әкелуге қатысты тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттарын айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) қайырымдылық көмек – өтеусіз негізде:

      демеушілік көмек түрінде;

      жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде;

      коммерциялық емес ұйымға оның жарғылық қызметін қолдау мақсатында;

      әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымға, осы ұйымның "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 290-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында;

      Салық кодексінің 290-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сай келетін, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымға берілетін мүлік;

      2) гуманитарлық көмек – халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, өзге де мүлік түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік;

      3) грант – белгілі бір мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін өтеусіз негізде:

      мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері – Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;

      қызметі қайырымдылық және (немесе) халықаралық сипатқа ие және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар – Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;

      шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар – Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін мүлік.

2-тарау. Құрылтайшының заңды тұлғаның жарғылық капиталына салымы ретінде үшінші елдерден әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер беру тәртібі мен шарттары

      4. Заңды тұлға тарифтік жеңілдікті алу үшін осы заңды тұлғаның құрылтайшы жарғылық капиталына салымы ретінде үшінші елдерден әкелінетін тауарларды декларациялау кезінде кеден істері саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына:

      1) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру туралы немесе құрылтайшының салымы есебінен жарғылық капиталды ұлғайту туралы мәліметтерді қамтитын тіркелген құрылтайшы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

      2) құрылтайшының заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде әкелінген тауарларды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мақсатты пайдалану туралы нысан бойынша жасалған міндеттемесін ұсынады.

      5. Тауарларға кедендік әкелу бажын төлеуден босату түрінде тарифтік жеңілдік мынадай шарттар сақталған жағдайда беріледі:

      1) құрылтайшы заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде енгізетін осы тауарлар заңды тұлғаның негізгі қызметін жүзеге асыру процессіне қатысатын негізгі өндірістік қорларға (негізгі қорларға) жатады;

      2) тауарлар осы бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлар тізбесіне қосылған;

      3) тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына заңды тұлға құрылтайшыларының тиісті шешімімен белгіленген мерзімдер шегінде әкелінеді, бұл ретте әкелу мерзімі жарғылық капиталдың салымын енгізу көлемінде, құрамы мен тәртібінде құрылтай құжаттарында белгіленген мерзімнен аспайды;

      4) әкелінетін тауарды мақсатты пайдалану.

      6. Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтқан жағдайда, осы Қағидаларда көзделген тарифтік жеңілдік осы тауарларды енгізу есебінен заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуды көздейтін құрылтай құжаттарына белгіленген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін беріледі.

      7. Әкелінетін тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көзделген тәртіппен кедендік әкелу баждары төленген жағдайда, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (бұдан әрі – Кедендік кодексі) белгіленген тәртіпте кедендік әкелу баждарын төлеуден босатылып әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету құқықтарын басқа тұлғаға беруге жол беріледі.

      8. "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған 2017 жылғы 11 сəуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартта белгіленген кедендік бақылауда болу кезеңінде кедендік әкелу бажын төлеуден босатыла отырып әкелінген тауарлар тарифтік жеңілдікті беру мақсаттарына сәйкес келмейтін мақсаттарда, оның ішінде үшінші тұлғаларға уақытша пайдалануға беру кезінде пайдаланылған жағдайда, кедендік төлемдер мен салықтардың тиесілі сомалары Кеден кодексінде белгіленген тәртіппен өндіріп алынуға жатады.

      9. Құрылтайшы кедендік әкелу баждарын төлеуден босату түрінде тарифтік жеңілдікті пайдаланған заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушылардың) құрамынан шыққан жағдайда, сондай-ақ осы құрылтайшы кедендік әкелу баждарын босата отырып әкелінген тауарларға меншік құқығының өтуін көздейтін мәмілелерді жасаған кезде не осындай тауарларды уақытша пайдалануға берген кезде кедендік әкелу баждарын төлеу міндеттемесі Кедендік кодексіне сәйкес орындауға жатады.

3-тарау. Акцизделетіндерден (медициналық мақсаттар үшін арнайы арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда) басқа, өтеусіз көмек (жәрдемдесу) ретінде, сондай-ақ үшінші елдердің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтердің желісі бойынша қайырымдылық мақсаттарында, оның ішінде техникалық көмек көрсету (жәрдемдесу) үшін және (қаржылық көмек) гранттар есебінен әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер берудің тәртібі мен шарттары

      10. Акцизделетіндерден (медициналық мақсаттар үшін арнайы арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда) басқа өтеусіз (ізгілік) көмек ретінде әкелінетін тауарларды декларациялау кезінде тарифтік жеңілдікті алу үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына мынадай құжаттар беріледі:

      1) тауарлардың әкеліну мақсаты көрсетілетін көліктік (тасымалдау) не коммерциялық және (немесе) дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растауы;

      2) тауарларды жіберушінің тауарларды өтеусіз беру фактісін растауы;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған ізгілік көмек ретінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды нысаналы пайдалану туралы алушының міндеттемесі.

      11. Қазақстан Республикасының кеден аумағына акцизделетіндерден (медициналық мақсаттар үшін арнайы арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда) басқа өтеусіз көмек (жәрдемдесу) ретінде үшінші елдердің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтердің желісі бойынша қайырымдылық мақсаттарында, оның ішінде техникалық көмек көрсету (жәрдемдесу) үшін және (қаржылық көмек) гранттар есебінен әкелінетін тауарларды декларациялау кезінде тарифттік жеңілдіктер алу үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына мынадай:

      1) үшінші елдер, халықаралық ұйымдар мен үкіметтер желісі бойынша қайырымдылық көмек ретінде әкелінетін тауарлар үшін:

      тауарлардың әкеліну мақсатында көрсетілетін көліктік (тасымалдау) не коммерциялық және (немесе) дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растауы;

      қайырымдылық мақсаттарда тауарлар әкелу жүзеге асырылатын халықаралық келісімнің, шарттың көшірмелері;

      осы Қағидалардың 3-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацына сәйкес заңды тұлғаның жарғылық қызметін қолдау мақсатында оны коммерциялық емес ұйым ретінде тіркегенін растайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі, сондай-ақ жарғының көшірмесі;

      2) техникалық көмек көрсету (жәрдемдесу), сондай-ақ (қаржылық көмек) гранттар есебінен әкелінетін тауарлар:

      оны орындау үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) деректемелері көрсетілетін көліктік (тасымалдау) не коммерциялық құжаттар және (немесе) дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растауы;

      оны орындау үшін тауарлар жеткізілетін техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) көшірмесі сияқты құжаттар ұсынылады.

      12. Қазақстан тарапынан техникалық көмек (жәрдемдесу) бағдарламасының орындалуын бақылайтын құзыретті орган кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жобаның орындалғандығы туралы ақпаратты ұсынады.

      13. Осы Тарауға сәйкес әкелінуі көзделіп отырған, әкелінетін тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында тауарлардың тізбесі жеке көрсетілуге тиіс.

      14. Осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарда көрсетілген құжаттар болған жағдайда және әкелінетін тауарлардың, қайырымдылық, гуманитарлық және техникалық көмек көрсету мен грант мақсаттарына сәйкес келген кезде акцизделетіндерден (медициналық мақсаттар үшін арнайы арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда) басқа, өтеусіз көмек (жәрдемдесу) ретінде, сондай-ақ үшінші елдердің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтердің желісі бойынша қайырымдылық мақсаттарында, оның ішінде техникалық көмек көрсету (жәрдемдесу) үшін және (қаржылық көмек) гранттар есебінен әкелінетін тауарларды әкелген кезде кеден әкелу бажынан босату түрінде тарифтік жеңілдік беріледі.

  Тарифтік жеңілдіктер беру
қағидалары мен шарттарына
1-қосымша

      Нысан

Құрылтайшының заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде әкелінген тауарларды нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі

      1. Жалпы ақпарат

      Алушы/импорттаушы________________________________________

      __________________________________________________________

      __________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      Салық төлеушінің (бизнес сәйкестендіру нөмірі)



      2. Жарғылық капиталға салым ретінде әкелінген тауар туралы ақпарат

      ____________________________________________________________________

      (тауардың атауы)

      _____________________________________________________________________

      (тауардың сәйкестендіру/сериялық нөмірі)

      3. Жарғылық капиталға салым ретінде әкелінген тауарлардың мақсатты пайдаланылуы

      Аталған тауарларды қатаң түрде олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға

      міндеттенемін. Аталған тауарларды мақсатсыз пайдаланған жағдайда,

      Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамаларына сәйкес тиесілі кедендік

      баждардың, салықтар мен өсімпұлдардың сомасын төлеуге міндеттенемін,

      Құрылтайшы________________________________________/_____________/

      (құрылтайшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      Міндеттеме 20___жылғы "___"_________қабылданды.

      Кеден органының лауазымды адамы:

      _________________________________/

      _________________________________ ______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      Күні 20___жылғы "__" _____________ Кеден органының мөрінің орны

  Тарифтік жеңілдіктер беру
қағидалары мен шарттарына
2-қосымша

      Нысан

      ________________ бастығына

      (кеден органының атауы)

Қазақстан Республикасының кеден аумағына ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарларды мақсатты пайдалану туралы алушының міндеттемесі

      Мен,________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жүк алушының (ұйымның өкілі) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      және төлқұжаттық деректері, ұйымның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі /

      бизнес сәйкестендіру нөмірі, мекен-жайы мен банктік деректемелері)

      ____________________________________________________________________

      __________________________________________кеден декларациясына сәйкес

      ізгілік көмек ретінде:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________әкелдім.

                  (тауарлардың атауы)

      Осыған байланысты көрсетілген тауарларды тек халықтың өмір сүру және тұрмыс жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою үшін пайдалануға және коммерциялық пайда табу үшін пайдаланбауға міндеттенемін.

      Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарда пайдалану үшін "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының кодексі мен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес теңге мен олардың өсімпұлы мөлшерінде кедендік ресімдеу кезінде төленбеген кеден төлемдерін, салықтарын төлеуге міндеттенемін.

      ______________/_______/ Күні 20__жылғы "__" ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      Ескертпе:

      Гуманитарлық көмек кеден төлемдері, салықтары және өсімпұлдары төленбестен өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, тиісті сома "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының кодексі мен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жауапкершілік шаралары қолданыла отырып алынатын болады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2022 жылғы 28 маусымдағы
№ 272-НҚ бұйрығына
2-қосымша

Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесі

Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды)

Тауардың атауы*

1. Құрылтайшының жарғылық капиталына салымы ретінде үшінші елдерден әкелінетін тауарлар

8432
(ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына сәйкес тауарлардан басқа: 8432 10 000 0, 8432 21 000 0, 8432 29 300 0, 8432 31 190 0, 8432 39 190 0)

Жерді дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша немесе орман шаруашылығы машиналары, көгалдар немесе спорт алаңдарына арналған аунақтар

8434

Сауын қондырғылары мен аппараттары, сүт өңдеуге және қайта өңдеуге арналған жабдықтар

8435

Шарап жасауға, сидр, жеміс шырындарын және осыған ұқсас сусындар өндірісі үшін ұсақтағыштар және осыған ұқсас жабдықтар

8436

Ауыл шаруашылығына, бағбандыққа, орман шаруашылығына, құс шаруашылығына немесе бал ара шаруашылығына арналған жабдықтар, механикалық немесе жылытқыш құрылғылары бар тұқым өсіруге арналған жабдықтарды қоса алғанда, өзгелер; құс шаруашылығына арналған инкубаторлар мен брудерлер

8437
(ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына сәйкес тауарлардан басқа 8437 10 000 0)

Тұқымды, астықты және құрғақ бұршақ дәнді дақылдарды тазалауға, сұрыптауға немесе іріктеуге арналған машиналар, ауыл шаруашылығы фермаларында пайдаланылатын жабдықтардан басқа ұн тарту өнеркәсібіне арналған немесе дәнді немесе құрғақ бұршақ дәнді дақылдарды өңдеуге арналған жабдықтар

8438

Мал немесе ұшпайтын өсімдік майларын немесе май бөліп алуға немесе жасауға арналған жабдықтардан басқа, аталған топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген азық-түлік өнімдерін немесе сусындарды өнеркәсіптік жолмен жасауға немесе өндіру үшін жабдықтар

8709

Зауыттарда, қоймаларда, кемежайларда немесе әуежайларда жүктерді шағын қашықтықтарға тасымалдау үшін пайдаланылатын, көтергіш немесе тиегіш қондырғылармен жабдықталмаған өздігінен жүретін өндірістік мақсаттағы өзге электр көлік құралдары, теміржол платформаларында пайдаланылатын тракторлар; жоғарыда аталған көлік құралдарының жаңа, сол сияқты бұрын пайдалануда болған бөлшектері

8716 39 300 9

Жүктерді тасымалдауға арналған өзге жаңа жартылай тіркемелер

8716 39 500 9

Жүктерді тасымалдауға арналған өзге жаңа тіркемелер

8716 39 800 8

Жүктерді тасымалдауға арналған өзге бұрын пайдалануда болған тіркемелер мен жартылай тіркемелер

8802 11 000

Бос снарядталған аппараттың массасымен 2000 килограммнан аспайтын тікұшақтар

8802 30 000 7

Бос снарядталған аппараттың массасымен 2000 килограммнан асатын, бірақ 15 000 килограммнан аспайтын, саны 50 адамнан асатын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары, өзгелер

8802 40 001 6

Бос снарядталған аппараттың массасымен 15 000 килограммнан асатын, бірақ 20 000 килограммнан аспайтын, саны 50 адамнан асатын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары, өзгелер

8802 40 003 4

Бос снарядталған аппараттың массасымен 20 000 килограммнан асатын, бірақ 90 000 килограммнан аспайтын, саны 50 адамнан аспайтын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары

8802 40 003 5

Бос снарядталған аппараттың массасымен 20 000 килограммнан асатын, бірақ 90 000 килограммнан аспайтын, саны 50 адамнан асатын, бірақ 300 адамнан аспайтын жолаушы орындары, отырғыштардың арасында екі өту жолы бар магистральды, кең фюзеляжды азаматтық жолаушы ұшақтары

8802 40 003 6

Бос снарядталған аппараттың массасымен 20 000 килограмманан асатын, бірақ 90 000 килограммнан аспайтын, саны 50 адамнан асатын, бірақ 300 адамнан аспайтын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары

8901 10 100 1

Теңіз паромдары

9406 90 310 0

Жиналатын құрылыс конструкциялар, жылыжайлар

9406 90 900 9

Өзге материалдардан жасалған жиналатын құрылыс конструкциялары

      Ескертпе:

      *Тарифтік жеңілдіктерді қолдану мақсаттары үшiн тауарлар ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлығы үшiн келтiрiлген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады