Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11095 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) бұйрығымен.

      2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет Министрі
Б. Имашев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      Министрі

      ____________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы "____"_________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Е. Досаев

      2015 жылғы 5 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 232 бұйрығына
1-қосымша

"Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау" мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.

      3. Мемлекеттiк қызметті аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiметтің" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

      аттестаттауға жіберуден бас тарту не аттестаттауға жіберу туралы шешім шығарылған жағдайда – күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;

      аттестаттау өткізген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;

      аттестаттау не аттестаттамау туралы комиссия шешім шығарған кезде – аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет жүзеге асырылады.

      Аттестаттауға жіберілген көрсетiлетiн қызметтi алушы аттестаттаудың орны, күні, уақыты туралы оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей электрондық нысанда портал арқылы хабардар етіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімін оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық әділет органдарының интернет ресурстарына енгізеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi: 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық" (Тізілімге сәйкес).

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесi:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы:

      1) электрондық нысанда сұрау салу;

      2) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер анықтамаларының электрондық көшірмесі;

      3) ҚР Еңбек Кодексінің заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді.

      Аттестаттауға жіберу туралы сұрау салуда мынадай:

      диплом туралы:

      жоғарғы оқу орнының атауы;

      мамандықтың шифрі;

      дипломның нөмірі;

      дипломның берілген күні не "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат туралы:

      сериясы және нөмірі;

      негіздеме: күні және нөмірі;

      тіркеу нөмірі және күні;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытынды туралы;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні;

      облысы;

      тағылымдама жетекшісі;

      тағылымдаманың басталу күні;

      тағылымдаманың аяқталу күні туралы мәліметтер қамтылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғандығы туралы мінбе статус, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алудың мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәләндыратын құжаты туралы, лицензиясы туралы, көрсетiлетiн қызметтi алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтердің бар екендігі не ондай мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10. Аттестаттауға жіберуден бас тарту негіздемелері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңына белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) нотариаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;

      Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайтадан жүгінуі мүмкін.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 18.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 1056 бұйрығымен.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй "Министрліктер үйі" ғимараты, 13-кіреберіс.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпараты қолжетімді болады.

      Мемлекеттiк көрсетiлетін қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиіс.

      Арызды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн
қызметтiң ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттiк қызмет көрсету мекенжайлары

      1) Министрліктің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) порталда орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ бар болса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электронды түрде алуына болады.

      15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" көмегімен қашықтықтан қолжеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.

      16. Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына
аттестаттаудан өткiзу"
мемлекеттік көрсетілетін стандартына 1-қосымша
  Нысан

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________ қаласы                              20__ жылғы "___" _________

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      тестiлеу бойынша ____________________________ балл

      емтихан билетi бойынша _______________ балл жинады.

      Мына құрамдағы Комиссия:

      Төраға

      Мүшелерi

      ___________________________ аттестатталсын деп шештi.

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы

  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына
аттестаттаудан өткiзу"
мемлекеттік көрсетілетін
стандартына 2-қосымша
  Нысан

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________ қаласы                              20__ жылғы "___" _________

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      тестiлеу бойынша ____________________________ балл

      емтихан билетi бойынша _______________ балл жинады.

      Мына құрамдағы Комиссия:

      Төраға

      Мүшелерi

      шешiм шығарды:

      ___________________________ аттестаттаудан өтпедi деп саналсын.

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы

  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына
аттестаттаудан өткiзу"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

      Нотариаттық қызметпен айналысу

      құқығына Әділет аттестаттау

      комиссиясының төрағасына

      кімнен ________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты

      (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)

      мекен-жайы ________________________

      (пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы,

      (елдi мекені, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)

Аттестаттауға жіберу туралы өтініш

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 18.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 1056 бұйрығымен.

      Маған нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге рұқсат етуіңізді сұраймын.

      Осымен:

      шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін; көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге мүмкін болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға ______________________ күні:________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына
аттестаттаудан өткiзу"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
4-қосымша

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 18.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 1056 бұйрығымен. _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi)

      I. Диплом туралы мәлімет:

      1. жоғары оқу орнының атауы ________________________________________

      2. мамандықтың шифрі ________________________________________________

      3. дипломның нөмірі _________________________________________________

      4 дипломның берілген күні ___________________________________________

      5. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат

      ____________________________________________________________________

      1. сериясы және нөмірі:

      2. негіздеме: күні және нөмірі ______________________________________

      3. тіркеу нөмірі және күні __________________________________________

      II. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:

      1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні______________

      2. ___________________________облысының/қаласының нотариаттық палата

      3. тағылымдаманың жетекшісі__________________________________________

      4. тағылымдаманың басталу күні_______________________________________

      5. тағылымдаманың аяқталу күні ______________________________________

      Жеке тұлға ______________________ күні:________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 232 бұйрығына
2-қосымша

"Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.

      3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiметтің" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету мерзiмi:

      лицензия беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;

      лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi;

      лицензияның телнұсқасын беру кезiнде – 2 (екi) жұмыс күнi;

      Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесi – нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталындағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) жолданады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру кезінде бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мынаны:

      1) лицензия беру кезiнде 6 айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК);

      2) лицензияның телнұсқасын беру үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 100 %-ын;

      3) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын құрайды, алайда 4 АЕК-тен аспайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлем түрiнде екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, онда төлем мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбiртек) берiледi.

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға портал арқылы электрондық сұрау салу берiлген жағдайда, төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесi:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

      1) мынадай мәліметтер қамтылған, көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      жеке сәйкестендіру нөмірі;

      диплом туралы мәліметтер;

      жоғары оқу орнының атауы;

      мамандық шифрі;

      диплом нөмірі;

      дипломның берілген күні немесе "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат туралы:

      сериясы және нөмірі;

      негіздеме: күні және нөмірі;

      тіркеу нөмірі және күні;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытынды туралы;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні;

      облысы;

      тағылымдама жетекшісі;

      тағылымдаманың басталу күні;

      тағылымдаманың аяқталу күні.

      Тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін:

      комиссияның аттестаттау туралы шешімі:

      қала;

      өткізілген күні;

      қарау мәртебесі.

      Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үшін:

      судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру:

      өткізілген күні;

      қарау мәртебесі;

      тұрақты судьялар үшін:

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (бұдан әрі - Жарлық) туралы мәліметтер;

      Жарлықтың нөмірі;

      судья лауазымына тағайындау туралы жарлықтың қабылданған күні;

      тұрақты судья болып жұмыс істеген тұлғалар үшін:

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер;

      Жарлықтың нөмірі;

      судья лауазымына тағайындау туралы жарлықтың қабылданған күні;

      Жарлықтың нөмірі;

      судья лауазымынан босату туралы жарлықтың қабылданған күні;

      босату негізі.

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      3) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер анықтамаларының электрондық көшірмесі;

      4) ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Лицензияны қайта ресiмдеу көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде) өзгерген кезде жүзеге асырылады.

      Қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке куәлiгiн ауыстырған сәтінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.

      Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушылар көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      3) тегінің, атының және әкесінің атының (ол болған жағдайда) ауысуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (егер тегінің, атының және әкесінің атының ауысуы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылға дейін жүргізілген болса).

      Лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы лицензияның телнұсқасын алу үшiн (егер осыған дейінгі берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса) көрсетiлетiн қызметтi берушiге портал арқылы:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, лицензиясы туралы, көрсетілетін қызметті алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтердің болуы не жоқтығы туралы ақпаратты, көрсетілген қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғандығы туралы статус, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10. Бас тарту негіздері:

      1) субъектілердің осы санатына Қазақстан Республикасының заңдарымен қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;

      2) лицензиялық алым төленбесе;

      3) "Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 10270) мемлекеттік қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

      4) лицензиялауға жататын, мемлекеттік қызметті алушыға қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;

      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде мемлекеттік қызметті алушының лицензияны алуына сот тыйым салса;

      6) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй "Министрліктер үйі" ғимараты, 13-кіреберіс.

      Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымда жеке көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпаратты алуға қолжетімді.

      Мемлекеттiк көрсетiлетін қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

      Арызды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап қызмет алушыға поштамен "электрондық үкіметтің" веб-портал арқылы немесе қызмет көрсетушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызмет
ерекшелiктерi ескерiлiп қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.adilet.gov.kz, интернет-ресурсының "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

      14. ЭЦҚ бар болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

      15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.

      16. Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
1-қосымша

Жеке тұлғаның лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға
өтiнiшi

      _______________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      __________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке

      сәйкестендiру нөмiрi)

      _____________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрiнің(-лерi) толық атауы

      көрсетiлсiн)

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз

      тасығышта______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда

      Х белгісін қою керек)

      беруiңiздi сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы __________________________________

      (пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы,

      _____________________________________________________________________

      (елдi мекені, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефондары__________________________________________________________

      Факс_________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      _____ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы

      және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе

      беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге

      болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және

      (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген

      құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған,

      заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес

      деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет

      көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік

      қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары

      арқылы жүгінген жағдайда).

      Жеке тұлға __________________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
2-қосымша

Нотариаттық қызметті жүзеге асыру мәліметтерінің нысаны

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 18.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 1056 бұйрығымен. ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаныі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке

      сәйкестендіру нөмірі)

      барлық адамдар толтырады

      1. диплом туралы мәліметтер

      1. жоғары оқу орнының атауы _________________________________________

      2. мамандық атауы ___________________________________________________

      3. мамандық шифры___________________________________________________

      4. диплом нөмірі_____________________________________________________

      5. дипломның берілген күні___________________________________________

      6. дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні_____

      7. дипломды тану/нострификация туралы куәліктің нөмірі ______________

      (6,7-тармақтар шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін

      толтырылады)

      2. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды

      1. тағылымдамадан өткені туралы қорытындының бекітілген күні ________

      2. облыс ____________________________________________________________

      3. тағылымдаманың жетекшісі__________________________________________

      4. тағылымдаманың басталған күні_____________________________________

      5. тағылымдаманың аяқталған күні_____________________________________

      тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін

      3. Комиссияның аттестаттау туралы шешімі

      1. қала______________________________________________________________

      2. өткізілген күні___________________________________________________

      3. қарау мәртебесі __________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік

      комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үшін

      4. Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру

      1. өткізілген күні __________________________________________________

      2. қарау мәртебесі __________________________________________________

      тұрақты судьялар үшін

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (бұдан әрі - Жарлық)

      туралы мәліметтер

      1. Жарлықтың нөмірі__________________________________________________

      2. Судья лауазымына тағайындау туралы жарлықтың қабылданған

      күні_______________________________________________________________

      тұрақты судья болып жұмыс істеген тұлғалар үшін

      6. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер

      1. Жарлықтың нөмірі__________________________________________________

      2. Судья лауазымына тағайындау туралы жарлықтың қабылданған күні_____

      3. Жарлықтың нөмірі__________________________________________________

      4. Судья лауазымынан босату туралы жарлықтың қабылданған күні________

      5. Босату негізі_____________________________________________________

      Жеке тұлға ______________________ күні:________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

  "Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
3-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      _____________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      ________________________________________________ жүзеге асыруға

      20___ жылғы " " _________ № __________, _______________ берілген,

      (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі ____

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______

      3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі ___

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефондары _________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ___________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

      Жеке тұлға ____________ _____________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 232 бұйрығына
3-қосымша

"Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттері (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) қызмет берушімен;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

      1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемелкеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын мемлекеттік корпорацияға жеткізілуін қаматамасыз етеді.

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут;

      3) көрсетілген қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін шекті уақыты – 15 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариустардың мөрлерін беру.

      Көрсетілетін қызметті беруші нотариустың мөрін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мөрді беру журналында қол қою арқылы береді.

      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттiк қызмет кезек тәртiбiнде, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетiледi;

      2) Мемлекеттік корпорация - дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес түске үзiлiссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

      Қабылдау "электрондық" кезек тәртібінде, көрсетілген қызметті алушының есептік тіркеу орны бойынша жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетіледі, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электронды кезектен орын алу мүмкін.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

      Көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны айқындау үшін қажет етіледі);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшадағы нысанға сәйкес өтініш;

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны айқындау үшін қажет етіледі);

      2) осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшадағы нысанға сәйкес өтініш;

      Көрсетілетін қызметті алушыға нотариус мөрін алу үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, талон беріледі.

      Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір айдың ішінде нәтижелердің сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге оны әрі қарай сақтауға береді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Көрсетілген қызметті алушымен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізімге сәйкес, толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшадағы нысанға сәйкес қолхат береді.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-2. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.";

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.

      Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғасының әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін мемлекеттік қызмет сұрақтары бойынша шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй "Министрліктер үйі" ғимараты, 13-кіреберіс.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпараты қолжетімді болады.

      Мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиіс.

      Арызды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсы: www.gov4c.kz.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Нотариустардың мөрлерiн
тiркеу және беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
1-қосымша

Жекеше нотариус мөрінің эскизі



Жекеше нотариус мөрінің сипаттамасы

      1. Жекеше нотариустың мөрі (бұдан әрі – мөр) арнайы жабдықта жасалады, оны жасауға қойылатын барлық талаптарға сәйкес келуге және жоғары сапалы жасалуымен, жасандылықтан қорғалуымен, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталуға тиіс.

      2. Мөрдің диаметрі 44 миллиметр (бұдан әрі - мм) болуға тиіс.

      3. Жекеше нотариус мөрінің мәтіні "жекеше нотариус" деген сөздерден, нотариустың тегінен, атынан, әкесінің атынан, сондай-ақ лицензияның нөмірі мен берген күнінен тұрады. Жекеше нотариус мөріндегі барлық жазбалардың мазмұны мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.

      4. Мөрдің мәтінінде үш жиек және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленуге тиіс.

      5. Қалыңдығы 3 мм бірінші жиек шеңберлі шағын қаріппен жасалады және "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден тұрады.

      6. Екінші жиек желісінің қалыңдығы 5 мм-ді құрайды. Екінші жиектің ішінде мынадай мазмұндағы мәтін орналасуға тиіс: "№ 0000 лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ________ жылы берген".

      7. Үшінші жиектің қалыңдығы 2,5 мм-діқұрайды, үшінші жиектің ішіндегі мәтін "жекеше нотариус" деген сөздерден, сондай-ақ жекеше нотариустың тегінен, атынан, әкесінің атынан тұруы тиіс.

      8. "Қазақстан Республикасы" деген жазудың контуры қара бояумен толтырылуға тиіс.

      9. Бояу нүктелерінің нысаны әртүрлі болуы мүмкін: шеңбер, эллипс, шаршы және т.б..

      10. Мөрдің ортасында диаметрі 24 мм Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының айналы бейнесі орналасады.

  "Нотариустардың мөрлерiн
тiркеу және беру" мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет
стандартына 1-қосымша
  Нысан
  Қайда_______________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
Кімнен _____________________
(жеке тұлғаның тегi, аты,
әкесiнiң аты (бар болған кезде),
жеке сәйкестендiру нөмiрi)
Мекенжайы__________________
(пошталық индексi, облысы,
қаласы, ауданы, елдi мекені,
көше атауы, үй/ғимараттың
нөмiрi)

Мөр беру үшін арыз

      Ескерту. Стандарт 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нотариалдық қызметтің басталуына байланысты нотариустың мөрін беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерден алынатын, Заңмен қорғалатын құпияларды қолдануға келісемін.

      Мемлекеттік қызметті алушы

      ________________________________________________________________________________

      (аты, жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      _____________________________

      (ЭЦҚ)

      "___" _________ 20__ года.

  "Нотариустардың өтiнiштерiн
қабылдау, мөрлерiн тiркеу және
беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
2-қосымша

Мөрдi беру журналы

Р/с №.

Берген күнi

Жекеше (мемлекеттi к) нотариустың Т.А.Ә.

Мөрдiң бедерi

Алғаны туралы қолы

Мөрдiң жойылғаны, жоғалғаны туралы мәлiметтер

1

2

3

4

5

6







  "Нотариустардың мөрлерiн
тiркеу және беру" мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. Стандарт 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 20 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартындағы тізімге сәйкес құжаттар топтамасын толық тапсырмаған себебінен, Сізге Мемлекеттік корпорация (мекенжайы) "Нотариустардың мөрлерiн тiркеу және беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметті көрсетуден бас тартады:

      Тіркелмеген құжаттар атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа біреуден жасалған.

      _______________________________ ________________________

      А.Ж.Т. (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

      (қолы)

      Орындаушы А.Ж.Т._____________

      Телефон__________

      Алдым: А.Ж.Т. / мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы

      "___" _________ 20__ ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады