Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11134 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 494 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 02.07.2020 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр полиция
генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 381 бұйрығымен
бекітілген

Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заңы) 12-бабы 1-тармағының 70-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту тәртібін айқындайды.

2. Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту тәртібі

      2. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын халыққа хабар беруді қамтамасыз етеді және азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды ұйымдастырады.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен жүктелген өкілеттіктерге сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер азаматтық қорғау саласында хабар беруді және білімді насихаттауды жүзеге асырады.

      3. Азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше жағдайлар туралы ақпарат жария және ашық болып табылады және азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралы арқылы халыққа беріледi.

      4. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау қызметі (сейсмологиялық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) алдын aлy мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) іргелес мемлекеттердің шекара маңындағы аумағында төтенше жағдайлардың туындау қатері кезінде уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне оның сипаттамаларын көрсете отырып, қажетті ақпаратты дереу ұсынады.

      5. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі төтенше жағдайдың туындау қатері туралы ақпарат алған кезде бұл туралы төтенше жағдайлар болжанатын аймақтағы халыққа, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың іс-әрекеті тәртібі туралы дереу хабар береді.

      6. Орталық және жергілікті атқарушы органдар халыққа азаматтық қорғау саласында өздері қабылдаған шаралар туралы хабар береді.

      7. Азаматтық қорғау саласында хабар беру және білімді насихаттау:

      1) халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның ішінде республикалық және облыстық (қалалық) телеарналарда арнайы бағдарламалар құру арқылы, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы хабар беруді ұйымдастыруды;

      2) азаматтық қорғау саласындағы білімді, тұрмыстағы және өндірістегі қауіпсіздік қағидаларын насихаттайтын тұрақты жарияланымдарды, басылымдарда, интернет-ресурстарда, телерадио хабарларын тарату желілері бойынша хабарларды беруді ұйымдастыруды қамтиды.

      Азаматтық қорғау саласында білімді насихаттау халықты осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес азаматтық қорғау саласында оқыту кезінде де жүзеге асырылады.

      8. Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау жоспарын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.

      9. Азаматтық қорғау саласында халықты және мамандарды оқыту осы бірыңғай жүйе шеңберінде ұйымдастырылады және мыналарды:

      1) азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандары, білім беру ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары үшін уәкілетті орган ведомствосының және ынтымақтастық туралы уәкілетті орган келісім жасасқан шет мемлекеттердің ұйымдары мен оқу орындарында даярлықтан және қайта даярлықтан өтуді;

      2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ ұйымдардың, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының басшылары, азаматтық қорғау құралымдарының командирлері, ұйымдардағы азаматтық қорғау жөніндегі сабақ топтарының жетекшілері, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептер мен орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары, қауіпті өндірістік объектілердің басшылары үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде даярлықтан және қайта даярлықтан өтуді;

      3) Заңның 16-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың жұмыскерлері үшін жұмыс орны бойынша даярлықтан өтуді;

      4) азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылмаған ұйымдардың жұмыскерлері үшін, сондай-ақ жұмыс істемейтін халық үшін – радиохабарларды тыңдау, интернет-ресурсты, телебағдарламаларды, жадынамаларды, парақшалар мен буклеттерді қарау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою тақырыбы бойынша өткізілетін іс-шараларға бару арқылы төтенше жағдайлардан қорғану мәселелерін дербес зерделеуді;

      5) оқу орындарының студенттері және оқушылары үшін – "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" пәнінің оқу бағдарламалары бойынша сабақтар өткізуді, төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбы бойынша әртүрлі конкурстарға қатысуды;

      6) мектепке дейінгі мекемелердегі балалар үшін – ойындар өткізуді, қоршаған ортадағы қауіпсіз жүріс-тұрыс жөніндегі ертегілер мен балаларға арналған кітаптарды тыңдауды, ата-аналарымен әңгімелесуді;

      7) азаматтық қорғау саласындағы мамандар үшін ынтымақтастық туралы уәкілетті органмен келісім жасасқан Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің оқу орындарында даярлықтан өтуді көздейді.

      10. Іс-қимыл дағдыларын пысықтау және алған білімдерін бекіту үшін халық және азаматтық қорғау саласындағы мамандар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығу, жаттығу мен сабақ түрлеріне сәйкес оқу-жаттығулар мен машықтануларға және сабақтарға тартылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 14.11.2016 № 1057 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын Заңның 12-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітеді.

      12. Әрбір оқу тобын оқыту практикалық жаттығулар өткізумен және тестілік тапсырмалар тапсырумен аяқталады.

  Халыққа және азаматтық қорғау
саласындағы мамандарға
хабар беру, білімді насихаттау,
оқыту қағидаларына қосымша

Азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар, машықтанулар мен сабақтардың түрлері

      Ескерту. Қағида қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 14.11.2016 № 1057 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2019 № 1064 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Р/с

 

Іс-шара, тақырыбы
 

Оқытылатындардың құрамы
 

Өткізу кезеңділігі
 

Жауапты орындаушылар
 

Ескертпе
 

1. Республикалық деңгейде
 

1.
 

"Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру" тақырыбы бойынша "Қорғау" республикалық штабтық машықтану
 

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары; республикалық азаматтық қорғау қызметтері; ұйымдар
 

Жыл сайын
 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі ІІМ ТЖК)
 


2.
 

"Көктемгі кезеңде су тасқыны жағдайының қолайсыз өршуі кезіндегі төтенше жағдайларды жоюда құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға дайындық және оларды жүргізу" тақырыбы бойынша "Көктем" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары
 

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары; республикалық азаматтық қорғау қызметтері; ұйымдар
 

Жыл сайын
 

ІІМ ТЖК
 


3.
 

"Қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға дайындық және оларды жүргізу" тақырыбы бойынша "Қыс" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары
 

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары; республикалық азаматтық қорғау қызметтері; ұйымдар
 

Жыл сайын
 

ІІМ ТЖК
 


4.
 

Қазақстандағы ықтимал жойқын жер сілкінісі салдарын жою кезіндегі іс-қимыл бойынша "Жер" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары
 

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары; республикалық азаматтық қорғау қызметтері; ұйымдар
 

3 жылда 1 рет
 

ІІМ ТЖК
 


2. Аумақтық деңгейде
 

5.
 

Осы аумақтың Азаматтық қорғаныс бастығы белгілейтін тақырып бойынша кешенді оқу-жаттығулар (облыстарда, қалаларда және ауылдық аудандарда)
 

Азаматтық қорғаныс бастығы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның мүшелері, азаматтық қорғау қызметтері, азаматтық қорғау құралымдары, ұйымдар, эвакуациялық органдар, халық
 

3 жылда 1 рет
 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары 


6.
 

Төтенше жағдайларды жою және азаматтық қорғаныс бойынша облыстардың, қалалардың және ауылдық аудандардың командалық-штабтық оқу-жаттығулары
 

Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйелерін басқару органдары
 

Жыл сайын
 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары 

"Көктем", "Қыс", "Жер" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар шеңберінде өткізуге рұқсат етіледі.
 

7.
 

Халықтың, басқару органдарының, азаматтық қорғау құралымдарының жер сілкінісі туындаған жағдайдағы іс-қимылдары бойынша командалық-штабтық (штабтық) машықтанулары
 

Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйелерінің басқару органдары, эвакуациялық органдар, азаматтық қорғау құралымдары
 

Жыл сайын
 

Сейсмикалық қауіпті өңілердің жергілікті атқарушы органдары
 

"Жер" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттыгу шеңберінде өткізуге рұқсат етіледі.
 

8.
 

Арнайы тактикалық оқу-жаттығулар
 

Азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдары, шұғыл ден қою жасақтары
 

Жыл сайын
 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары


3. Ұйымдарда
 

9.
 

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупіне және оны жоюға байланысты іс-шараларды пысықтау бойынша кешенді оқу-жаттығулар, азаматтық қорғаныс іс-шаралары (тақырыбын ұйымның азаматтық қорғаныс бастығы белгілейді)
 

Ұйымдар қызметкерлері
 

3 жылда 1 рет
 

Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар
 


10.
 

Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы ықтимал жағдай элементтерін пысықтау бойынша объектілік машықтанулар
 

Оқу орындарының студенттері, оқушылары мен оқытушылары
 

Оқу жылында 1 рет
 

Білім беру ұйымдары
 


11.
 

Азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру бойынша штабтық машықтанулар
 

Ұйымдар қызметкерлері
 

2 жылда 1 рет
 

Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар
 


12.
 

Азаматтық қорғау құралымдарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі міндеттерді орындау үшін даярлау бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығулар
 

Ұйымдар қызметкерлері
 

Жылына 1 рет
 

Азаматтық қорғаудың объектілік құралымдары бар ұйымдар
 

"Көктем", "Қыс", "Жер" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар шеңберінде өткізуге рұқсат етіледі.
 

13.
 

Мына:
Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялық жағдайлар бойынша;
Сейсмикалық машықтанулар (сейсмикалық қауіпті өңірлер үшін);
Селге қарсы машықтанулар (сел қауіпті өңірлер үшін);
Ықтимал су жайылулар, су басулар, су тасқындары аймақтарындағы машықтанулар.
 

Ұйымдар қызметкерлері, оқу орындарының студенттері, оқушылар мен оқытушылар, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары тәрбиешілері мен балалары
 

1, 2-тармақтар бойынша – тоқсан сайын 3, 4-тармақтар бойынша – сел қауіпті кезең басталар алдында жылына бір рет
 

Төтенше жағдай таралатын есепті аймақта орналасқан азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар, білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары
 

Арнайы тактикалық оқу-жаттығулармен біріктіруге рұқсат етіледі.
 

14.
 

Оқу сабақтары
 

Ұйымның басшылық құрамы, Азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамы
 

Жыл сайын
 

Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар және Азаматтық қорғаудың аумақтық және объектілік құралымдары бар ұйымдар
 


4. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған және жұмыс істемейтін халық
 

15.
 

Оқу-жаттығулар мен машықтануларға тарту. Оқулықтарды, жаднамаларды, мерзімді баспасөз материалдарын өздігімен зерделеу, теле-, радио бағдарламаларды қарау (тыңдау)
 

Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған және жұмыс істемейтін халық
 

Тұрақты
 

ІІМ ТЖК
 



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады