"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 32/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 сәуірде № 22484 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11302 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2015 жылғы 20 маусымда № 115 (27991 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормалары бекітілсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шараларды орындау бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Масимов

      КЕЛIСIЛДI:

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2021 жылғы 1 сәуірдегі
№ 32/қе бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2015 жылғы
5 мамырдағы № 32 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормалары

1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын жылқылармен жабдықтау нормасы

Р/с№

Бөлімше атауы

Өлшем бірлігі

Қызметтік жылықы

Оқу жылқысы

Айғыр

Бие (аналық бас)

Құлындар

Үйретілетін жылқы

1 жасқа дейінгі

2 жасқа дейінгі

3 жасқа дейінгі

1.

Шекара бөлімі (бөлімшесі)

бас

20

-

-

-

-

-

-

-

2.

Оқу-жаттығу – үйрету кавалериялық тобы (бөлімшесі)

бас

6

-

3

30

30

30

30

30

3.

Шекара академиясы

бас

-

46

-

-

-

-

-

-

      Ескертпелер:

      1. Қызметтік жылқы – Шекара қызметінің мүддесі үшін қолданылатын жылқы.

      2. Оқу жылқысы – белгіленген психологиялық және физиологиялық сапасы бар, оқу жүрісінде қолданылатын жылқы

      3. Айғыр – асыл тұқымды жылқыны өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды малдың дара аталығы.

      4. Бие – асыл тұқымды жылқыны өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын ұрғашы жылқы.

      5. Тай-құлындар – 3 жасқа дейінгі жылқы төлі.

      6. Үйретілетін жылқы - 3 жастан 5 жасқа дейінгі жастағы бөлімшелерге арналған үйретуден (бастықтырудан), баптаудан өткен жылқылардың санаты.

      7. Оқу-жаттығу-үйрету кавалерлік тобы (бөлімшесі) – функциясы асыл тұқымды жылқыларды өсіру, көбейту, үйрету және жылқы қызметінің мамандарын дайындау болып табылатын құрылымдық бөлімше.

      8. Қызметтік жылқылар 15 жыл бойы қолданылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын иттермен жабдықтау нормасы

Р/с №

Бөлімшелердің атауы

Өлшем бірлігі

Иттер санаты

Қызметтік ит

Асыл тұқымды

Саптық

Күшік

1.

Шекара бөлімі (бөлімше)

бас

5

-

-

-

2.

Шекаралық бақылау тобы

бас

6

-

-

-

3.

Күзету бөлімшесі (тобы)

бас

6

-

-

-

4.

Арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимыл бөлімшесі (тобы)

бас

4

-

-

-

5.

Кинолог мамандарды дайындау бөлімшесі (тобы)

бас

-

-

50

-

6.

Қызметтік иттерді өсіру, көбейту және дайындау бөлімі

бас

-

50

150

150

7.

Шекара академиясы

бас

13

-

-

-

      Ескертпелер:

      1. Қызметтік ит – шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, белгілеу және жолын кесу, сондай-ақ құқық бұзушыларға дене күшімен, психологиялық, блоктау және өзге де әсер ету мақсатында шекара нарядтарын күшейтуге арналған ит.

      2. Асыл тұқымды ит – асыл тұқымды иттерді өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын ит.

      3. Саптық ит – арнайы дайындық (жаттықтырылады) курсын өтпеген ит, сонымен қатар іздеу иттердің нұсқаушыларын дайындау бойынша оқу бөлімшелерінде, жетекшілерді дайындау бойынша жиындарда оқудағы ит, сондай-ақ бөлімшелер жанында жаттықтырылатын ит.

      4. Күшік – жасы 6 айға дейінгі жас ит.

      5. Қызметтік иттерді пайдалану мерзімі – 8 жыл 3 ай.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады