Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тізімін ұсыну туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 54 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11323 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.01.2016 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2003 жылы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Акционерлік қоғамы, тұрақтандыру банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) өз үлестес тұлғаларының тізімін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша тиісінше есепті жылдың 31 қаңтарынан, 30 сәуірінен, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.
      2. Үлестес тұлғалардың тізімін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсыну жағдайларын қоспағанда, акционерлік қоғам үлестес тұлғалардың тізімін осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағыштағы ілеспе хатпен электрондық тасымалдағышта (Excel форматындағы электрондық кестелер) ұсынады.
      Электрондық құжаттар түрінде (Excel форматындағы электрондық кестелер) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсынылған үлестес тұлғалардың тізімі электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылады.
      3. Ұлттық Банк акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастыру жолымен не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша жария етеді.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 171 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7719 тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 26 сәуірдегі  
№ 54 қаулысына    
1-қосымша       

Нысан

Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімі

Есепті кезең: _____ ж. ___.___.

Индекс: үлестес тұлғалар тізімі

Ақпарат жинау кезеңділігі: тоқсан сайын

Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: акционерлік қоғамдар (тұрақтандыру банкін қоспағанда)

Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті жылдың 31 қаңтарынан, 30 сәуірінен, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кешіктірмей.

«___________________»акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімі
(акционерлік қоғамның атауы)

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және (немесе) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру күні мен нөмірі

Үлестес тұлғалардың тізімі ұсынылатын күн

Жеке тұлғалар

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Үлестестілігін тану негіздері

Үлестестілігінің туындау күні

Ескерту

1

2

3

4

5

6







Заңды тұлғалар

р/с №

Заңды тұлғаның толық атауы

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның почталық мекен-жайы және нақты орналасқан жері

Үлестестілігін тану негіздері

Үлестестілігінің туындау күні

Ескерту

1

2

3

4

5

6







«Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімі»
әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын толтыру бойынша
түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімі» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
      2. Нысанды акционерлік қоғам есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша тоқсан сайын жасайды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. 3-бағанда акционерлік қоғамның жеке тұлғалар болып табылатын үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді көрсету үшін туған күні – кк.аа.жж (күні/айы/жылы) форматында көрсетіледі.
      2. 3-бағанда акционерлік қоғамның заңды тұлғалар болып табылатын үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді көрсету үшін заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның почталық мекен-жайы және нақты орналасқан жері жеке жолдарға бөлместен бір бағанда көрсетіледі.
      3. 4-бағанда 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1 және 1-1-тармақтарының тиісті тармақшасына немесе 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына екiншi деңгейдегi банктер үшін сілтеме жасау қажет.
      4. 5-бағанда үлестестілігінің туындау күні – кк.аа.жж (күні/айы/жылы) форматында көрсетіледі.
      5. 3 және 5-бағандарда күндер толығымен цифрлармен толтырылады және акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен акционерлер және акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары ұсынған ақпарат негізінде белгіленеді.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 26 сәуірдегі  
№ 54 қаулысына    
2-қосымша       

Нысан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасына
_____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Осымен _______________________________________________________
                     (акционерлік қоғамның атауы)
20____ жылғы 1 ______ жағдай бойынша үлестес тұлғалар тізімінің ұсынылғаны туралы хабарлайды және оның шынайылығын растайды.

Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
________________________________________________         ____________
  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                     (қолы)

Орындаушы: _____________________________________         ____________
            (лауазымы, тегі, аты, әкесінің                  (қолы)
                  аты (бар болса)

__________________
(телефон нөмірі)

Есепке қол қойған күн 20_____ жылғы «_____» __________.

Мөр орны (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады