Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 наурызда № 13438 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 189 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      Министр Б. Сұлтанов

      ____________________

      2016 жылғы 10 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 26 қаулысымен
бекітілген

Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1. Осы Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) 79-бабына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) 102-бабына сәйкес әзірленді және акционерлік қоғамдардың және акционерлік қоғамдар болып табылмайтын эмитенттердің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі - қаржылық есептілік депозитарийі), тізіміне акционерлік қоғам не акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент шығарған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы, бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бағдарламалық қамтамасыз ету – қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым әзірлеген және шаблондар түрінде бағдарламалық қамтамасыз етуінде ұсынылған есептіліктің және ақпараттың әр түрлі нысандарын дайындауға арналған "Есептілікті берудің бірыңғай жүйесі" (ЕББЖ) бағдарламалық қамтамасыз ету;

      2) қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есептілік депозитарийін жүргізу қызметін жүзеге асыруға уәкілетті "Ақпараттық-есепке алу орталығы" акционерлік қоғамы;

      3) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсы - "www.dfo.kz" мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы;

      4) қор биржасының интернет-ресурсы - "www.kase.kz" мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы;

      5) шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңі:

      акциялар үшін – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және осы акциялар шығарылымын жою күніне дейінгі бағалы қағаздардың қайталама нарығында акциялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалатын кезең;

      облигациялар үшін – облигациялар шығарылымы проспектісімен белгіленген бағалы қағаздардың қайталама нарығында облигациялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалатын кезең;

      пайлар үшін – уәкілетті орган пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және инвестициялық пай қоры жұмысын тоқтату күніне дейінгі бағалы қағаздардың қайталама нарығында пайлармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалатын кезең;

      өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар үшін – эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымның талаптарымен белгіленген бағалы қағаздардың қайталама нарығында осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалатын кезең;

      6) электрондық есеп – куәландыратын орталық берген электрондық цифрлық қолтаңба қойылатын жылдық және (немесе) тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктің нысандарымен, Қағидалардың 4, 6, 8 және 9-тармақтарында көрсетілген ақпаратпен бағдарламалық қамтамасыз етудің толтырылған тиісті шаблоны.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен

      3. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңінде бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген, акционерлік қоғам болып табылатын эмитент қор биржасына тізбесі Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында айқындалған бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын осы эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы, Қағидалардың 1-қосымшасында (бұдан әрі – 1-қосымша) көрсетілген Акционерлік қоғамның корпоративтік оқиғалары туралы, бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының интернет-ресурстарында орналастырылатын акционерлік қоғам қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын Талаптарға сәйкес жасалған, тізбесі Акционерлік қоғамдар туралы заңның 79-бабының 1-тармағында айқындалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, аудиторлық есептерді қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен интернет-ресурсында жариялау үшін ұсынады.

      Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңінде бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген, акционерлік қоғам болып табылатын эмитент қор биржасына Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылатын бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын эмитенттің (акционерлік қоғам болып табылмайтын) қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарға (бұдан әрі - 2-қосымша) сәйкес жасалған, тізбесі Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында айқындалған бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын осы эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты, сондай-ақ жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, аудиторлық есептерді қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен интернет-ресурсында жариялау үшін ұсынады;

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен

      4. Акционерлік қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қаржылық есептілік депозитарийіне тізбесі Акционерлік қоғамдар туралы заңның 79-бабының 1-тармағында айқындалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты және оның эмиссиялық бағалы қағаздары айналыста болатын кезеңде тізбесі Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында айқындалған бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын:

      1) корпоративтік оқиғалар туындаған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 1-қосымшаның 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 12, және 13-тармақтарына;

      2) корпоративтік оқиғалар және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын акционерлік қоғамның қызметіндегі өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Қағидаларға 1-қосымшаның 1, 9, 11, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтарына;

      3) акционерлік қоғам корпоративтік дау жөнiндегi азаматтық іс бойынша тиiстi сот хабарламасын (шақыруын) алған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні iшiнде Қағидаларға 1-қосымшаның 14-тармағына;

      4) егер Акционерлік қоғамдар туралы және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарда ақпаратты жариялаудың (акционерлердің назарына жеткізу) өзге мерзімдері көзделмесе, корпоративтік оқиғалар туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 1-қосымшаның 24-тармағына сәйкес жасалған, оның қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен

      5. Акционерлік қоғамның қызметінде корпоративтік оқиғалардың және (немесе) Қағидаларға 1-қосымшаның 2, 3, 4, 9, 10, 11, 15, 17, 19 және 21-тармақтарында көрсетілген бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын өзгерістердің туындау күні акционерлік қоғамның осындай оқиғалардың және (немесе) өзгерістердің туындағанын растайтын тиісті құжаттарды алған күні болып табылады.

      Қағидаларға 1-қосымшаның 5-тармағында көрсетілген ірі мәмілені және (немесе) бірмезгілде мынадай талаптарға жауап беретін: акционерлік қоғам жасауға мүдделі мәміле болып табылатын және қоғамның уәкілетті органы Қағидаларға 1-қосымшаның 6-тармағында көрсетілген осындай мәмілені жасау туралы шешімді қабылдау күнінде құны қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызы болатын мүлікті иеленуге немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілені жасау үшін міндетті мемлекеттік немесе өзге тіркеу қажет жағдайда, корпоративтік оқиғалардың туындау күні акционерлік қоғамның оны мемлекеттік немесе өзге тіркеуді растайтын құжаттарды алған күні болып табылады.

      Корпоративтік оқиғалардың және (немесе) акционерлік қоғамның қызметіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, Қағидаларға 1-қосымшаның 7-тармағында көрсетілген өзгерістердің туындау күні:

      кепілі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркелуге жататын мүлікке қатысты – акционерлік қоғамның кепілге қою (қайта кепілге қою) туралы шартты тіркеуді растайтын құжаттарды алған күні;

      кепілі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркелуге жатпайтын мүлікке қатысты – акционерлік қоғамның мүлікті кепіл ұстаушыға беруді растайтын құжаттарды алу күні, ал егер ол берілуге жатпайтын болса, онда кепілге қою (қайта кепілге қою) туралы шарт жасаған күні болып табылады.

      Акционерлік қоғамның қарыз алуы туралы шарттың күшіне ену күні Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген корпоративтік оқиғаның туындау күні болып табылады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы заңды күшіне енген күн, ал қаулыға соған уәкілетті тұлғалар шағым жасаған немесе наразылық білдірген жағдайларда – акционерлік қоғамның шағым, наразылық бойынша заңды күшіне енген қаулыны алған күннен бастап Қағидаларға 1-қосымшаның 13-тармағында көрсетілген корпоративтік оқиғаның туындау күні болып табылады.

      Егер эмитент не эмитенттің лауазымды тұлғасы 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 811 және 897-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған болса, онда эмитент не эмитенттің лауазымды тұлғасы салынған әкімшілік айыппұлды төлеген күн корпоративтік оқиғаның туындау күні болып табылады.

      Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қосылуды қоспағанда) нәтижесінде немесе қосылған заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы мәліметтерді Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізу сәтінен бастап не тарату кезінде заңды тұлғаны Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінен шығару сәтінен бастап акционерлік қоғам жаңадан туындаған заңды тұлғалардың тіркелуін растайтын тиісті құжаттарды алған күн Қағидаларға 1-қосымшаның 18-тармағында көрсетілген, акционерлік қоғамның қызметіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, еншілес ұйымдарын және оның тәуелді акционерлік қоғамдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе ерікті түрде таратуға байланысты корпоративтік оқиғаның туындаған күні болып табылады.

      Корпоративтік оқиғалардың және (немесе) акционерлік қоғамның қызметінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, Қағидаларға 1-қосымшаның 22-тармағында көрсетілген, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 9, 18-2 және 31-баптарына сәйкес тіркелуге жататын акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылымының проспектісіндегі мәліметтердің өзгерістерімен байланысты өзгерістердің туындау күні акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістердің тіркелуін растайтын құжаттарды алған күні болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен

      6. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңінде акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жасалған, тізбесі Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында айқындалған бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын осы эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийіне ұсыну арқылы осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      7. Акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің қызметінде Қағидаларға 2-қосымшаның 2, 4, 6 және 8-тармақтарында көрсетілген бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын өзгерістердің туындау күні осы эмитенттің осындай өзгерістердің туындағанын растайтын тиісті құжаттарды алған күні болып табылады.

      Заңды тұлғаны ерікті қайта ұйымдастыру (қосылуды қоспағанда) нәтижесінде немесе қосылған заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы мәліметтерді Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізу сәтінен бастап не ерікті тарату кезінде заңды тұлғаны Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінен шығару сәтінен бастап соттың эмитентті және (немесе) оның еншілес ұйымдарын, тәуелді акционерлік қоғамдарын мәжбүрлеп тарату немесе мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы тиісті шешімін алған күн немесе эмитент жаңадан туындаған заңды тұлғалардың тіркелуін растайтын тиісті құжаттарды алған күн Қағидаларға 2-қосымшаның 2-тармағында көрсетілген, эмитентті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға немесе мәжбүрлеп таратуға, эмитенттің еншілес ұйымдарын және оның тәуелді акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты корпоративтік оқиғаның туындаған күні болып табылады.

      Акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің қызметіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, Қағидаларға 2-қосымшаның 5-тармағында көрсетілген өзгерістердің туындау күні:

      кепілі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркелуге жататын мүлікке қатысты – эмитенттің кепілге қою (қайта кепілге қою) туралы шартты тіркеуді растайтын құжаттарды алған күні;

      кепілі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркелуге жатпайтын мүлікке қатысты – эмитенттің мүлікті кепіл ұстаушыға беруді растайтын құжаттарды алу күні, ал егер ол берілуге жатпайтын болса, онда кепілге қою (қайта кепілге қою) туралы шарт жасаған күні болып табылады.

      Эмитенттің қызметіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 9, 18-2, 31-баптарына сәйкес тіркелуге жататын эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылымының проспектісіндегі мәліметтердің өзгерістерімен байланысты өзгерістің туындау күні эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың тіркелгенін растайтын құжаттарды алу күні болып табылады.

      8. Акционерлік қоғам жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына жыл қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Жыл қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратта акционерлік қоғам есепті кезеңде олардың атқарушы органның құрамында болу кезеңінде атқарушы органның мүшелеріне төлеген жалақының және ақшалай нысандағы марапаттаулардың барлық түрлерінің жиынтық мөлшері туралы мәліметтерді қоса алғанда, акционерлік қоғам есепті кезеңде атқарушы орган мүшелерінің пайдасына төлеген барлық төлемдердің жиынтық мөлшері туралы мәліметтерді қамтиды.

      9. Тұрақтандыру банкін қоспағанда, акционерлік қоғам Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін тиісінше есепті жылдың 31 қаңтарынан, 30 сәуірінен, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кеш емес мерзімде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етеді.

      10. Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті, ал еншілес ұйымы болған жағдайда – мыналарға:

      1) акционерлік қоғам (қаржы ұйымын қоспағанда) үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 тіркелген "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен (бұдан әрі – № 404 бұйрық) бекітілген тізбеге және нысандарға;

      2) қаржы ұйымы үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 тіркелген "Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысына (бұдан әрі – № 41 қаулы);

      3) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген және акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент үшін – қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (бұдан әрі – ҚЕХС) сәйкес жасалған жеке жылдық қаржылық есептілікті, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті орналастыру жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      11. Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыста болмайтын эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және мыналардан тұратын өзге ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді:

      1) қаржы ұйымын қоспағанда, акционерлік қоғам үшін – № 404 бұйрықпен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зияндар туралы есеп;

      2) екiншi деңгейдегi банкті қоспағанда, қаржы ұйымы болып табылатын акционерлік қоғам үшін – № 41 қаулымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зияндар туралы есеп;

      3) екінші деңгейдегі банк болып табылатын эмитент үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11160 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 74 қаулысымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған баланстық шоттардағы қалдықтар туралы есеп және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп;

      4) арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын акционерлік қоғам үшін – ҚЕХС сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және меншікті қаражат бойынша пайда мен зияндар туралы есеп;

      5) акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент үшін – ҚЕХС сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зияндар туралы есеп.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.08.2018 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      12. Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыстағы эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, ал осы эмитенттің еншілес ұйымы болған жағдайда – ҚЕХС сәйкес жасалған тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті эмитенттің бағалы қағаздары тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыстағы, екiншi деңгейдегі банк болып табылатын эмитент Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа қосымша эмитенттің бағалы қағаздары тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты да ұсынады.

      13. Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент орналастыруға тиіс қаржылық есептілік, аудиторлық есептер және өзге де ақпарат эмитенттің бағалы қағаздары тізіміне енгізілген қор биржасының Қағидаларында және ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қор биржасының интернет-ресурстарында орналастыру күнінен бұрын бұқаралық ақпарат құралдарының басқа көздері арқылы жариялануға (орналастырылуға) жатпайды.

      Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесінде көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдары және (немесе) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттер қаржылық есептілік депозитарийіне және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасына бағалы қағаздар ұстаушылардың алдында жария етуге жататын ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының iшкi құжаттарында белгіленген жағдайларда, көлемде, тәртіппен және мерзімде ұсынады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен

      14. Акционерлік қоғамдар және (немесе) акционерлік қоғамдар болып табылмайтын эмитенттер қаржылық есептілік депозитарийіне ұсыну үшін корпоративтік оқиғалар туралы, бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын өз қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты, тоқсан сайынғы және жылдық және қаржылық есептілікті, Қағидалардың 8-тармағында және 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қалыптастырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен

      15. Қағидалардың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген, қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалған ақпарат, тоқсан сайынғы қаржылық есептілік және қазақ және (немесе) орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалған Қағидалардың 8-тармағында және 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпарат, акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімдерін мынадай тәртіппен қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымға ұсынылады:

      1) шаблон толтырылады;

      2) шаблонды толтыру нәтижесінде электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық есеп қалыптастырылады;

      3) электрондық есепке қол қойғанға дейін оған:

      Қағидалардың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген ақпаратты орналастыру кезінде – PDF электрондық форматында эмитенттің сканерленген өтінімі (бірінші басшы немесе осыған уәкілетті лауазымды тұлға қол қойған және корпоративтік оқиға немесе бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын өз қызметіндегі өзгеріс бар ақпараттық хабарламаның мәтінін қазақ және орыс тілдерінде бағдарламалық қамтамасыз ету шаблонында теру нәтижесінде басып шығарылған өтінімнің қағаз нұсқасының мөрмен (бар болса) расталған сканерленген көшірмесі);

      жылдық қаржылық есептілікті орналастыру кезінде – PDF электрондық форматындағы аудиторлық есеп (қол қойылған және аудиторлық ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) және акционерлердің жалпы жиналысының жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы шешімі (акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасынан сканерленген үзінді-көшірме немесе жалғыз акционердің шешімінен үзінді-көшірме);

      эмитенттер Акционерлік қоғамдар туралы заңның және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның талаптарына сәйкес немесе өзінің бастамасы бойынша жария ететін, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында эмитенттің "электрондық досье" қосымша бетінде орналастырылатын PDF электрондық форматындағы сканерленген құжаттар қоса тіркеледі;

      4) электрондық есепті қаржылық есептілік депозитарий құрылымына (эмитентте интернетке шығу болған кезде) немесе қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының өңірлік бөлімшесіне (ақпаратты электрондық тасымалдағыштарда) жіберу және енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етудегі сервис арқылы қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне электрондық есеп жіберіледі.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен

      16. Қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарлама тоқсан сайынғы қаржылық есептілік нысандарымен және Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпаратпен бірге басып шығарылуға және бірінші басшы мен бас бухгалтер қол қоюға тиіс және эмитентте сақталады.

      Қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарлама Қағидалардың 4, 6 және 9-тармақтарында көрсетілген ақпаратпен бірге басып шығарылуға және бұған уәкілетті лауазымды тұлға қол қоюға тиіс және эмитентте сақталады.

      17. Эмитенттің Қағидаларда көрсетілген талаптарды сақтамауы қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның электрондық есепті қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады.

      18. Эмитент Қағидаларға 1-қосымшаның 1, 5, 6, 7, 8, 11 және 22-тармақтарына және Қағидаларға 2-қосымшаның 4, 5, 7 және 9-тармақтарына сәйкес бұдан бұрын болған оқиғалардың салдары болып табылатын оқиғалар туралы ақпаратты ұсыну кезінде қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне жіберілетін электрондық есепте осы оқиға салдары болып табылатын бұдан бұрын жарияланған бастапқы оқиға бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне келіп түскен электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарламаның нөмірін көрсетеді.

      Егер бастапқы оқиға туралы ақпарат оның туындау сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына орналастыруға жатпаған болса, осы оқиғаның алдындағы оқиға бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне келіп түскен электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарламаның нөмірі көрсетіледі.

      19. Акционерлік қоғам, бағалы қағаздары акционерлік қоғам болып табылмайтын қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс жылдық қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийіне "Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына сәйкес ұсынады.

      Жылдық қаржылық есептілікті орналастыру кезінде PDF электрондық форматындағы аудиторлық есеп (қол қойылған және аудиторлық ұйымының мөрімен (бар болса) расталған қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі) қоса тіркеледі, акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы сканирленген шешімін (акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасынан сканирленген үзінді-көшірмені немесе жалғыз акционердің шешімінен үзінді-көшірмені) қосымша қоса тіркейді.

      20. Акционерлік қоғамдар мен акционерлік қоғамдар болып табылмайтын эмитенттер қаржылық есептiлiк депозитарийіне және қор биржасына ұсынатын жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiктерді, Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты және аудиторлық есептерді қаржылық есептiлiк депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым және қор биржасы оларды алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өздерінің интернет-ресурстарына орналастырады.

      Акционерлік қоғамдар мен акционерлік қоғамдар болып табылмайтын эмитенттер қаржылық есептiлiк депозитарийіне және қор биржасына ұсынатын корпоративтік оқиғалар туралы және эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты қаржылық есептiлiк депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым және қор биржасы оларды алған күні өздерінің интернет-ресурстарына орналастырады.

      21. Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және қор биржасының интернет-ресурстарында орналастырылатын ақпарат және қаржылық есептілік әрбір эмитент бөлігінде қалыптастырылады.

  Қаржылық есептілік
депозитарийінің, қор
биржасының интернет-
ресурстарында корпоративтік
оқиғалар туралы ақпаратты,
қаржылық есептілікті және
аудиторлық есептерді,
акционерлік қоғамдардың
үлестес тұлғаларының
тізімдерін, сондай-ақ жыл
қорытындысы бойынша
атқарушы органның
мүшелері сыйақысының
жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру
қағидаларына
  1-қосымша

Акционерлік қоғамның корпоративтік оқиғалары туралы, бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының интернет-ресурстарында орналастырылатын акционерлік қоғам қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен

Ақпарат түрі

Ақпарат мазмұны

1

2

3

1.

Ақпаратты акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторларға жіберетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

1) директорлар кеңесі өткізілетін күн;
2) директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселенің (мәселелердің) мазмұны, ол туралы ақпарат акционерлерге және инвесторларға акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жіберіледі;
3) директорлар кеңесі осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша қабылдаған шешімі (шешімдері);
4) акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге мәліметтер.

2.

Акционерлік қоғамның акцияларды және басқа бағалы қағаздарды шығаруы туралы ақпарат

1) бағалы қағаздар шығарылымын тіркеуді жүзеге асырған органның атауы, бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу күні;
2) шығаруға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген (ұлттық сәйкестендіру нөмірі және (немесе) бағалы қағаздар шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған жағдайда халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN)) сәйкестендіру коды;
3) облигацияларды, оның ішінде облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарған жағдайда номиналды құны, айналысқа жіберу мерзімі қосымша көрсетіледі;
4) облигациялық бағдарламаны шығарған жағдайда облигациялық бағдарламаның нөмірі және шығарылым көлемі көрсетіледі;
5) кемінде 12 ай айналысқа жіберу мерзімі бар облигацияларды қоспағанда, акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылымы проспектісінің сканерленген көшірмесі;
6) акционерлік қоғам шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға уәкілетті органнан рұқсат алған жағдайда:
уәкілетті органның осындай рұқсатының күні және нөмірі;
шығарудың негізгі параметрлері: бағалы қағаздың түрі, халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN), шығару валютасы және нысаны, шығарудың жалпы көлемі, номиналды құны, айналысқа жіберу және орналастыру мерзімі; эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақы туралы мәліметтер (төлемдердің мөлшері және кезеңділігі) өтеу тәртібі және болжамды мерзімі.

3.

Уәкілетті орган акционерлік қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, акционерлік қоғамның бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есептерді бекіту туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту күні.
2) бағалы қағаздарды орналастырудың есепті кезеңі (акционерлік қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы ақпаратты орналастырған кезде);
3) есепті кезеңде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың саны және түрі.

4.

Уәкілетті орган акционерлік қоғамның бағалы қағаздар шығарылымын жою туралы ақпарат

1) бағалы қағаздар шығарылымын жою күні;
2) шығарылымы жойылған бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
3) акционерлік қоғамның бағалы қағаздар шығарылымын жою үшін негіздеме.

5.

Акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді жасағаны туралы ақпарат

1) мәміленің не мәмілеге қосымша келісімнің (шартқа қосымша келісімнің) жасалған күні;
2) мәміле мәні, мәміле тараптарының атауы;
3) акционерлік қоғамның органы мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны;
4) акционерлік қоғамның органы мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні;
5) ақша және (немесе) бастапқы нарықта шығарылатын (орналастырылатын) бағалы қағаздар мәміле мәні болып табылатын жағдайларды қоспағанда, мәміле мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні;
6) мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының акционерлік қоғамның органы мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатысы.
7) мәміле тараптары, сатып алынған немесе иелігінен шығарылатын активтер, мәміле мерзімдері мен талаптары, тартылған тұлғалардың қатысу үлестерінің сипаты мен көлемі туралы мәліметтер, сондай-ақ бар болса, мәміле туралы өзге мәліметтер.
Акционерлік қоғам ірі мәміле жасау туралы шартында банктік құпия, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпарат болса, ірі мәміле туралы ақпаратты орналастырған кезде тек қана мәміле жасалған күн, сондай-ақ акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге ақпарат жарияланады.
Егер акционерлік қоғамның жасаған мәміле бір мезгілде ірі мәміле және қоғамның жасауға мүдделілігі бар мәміле болып табылса, мұндай мәміле туралы ақпарат осы қосымшаның 5-тармағына сәйкес бұл жөнінде көрсете отырып ғана орналастырылады.

6.

Акционерлік қоғам бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін мәмілелер жасау туралы ақпарат: қоғамның жасауға мүдделілігі бар және қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелер жасау туралы шешім қабылдаған күні құны қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінен он және одан көп пайызды құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иелігінен шығаруға байланысты мәміле болып табылады

1) мәміленің не мәмілеге қосымша келісімнің (шартқа қосымша келісімнің) жасалған күні;
2) мәміле мәні, мәміле тараптарының атауы;
3) акционерлік қоғамның органы мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні.
4) мәміле тараптары, сатып алынған немесе иелігінен шығарылатын активтер, мәміле мерзімдері мен талаптары, тартылған тұлғалардың қатысу үлестерінің сипаты мен көлемі туралы мәліметтер, сондай-ақ бар болса, мәміле туралы өзге мәліметтер.
Акционерлік қоғам бірмезгілде мынадай талаптарға жауап беретін: акционерлік қоғам жасауға мүдделі мәміле болып табылатын және қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілені жасау туралы шешімді қабылдау күнінде құны қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызы болатын мүлікті иеленуге немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілені жасау туралы шартта банктік құпия, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпарат болса, акционерлік қоғам қоғамның жасауға мүдделілігі бар мәмілені жасау туралы ақпаратты орналастырған кезде тек қана мәміле жасалған күн, сондай-ақ акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге де ақпарат жарияланады.
Бір жұмыс күні ішінде бірмезгілде мынадай талаптарға жауап беретін: акционерлік қоғам жасауға мүдделі мәміле болып табылатын және қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілені жасау туралы шешімді қабылдау күнінде құны қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызы болатын мүлікті иеленуге немесе иеліктен шығаруға байланысты бірнеше мәміле жасаған кезде, осындай мәмілелер бойынша ақпаратты акционерлік қоғамға осындай бірнеше мәміле бойынша ақпарат қамтылған бір өтінім ұсыну арқылы ақпарат беруге рұқсат етіледі.

7.

Акционерлік қоғамның мүлкін осы акционерлік қоғам активтерінен бес және одан көп пайызды құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешім қабылдаған күні;
2) акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) құқығы туындаған күні, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелуі тиіс мүлік – кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын тіркелген күні;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелмеуі тиіс мүлік – кепіл ұстаушыға осы мүлікті беру кезінен, ал егер берілмейтін болса кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын жасау сәтінен бастап;
3) акционерлік қоғамның кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлкінің құны;
4) акционерлік қоғамның кепілге (қайта кепілге) берілетін мүлкін соңғы бағалау күні (егер мұндай бағалауды жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе);
5) акционерлік қоғамның органы акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешімді қабылдау күнінде кепілге (қайта кепілге) берілетін мүлік құнының осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы.

8.

Акционерлік қоғамның меншікті капиталы мөлшерінен жиырма бес және одан көп пайызды құрайтын мөлшердегі қарызды акционерлік қоғамның алуы туралы ақпарат

1) акционерлік қоғам органының қарызды алу туралы шешім қабылдаған күні;
2) акционерлік қоғамның қарызды алу күні туралы шарттың жасалған күні;
3) акционерлік қоғам алған қарыздың шартта белгіленген жалпы мөлшері;
4) акционерлік қоғамның қарызды алған күні және шартта белгіленген сома шегінде алынған қарыз мөлшері;
5) акционерлік қоғамның қарызды алу мақсаты;
6) акционерлік қоғам алған қарыздың мөлшеріне акционерлік қоғам органының қарызды алу туралы шешім қабылдаған күні акционерлік қоғамның меншікті капиталының мөлшеріне пайыздық арақатынасы;
Акционерлік қоғам екінші деңгейдегі банкпен қарыз алушының өзіне кредит алу уақытын белгілеуге мүмкіндік беретін талаптармен қарыз алушыны кредиттейтін банк міндеттемелерін көздейтін банктік қарыз шартын жасаған кезде осы шартпен белгіленген сома және уақыт шегінде акционерлік қоғам осы шартқа сәйкес ашылған кредиттік желі шеңберінде әрбір қарыз алу кезінде осы тармаққа сәйкес ақпаратты орналастырады.
Акционерлік қоғамның қарызды алу бойынша жасалған мәмілесі бір мезгілде ірі мәміле және (немесе) акционерлік қоғамның оны жасауға мүдделілігі бар мәміле болып табылса, мұндай мәміле туралы ақпарат бұл туралы көрсетумен осы қосымшаның 8-тармағына сәйкес ғана орналастырылады.

9.

Акционерлік қоғамның қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға, акционерлік қоғамның қызметтің қандай да бір түрін (іс-қимылдарды) жүзеге асыруға бұрын алған лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ақпарат

1) рұқсат берген, рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған рұқсат беру органының атауы;
2) рұқсат берілген күні, рұқсаттың нөмірі, рұқсаттың қолданылу мерзімі;
3) рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрінің (іс-қимылдың) атауы;
4) рұқсат беру органның рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (тоқтата тұру мерзімі), қолданылуын жаңарту күні туралы шешімді қабылдаған күні;
5) рұқсатты тоқтата тұруға (жаңартуға) негіздеме;
6) жүзеге асыруға рұқсат тоқтатыла тұрған (жаңартылған) қызмет түрінің (іс-қимылдың) атауы;
7) рұқсат беру органының рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күні;
8) рұқсаттың қолданылуын тоқтатуға негіздеме;
9) жүзеге асыруға рұқсат тоқтатылған қызмет түрінің (іс-қимылдың) атауы.

10.

Акционерлік қоғамның заңды тұлғаны құруға қатысуы туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның заңды тұлғаны құру туралы (акционерлік қоғамның құруға қатысуы туралы) шешім қабылдаған күні, шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы;
2) құрылатын заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері.

11.

Акционерлік қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы шешімнің күні, нөмірі, қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, тыйым салуға негіздеме;
2) акционерлік қоғамның тыйым салынған мүлкінің атауы және оның қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы. Банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасына тыйым салынған жағдайда - тыйым салынған ақша сомасын көрсету. Акционерлік қоғамның бағалы қағаздарына тыйым салынған жағдайда - тыйым салынған бағалы қағаздардың жалпы саны, олардың түрлері, сәйкестендіру нөмірі, осы бағалы қағаздардың эмитенті туралы мәліметтер;
3) тыйым салуды алған жағдайда - акционерлік қоғамның мүлкіне тыйым салуды алу туралы шешім қабылдаған мемлекеттік орган шешімінің күні, нөмірі.

12.

Баланстық құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы мөлшерінен он және одан көп пайызды құрайтын нәтижесінде акционерлік қоғамның мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы туралы ақпарат

1) акционерлік қоғам мүлкінің жойылуына әкеп соққан төтенше сипаттағы жағдайлардың басталған күні;
2) акционерлік қоғамның төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуына байланысты жойылған мүлкінің атауы;
3) акционерлік қоғамның төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуына байланысты жойылған мүлкінің баланстық құны.

13.

Акционерлік қоғамды және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпарат

1) әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған мемлекеттік органның атауы;
2) мемлекеттік органның әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған күні, нөмірі (бар болса);
3) әкімшілік жауапқа тартылған акционерлік қоғам және (оның) лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бабының реттік нөмірі;
4) қоғамның лауазымды тұлғасын әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда, осы лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), сондай-ақ лауазымы қосымша көрсетілуі тиіс.

14.

Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғау туралы ақпарат

1) корпоративтік дау бойынша талапкер, жауапкер туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), (заңды тұлға үшін) толық атауы, орналасқан жері);
2) талап-арыз берген күні, шағым талаптардың қысқаша мазмұны;
3) корпоративтік дау бойынша талап-арыз қаралатын соттың атауы.

15.

Акционерлік қоғамды, оның еншілес ұйымдарын және тәуелді акционерлік қоғамдарын мәжбүрлеп қайта құру туралы шешім туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамды, акционерлік қоғамның еншілес ұйымын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамын мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күні;
2) акционерлік қоғамды, акционерлік қоғамның еншілес ұйымын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамын мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы;
3) акционерлік қоғамды, акционерлік қоғамның еншілес ұйымын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдауға негіздеме;
4) қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамның еншілес ұйымының және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамының орналасқан жері және атауы;
5) акционерлік қоғамды, акционерлік қоғамның еншілес ұйымын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамның нысаны және талаптары;
6) акционерлік қоғамды, акционерлік қоғамның еншілес ұйымын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамын мәжбүрлеп қайта ұйымдастырудың өзге талаптары.

16.

Акционерлік қоғам органы құрамының өзгеруі туралы ақпарат

1) шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауын көрсетумен акционерлік қоғам органының құрамын сайлау (тағайындау) не оның өзгеруі туралы шешім қабылдаған күні. Басқару органы және (немесе) атқарушы орган мүшесінің өкілеттігін олардың бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы жүзеге асырылған жағдайда акционерлік қоғам акционерлік қоғамның басқару органының жазбаша хабарламасын алған күні көрсетіледі;
2) құрамы сайланған (тағайындалған) не өзгерген акционерлік қоғам органының атауы;
3) акционерлік қоғамның органы құрамына өзгерістердің мәні: орган құрамынан шығарылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), орган құрамына сайланған (тағайындалған) адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
4) акционерлік қоғам органының құрамына кіретін әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып, акционерлік қоғам органына енгізілген өзгерістер ескерілген құрамы;
5) акционерлік қоғамның директорлар кеңесі сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі дауыс беретін акциялардың акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы;
6) еншілес ұйымдардағы акционерлік қоғамның директорлар кеңесі сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталына қатысу үлесі) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлесі) жалпы санына пайыздық арақатысы. Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысында және (немесе) директорлар кеңесінде акционерлік қоғамның органдары құрамының өзгеруі туралы ғана шешім қабылданған жағдайда осындай шешім туралы ақпарат бұл жөнінде көрсетіле отырып, осы қосымшаның 16-тармағына сәйкес қана орналастырылады.

17.

Акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызына ие акционерлері құрамының өзгеруі туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызына ие акционерлері құрамының өзгеру күні (бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесіндегі немесе номиналды ұстаушыларды есепке алу жүйесіндегі өзгерістер тіркелген күні);
2) акционерлік қоғамның акционерлері құрамындағы өзгерістердің мәні:
жеке тұлғаға қатысты - акционерлердің құрамына енгізілген не акционерлердің құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса):
заңды тұлғаға қатысты - акционерлердің құрамына енгізілген не акционерлердің құрамынан шығарылған заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері.

18.

Акционерлік қоғамды, оның еншілес ұйымдарын және тәуелді акционерлік қоғамдарды ерікті қайта ұйымдастыру немесе ерікті тарату туралы ақпарат

1) акционерлік қоғам ерікті қайта ұйымдастырылған немесе ерікті таратылған жағдайда - акционерлік қоғам органының акционерлік қоғамды ерікті тарату немесе ерікті қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күні, шешім қабылдаған органның атауын көрсетумен;
2) акционерлік қоғамның еншілес ұйымы және (немесе) тәуелді акционерлік қоғам ерікті қайта ұйымдастырылған немесе ерікті таратылған жағдайда – ұйым органының (акционерлік қоғамның) ерікті тарату немесе ерікті қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күні, шешім қабылдаған органның атауын көрсетумен, сондай-ақ қайта ұйымдастырылған немесе ерікті таратылған заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы;
3) акционерлік қоғамды, оның еншілес ұйымын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру нысандары және талаптары;
4) акционерлік қоғамды, оның еншілес ұйымдарын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру немесе таратудың өзге талаптары.

19.

Акционерлік қоғамды, оның еншілес ұйымдарын және тәуелді акционерлік қоғамдарды мәжбүрлеп тарату туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамды, оның еншілес ұйымын және тәуелді акционерлік қоғамдарды мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, осындай шешім қабылдаған күні және негіздеме;
2) акционерлік қоғамның таратылатын еншілес ұйымын және тәуелді акционерлік қоғамдардың орналасқан жері және атауы;
3) акционерлік қоғамды, оның еншілес ұйымдарын және тәуелді акционерлік қоғамдарды таратудың өзге талаптары.

20.

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер туралы ақпарат

1) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;
2) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер;
3) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен;
4) акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге мәліметтер.
Акционерлік қоғамның жалғыз акционері болған жағдайда жалғыз акционер шешімінің, жалғыз акционер қабылдаған шешімінің күні, акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге мәліметтер көрсетіледі.

21.

Акционерлік қоғамның әрбір осындай ұйымдағы акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызына ие болатын ұйымдар тізіміндегі өзгерістер туралы ақпарат

1) акционерлік қоғам акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызына ие бола бастаған (ие болуды тоқтатқан) ұйымның толық атауы;
2) осы ұйымның акциялары (үлестері, пайлары) санының акционерлік қоғам акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызына ие болатын ұйымдар тізімі өзгерген күннен кейінгі күні ұйымның орналастырылған акцияларының (үлестерінің, пайларының) жалпы санына пайыздық арақатысты.

22.

Акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылымы проспектісіндегі өзгерістер туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылымы проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органның мемлекеттік тіркеу күні (егер эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне осы өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті орган тіркеуге тиіс болғанда);
2) акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылымы проспектісіне өзгерістердің сканерленген көшірмесі.
Эмитент бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органнан акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылымы проспектісіне тіркелген бірнеше өзгеріс пен толықтыруды алған жағдайда (егер эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне осы өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті орган тіркеуге тиіс болғанда) акционерлік қоғамның проспектіге осындай бірнеше өзгеріс пен толықтыру бойынша ақпараты бар бір өтінім беру арқылы ақпарат беруге рұқсат.

23.

Акционерлік қоғамның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісімен көзделген талаптарды сақтамау, осы акционерлік қоғам жіберген дефолт фактілері туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісімен көзделген талаптарды сақтамау туралы ақпарат;
2) орындалмаған міндеттемелердің көлемі, орындалмаған міндеттемелердің себебі.

24.

Акционерлік қоғамның жарғысына, сондай-ақ акционерлік қоғамның бағалы қағаздары шығарылымының проспектісіне сәйкес акционерлік қоғам акционерлерінің және инвесторлардың мүддесіне қатысты өзге жағдайлар туралы ақпарат

Акционерлік қоғамның жарғысына, сондай-ақ акционерлік қоғамның бағалы қағаздары шығарылымының проспектісіне сәйкес акционерлік қоғам акционерлерінің және инвесторлардың мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер.

 
  Қаржылық есептілік
депозитарийінің, қор
биржасының интернет-
ресурстарында корпоративтік
оқиғалар туралы ақпаратты,
қаржылық есептілікті және
аудиторлық есептерді,
акционерлік қоғамдардың
үлестес тұлғаларының
тізімдерін, сондай-ақ жыл
қорытындысы бойынша
атқарушы органның
мүшелері сыйақысының
жиынтық мөлшері туралы
ақпаратты орналастыру
қағидаларына
2-қосымша

Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылатын бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын эмитенттің (акционерлік қоғам болып табылмайтын) қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен

Ақпарат түрі

Ақпарат мазмұны

1

2

3

1.

Эмитент органдарының құрамын өзгерту туралы ақпарат

1) шешім қабылдаған эмитент органының атауын көрсете отырып эмитент органының құрамын сайлау (тағайындау) не өзгерту туралы шешім қабылданған күн. Атқарушы орган және (немесе) қадағалау кеңесі мүшесі өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы олардың бастамасы бойынша жүзеге асырылған жағдайда, эмитенттің жазбаша хабарлама алған күні көрсетіледі;
2) құрамы сайланған (тағайындалған) не өзгертілген эмитент органының атауы;
3) эмитент органының құрамындағы өзгерістердің мәні: орган құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), орган құрамына сайланған (тағайындалған) тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса);
4) эмитент органының құрамына кіретін әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсетумен эмитент органына енгізілген өзгерістерді ескерумен оның құрамы;
5) эмитент органының сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі жарғылық капиталына қатысу үлестерінің эмитенттің орналастырылған жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатысы;
6) еншілес ұйымдардағы эмитент органының сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) жалпы санына пайыздық арақатысы.
Эмитент қатысушыларының жалпы жиналысында тек эмитент органдарының құрамын өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда, ондай шешім туралы ақпарат оны көрсете отырып тек осы қосымшаның 1-тармағына сәйкес орналастырылады.

2.

Эмитент үлестерінің он және одан да артық пайызын иеленетін қатысушылар құрамының өзгеруі туралы ақпарат

1) эмитенттің үлестерінің он және одан да артық пайызын иеленетін қатысушылар құрамын өзгерткен күн (бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілім жүйесінде немесе номиналды ұстаушыларды есепке алу жүйесінде өзгерістерді тіркеу күні);
2) эмитент қатысушыларының құрамын өзгертудің мәні:
жеке тұлға үшін - қатысушылардың құрамына енгізілген не қатысушылардың құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса):
заңды тұлға үшін - қатысушылардың құрамына енгізілген не қатысушылардың құрамынан шығарылған заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері.

3.

Эмитенттің, оның еншілес ұйымдарының және тәуелді акционерлік қоғамдарының қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы туралы ақпарат

1) эмитент, оның еншілес ұйымдары және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамы мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда - осындай қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және осы заңды тұлғаны тарату және қайта ұйымдастырудың өзге талаптары көрсетіледі;
2) эмитент, оның еншілес ұйымдары және (немесе) тәуелді акционерлік қоғам ерікті түрде қайта ұйымдастырылған, таратылған жағдайда - осындай ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылданған күн, қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын заңды тұлғаның орналасқан жері және атауы мен заңды тұлғаны ұйымдастыру немесе таратудың өзге талаптары көрсетіледі.

4.

Эмитенттің мүлкіне тыйым салу туралы ақпарат

1) тыйым салу туралы шешім қабылданған күн, нөмірі, эмитенттің мүлкіне тыйым салу туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, тыйым салудың негіздемесі;
2) эмитенттің мүлкіне тыйым салу күні тыйым салынған мүліктің атауы және оның қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы.
Банктердегі, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасына тыйым салған жағдайда - тыйым салынған ақша сомасын көрсету.
Бағалы қағаздарға тыйым салынған жағдайда - тыйым салынған бағалы қағаздардың жалпы саны, олардың түрлері, сәйкестендіру нөмірі, осы бағалы қағаздардың эмитенті туралы деректер;
3) тыйым салудан босатқан жағдайда - эмитенттің мүлкін тыйым салудан босату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның шешім қабылдаған күні, нөмірі.

5.

Осы эмитент активтерінің он және одан да артық пайыздарын құрайтын сомадағы эмитент мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) жөніндегі ақпарат

1) эмитент органының эмитенттің мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешім қабылдаған күні;
2) акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) тағайындалған күн, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелуі тиіс мүлік – кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын тіркеу күні;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелмеуі тиіс мүлік – кепіл ұстаушыға осы мүлікті беру кезінен, ал егер берілмейтін болса кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын жасау сәтінен бастап;
3) эмитенттің кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлкінің құны;
4) эмитенттің кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлкін соңғы бағалау күні, егер мұндай бағалауды жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе);
5) эмитенттің органы акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешімді қабылдау күнінде кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлік құнының осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы.

6.

Эмитенттің рұқсатты алуы, оның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы ақпарат

1) рұқсатты берген, рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған рұқсат беру органының атауы;
2) рұқсат берілген күні, нөмірі, рұқсаттың қолданылу мерзімі;
3) рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрінің (іс-әрекеттің) атауы;
4) рұқсат беру органының рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (тоқтата тұру мерзімі), қолданылуын жаңарту күні туралы шешімді қабылдаған күні;
5) рұқсатты тоқтата тұруға (жаңартуға) негіздеме;
6) жүзеге асырылуына рұқсаты тоқтатыла тұрған (жаңартылған) қызмет түрінің атауы;
7) рұқсат беру органының рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешімді қабылдаған күні;
8) рұқсаттың қолданылуын тоқтатуға негіздеме;
9) жүзеге асырылуына рұқсаты тоқтатылған қызмет (әрекет) түрінің атауы.

7.

Эмитент қатысушыларының жалпы жиналысының шешімдері туралы ақпарат

1) эмитент қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;
2) эмитент қатысушыларының жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер;
3) дауыс берудің қорытындыларын (нәтижелерін) көрсетумен эмитент қатысушыларының жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер;
4) эмитент шешімі бойынша өзге мәліметтер.
Эмитенттің жалғыз қатысушысы болған жағдайда, жалғыз қатысушының шешім шығарған күні, жалғыз қатысушы қабылдаған шешімдер, эмитенттің шешімі бойынша басқа мәліметтер көрсетіледі.

8.

Эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлесінің, пайларының) он және одан астам пайызына ие болатын ұйымдардың тізіміндегі өзгеріс туралы ақпарат

1) эмитент акцияларының (үлесінің, пайларының) он және одан астам пайызына ие болған (иелігі тоқтатылған) ұйымның толық атауы;
2) эмитент акцияларының (үлесінің, пайларының) он және одан астам пайызына ие ұйымның тізімін өзгерту күнінен кейінгі күні ұйымның орналастырылған акцияларының (үлесінің, пайларының) жалпы санына осы ұйымның акцияларының (үлесінің, пайларының) санының пайыздық арақатынасы.

9.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіндегі өзгерістер туралы ақпарат

1) уәкілетті органның эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді мемлекеттік тіркеу күні (егер эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне осы өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті орган тіркеуге тиіс болғанда);
2) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгерістердің сканерленген көшірмесі.

10.

Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылу проспектісімен көзделген талаптарды орындамауы, осы эмитент жіберген дефолт фактілері туралы ақпарат

1) эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген талаптарды сақтамауы туралы ақпарат;
2) орындалмаған міндеттемелердің көлемі;
3) міндеттемелерді орындамау себебі.

 
  Қаржылық есептілік
депозитарийінің, қор
биржасының интернет-
ресурстарында корпоративтік
оқиғалар туралы ақпаратты,
қаржылық есептілікті және
аудиторлық есептерді,
акционерлік қоғамдардың
үлестес тұлғаларының
тізімдерін, сондай-ақ жыл
қорытындысы бойынша
атқарушы органның
мүшелері сыйақысының
жиынтық мөлшері туралы
ақпаратты орналастыру
қағидаларына
3-қосымша 

Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен

      Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ________ жағдай бойынша.

      Индекс: үлестес тұлғалар тізімі

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті жылдың 31 қаңтарынан, 30 сәуірінен, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кешіктірмей.

  нысан

"____________________________" акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімі
(акционерлік қоғамның атауы)

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және (немесе) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру күні мен нөмірі

Үлестес тұлғалардың тізімі ұсынылатын күн

Жеке тұлғалар

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған күні, ЖСН

Үлестестігін тану негіздері

Үлестестігінің туындау күні

Резиденттігі

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7








Заңды тұлғалар

Заңды тұлғаның толық атауы

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның почталық мекенжайы және нақты орналасқан жері

Үлестестігін тану негіздері

Үлестестігінің туындау күні

Резиденттігі

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7























  Акционерлік қоғамның үлестес
тұлғаларының тізімі нысанына
қосымша

Қаржылық есептілікті депозитарийінің интернет-ресурсына орналастыруға арналған "Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімі" нысанын толтыру бойынша түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімі" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды акционерлік қоғам есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша тоқсан сайын жасайды.


2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. 3-бағанда акционерлік қоғамның жеке тұлғалар болып табылатын үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді көрсету үшін туған күні – кк.аа.жж (күні/айы/жылы) форматында жеке жолдарға бөлусіз жеке сәйкестендіру нөмірімен бір бағанда көрсетіледі.

      4. 3-бағанда акционерлік қоғамның заңды тұлғалар болып табылатын үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді көрсету үшін заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның почталық мекенжайы және нақты орналасқан жері жеке жолдарға бөлместен бір бағанда көрсетіледі.

      5. 4-бағанда "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1 және 1-1-тармақтарының тиісті тармақшасына немесе 1995 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына сілтеме жасау қажет - екiншi деңгейдегi банктер үшін.

      6. 5-бағанда үлестестігінің туындау күні – кк.аа.жж (күні/айы/жылы) форматында көрсетіледі.

      7. 3 және 5-бағандарда күндер толығымен цифрлармен толтырылады және акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен акционерлер және акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары ұсынған ақпарат негізінде белгіленеді.

      8. Жеке тұлға болып табылатын акционерлік қоғамның үлестес тұлғасының ЖСН және Резиденттігі қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ашық қол жеткізу арқылы жарияланады.

 
  Қаржылық есептілік
депозитарийінің, қор
биржасының интернет-
ресурстарында корпоративтік
оқиғалар туралы ақпаратты,
қаржылық есептілікті және
аудиторлық есептерді,
акционерлік қоғамдардың
үлестес тұлғаларының
тізімдерін, сондай-ақ жыл
қорытындысы бойынша
атқарушы органның
мүшелері сыйақысының
жиынтық мөлшері туралы
ақпаратты орналастыру
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен

Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі

      1) Азия даму банкi;

      2) Америкааралық даму банкi;

      3) Африка даму банкi;

      4) Еуразиялық даму банкi;

      5) Еуропа инвестициялық банкi;

      6) Еуропа қайта құру және даму банкi;

      8) Ислам даму банкi;

      9) Скандинавия инвестициялық банкi;

      10) Халықаралық есеп айырысу банкi;

      11) Халықаралық қайта құру және даму банкi;

      12) Халықаралық қаржы корпорациясы.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 26 қаулысына
қосымша

Күші жойылады деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің тізбесі

      1. "Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 72 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7578 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газеті № 261-266 (27340) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 72 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 ақпандағы № 111 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8507 тіркелген, 2013 жылғы 18 шілдеде "Заң газеті" газетінде № 105 (2306) жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар шығарылымы және айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 52 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9513 тіркелген, 2014 жылғы 25 маусымда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 2-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 109 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9712 тіркелген, 2014 жылғы 23 қазанда "Заң газеті" газетінде № 160 (2554) жарияланған) Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 10-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 28 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10715 тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 10-тармағы.

      6. "Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 54 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11323 тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады