Оқу орталықтарының қызмет қағидалары

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11365 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы оқу орталықтарының қызмет қағидалары "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-13) тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу орталықтарының қызмет тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ___________ А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 8 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 24 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 388 бұйрығымен
бекітілген

Оқу орталықтарының қызмет қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2021 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы оқу орталықтарының қызметі Қағидалары "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-13) тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу орталықтарының қызмет тәртібін айқындайды.

      2. Энергетикалық аудит, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент бағыттары бойынша кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды оқу орталықтары жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      2) кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы куәлік – оқу орталығы беретін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткенін куәландыратын ресми құжат;

      3) қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      4) оқу орталығы – Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі;

      5) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;";

      6) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – ұсынылған көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;

      7) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (бұдан әрі − энергия менеджменті) − энергетикалық ресурстарды ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және объектінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Оқу орталықтарының негізгі міндеттері:

      1) кадрларды қайта даярлау;

      2) тиісті технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты жұмысшыларға, қызметкерлерге, мамандарға үнемі қойылып отыратын талаптарды есепке ала отырып, олардың біліктілігін арттыру болып табылады.

2-тарау. Оқу орталықтарының қызмет ету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2021 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Оқу Заңның 5-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес бекітілген және оқу орталықтарының басшылары бекітетін процесі оқу орталықтарында оқу жоспарлары мен бағдарламаларына оқу процесінің күнтізбелік кестелеріне сәйкес ұйымдастырылады.

      6. Біліктілікті арттыру және (немесе) кадрларды қайта даярлау оқу орталықтары мен мүдделі заңды және жеке тұлғалармен жасалатын оқу шарттары негізінде жүзеге асырылады.

      7. Оқу құны оқу шартында айқындалады.

      8. Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау күндізгі оқу түрі бойынша ғана жүргізіледі.

      9. Біліктілікті арттыруға және кадрларды қайта даярлауға мынадай бағыттар бойынша жіберіледі:

      1) энергия аудиті - техникалық мамандықтар бойынша жоғары немесе арнаулы орта білімі бар тұлғалар;

      2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сараптама - энергетика, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жоғары білімі бар адамдар;

      3) энергия менеджменті - жоғарғы немесе арнайы орта білімі бар тұлғалар.

      10. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.05.2023 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша оқу процесі жазбаша немесе компьютерлік нысанда тестілеу түріндегі қорытынды емтиханмен аяқталады.

      12. Тестілеу сұрақтары әр нұсқасы елу сұрақтан кем болмайтын кемінде төрт жауап болатын және олардың біреуі дұрыс болып табылатын бес нұсқадан кем болмауға тиіс.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2021 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Тестілеу сұрақтары тоқсанына бір рет отыз пайыздан кем болмауға жаңартылып отыру тиіс.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2021 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тиісті бағыттар бойынша тестілеу сұрақтарын емтихан комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) бекітеді, комиссияның сандық және дербес құрамын оқу орталығының басшысы бекітеді, бірақ құрамы төрт адамнан кем болмауы керек.

      Тыңдаушы жұмыс берушінің өкілдері комиссия құрамына кіре алмайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2021 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Тестілеу сұрақтарының сексен және одан көп пайызына дұрыс жауап берген тыңдаушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы куәлік беріледі.

      16. Тестілеу нәтижесінде дұрыс жауабы сексен пайыздан кем болған тыңдаушы он жұмыс күні ішінде бір реттен аспайтын қайта тапсыруға рұқсат етіледі.

      17. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Оқу орталықтары
қызметінің қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      /Оқу ұйымының логотипі/

      Оқу орталығы _________________

      Кадрлардың қайта даярлау (немесе) біліктілікті

      арттыру курстарынан өткені туралы

      КУӘЛІК

      № ______________

      20___ жылғы "____" _________ берілді

      Осы куәлік растайды __________________________

      (Т.А.Ә.)

      Ол 20__ жылғы "___"________ бастап 20__жылғы "___"_____________ дейін

      ______________________________________________________ бағыты бойынша

      (қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру)

      _____________________________________________________________________

      (қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру бағытының атауы)

      ____________________________________ курстан табысты өткенін растайды

      (оқу орталығының атауы)

      Оқу сағаттарының саны _______.

      Комиссия төрағасы

      ___________________/___________________

      (қолы) (қолының толық жазылуы)

      Оқу орталығының басшысы

      ___________________/___________________

      (қолы) (қолының толық жазылуы)

      М.О. (болған кезде)

  Оқу орталықтары
қызметінің қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Қызметті жүзеге асыратын қайта даярлау (немесе) біліктілікті арттырудан өткені туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады