Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 наурызда № 20102 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 6 наурыздағы
№ 85 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-4/176 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11376 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің қорын құру және сақтау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау қағидалары осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 15-05/844 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12332 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пестицидтер қорларын пайдалану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы Тізбеге 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12564 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидаларын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидалары, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандыру қағидалары осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 4-4/176 бұйрығымен
бекітілген

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің қорын құру және сақтау қағидалары

      1. Осы Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің қорын құру және сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған пестицидтер қорын құру және сақтау тәртібін айқындайды.

      2. Пестицидтер қоры карантиндік объектілердің анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналған және бюджеттік қаражат есебінен сатып алынатын пестицидтердің көлемінен қалыптастырылады.

      3 Пестицидтер қоры тұрақты жаңартылып отыратын пестицидтердің белгілі бір көлемін білдіреді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.

      4. Пестицидтер қорын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған пестицидтер қорының нормативтері не сәйкес Комитет құрады.

      5. Ағымдағы жылдың пайдаланылмаған пестицидтер көлемі болжанатын өңдеу алаңы азайған жағдайда, алдағы жылдың пестицидтер қорына ауысады.

      6. Пестицидтерді сақтау "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады.

      7. Пестицидтерді сақтау қорғау шаралары сақтала отырып, жүзеге асырылады, олар:

      1) сақтауға арналған орамаға және ыдысқа қойылатын талаптарды;

      2) химиялық өнім орамасының рұқсат етілген массасын және оның сақталу мерзімін;

      3) сақтау кезінде өнімнің химиялық өнімнің басқа түрлерімен сәйкестігін;

      4) сақтауға қойылатын жалпы талаптарды (температура, қысым, ылғалдылық, жарық);

      5) өздігінен жануға және өздігінен ыдырауға, оның ішінде қауіпті өнімдер түзей отырып ыдырауға бейім химиялық өнімге қолданылатын арнайы шараларды;

      6) ораманы, ыдысты қауіпсіз түрде қайталап пайдалану және (немесе) оларды кәдеге жарату жөніндегі шараларды;

      7) авариялық жағдайларды болғызбау және олардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды;

      8) персоналдың жеке қорғану құралдарын қамтиды.

      8. Пестицидтерді сақтау оның тұтыну қасиеттерін және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті қасиеттерінің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін орамада жүзеге асырылады.

      9. Пестицидтер массасының рұқсат етілген нормасы олардың әсер етуінің немесе түрленген өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау мерзімі ішінде қамтамасыз етеді, оны өндіруші зауыт (формулянт) белгілейді.

      10. Пестицидтердің қауіптілік қасиеттерін арттыра түсетін, жаңа қосылыстар түзу қабілеті бар пестицидтерді сақтау кезінде осындай түрлену мүмкіндігін болдырмайтын тиісті қорғау шаралары қамтамасыз етіледі.

      11. Тек бірдей заттар үшін ғана ыдысты қайта пайдалануға болады. Пестицидтердің сақталу жағдайларында оның кездейсоқ араласып кету мүмкіндігін болдырмау керек.

  Өсімдіктер карантині жөніндегі
іс-шараларды жүргізу үшін
пестицидтердің қорын құру
және сақтау қағидаларына
қосымша

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтер қорының нормативтері

Р/с

Карантиндік объектілердің атауы

Өңделетін алаңдағы пестицидтер қоры (пайызда), дейін

1

2

3

Карантиндік зиянкестер

1

Myіopardalіs pardalіna Bіgot – Қауын шыбыны

30

2

Tuta absoluta (Meyrіck) – Оңтүстік Америкалық қызанақ күйесі

30

3

Erwіnіa amylovora (Burrіll) Wіnslow et al. – Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі

30

Карантиндік арамшөптер

4

Ambrosіa artemіsііfolіa L. –
Жусан жапырақты ойраншөп

10

5

Ambrosіa psіlostachya DC. –
Көп жылдық ойраншөп

10

6

Acroptіlon repens DC. –
Жатаған укекіре

10

7

Cuscuta spp. – Арам сояуылар

10

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 15-05/844 бұйрығына
1-қосымша

Пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативі

Р/с №

Аса қауіпті зиянды организмнің
атауы

Болжамды алаңдағы қор пайызы, дейін

1

2

3

1

Шегіртке тектес (азиялық, мароккалық және италияндық прус)

15

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 15-05/844 бұйрығына
2-қосымша

Пестицидтер қорын пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пестицидтер қорын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және пестицидтер қорын пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Пестицидтер қоры ұдайы жаңартылып отыратын пестицидтердің белгілі бір көлемін білдіреді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.

      3. Пестицидтер қоры ерекше қауіпті зиянды организмдердің тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негізінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтер көлемінен қалыптастырылады.

      4. Пестицидтердің қорын қалыптастыруды және оның сақталуын, пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуді Комитет жүзеге асырады.

2-тарау. Пестицидтер қорын пайдалану тәртібі

      5. Пестицидтердің қорын пайдалану Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының (бұдан әрі – мемлекеттік инспектор) бөлуі бойынша:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген) бекітілген Аса қауіпті зиянды организмдер тізбесіне енгізілген аса қауіпті зиянды организмдер жаппай таралған және болжамды көлемнен асып түскен;

      2) аса қауіпті зиянды организмдер шектес мемлекеттерден енген (ұшып келген) және фитосанитариялық іс-шараларды жоспардан тыс жүргізу қажет болған жағдайда жүзеге асырылады.

      6. Аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралғаны, болжамды көлемінен асып түскені немесе енгені (ұшып келгені) туралы ақпаратты фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің мамандары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, Комитеттің аумақтық инспекцияларының басшыларымен бекітілген, аса қауіпті зиянды организмдердің қоныстануына (залалдануына) жүргізілген зерттеп-қарау жүргізу туралы актілермен растайды.

      7. Аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралғаны, болжамды көлемінен асып түскені немесе енгені (ұшып келгені) туралы ақпарат күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде Комитетке ұсынылады.

      8. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайлардың туындағаны туралы ақпарат келіп түскен кезде, мемлекеттік инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде аса қауіпті зиянды организмдердің түрін есепке ала отырып, пестицидтердің қорын бөлуді бекітеді.

      9. Пестицидтер қорын бөлу кезінде Комитет рұқсат қағаз рәсімдейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде пестицидтердің қорын сақтауды жүзеге асыратын ұйымға жібереді.

      Пестицидтердің қорын тасымалдау үшін көлік құралын жіберу туралы рұқсат қағазды Комитет 1 (бір) жұмыс күні ішінде тасымалдаушы ұйымға жібереді.

      10. Пестицидтердің қорын сақтауды жүзеге асыратын ұйым оларды қолданылатын жерлерге дейін тасымалдау үшін тасымалдаушы ұйымға беруді қамтамасыз етеді.

      Тасымалдаушы ұйым пестицидтердің қорын өңірлерге оларды қолданылатын жерлерге жеткізуді жүзеге асырады.

      Пестицидтердің қорын беру және тасымалдау тиісті құжаттарды ресімдеу арқылы жүргізіледі.

      11. Пестицидтердің қорын жеткізілген жерінде қабылдау және оларды қолдану жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бағалау үшін облыстық аумақтық инспекция басшысының шешімімен комиссия құрылады.

      Комиссияның құрамына: Комитеттің аумақтық инспекцияларының және жергілікті атқарушы органдардың (келісім бойынша) басшылары мен өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандар, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің өкілдері (келісім бойынша) кіреді.

      Комиссия пестицидтердің қорын жеткізілген жерінде қабылдауды жүзеге асырады және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, оларды аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы қолдануды қамтамасыз етеді.

      12. Пестицидтердің қорын қолдану нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау бойынша көрсетілген қызметтерді бағалау актісі ресімделеді.

      Өсімдіктерді қорғау жөніндегі көрсетілген қызметтерді бағалау актісі пестицидтердің қорын есептен шығару үшін Комитетке беріледі.

      13. Пестицидтердің қорын сақтау және тасымалдау Заңының 20-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      14. Пестицидтердің қорын жаңарту 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес тиісті бюджеттік бағдарламадағы шығыстар бағыты бойынша сомалар шегінде жыл сайын сатып алынатын пестицидтер көлемінен жүзеге асырылады.

  Пестицидтердің қорын
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің
___________________ облыстық
аумақтық
(облыс атауы)
инспекциясының басшысы
____________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
20____ жылғы "___" _________

___________________________________________________ (аса қауіпті зиянды организмнің атауы) қоныстануына (залалдануына) зерттеп-қарау жүргізу туралы акті

Р/с №

Аудандардың (қалалардың) ауылдық округтардың атауы

Зерттеп-қарау жүргізу күні

Барлық зерттеп-қаралғаны, мың гектар

Қоныстанғаны (залалданғаны), мың гектар

оның ішінде, зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары, мың гектар

1

2

3

4

5

6

1







Барлығы:





      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Агроөнеркәсіптік кешендегі

      мемлекеттік инспекция комитетінің

      _____________________ облыстық

      (облыс атауы)

      аумақтық инспекциясының

      өсімдіктерді қорғау жөніндегі

      мемлекеттік инспекция бөлімінің

      басшысы ___________ ___________________________

                  (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Агроөнеркәсіптік кешендегі

      мемлекеттік инспекция комитеті

      "Республикалық фитосанитариялық

      диагностика және болжамдар

      әдістемелік орталығы"

      мемлекеттік мекемесінің

      ____________ облыстық филиалының

      (облыс атауы)

      директоры ______________ _____________________________

                  (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Пестицидтер қорын
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өсімдіктерді қорғау бойынша көрсетілген қызметтерді бағалау актісі

      ______________________________                   20__ жылғы "___"________

      (облыс, қала, елді мекен)

      _________________________________________________________________________

      (комиссия кімнің шешімімен құрылғанын, күнін және шешімнің нөмірін көрсету керек)

      мынадай құрамдағы Комиссия:

      Комиссия төрағасы __________ _________________________________________

                        (лауазымы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Комиссия мүшелері: __________ _______________________________________,

                        (лауазымы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      сондай-ақ, 20 ___ жылғы "___" _____ №__ сенімхатқа сәйкес_____________

      ____________________________________________ мүддесін қорғауға уәкілетті

      (көрсетілетін қызметті жеткізушінің толық атауы)

      ___________________________________________________________________

                        (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20___жылғы "__" ________ № _______ Шартқа сәйкес ___________ ауданының

      жерінде___________________________ қарсы____________________________

      (зиянды организмнің атауы) (ұшақтармен, аса жеңіл ұшақтармен, аэрозольді

      __________________________________________________________________________

      генераторлармен, атомайзерлік қондырғылармен, тракторлық бүріккіштермен және басқалар)

      химиялық өңдеулер бойынша көрсетілген қызметтерді қарап-тексерді және мынадай қорытынды жасады:

Ауылдық округтың атауы

Қызмет көрсету мерзім
дері

Биоло
гиялық тиімді
лігі, %

Қолданыл
ған пестицид (саудалық атауы)

Мөлшері, (литр, килограмм)

Жұмсау нормасы, (литр/гектар, килограмм/гектар)

Өңдеу алаңы, гектар

1 гектар үшін бағасы, теңге

Сома
сы, теңге



















Барлығы:









      Комиссия төрағасы ___________ ________________________________________

                              (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Комиссия мүшелері ___________ ________________________________________

                              (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Көрсетілетін қызметті

      жеткізушіден            ___________ ________________________________________

                              (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 15-05/864 бұйрығымен
бекітілген

Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидалары, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және пестицидтерді зарарсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларды пестицидтерді қолданатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зарарсыздандыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қолданады.

2-тарау. Пестицидтерді зарарсыздандыру тәртібі, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттары

      3. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зарарсыздандыру кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау, тәсілімен жүргізіледі.

      4. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау арнаулы сақтау орындарында (көмінділерде) жүргізіледі.

      5. Арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) аумағы химиялық қауіптілікті ескерту белгілерімен қоршалады.

      6. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты болатын жеке және заңды тұлғалар тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зарарсыздандырады, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) тиісті жағдайда күтіп-ұстауын бақылауды жүзеге асырады.

      7. Кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау сәтіне дейін тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстары, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары олардың сақталуын және қоршаған ортаның ластануын болдырмауды қамтамасыз ететін қоймаларда сақталады.

      8. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді олардың сақталуын қамтамасыз ететін, жоғалуына және қоршаған ортаның ластануына жол бермейтін, анық таңбаланған бүтін ыдыстарда сақтау жүзеге асырылады.

      9. Бүтіндігі бұзылғанының анық белгілері бар ыдыстардағы барлық тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер бүтін ыдысқа салынады. Бұл ретте полиэтилен және қағаз қаптар, таза құрғақ металл бидондар, барабандар пайдаланылады.

      10. Өрттің шығуын болдырмау үшін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді аммиак селитрасынан, магний хлоратынан босаған полиэтилен қаптарға салуға жол берілмейді.

      11. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді бүтін ыдысқа салғаннан кейін ыдыстың сыртына қарама-қарсы түсті өшірілмейтін бояумен таңба салынады немесе препараттың атауы мен салмағы көрсетілген заттаңба жапсырылады. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің қоспаларын таңбалағанда олардың компоненттері мен пайыздық құрамы көрсетіледі.

      12. Қауіптіліктің 1-сыныбына жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер, сондай-ақ қауіптіліктің 1-сыныбына жататын компоненттері бар қоспалар жаңа полиэтилен қаптарға, ал олар болмаған кезде механикалық беріктілігі тиісті препаратқа берілген нормативтік техникалық құжаттамада көрсетілгеннен төмен емес ыдысқа салынады.

      13. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау тәсілі олардың суда ерігіштігіне және қауіптілігінің сыныбына қарай айқындалады. Әртүрлі сыныптағы тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау сақтау орындарының (көмінділердің) арнайы бункерлерінде бөлек жүзеге асырылады.

      14. Қауіптіліктің 1-сыныбына жататын суда еритін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау саңылаусыздығы толтырылғанға дейін және толтырылғаннан кейін екі рет бақыланатын, қабырғаларының қалыңдығы 10 миллиметрден кем емес арнайы герметикалық металл контейнерлерде жүзеге асырылады. Контейнерді 2 тоннадан асатын массамен толтыруға жол берілмейді. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтері бар контейнерлер темірбетон бункерлерде кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға жатады.

      15. Құрамында суда ерімейтін сынабы бар, қауіптіліктің 1-сыныбына жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің және мырыш фосфидінің кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақталуы бетон бункерлерде осы химиялық топтағы суда еритін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтермен бірге жүргізіледі.

      16. Әр контейнерде тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтің бір түрі немесе бір химиялық топтың өкілдері орналастырылады. Контейнерлерде өшірілмейтін бояумен оның құрамындағы тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің атауы көрсетіледі.

      17. Әсер етуші заттары суда ерімейтін, қауіптіліктің 1-сыныбына жататын және суда еритін, қауіптіліктің 2 және 3-сыныптарына жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау мынадай бірдей шарттарды талап етеді:

      1) сүзу коэффициенті секундына 10-8 сантиметрден (бұдан әрі – см/с) аспайтын топырақта;

      2) түбі мен қабырғаларының өлшемі кемінде 1 метр.

      18. Қауіптіліктің 2 және 3-сыныптарына жататын суда ерімейтін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер сүзу коэффициенті 10-7 см/с-тан аспайтын топырағы бар шұңқырларда кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға жатады. Бұл жағдайда сүзуге қарсы экрандар құру жөніндегі ешқандай арнайы іс-шаралар жүргізу қажет емес. Өткізгіштігі неғұрлым жоғары топырақтарда түбі мен кемінде 1 метр қабатты қабырғалары бойынша сүзу коэффициенті 10-7 см/с-тан аспайтын жұмсақ саздан экран қарастырылады.

      19. Қауіптілігі 4-сыныпқа жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді сүзу коэффициенті 10-5 см/с-тан аспайтын топырақта кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау үшін ешқандай сүзуге қарсы экран жасау жөніндегі арнайы іс-шаралар қажет емес. Өткізгіштігі неғұрлым жоғары топырақтарда түбі мен қабырғаларының қалыңдығы кемінде 0,5 метр тығыздалған қабатпен оқшаулау қарастырылады.

      20. Көрсетілген сүзу коэффициенті бар саздар болмаған немесе олар тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерге тұрақсыз болған жағдайда, тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің агрессивті әсеріне қарсы тұрақтылығы мен беріктігіне кепілдік беретін сүзгілердің басқа конструкциялары рұқсат етіледі.

      21. Қауіптіліктің 1, 2 және 3-сыныптарына жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау учаскелерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидрооқшауланған темірбетон бункерлерде жүргізіледі.

      22. Әр бункерде тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді орналастыру құрамында сынабы бар, фосфорорганикалық, хлорорганикалық олардың химиялық топтары бойынша жүргізіледі.

      23. Өзара әрекеттескенде уыттылығы неғұрлым жоғары, өрт қауіпті заттар құрылатын немесе газ пайда болатын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді бір бункерде бірге кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға жол берілмейді. Уытты немесе өрт қауіпті газдардың ыдырауы және бөлінуі есебінен ылғалданғанда қауіптілігі артатын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер үшін тұтас және саңылаусыз қаптама қолданылады. Осы тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің (цианплав, кальций цианамиді, мырыш фосфиді, цинеб, перозин, хомецин) көлемі көп болғанда кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауды тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің жалпы көлемінен оқшауланған бөлек бункерлер мен шұңқырларда олардың химиялық топтарын ескере отырып жүргізіледі.

      24. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің ылғалданған партияларын арнайы бункерлерге, сақтау орындарына (көмінділерге) түсіруге және жиып қоюға жол берілмейді.

      Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді түсіру және жиып қою атмосфералық жауын-шашынның тиюін болдырмайтын шарттарда жүргізіледі.

      25. Уыттылығы мен суда ерігіштігі бойынша қауіптілігі жоғары тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтермен бірге қауіптілігі төмендеу тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді олардың химиялық топтарын және үйлесімділігін ескеріп, кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға жол беріледі. Қауіптілік көрсеткіштері жоғары тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді уыттылығы азырақ және суда нашар еритін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерге арналған шұңқырларда кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға тыйым салынады. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді орналастыру кезінде (контейнерлерде қауіпсіз сақталатын, кейін кәдеге жаратылатын немесе жойылатындарды қоспағанда) өнімнің әр түрінің арасында ыдыс бұзылған жағдайда олардың араласуына жол бермейтіндей топырақ салу үшін 5-7 см ара қашықтық қарастырылады.

      26. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің қоспаларын кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау жеке бункерлерде де, уыттылық және суда ерігіштік көрсеткіштері бойынша ұқсас тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтермен бірге жүзеге асырылады, бұл ретте кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау шарттары қоспаның құрамына кіретін компоненттердің ең жоғары қауіптілік көрсеткіші бойынша айқындалады.

      27. Кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға келіп түскен қоспалармен олардың құрамын куәландыратын құжаттар бірге жүреді. Олардың құрамында суда еритін, қауіптіліктің 1-сыныбына жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер болған жағдайда, олардың массалық үлесі көрсетіледі.

      28. Қоспада суда жақсы еритін, қауіптіліктің 1-сыныбына жататын компоненттер болған жағдайда, барлық қоспа алдын ала металл контейнерлерге салынып, бетон бункерлерде кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға жатады.

      29. Әлеуетті өрт қауіптілігін төндіретін магний хлораты бар тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің жанғыш қоспалары қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, басқа тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерден бөлек сақталынды. Оларды кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау басқа кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау орындарының өрт қауіптілігін қамтамасыз ететін қашықтықта бөлек жүргізілуі керек.

      30. Алаңда қосымша тиеу-түсіру операцияларын және ауыстырып тиеуді болдырмау мақсатында тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді түсіруді және жиып қоюды ордың (бункердің, шұңқырдың) тура шетінде жүргізу керек. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді орға салу ыдыстың барынша сақталуын қамтамасыз ететіндей болып жүргізілуі керек. Ыдыстар тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерден босаған сыйымдылықтарда кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақталуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады