БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
С. Аблалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:
1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) – Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;
2) автомобиль жолы – автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстiндегi белгiленген габарит шегiндегi әуе кеңiстiгi;
3) жол органы – жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган.
2-тарау. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары
3. Халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастыратын, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады.
4. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына республиканың және көрші мемлекеттердің ірі әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, сондай-ақ халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын қоспағанда, қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады.
5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) жол органы жүргізеді.
6. Ұлттық оператор халықаралық немесе республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жол органына оны Тізбеге енгізу үшін ұсыныс береді.
7. Жол органы Ұлттық оператордың ұсынысын қарағаннан кейін, Заңға сәйкес Тізбеге тиісті өзгеріс енгізеді.
8. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атауы және индексі бар.
Автомобиль жолдарының индексі латын әліпбиінің әріптерінен және цифрлар тобынан тұрады. Автомобиль жолдары индексіндегі сандар индекс әріптерінен кейін беріледі.
9. Автомобиль жолдарының атауына бастапқы және соңғы елді мекеннің, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кіреді.
10. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері келесі халықаралық келісімдерде белгіленген:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 2274 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1975 жылғы Халықаралық автоарналар туралы (ХАК) Европа келісімінің (Женева, 15 қараша 1975 жыл) 1-қосымшасында;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1198 қаулысымен бекітілген Азия автомобиль жолдары желісі жөніндегі үкіметаралық келісімнің 1-қосымшасында.
11. Халықаралық автомобиль жолдары маршруттардың учаскелері өзара қайталанған жағдайда, олар "Е" және "АН" индексі бар жол белгілерімен немесе "Е" индексі бар жол белгісімен бірлесіп белгіленеді. Автомобиль жолының бір маршруты басқасына ауысқан немесе басқа маршруттармен қиылысқан кезде автомобиль жолдарының халықаралық және республикалық маршруттарының тиісті жол белгілері кіру немесе жол айрығы алдында, сондай-ақ олардан кейін орнатылады.
12. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін латын әліпбиінің "KАZ" және "KZ" әріптерінен индекс белгіленеді:
"КАZ" – Қазақстан Республикасының әкімшілік өңірлері мен көрші мемлекеттер арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін;
"КZ" – әкімшілік өңірлер мен көрші мемлекеттер ішінде көлік қатынасын қамтамасыз ететін халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін.
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі
№ | Автомобиль жолыныңиндексі | Халықаралық келісімдерге сәйкес автомобиль жолының индексі | Автомобиль жолының атауы | Ұзындығы, км |
Халықаралық және республикалық маңызы бар негізгі автомобиль жолдары | ||||
1 | KАZ01 |
Е125 | Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы | 1207,95 |
2 | KАZ02 |
Е125 | Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шек. (Жаңа Жол ө/п) | 526 |
3 | KАZ03 |
Е123 | Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма жолымен) – РФ шек. (Қайрақ ө/п) | 860,3 |
4 | KАZ04 |
Е018 | Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек. (Қосақ ө/п) | 638 |
5 | KАZ05 | Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау | 250 | |
6 | KАZ06 |
Е38 | РФ шек. (Жайсан ө\п) – Мәртөк – Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Тараз (айналма жолымен) – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п) | 2687,44 |
7 | KАZ07 |
Е127 | ҚХР шек. – Майқапшағай –Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шек. (Үрлітөбе ө\п) | 1081 |
8 | KАZ08 |
E40 | Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шек. (Үбе ө/п) (Сарқанд, Аягөз айналма жолымен және Мұқры шатқалына кіреберіс жолымен) | 1207 |
9 | KАZ09 | Е121 | Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шек. (Құрманғазы ө/п) | 865,4 |
10 | KАZ10 |
Е38 | Ақтөбе – Орал – РФ шек. (Сырым ө/п) | 528 |
11 | KАZ11 |
Е40 | Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай –Ақтау теңіз порты | 786 |
12 | KАZ12 | Е121 | Атырау – Орал | 487 |
13 | KАZ13 |
Е123 | Жезқазған – Арқалық – Петропавл | 940 |
14 | KАZ14 |
Е018 | Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті | 1175 |
15 | KАZ15 | Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз | 921 | |
16 | KАZ16 | Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шек. (Бидайық ө/п) | 278 | |
17 | KАZ17 | Көкшетау – Рузаевка | 196 | |
18 | KАZ18 | Қостанай – Мамлютка | 406 | |
19 | KАZ19 | Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ | 543 | |
20 | KАZ20 | Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара | 324 | |
21 | KАZ21 | Өскемен – Семей | 195 | |
22 | KАZ22 | Ақшатау – Ағадыр – Ортау – "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автомобиль жолы | 195 | |
23 | KАZ23 | Қостанай – Әулиекөл – Сұрған | 257 | |
Жиыны | 16 554,09 | |||
Тармақтар және байланыстырушы автомобиль жолдары (өңір ішінде): | ||||
Астана қаласы: | ||||
24 | KZ01-01 |
Е125 | Астана қаласының айналма жолы | 86,1 |
Алматы қаласы: | ||||
25 | KZ02-01 | Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы | 66 | |
Ақмола облысы | ||||
26 | KZ03-01 | Астана – Қорғалжын (Қорғалжын қорығына кіреберіс жолымен) | 161 | |
27 | KZ03-02 | Макинск – Ақсу – Торғай | 240 | |
28 | KZ03-03 | Бурабай шипажай аймағының жолдары | 66 | |
29 | KZ03-04 | Щучинск – Зеренді | 77 | |
30 | KZ03-05 | Вячеслав су қоймасына кiреберіс жол | 17 | |
31 | KZ03-06 | Көкшетау – Атбасар | 184 | |
32 | KZ03-07 | Көкшетау қаласының айналма жолы (Әуежайға кіреберіс жолымен) | 18 | |
33 | KZ03-08 | Қабанбай батырдың ескерткiш кешенiне кіреберіс жол | 4 | |
34 | KZ03-09 | "Щучинск – Бурабай шипажай аймағы" ойын-сауық орталығына кіреберіс жол | 8,9 | |
35 | KZ03-10 | Жаңа Колутон – Ақкөл – Минское автомобиль жолына кіреберіс жол | 4,6 | |
36 | KZ03-11 | Ерейментауға кіреберіс жол | 36 | |
37 | KZ03-12 | Жақсы – Есіл – Бұзылық | 82 | |
Ақтөбе облысы | ||||
38 | KZ04-01 | Ақтөбе – РФ шек. (Әлімбет ө/п) | 120,8 | |
39 | KZ04-02 | Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз | 401 | |
Алматы облысы | ||||
40 | KZ05-01 | Байсейіт – Көкпек – Шоңжы – Көктал | 160 | |
41 | KZ05-02 | Көктал– Жаркент – Қорғас кіреберіс жолы | 69 | |
42 | KZ05-03 | Қонаев – Құрты | 67 | |
43 | KZ05-04 | Алматы – Шамалған – Ұзынағаш – Аққайнар – Сұраншы батыр – Қастек (Ұзынағаш ауылына кiреберiс жолымен) | 115 | |
44 | KZ05-05 | Ақсай – Шоңжы – Қалжат – ҚХР шек. (Қалжат ө/п) | 160 | |
45 | KZ05-06 | Е011 | Көкпек – Кеген – ҚР шек. (Түп) Кеген асуының айналма жолымен | 115 |
46 | KZ05-07 | Кеген – Нарынқол | 89 | |
47 | KZ05-08 | "Көкпек – Кеген – ҚР шек. (Түп)" автомобиль жолы – Жалаңаш – Саты – Құрметтi (Көлсай көлiне кiреберiс жолымен) | 89 | |
48 | KZ05-09 | Алматы – Талғар – Бәйдібек би | 68 | |
49 | KZ05-10 | Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченское – "Астана – Алматы" автомобиль жолы | 52 | |
50 | KZ05-11 | Алматы – Космостанция (Алматы және Алма-Арасан шипажайына кiреберiс жолымен) | 37 | |
51 | KZ05-12 | Алма-Тау турбазасына кiреберiс жол | 15 | |
52 | KZ05-13 |
"Алатау ақпараттық | 9,95 | |
Атырау облысы: | ||||
53 | KZ06-01 | Мұқыр – Құлсары | 136 | |
54 | KZ06-02 | Махамбет – Хамит Ерғалиев | 45 | |
55 | KZ06-03 | Доссор айналма жолы | 4,6 | |
Батыс Қазақстан облысы | ||||
56 | KZ07-01 | Орал – РФ шек. (Шаған ө/п) | 28 | |
57 | KZ07-02 | Чапаев – Жалпақтал – Казталовка – РФ шек. | 213 | |
58 | KZ07-03 | Казталовка – Жәнібек – РФ шек. (Жәнібек ө/п) | 165 | |
59 | KZ07-04 | Подстепное – Федоровка – РФ шек. (Ақсай ө/п) | 72 | |
60 | KZ07-05 | Өнеге – Бисен – Сайхин | 103 | |
61 | KZ07-06 | Е38 | Орал – Тасқала – РФ шек. (Тасқала ө/п) | 100 |
62 | KZ07-07 | Хан Орда ауылына кіреберіс жол | 21 | |
Жамбыл облысы: | ||||
63 | KZ08-01 | Тараз – Өтмек – ҚР шек. (Айша бибі ө/п) | 14 | |
64 | KZ08-02 | Қордай – Қарасу – Масанчи – Сортөбе – ҚР шек. (Қарасу ө/п) | 45,45 | |
65 | KZ08-03 | ҚР шек.кіреберіс жол (Қарасу ө/п) | 17,7 | |
66 | KZ08-04 | АН7 | Мерке – Шу – Бұрылбайтал | 261,45 |
67 | KZ08-05 | Шу – Қайнар | 56 | |
68 | KZ08-06 | Е40 | ҚР шек. шығыс кіреберіс (Қордай ө/п) | 6 |
69 | KZ08-07 |
Е40 | ҚР шек. батыс кіреберіс (Сыпатай батыр ө/п) | 24,3 |
Қарағанды облысы: | ||||
70 | KZ09-01 | Теміртау – Ақтау – Бастау | 53 | |
71 | KZ09-02 | Қарағанды қаласына кіреберіс жол | 7 | |
Костанай облысы: | ||||
72 | KZ10-01 | Денисовка – Жітіқара – Мықтыкөл – РФ шек. (Қондыбай ө/п) | 137 | |
73 | KZ10-02 | Жітіқара – Чайковский – РФ шек. ( Желқұар ө/п) | 27 | |
74 | KZ10-03 | Денисовка – Тавриченка – Аршалы – Комаровка | 96 | |
75 | KZ10-04 | Рудный қаласының батыс айналма жолы | 6,9 | |
76 | KZ10-05 | Мариновкаға кіреберіс | 9 | |
77 | KZ10-06 | "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автомобиль жолы – "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автомобиль жолы | 6 | |
78 | KZ10-07 | "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автомобиль жолы – "Астана – Атбасар – Қостанай" автомобиль жолы | 21 | |
Қызылорда облысы: | ||||
79 | KZ11-01 |
Е38 | Қызылорда қаласының айналма жолы | 30 |
Манғыстау облысы: | ||||
80 | KZ12-01 | Ақтау – Құрық | 59 | |
81 | KZ12-02 | Е40 | Бейнеу – Ақжігіт – ӨР шек. (Тәжен ө/п) | 85 |
82 | KZ12-03 |
Е40 | Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан шек. (Темірбаба ө/п) | 229 |
83 | KZ12-04 | Құрық – Жетібай | 64 | |
Түркістан облысы: | ||||
84 | KZ13-01 | Жизақ – Гагарин – Жетiсай – Киров – Қызыләскер – Сарыағаш – Абай – Жiбек жолы (Атакент ауылына кіреберіс жолымен) ӨР шек. (Сырдария ө\п), Гүлістан, Чиназ және Сарыағаш шипажайына кіреберіс жолымен) | 221 | |
85 | KZ13-02 | ӨР шек. (Сырдария ө\п) – Ташкентке – ӨР шек. (Целинный ө\п) Термезге | 24,1 | |
86 | KZ13-03 |
Е004 | Шымкент – ӨР шек. (Жібек-жолы ө/п) | 98 |
87 | KZ13-04 | Т. Рысқұлов ауылына кіреберіс жол | 36,9 | |
Павлодар облысы: | ||||
88 | KZ14-01 | Павлодар – Шарбақты – РФ шек. (Шарбақты ө/п) | 112 | |
89 | KZ14-02 | Атамекен – Ертіс – РФ шек. (Амангельді ө/п) | 263,78 | |
90 | KZ14-03 | Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов | 220 | |
91 | KZ14-04 | Ертіс өзенінің көпір өткелі арқылы Павлодар қаласының батыс айналма жолы | 15 | |
Солтүстік Қазақстан облысы: | ||||
92 | KZ15-01 | Е125 | Петропавл – Соколовка РФ шек. (Кызыл Жар ө/п) | 62 |
92 | KZ15-02 | Петерфельд – Архангельск – Новокаменка – "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автомобиль жолы | 30,519 | |
94 | KZ15-03 | Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское | 228,386 | |
95 | KZ15-04 | Рощинское – Корнеевка – Волошинка | 86,87 | |
96 | KZ15-05 | Волошинка – Сергеевка – Тимирязево | 119,441 | |
97 | KZ15-06 | Петропавл қаласының әуежайына кіреберіс жол | 5 | |
98 | KZ15-07 | Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне кiреберіс жол | 24 | |
99 | KZ15-08 | Тимирязево – Сарыкөл – облыс шек. | 31,574 | |
100 | KZ15-09 |
Е125 | Петропавл қаласының айналма жолы | 30 |
101 | KZ15-10 | АН6 | РФ шек. (Қарақоға ө/п) – Петропавл | 120 |
Шығыс Қазақстан облысы: | ||||
102 | KZ16-01 | Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары | 446 | |
103 | KZ16-02 | Е40 | Өскемен – Риддер – РФ шек. | 167 |
104 | KZ16-03 | "ҚХР шек. – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шек." автомобиль жолы – Қалжыр – Марқакөл | 124 | |
Шымкент қаласы: | ||||
105 | KZ17-01 |
Е40 | Шымкент қаласының солтүстік айналма жолы | 36,5 |
Абай облысы: | ||||
106 | KZ18-01 | Қайнар – Семей | 276 | |
107 | KZ18-02 | Семей – РФ шек. (Ауыл ө/п) | 111 | |
108 | KZ18-03 | Е015 | Таскескен – Бақты – ҚХР (Бақты ө/п) | 187 |
Жетісу облысы: | ||||
109 | KZ19-01 |
Е013 | Сарыөзек – Көктал (Сарыөзек станциясының айналма жолы) | 192 |
110 | KZ19-02 | Е014 | Үшарал – Достық – ҚХР шек. (Достык ө/п) | 184 |
Ұлытау облысы: | ||||
111 | KZ20-01 | "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автомобиль жолы – Жайрем – Қаражал – Атасу | 144 | |
Барлығы: | 8 356,82 | |||
Жалпы ұзындығы | 24 910,91 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚХР – Қытай Халық Республикасы;
ҚР – Қырғыз Республикасы;
ӨР – Өзбекстан Республикасы;
РФ – Ресей Федерациясы;
шек. – шекара;
ө/п – өткізу пункті;
км – километр.