"Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 438 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 маусымда № 11417 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 наурызда № 10467 болып тіркелген, № 83 (28561) 2015 жылғы 3 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушы қызметінің түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін, қолданылатын коэффициенттердің базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – жылына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс - 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
      S - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт - құрылыс үлгісі ескерілетін коэффициент;
      Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрі ескерілетін коэффициент;
      Кск - қолайлылық дәрежесін ескерілетін коэффициент;
      Кр - аумақтық орналасуын ескерілетін коэффициент;
      Квд - жалдаушының қызмет түрі ескерілетін коэффициент;
      Копф - жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициент;
      Жабдықтарды, автокөлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысын есептеу айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Nam/100 х Кп
      мұнда:
      Ап - жылына жабдықтар, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).
      Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін, сондай-ақ жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ач = Ап/12/Д/24,
       мұнда:
      Ач – сағатына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Ап – жылына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндер саны.
      Ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін жалдағаны үшін төленетін ақыны есептеу кезінде мүліктік жалдауға (жалға алу) берілген ауданның 25 % мөлшерінде осы аудандарды жалға алушының жалпы пайдаланымдағы орындарға қолжетімділігі ескерілуі қажет.
      Мемлекеттік орта білім мекемелерінде орналасқан, мүліктік жалға берілген (жалға берілген) үй-жайларды жалға алу ақысының мөлшерлемесін есептеу, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасаған өнім берушілерге жазбаша өтініш берген кезде бір оқу жылына (тиісті жылдың 1 қыркүйегінен 1 маусымға дейін) жүргізіледі.
      Мемлекеттік заңды тұлғалардың түскі ас залдары бар асханаларын мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде, жалдау есептеуіне тек тағам блогы мен қосалқы үй-жайлар алаңы қосылады, ал түскі ас залдарының алаңы мүліктік жалға берілмейді.»;
      2-қосымшада:
      «

4

Аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент (Кр):



4.1 Астана және Алматы қалалары үшін

3

4.2 облыс орталықтары және Байқоңыр қаласы үшін

2

4.3 облыстық маңызы бар қалалар үшін

1,5

4.4 аудан орталықтары үшін

1

4.5 кент, ауыл

0,5

      » деген жол;
      мынадай редакцияда жазылсын:
      «

4

Аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент (Кр):



4.1 Астана және Алматы қалалары үшін

республикалық меншік үшін - 3;
коммуналдық меншік үшін - 3

4.2 облыс орталықтары және Байқоңыр қаласы үшін

2

4.3 облыстық маңызы бар қалалар үшін

1,5

4.4 аудан орталықтары үшін

1

4.5 кент, ауыл

0,5

      ».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика
      министрі                                   Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      ___________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 19 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады