Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2015 № 963 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемесі арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 23 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 389 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті арнайы көлік құралдарының
тиесілік заттай нормалары
Арнайы көлік құралдарының функционалдық мақсаты |
Арнайы көлік құралдарды пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер |
Арнайы көлік құралдарының саны |
1 |
2 |
3 |
Төтенше жағдайлар орнына жедел шығу, барлау, онлайн режимінде ақпарат беру, ауыр техникасы, көшірілгендер мен жаралылары бар колонналарды сүйемелдеу үшін |
Төтенше жағдайлар комитеті |
2 |
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері: |
||
Ақмола |
8 |
|
Ақтөбе |
8 |
|
Алматы |
8 |
|
Атырау |
8 |
|
Шығыс Қазақстан |
8 |
|
Жамбыл |
8 |
|
Батыс Қазақстан |
8 |
|
Қараганды |
8 |
|
Қызылорда |
8 |
|
Қостанай |
8 |
|
Маңғыстау |
8 |
|
Павлодар |
8 |
|
Солтүстік Қазақстан |
8 |
|
Оңтүстік Қазақстан |
8 |
|
Алматы қаласы |
8 |
|
Астана қаласы |
8 |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 389 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің қарамағындағы мемлекеттік
мекемесі арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары
Арнайы көлік құралдарының функционалдық мақсаты |
Арнайы көлік құралдарды пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер |
Арнайы көлік құралдарының саны |
1 |
2 |
3 |
Авариялар, апаттар, табиғи зілзалалар болған жерлерге ауыр инженерлік техникасы бар колонналарды жеткізу, көшірілгендер, жараланғандары бар колонналарды алып жүру, құтқару жұмыстарымен үйлестіру үшін |
Республикалық жедел құтқару жасағы |
13 |