Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 27.03.2017 № 306 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы заңының 12-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы заңының 7-бабының 2-тармағының 3-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамасы түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10277-мен тіркелген, 26.03.2015 ж. "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығына келесідей өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамасы түрлерінің тізіміне 23-28 тармақтары келесідей мәтінде мазмұндалсын:
№ | Жұмыс түрлері | Сараптамалық мамандық | Мамандық шифрі |
23. | Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің материалдары бойынша мәйіттердің, жәбірленушілер мен айыпталушылардың және өзге де тұлғалардың сот-медициналық сараптамасы | Сот-жалпысараптамалық зерттеу | 23.1 |
24 | Сот-гистологиялық сараптама | Сот-гистологиялық зерттеу | 24.1 |
25 | Сот-биологиялық сараптама (медициналық) | Сот-биологиялық зерттеу (медициналық) | 25.1 |
26 | Медициналық-криминалистикалық сараптама | Сот медициналық-криминалистикалық зерттеу | 26.1 |
27 | Химия-токсикологиялық сараптама | Сот химия-токсикологиялық зерттеу | 27.1 |
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамасы түрлерінің тізімі келесідей мәтінде 28-тармақпен толықтырылсын:
28 | Сот-наркологиялық сараптама | Сот-наркологиялық зерттеу | 28.1 |
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:
1) Осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң әрекет етеді.
Министр | Б. Имашев |