"Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылы 28 мамырдағы № 625 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11605 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 84 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.02.2019 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), шетел тасымалдаушыларының, авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының, авиациялық қауіпсіздік пен әуе кеңістігін пайдалану қызметі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 243 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9463 болып тіркелген) 1-тармағы 7) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

А. Рау


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 625 бұйрығымен
бекітілген

"Аэронавигациялық ұйымның
әуе қозғалысына қызмет көрсету органына
сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді қызмет беруші жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.

      3. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сертификатын (сертификаттың телнұсқасын) беру (бұдан әрі – сертификат, сертификаттың телнұсқасы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін
сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 509 бұйрығымен бекітілген "Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының 9-тармағына сәйкес өтініш беру болып табылады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процессінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      сертификатты беру кезінде:

      1) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері отыз минут ішінде тіркеу нөмірі мен күнін жаза отырып, өтінішті қабылдайды және тіркейді;

      2) қызмет берушінің басшысы екі сағат ішінде өтінішті қарайды;

      3) қызмет беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы екі сағат ішінде өтінішті қарайды;

      4) жауапты орындаушы өтінішті қарайды және сертификаттық тексеру жүргізу туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты өтініштің тіркелген сәтінен бастап он екі жұмыс күнінің ішінде жібереді;

      5) жауапты орындаушы сертификаттық тексеру жүргізу үшін бұйрықты үш жұмыс күні ішінде қабылдауды қамтамасыз етеді;

      6) сертификаттық тексеруді бес жұмыс күні ішінде жүргізеді;

      7) қызмет берушінің басшысы актіге қол қойған күннен бастап төрт жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сертификатты ресімдеу және оған қол қою;

      8) актіге қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сертификатты қызмет берушіге қолма-қол немесе почта арқылы береді;

      сертификаттың телнұсқасын беру кезінде:

      1) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері отыз минут ішінде тіркеу нөмірі мен күнін жаза отырып, өтінішті қабылдайды және тіркейді;

      2) қызмет берушінің басшысы екі сағат ішінде өтінішті қарайды;

      3) қызмет беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы екі сағат ішінде өтінішті қарайды;

      4) жауапты орындаушы өтінішті қарайды және өтініштің тіркелген сәтінен бастап алты жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сертификаттың телнұсқасын ресімдеу;

      5) қызмет берушінің басшысы қол қояды және төрт сағат ішінде қызмет берушіге қолма-қол немесе почта арқылы сертификатты береді;

      6. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі:

      сертификатты беру кезінде:

      1) өтінішті қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу;

      2) қызмет берушінің басшысының бұрыштамасы;

      3) құрылымдық бөлімше басшысының бұрыштамасы;

      4) жауапты орындаушының өтінішті қарауы;

      5) сертификаттық тексеруді жүргізу туралы шешімді не бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу;

      6) сертификаттық тексеруді жүргізу үшін бұйрықты ресімдеу;

      7) сертификаттық тексеруді жүргізу және сертификаттық тексеру актісін ресімдеу;

      8) сәйкессіздіктерді жою жөніндегі қызмет берушінің түзету іс-қимылдар жоспарын келісу (сертификаттық талаптарға сәйкессіздік тізбесі қоса берілген сертификатты беру мүмкін еместігі туралы қорытынды актіде көрсетілген жағдайда);

      9) сәйкессіздіктерді жою туралы қызмет берушінің анықтамасын тіркеу;

      10) сертификатты ресімдеу;

      11) сертификатқа қызмет берушінің басшысының қол қоюы;

      12) сертификатты не қызмет берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру;

      сертификаттың телнұсқасын беру кезінде:

      1) өтінішті қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу;

      2) қызмет беруші басшысының бұрыштамасы;

      3) құрылымдық бөлімше басшысының бұрыштамасы;

      4) жауапты орындаушының өтінішті қарауы;

      5) қызмет берушіге сертификаттың телнұсқасын беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
жасау тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процессінде жұмылдырылатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) қызмет берушінің басшысы;

      3) құрылымдық бөлімшенің басшысы;

      4) жауапты орындаушы;

      5) қызмет берушінің комиссиясы.

      8. "Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы кезектілік рәсімдерінің (іс-қимылдарының) толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес анықтамасында көрсетілген.

  "Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органына сертификатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау
блок-схемасы




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады