"Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 ақпанда № 18323 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 5 мамырдағы № 272 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 05.05.2020 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 625 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11605 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 645 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11619 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 15 ақпандағы
№ 84 бұйрығымен бекітілген

"Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 900 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18019 болып тіркелген) бекітілген "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация).

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру (бұдан әрі - сертификат) не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы болып табылады.

2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының өтінішін, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) Мемлекеттік корпорация қызметкері алынған құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш келіп түскен сәттен бастап он бес минут ішінде оны кіріс хат-хабарларды тіркеу журналына тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде өтінішті қарайды және оны басшының орынбасарына орындау үшін жібереді;

      4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары екі сағат ішінде өтінішті қарайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына орындау үшін жібереді;

      5) құрылымдық бөлімшенің басшысы екі сағат ішінде өтінішті қарайды және жауапты орындаушыға орындауға береді;

      6) жауапты орындаушы бес жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды, сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі шешімді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысында қол қояды;

      7) жауапты орындаушы сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығын екі жұмыс күні ішінде қабылдауды қамтамасыз ету;

      8) бес жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу;

      9) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15468 болып тіркелген) аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушіге қойылатын сертификаттау және сертификат беру қағидаларының (бұдан әрі – Сертификаттау қағидалары) 15-тармағында көрсетілген сәйкессіздіктерді жою бойынша көрсетілетін қызметті алушының түзету іс-қимыл жоспарын (1-санат, 2-санат) келісу;

      10) жауапты орындаушының сертификатты ресімдеуі, сертификаттық зерттеп-қарау аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының оған қол қоюы не көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.

      7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі):

      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;

      2) жауапты орындаушыны айқындау;

      4) жауапты орындаушының өтінішті қарауы;

      5) сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу;

      6) сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығын ресімдеу;

      7) сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу;

      8) көрсетілетін қызметті алушының сәйкессіздіктерді жою жөніндегі түзету іс-қимыл жоспарын келісу (Сертификаттау қағидаларында көрсетілген сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда (1-санат, 2-санат);

      9) сәйкессіздіктерді жою туралы көрсетілетін қызметті алушының анықтамасын тіркеу;

      10) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға сертификатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу және қол қою;

      11) сертификатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;

      4) құрылымдық бөлімшенің басшысы;

      5) Жауапты орындаушы;

      6) мемлекеттік авиация инспекторлары.

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау):

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш келіп түскен сәттен бастап он бес минут ішінде оны кіріс хат-хабарларды тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде өтінішті қарайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға береді;

      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары екі сағат ішінде өтінішті қарайды және оны құрылымдық бөлімшенің басшысына қарауға береді;

      4) құрылымдық бөлімшенің басшысы екі сағат ішінде өтінішті қарайды және оны жауапты орындаушыға орындауға береді;

      5) Жауапты орындаушы өтінішті бес жұмыс күні ішінде қарайды;

      6) жауапты орындаушы сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі бұйрықты екі жұмыс күні ішінде қабылдауды қамтамасыз етеді;

      7) мемлекеттік авиациялық инспекторлардың бес жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізуі;

      8) сәйкессіздіктерді жою бойынша көрсетілетін қызметті алушының түзету іс-қимыл жоспарын келісу (Сертификаттау қағидаларының 15-тармағында көрсетілген сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда (1-санат, 2-санат);

      9) жауапты орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді;

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін құрылымдық бөлімшенің басшысымен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарымен келіседі;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды;

      10) жауапты орындаушының Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға беруі.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:

      1) 1-процесс - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдайды, тіркейді және құжаттарды қабылдаудың күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;

      2) 1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      3) 2-процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің құжаттарды қабылдаудан бас тартуы және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты көрсетілетін қызметті алушыға беруі;

      4) 3-процесс - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды дайындайды және курьерлік немесе осыған өкілеттік берілген өзге де байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушіге жіберу мерзімі – өтінішті қабылдау күні;

      5) 4-процесс - осы регламенттің 6-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары);

      6) 5-процесс - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесін береді.

      Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

      Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау жедел қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша "электрондық үкіметтің" www.egov.kz. веб – порталы (ары қарай - портал) арқылы электрондық кезекті "броньдауға" болады.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация және порталмен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіге сертификат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады