Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-03/288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11631 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 215 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.05.2016 № 215 бұйрығымен.

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Коса беріліп отырған Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ - қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      _____________Ә. Исекешев
      2015 жылғы 17 сәуір

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 9 маусым

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 18-03/288 бұйрығымен 
қосымша      

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына
түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1–тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған ұлттық әкімшілік орган;
      2) жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіру – жануарлар түрлерін қолда және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;
      3) өтінім беруші – Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарлардың қолдан өсірілуін тіркеу туралы әкімшілік органға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға.

2. Тіркеу тәртібі

      3. Өтінім беруші әкімшілік органға қағаз нысанында не «Е – лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда Қағидаларының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмесін қоса құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеуге өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.
      4. Әкімшілік орган өтінімді және оған қоса тіркелген құжаттарды қарап, құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде рәсімдейді.
      5. Куәлік нөмірі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналдағы (бұдан әрі – журнал) тіркеудің нөмірленуіне сәйкес қойылады.
      6. Өтінім берушіге рұқсат беруден келесі жағдайларда бас тартылады:
      1) өтінім белгіленген нысан бойынша берілмеген;
      2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған жағдайларда.
      7. Өтінім беруші немесе сенімхат бойынша басқа адам мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға қағаз тасымалдағыш арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда ресімделеді және қағазға басылып, қызмет берушінің мөрімен және оның уәкілетті адамының қолымен куәландырылып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттар беру журналына қол қойғызылып беріледі.
      8. Журнал нөмірленеді, тігіледі және оған әкімшілік органның мөрі басылады.
      9. Әкімшілік органмен куәлікті кері қайтарып алуына:
      1) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асырудан өз еркiмен бас тарту;
      2) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асырған кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу негіз болып табылады.

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен
флора түрлерімен халықаралық сауда туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды  
әкімшілік органда тіркеу қағидаларына  
1-қосымша                

                                                           Нысан

Әкiмшiлiк орган                       
___________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы және бизнес-  
сәйкестендiру нөмiрi,                     
___________________________________________
жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің) тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда)        
___________________________________________
және жеке сәйкестендiру нөмiрi, мекенжайы 
___________________________________________
телефон нөмірі)                           

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына
түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды тіркеуге
өтінім

      Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлік берулеріңізді сұраймын.

1.

Жануар түрлерінің мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы


2.

Жануарлар түрлерінің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды және басқалар)


3.

Жануарлар түрлерінің саны, жасы және жынысы (жынысы – балықтардың жыныс мүшелері жетілген жағдайда)


4.

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге (жануарлар түрлері басқа мемлекеттерден әкелінген жағдайда) рұқсаттың нөмірі берілген күні, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың нөмірі және берілген күні (жануарлар түрлері Қазақстан Республикасы аумағында табиғи ортадан алынған жағдайда)


      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап беретінім туралы хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпияны қорғайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___жылғы _________________ ________________________________________
        (өтінім берілген күн) (жеке тұлғаның/жеке кәсіпкердің/заңды
                              тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты
                                   (бар оннын болған кезінде)
Мөр орны

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен
флора түрлерімен халықаралық сауда туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды  
әкімшілік органда тіркеу қағидаларына  
2-қосымша                

                                                           Нысан

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына
түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы
№ ___ куәлік

__________________________________________________________ берілді
(жануар иесінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)
                       /ұйымның атауы)

Орналасқан жерінің мекенжайы: _______________________________________
              мына жануарлар түрлерін жасанды өсіруді жүзеге асырады:

р/с №

Жануар түрлері

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қосымшасы

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

Латын тілінде

Жануарлардың саны, жасы және жынысы (жынысы - балықтардың жыныс мүшелері жетілген жағдайда)

1.






Куәлік берілген сәттен бастап үш жыл ішінде жарамды.
_____________________________________________________________________
              (Уәкілетті адам тегі, аты, әкесінің аты
                 (бар оннын болған кезінде) қолы)
Мөр орны

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен
флора түрлерімен халықаралық сауда туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды  
әкімшілік органда тіркеу қағидаларына  
3-қосымша                

                                                           Нысан

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің
халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына
түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналы

р/с №

Куәліктің нөмірі және күні

Жеке тұлғаның/жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)/заңды тұлғаның атауы

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарлар орналасқан жердің мекенжайы

Қолы







Беруші

Алушы

1.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады