Дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 28 шiлдедегi № 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 шiлдеде № 28938 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 28 шілдедегі
№ 213 бұйрығына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шыныктыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 34) және 35) тармақшаларына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.";

      7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Стандарттың 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

      ";

      осы Қағидаларға 2-қосымша өзгерістер енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтардың Тізбенің (бұдан әрі-Тізбе) 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9912 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шыныктыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт түрлерін, спорт салаларын танудың және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастырудың тәртібін айқындайды, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Спорт түрлерін, спорт салаларын тану" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      5, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) "Спорт түрлерін, спорт салаларын тану" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар топтамасымен уәкілетті органға "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген жағдайда, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы электрондық немесе сканерленген түрде жүктейді.

      Бұл ретте, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштері тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама жіберіледі.";

      9 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Құжаттардың толық топтамасы 6 (алты) жұмыс күні ішінде уәкілетті органда қарастырылады, оның қорытындысы бойынша спорт түрлерін, спорт салаларын тану туралы бұйрық (бұдан әрі - бұйрық) қабылданады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      10. Спорт түрлерін, спорт салаларын танудан бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті органның жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижерелі бойынша уәкілетті орган оң шешім қабылдаған кезде бұйрық қабылдайды, теріс шешім қабылдаған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Уәкілетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың көшірмесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.

      Порталда – ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.";

      осы Қағидалардың 1-қосымшасы осы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шыныктыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1. Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың 5, 6, 7, 8, 9-сыныптарға оқуға түсуге құжаттарды қабылдау.
2. Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың 10 және 11 сыныптарға оқуға түсуге құжаттарды қабылдау.
3. Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың бірінші курсына түсуге құжаттарды қабылдау.

      ";

      8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
1. Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждері (бұдан әрі - ОРММИК) және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың (бұдан әрі - СДБМИ) 5, 6, 7, 8 және 9 сыныптарына оқуға түсуге құжаттарды қабылдау.
2. ОРММИК және СДБМИ 10 және 11 сыныптарға оқуға түсуге құжаттарды қабылдау:
1) ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы;
5) негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (10 және 11 сыныптарға оқуға түсетін кезде);
6) куәліктің немесе мынадай спорттық атақтарды немесе спорттық разрядтарды беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме: "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", 1-разрядты спортшы, 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы, мынадай спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе бұйрықтан үзіндінің көшірмесі;
7) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет;
8) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) 3-қосымшасымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының түпнұсқасы, атап айтқанда, № 075/у нысандағы медициналық анықтамасы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындылары), № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасы (бар болған жағдайда), № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама, жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындылары, электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысы, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде);
9) ОРММИК-ке оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (бар болған жағдайда);
10) облыстық ОРММИК-ке және СДБМИ-ға оқуға түсушілер үшін бірыңғай аймақтық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе қалалық, немесе аудандық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың көшірмелері (бар болған жағдайда).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша:
3. ОРММИК колледжінің бірінші курсына оқуға түсуге құжаттарды қабылдау:
1) еркін нысадағы өтініш;
2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жалпы орта білім туралы аттестат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
4) Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болған жағдайда);
5) "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" келесі спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың (бұйрықтан үзінді) көшірмесі;
6) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының түпнұсқасы, атап айтқанда, № 075/у нысандағы медициналық анықтамасы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындылары), № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасы (бар болған жағдайда), № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама, жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындылары, электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысы, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде);
8) ОРММИК-ке оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (бар болған жағдайда);
9) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы;
порталға:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
1. ОРММИК және СДБМИ 5, 6, 7, 8 және 9 сыныптарына оқуға түсуге құжаттарды қабылдау.
2. ОРММИК және СДБМИ 10 және 11 сыныптарға оқуға түсуге құжаттарды қабылдау:
көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының немесе заңды өкілінің) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу);
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасының электрондық көшірмесі;
2) құжаттың электрондық нысанындағы негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат (10 және 11-сыныптарға түскен кезде) немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
3) "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", 1-разрядты спортшы, 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы, мынадай спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе бұйрықтың электрондық көшірмесі немесе бұйрықтан үзіндінің электрондық көшірмесі;
4) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет;
5) ОРММИК-ке оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының (бар болған жағдайда), облыстық ОРММИК-ке және СДБМИ-ға оқуға түсушілер үшін бірыңғай аймақтық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе қалалық, немесе аудандық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың электрондық көшірмелері (бар болған жағдайда);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттама түпнұсқаның электрондық көшірмелері, атап айтқанда электрондық көшірмелері: № 075/у нысандағы медициналық анықтамасының (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындыларының), № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасының (бар болған жағдайда), № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасының, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтамасының, жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындыларының, электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысының, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысының (бокс бөліміне түсу кезінде);
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша:
3. ОРММИК колледжінің бірінші курсына оқуға түсуге құжаттарды қабылдау:
көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының немесе заңды өкілінің) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу);
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасының электрондық көшірмесі;
2) құжаттың электрондық нысанындағы жалпы орта білім туралы аттестат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
3) Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты немесе кешенді тестілеу сертификатының электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда);
4) "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" мынадай спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе бұйрықтың (бұйрықтан үзінді) электрондық көшірмесі;
5) 3х4 өлшемдегі электрондық фотосурет;
6) ОРММИК-ке оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының электрондық көшірмелері (бар болған жағдайда);
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттама түпнұсқасының электрондық көшірмелері, атап айтқанда электрондық көшірмелері: № 075/у нысандағы медициналық анықтамасының (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындыларының), № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасының (бар болған жағдайда), № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасының, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтамасының, жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындыларының, электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысының, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысының (бокс бөліміне түсу кезінде).

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Стандартында және осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

      ";

      осы Қағидалардың 1-1-қосымшасы осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларында (бұдан- әрі – Қағидалар):

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері (бұдан әрі - спорт мектептері) қызметінің тәртібін айқындайды, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.";

      осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Стандартында және осы Қағидалардың 9-1 және 11-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

      ";

      осы Қағидалардың 3-қосымшасы осы Тізбенің 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      5. "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шыныктыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында (бұдан- әрі – Қағидалар):

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт федерацияларын аккредиттеуден өткізу тәртібін айқындайды сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу", "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызметтерді көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Республикалық, өңірлік және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.";

      16-тармағы алынып тасталын;

      17 және 18-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қарайды және қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган:

      1) спорт федерациясын аккредиттеу;

      2) спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      18. Уәкілетті орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде спорт федерациясын аккредиттеу туралы бұйрық қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган оң шешім қабылдаған кезде спорт федерациясын аккредиттеу туралы бұйрық қабылдайды, теріс шешім болған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.";

      24-тармақ алынып тасталсын;

      25 және 26-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қарайды және қарау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы орган:

      1) спорт федерациясын аккредиттеу;

      2) спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      26. Жергілікті атқарушы орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде спорт федерациясын аккредиттеу туралы бұйрық қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган оң шешім қабылдаған кезде спорт федерациясын аккредиттеу туралы бұйрық қабылдайды, теріс шешім болған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.";

      29-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған спорттық федерациядан басқа спорт федерациясы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 7-бабына сәйкес республикалық немесе өңірлік мәртебесін сәйкесінше растамаса;";

      осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

      ";

      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 27-4-тармақтарымен көзделген талаптарына спорт федерациясының және (немесе) онда ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның спорт федерациясын аккредиттеу үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап;
4) спорт федерациясына қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) спорт федерациясына қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спорт федерациясының спорт федерациясын аккредиттеуді алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

      ";

      осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

      ";

      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 27-4-тармақтарымен көзделген талаптарына спорт федерациясының және (немесе) онда ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның спорт федерациясын аккредиттеу үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап;
4) спорт федерациясына қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) спорт федерациясына қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спорт федерациясының спорт федерациясын аккредиттеуді алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

      ".

      6. "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11642 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шыныктыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру тәртібін айқындайды, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.";

      8-тармақ алынып тасталсын;

      10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      12-тармақ алынып тасталсын;

      осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Спорт мектептеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру.
2. Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру.

      ";

      3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

      ";

      8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
Мемлекеттік қызметтің кіші түрлері бойынша: спорт мектептеріне "мамандандырылған" мәртебе беру:
1) спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы Қағидалардың 2–қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) осы Қағидалардың 3–қосымшасына сәйкес спорт объектісі (үй – жай) туралы мәліметтер;
4) спорт мектебінің спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасалған қолданыстағы шарт;
5) осы Қағидалардың 4–қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама;
6) спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтардың көшірмелері;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы Қағидалардың 3–қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы спорт объектісі (үй – жай) туралы мәліметтер;
3) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы электрондық құжат нысанындағы қолданыстағы шарт;
4) осы Қағидалардың 4–қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы электрондық құжат нысанындағы анықтама;
5) электрондық құжат нысанында спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтар;
Мемлекеттік корпорацияға:
Мемлекеттік қызметтің кіші түрі бойынша: спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебе беру:
1) спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы Қағидалардың 2–қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) осы Қағидалардың 3–қосымшасына сәйкес спорт объектісі (үй – жай) туралы мәліметтер;
4) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы жасалған қолданыстағы шарт;
5) осы Қағидалардың 4–қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы Қағидалардың 3–қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы спорт объектісі (үй – жай) туралы мәліметтер;
3) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт түрі бойынша бөлімше спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы электрондық құжат нысанындағы қолданыстағы шарт;
4) осы Қағидалардың 4–қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы электрондық құжат нысанындағы анықтама.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың 5, 6 және 8-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

      ";

      осы Қағидалардың 5-қосымшасы осы Тізбенің 5-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      7. "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20784 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.";

      5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды портал арқылы алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Стандарттың 8-тармағында көзделген толықтығы мен сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды және спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы материалдық қамтамасыз етуді төлеу туралы шешім қабылдайды.

      Қабылданған шешім негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға материалдық қамтамасыз етуді төлеу туралы бұйрықты бекітеді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға материалдық қамтамасыз етудің төленгені туралы хабарлама жібереді.

      Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы материалдық қамтамасыз етуді төлеуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша ескертулерді жойылған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қарайды, жойылмаған кезде - көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тартуды жібереді.

      Оң шешім болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға материалдық қамтамасыз етуді төлеу туралы бұйрықты бекітеді, теріс шешім болған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.";

      осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      "

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің мен мәліметтердің осы Стандарттың 8-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

      ";

      осы Қағидалардың 2-қосымшасы осы Тізбенің 6-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер енгізілетін дене
шынықтыру және спорт
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
Спорт түрлері бойынша
Қазақстан Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері
бойынша ұлттық құрама
командалардың)
мүшелеріне олардың
халықаралық спорттық
жарыстарда жарақаттар
алуы және мертігуі кезінде
өтемақы төлемдерін төлеу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
 
Нысан
  (көрсетілетін қызметті алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)
____________________________
немесе ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
лушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға
арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік
қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) филиалының №______________
______________ бөлімі

      _______________________________________________________________________
(заңды мекенжайы көрсетілсін)

      "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының
(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың
халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы
төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген
тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас
тартады, атап айтқанда болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен
құжаттардың атауы):

      1)___________________________________________________________;

      2)___________________________________________________________;

      3)___________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:

      ________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы:_________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Байланыс телефонының нөмірі ____________________
Алдым:__________________________________ _____________
(көрсетілетін қызметті алушының (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________

  Өзгерістер енгізілетін дене
шынықтыру және спорт
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
2-қосымша
Спорт түрлерін, спорт
салаларын тану және спорт
түрлерінің тізілімін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша

"Спорт түрлерін, спорт салаларын тану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау "электрондық үкімет" веб-порталы www.​egov.​kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

33.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.

44.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

55.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт түрлерін, спорт салаларын тану туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда-мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.

66.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында:www.​gov.​kz/​ent​itie​s/​msm "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салуы;
2) құжаттың электрондық көшірмесі нысанында мәлімделетін спорт түрінің, Қазақстан Республикасында және әлемде спорт саласының дамуы туралы ақпарат, оның қысқаша сипаттамасы, пайда болу уақыты мен орны, халықаралық спорт федерацияларының болуы, өткізілген жарыстар саны, Қазақстан Республикасында шұғылданушыларды қамту, адамның физикалық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытудағы, оның қозғалыс белсенділігін жетілдірудегі және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі;
3) құжаттың электрондық көшірмесі нысанында спорттық мүкәммалды (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) және жабдықтарды (болған жағдайда) қолданудың қысқаша сипаттамасын қамтитын өтінім берілген спорт түрін, спорт саласын оқыту бағдарламасы мен әдістемесі;
4) спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерацияларының ресми сайтына сілтеме көрсетілген жарыс процесін, спортшылардың қатысуын көрсететін спорттық жарыс барысының бейне (фото) материалдары;
5) құжаттың электрондық көшірмесі нысанында өтінім берілген спорт түрінің спорт түрі, спорт саласы бойынша қағидалары немесе тиісті халықаралық спорт федерациясының өтінім берілген спорт түрінің, спорт саласының спорт түрі бойынша қағидаларының көшірмесі.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

  Өзгерістер енгізілетін дене
шынықтыру және спорт
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
3-қосымша
Олимпиадалық резервтің
республикалық, облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
мамандандырылған мектеп-
интернат- колледждері және
спорттағы дарынды балаларға
арналған облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
мектеп- интернаттары
қызметінің қағидаларына
1-1-қосымша
 
Нысан
____________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________
не ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын
басшылыққа ала отырып, олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған
мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған
облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары:

      ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(атауы және заңды мекен-жайы)
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың
толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Олимпиадалық резервтің республикалық,
облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған
мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар
қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және
(немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)___________________________________________________________;
2)___________________________________________________________;
3)___________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы:___________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Байланыс телефонының нөмірі ____________________
Алдым:__________________________________ _____________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің
аты (қолы) (болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________

  Өзгерістер енгізілетін дене
шынықтыру және спорт
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
4-қосымша
Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектерге арналған спорт
мектептері қызметінің
қағидаларына
3-қосымша
 
Нысан
____________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
____________________________
не ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын
басшылыққа ала отырып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге
арналған спорт мектептері:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(атауы және заңды мекен-жайы)
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың
толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Балалар-жасөспірімдер спорт
мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе)
қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)___________________________________________________________;
2)___________________________________________________________;
3)___________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы:___________________________________ ___________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Байланыс телефонының нөмірі ____________________
Алдым:___________________________________ _____________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (қолы) (болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________

  Өзгерістер енгізілетін дене
шынықтыру және спорт
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
5-қосымша
Спорт мектептеріне және спорт
мектептерінің бөлімшелеріне
"мамандандырылған" деген
мәртебе беру қағидаларына
5 – қосымша
 
Нысан
  ____________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты,
(болған жағдайда)
____________________________
не ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 20–бабының 2–тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға
арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік
қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)  филиалының №_______________
бөлімі _______________________________

      ____________________________________________________________________
(мекенжайы көрсетілсін)

      Осы Стандарттың 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың
толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Спорт мектептеріне және спорт
мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік
қызмет көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі
өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)____________________________________________________________;
2)____________________________________________________________;
3)____________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір – бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы:____________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Байланыс телефонының нөмірі ____________________
Алдым:_____________________________________ _______________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
20__ жылғы "___"_________

  Өзгерістер енгізілетін дене
шынықтыру және спорт
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
6-қосымша
Спортшылар мен
жаттықтырушыларға
өмір бойы ай сайынғы
материалдық қамсыздандыруды
төлеу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
 
Нысан
____________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты,
(болған жағдайда)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған
үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
(бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №_______________
бөлімі ________________
_______________________________________________________________________
(заңды мекенжайы көрсетілсін)

      Осы Стандарттың 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың
толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Спортшылар мен жаттықтырушыларға
өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет
көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп
кеткен құжаттардың атауы:
1)____________________________________________________________;
2)____________________________________________________________;
3)____________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:
______________________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Орындаушы:____________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Байланыс телефонының нөмірі ____________________
Алдым:__________________________________________ _____________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
20__ жылғы "___"_________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады