Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Қалиев Ә.Е.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Қ. Келімбетов |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 90 қаулысымен бекітілді |
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алу қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының (бұдан әрі – исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау кезінде исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сақтандыру сыйлықақысының бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістер бөлігі түрінде сыйақы алады.
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін алатын сыйақының ең көп мөлшерін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі актуарийдің және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің алдын ала қорытындылары негізінде бекітеді.
4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген сыйақыны қоспағанда, кез келген түрде исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алмайды және (немесе) өзге кіріс алмайды.