Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11721 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.07.2017 № 483 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекіту туралы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат республикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне және кезеңдік баспа шығарылымдарға ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің


міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      Е.А. Досаев __________________

      2015 жылғы 18 маусым



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрі міндетін атқарушысының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 194 бұйрығымен
бекітілген

Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасы

      1. Осы Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1 тармағының 41-23) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау тәртiбi айқындайды.

      2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) өтiнiм – өтiнiш берушiнiң сертификаттау рәсімін өту үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жазбаша өтiнiшi;

      2) өтініш беруші – аса жеңіл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

      3) ұшуға жарамдылық – әуе кемесiнiң қауiпсiздiгi мен ұшу сапасын қамтамасыз ететiн ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін оның техникалық жай-күйі.

      3. Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын және аса жеңiл авиацияның бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      4. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау үшiн коммерциялық емес тиiстi ұйымдар азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн тексеру бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн техникалық комиссия (бұдан әрi – техникалық комиссия) құрады.

      Техникалық комиссияның құрамына білікті, әуе кемелерін пайдалануда кемінде бес жыл практикалық тәжірибесі бар техникалық сарапшылар мен ұшқыштар, сертификаттау орталықтарының, ғылыми-зерттеу, сынау және басқа да ұйымдар басшыларының келісімі бойынша осы ұйымдардың мамандары кіреді.

      5. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

2. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын
сертификаттау тәртібі

      6. Сертификаттау мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:

      1) өтiнiш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм бередi. Өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiледi:

      аса жеңiл авиацияның әуе кемесi данасының сәйкестiк куәлiгiнiң немесе үлгi сертификатының көшiрмесi;

      аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      2) пайдалану-техникалық құжаттамасын сараптау және әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын айқындау;

      3) шешiм қабылдау және сертификат беру (беруден бас тарту).

      Пайдалану-техникалық бағалау құжаттамасын сараптау және азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестігі жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті орган өтінімнің көшірмесін өтінім тіркелген сәттен бес күнтізбелік күннің ішінде техникалық комиссияға береді. Өтініш беруші пайдалану құжаттамасына және аса жеңiл авиацияның әуе кемесіне техникалық комиссия мүшелерінің кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      Техникалық комиссия күнтізбелік 20 күн ішінде пайдалану құжаттамасын сараптау және аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

      7. Пайдалану құжаттамасын сараптау және аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша техникалық комиссия осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада аса жеңiл авиацияның әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы акт (бұдан әрі – акт) жасайды. Актінің бір данасы уәкілетті органнан өтінімнің көшірмесі алынған күннен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жіберіледі, екінші данасы өтініш берушіге беріледі, үшінші данасы әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымда қалады.

      8. Техникалық комиссия берген акт ұшуға жарамдылық сертификатын беруге немесе беруден бас тартуға негіз болады.

      Аса жеңіл авиациясы әуе кемесінің ұшу жарпамдылығы сертификатын беру, сертификатты беруден бас тарту техникалық комиссияның актіде көрсетілген қорытындысы негізінде жүргізіледі.

      9. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган актінің оң қорытындысы мен ұсынылған құжаттар негізінде өтініш берушіге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын береді.

      10. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беруден бас тартылған болса, қайтадан берілген өтінімді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оны беруден бас тартудың себептері жойылған жағдайда қарастырады.

      11. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру мерзімі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.

      12. Ұшуға жарамдылық сертификаты мерзімсіз беріледі және осы қағиданың 2-қосымшасына сәйкес әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі растау болып табылады.

3. Ұшуға жарамдылық сертификатын тоқтата тұру және қайтарып алу

      13. Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессіздіктері анықталған жағдайда, ұшуға жарамдылық сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрады, аса жеңiл авиацияның әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессіздіктері жойылғанға дейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган аса жеңiл авиацияның әуе кемесін пайдаланылуға тыйым салады, уәкілетті орган сәйкессіздік анықталған кезден бастап бұл туралы дереу пайдаланушыға және әуе қозғалысын басқару органына ұшуға жарамдылық сертификатының тоқтатыла тұруы туралы хабарлайды.

      Тоқтата тұрған күннен бастап алты ай ішінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессіздігі жойылмаған жағдайда, ұшуға жарамдылық сертификаты қайтарып алынады. Сертификатты қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде уәкілетті орган пайдаланушыны хабардар етеді.

      Аса жеңiл авиацияның әуе кемесін пайдаланушы өзі хабардар болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын уәкілетті органға қайтарады.

4. Ұшуға жарамдылық сертификатының телнұсқасын беру

      14. Бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда, өтініш беруші еркін нысанда өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні iшiнде ұшуға жарамдылық сертификаты телнұсқа беру арқылы ауыстырылуға тиіс.

      15. Ұшуға жарамдылық сертификатының телнұсқасын алу үшiн пайдаланушы өтiнiшке сертификаттың бүліну немесе жоғалу (ұрлану) фактісінің сипаттамасын қоса беруі қажет.

  Аса жеңiл авиация саласында
сертификаттау қағидасына
1-қосымша

      Нысан

ӨТІНІМ

      1. Тiзiлiмге ____ ж. "___" ____ № ___ енгiзiлген аса жеңiл авиацияның

      әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық сертификатын берудi сұраймын:

      Түрi ________________________________________________________________

      Әуе кемесiнiң мақсаты _______________________________________________

      1.1. Әуе кемесiнің сериялық (зауыттық) нөмiрi _______________________

      1.2. Әуе кемесi жасалған күн ________________________________________

      1.3. Жасап шығарушының атауы ________________________________________

      1.4. Жасап шығарушы мемлекет ________________________________________

      1.5. Үлгi сертификаты (немесе балама құжат):

      № ___________________________, берiлген күнi

      2. Өтiнiш берушi туралы мәлiметтер:

      2.1. Мекенжайы ______________________________________________________

      2.2. Телефоны ____________________ Факсы ____________________________

      2.3. Электронды поштасының мекенжайы (бар болса) ____________________

      2.4. Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) ________________________________

      2.5. Бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БИН) ______________________________

      2.6. Егер ӘК пайдаланушы – жеке тұлға болса:

      Тегi, аты, әкесiнiң аты _____________________________________________

      2.7. Егер ӘК пайдаланушы – заңды тұлға болса:

      Ұйымның толық атауы _________________________________________________

      Басшының тегi, аты, әкесiнiң аты ____________________________________

      3. ӘК данасының орналасқан жерi _____________________________________

      4. Соңғы жөндеу жүргiзiлген күнi мен жерi ___________________________

      5. Әуе кемесiнiң ұшуы пайдалану басталғаннан бері: ______ сағ. ____ соңғы _____________ жыл соңғы жөндеуден кейiн: ____________ сағ. ____ соңғы _____________ жыл

      6. Жөндеуге дейiн қалған ресурс: __ сағ. ____ соңғы _____________ жыл

      7. Массасы, кг ________________ Орталықтандыру, % ___________________

      8. Техникалық жай-күйін бағалау актiсi бекiтілген күн _______________

      9. Техникалық байқауды кiм жүргiздi _________________________________

      10. Әуе кемесiн жетiлдiрудi, өзгертудi орындаған ұйым, орындау күнi_______________________________________________________________

      11. Пайдаланушының заңды мекенжайы, телефоны, факсы _________________

      12. Пошталық мекенжайы: ____________________________________________

      М.О.________________________________

      (лауазымы)

  Аса жеңiл авиация саласында
сертификаттау қағидасына
2-қосымша

      Нысан

      "Бекітемін"

      Азаматтық авиация саласындағы

      уәкілетті органның лауазымды адамы

      _____________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      20__ жылғы "___" ____________

Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы
туралы бағалау
АКТIСI

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" ______________ _____ № ____________ бұйрығына сәйкес

      мынадай құрамдағы комиссия:

      Төраға:

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. лауазымы)

      Комиссия мүшелерi:

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. лауазымы)

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. лауазымы)

      _____________________________________ әуе кемесінің пайдалану

      (ӘК түрі, тіркеу нөмірі, сериялық нөмірі)

      құжаттамасын сараптауды және ұшуға жарамдылығын бағалауды жүргiздi

      Аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы

      бағалау актiсiнiң мәтiнi

      Актiнiң қорытынды бөлiгiнде пайдалану құжаттамасының, оның

      iшiнде техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентiнің), әуе

      кемесінің азаматтық авиация саласындағы нормативтiк құқықтық

      актiлердiң талаптарына сәйкестігі (сәйкессіздігі), сондай-ақ әуе

      кемесiнiң және оның жабдықтарының ұшудың мәлімделген түрлерiне

      сәйкестiгi көрсетiледi.

      Төраға:

      _______________________________________________________________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      Комиссия мүшелерi:_____________________________________________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      _______________________________________________________________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      Актiмен таныстым:

      Ұйымның басшысы_________________________ ______________________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

  Аса жеңiл авиация саласында
сертификаттау қағидасына
3-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

      _______________________________________________________________

      Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган

Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық сертификаты
№ _____

1. Әуе кемесiнiң үлгiсi мен мақсаты

2. Мемлекеттiк және тiркелген тану белгiлерi

3. Сериялық (зауыттық) нөмiрi


      4. Әуе кемесi Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе

      кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне ___ ж. "__" ____ № ___ енгiзiлген.

      5. Егер әуе кемесi пайдалану шектеулерiне сәйкес күтiп

      ұсталатын және пайдаланылатын болса, ұшуға жарамды деп есептеледi.

      6. Конструкцияның салмағы (массасы/кг) ________________________

      7. Орталықтандыру % ___________________________________________

      ________ ж. "___" берiлдi.

      М.О.

      Азаматтық авиация

      саласындағы уәкiлеттi

      органның басшысы

      не ол уәкiлеттiк берген Адам

      ________ ___________________

      (қолы) Т.Ә.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады