Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11726 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 135 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 27.04.2023 № 135 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17 бабының 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысаны бекітілсін.

      2. "Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытындының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 43-ө бұйрығының (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4554 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2007 жыл, сәуір № 4, 109-құжат жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Е. Досаев

      2015 жылғы 23 маусым



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 11 мамырдағы
№ 343 бұйрығымен
бекітілген

      Нысан

Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытынды

      Ескерту. Нысанға өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 14.02.2017 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "___" ____________ № ______

      ________________________________________басшысына

      (аудитке жататын субъектінің тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған жағдайда) немесе толық атауы

      (жеке немесе заңды тұлға)

      БСН (ЖСН)* ______________________________________

      Мекен-жайы ______________________________________

      Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытынды

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (аумақтық

      бөлімше) Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық

      кодексінің 17-бабындағы 14) тармақшасына сәйкес _____________________

      _____________________________________________________________________

      (аудитке жататын субъектінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      жағдайда) немесе толық атауы)

      міндетті экологиялық аудит өткізу туралы шешім қабылдады.

      Аудитке жататын субъектінің мекен-жайы: _____________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Аудитке жататын субъектінің шаруашылық және өзге де қызметімен

      байланысты қоршаған орта үшін болатын мүмкін қауіп-қатерлердің

      сипаты:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Міндетті экологиялық аудит өткізу үшін негіздер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға міндетті

      экологиялық аудиттің нәтижелері бойынша экологиялық аудиторлық есеп

      берудің (алған кезден бастап алты айдан аспайтын) мерзімі:___________

      _____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының

      Бас мемлекеттік экологиялық

      инспекторы

      Мөр Күні

      Ескертпе:

      Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытынды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің ресми бланкінде ресімделеді.

      * Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және жеке сәйкестендіру

      нөмірі (ЖСН) бар болған жағдайда көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады