"Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 шілдеде № 11771 болып тіркелді

      «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа:
      2-тармақтың 1), 2) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
      «1) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның филиалдарының жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастар қатысушылары әрекеттерінің, кепіл туралы шартта немесе кепілдің талаптары көрсетілген басқа шартта (кепілді тіркеу туралы өтініш) көрсетілген мәліметтерді жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне енгізу жөніндегі, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіппен жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беру және Жылжымайтын мүлік орталықтарының басқа да іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылатын жылжымалы мүлік кепілін есепке алу рәсімі;
      2) тіркеуші орган - жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асырушы Жылжымайтын мүлік орталығы;»;
      2-тармақтың 4), 5) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
      «4) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік – Жылжымайтын мүлік орталығы арызданушыға беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын құжат;
      5) жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі (кепіл тізілімі) - Жылжымайтын мүлік орталығы жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйес;»;
      келесі мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды), соның ішінде активтерді және міндеттерді бір уақытта беру туралы шартқа өзгерістер мен қосымшаларды тіркеу кезінде осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасына сәйкес өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.»;
      16-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      «2) осы Нұсқаулықтың 1 және 1-1 қосымшаларына сәйкес келмейтін өтініштер;»;
      18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «18. Кепілді тіркеу ХҚКО арқылы тіркеуші органға 2 жұмыс күні ішінде өтініш беру арқылы жүргізіледі.
      Кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды), соның ішінде бір уақытта активтер мен міндеттемелерді беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде өтінішке екі данада жасалған, қол қойылған өзгерістерді, толықтыруларды енгізу туралы шарт ұсынылады (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға ауысуы не құқықтарды (талаптарды) беру туралы шарт) табыстау актісінің немесе оның көшірмесінің (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі), ол тіркеуші орган өтініште көрсетілген мәліметтерді тексергеннен кейін тіркеу туралы белгімен өтініш берушіге қайтарылып беріледі.»;
      1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жазылсын;
      осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Нұсқаулық 1-1 қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және заңнамамен белгіленген тәртіппен оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Б. Имашев

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2015 жылғы 28 мамырдағы 
№ 299 бұйрығына     
1 Қосымша       

Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
1 Қосымша            

Нысан

_____________________________________________________________________
                        тіркеуші органның атауы

                       № ____ өтініш

                            Кепіл беруші

      Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (бұдан әрі –
Т.А.Ә.), тұрған жері, туған күні және жылы;
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН) ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі ______ сериясы ______ №________
берілді _____________________________________берген күні ____________
           (құжатты берілген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
        (уәкілетті өкілдің деректемелері)
___________________________________________________________ негізінде
     (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

                           Кепіл ұстаушы

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. және туған күні мен жылы; заңды тұлғаның атауы,
БСН:_________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі _________ сериясы _____ №______
берілді _____________________________________ берілген күні _________
          (құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
        (уәкілетті өкілдің деректемелері)
____________________________________________________________негізінде
      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Жылжымалы мүлік кепілі шартын тіркеуіңізді сұраймын:_________________
_____________________________________________________________________
Шарттың жасалған күні _______________________________________________
Шарттың жасалған жері _______________________________________________
Кепілдің мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік кепілінің
сипаттамасы)_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге салынған мүлік кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының
_______________________________ билігінде және пайдалануында қалады:
Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ
Қайта кепілге беру туралы мәліметтері: Ия/Жоқ (керек емесін сызып
тастау)
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және
қашан берді)
1. төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Ия Жоқ (керегі емесін сызып тастау)

Өтініштің берілген күні:___________________________________ 20____ ж.
Өтініштің қабылданған күні:______________________________ 20 _____ ж.
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________
Уақыты: ___________________________ сағ. _______________________ мин.
Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы ________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2015 жылғы 28 мамырдағы 
№ 299 бұйрығына     
2 Қосымша       

Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
1-1 Қосымша           

Нысан

_____________________________________________________________________
                      (тіркеуші органның атауы)

                         № ____өтініш

Кепіл ұстаушы________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған күні және жылы немесе заңды тұлғаның
                      атауымен тіркеу номірі)
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ______ сериясы ______ №_________
берілді ___________________________________берілген күні ____________
          (құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
        (уәкілетті өкілдің деректемелері)
_________________________________________________________ негізінде
    (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Өзгерістерді және/немесе толықтыруларды немесе кепілдің тоқтатылуын
тіркеуді сұраймын____________________________________________________

Шарттың жасалған күні _______________________________________________
Шарттың жасалған орны _______________________________________________
Кепілдің мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік сипаттамасы)
_____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге салынған мүлік кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының
_______________________________ билігінде және пайдалануында қалады:
Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ

Қайта кепілге беру туралы мәліметтер: Ия/Жоқ (керек емесін сызып
тастау)
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және
қашан берді)
1. Төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________
2. __________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Ия/Жоқ (керегі жоғын сызып тастау)
Өтініштің берілген күні:___________________ 20 _____ ж.
Өтініштің қабылданған күні:________________ 20 _____ ж.
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________

Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы: _______________________________________

Уақыты: ________________ сағ._________ мин.
        ______________________________

Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
_______________ «___»______20___ж.

                (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады