"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 531 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 596 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 тамызда № 14081 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 № ҚР ДСМ-274/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 531 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11787 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидалары, мерзімдері бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидалары, мерзімдері";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидалары, мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнің (бұдан әрі – Кодекс) 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және орта, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар адамдарға кәсiптiк медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыруға бiлiктiлiк санаттарын беру тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) – тиісті біліктілік санатының берілгенін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;

      2) лауазымды тұлға – денсаулық сақтау ұйымының басшысы немесе басшының міндетін атқарушы тұлға;

      3) маман – медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар денсаулық сақтау саласының қызметкерi;

      4) мамандардың кәсіби дайындығының және біліктілігінің сәйкестігін бағалау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыны бағалау рәсімі;

      5) үміткер – нақты мамандығы бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлік алуға үміткер маман.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – Комитет департаменті) кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Үміткерлер куәлік алу үшін құжаттарды қолда бар куәліктің немесе 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген біліктілік санаты берілетін маман сертификатының қолданыс мерзімі өткенге дейін үш айдан кешіктірмей ұсынады.

      Куәлікті маманға оның негізгі жұмыс орны бойынша орналасқан Комитеттің тиісті департаменті береді.

      Жоғары мәлімделген санатқа куәлікті алу үшін маман қолданыстағы куәлігін (біліктілік санатын беру туралы маман сертификаты) алған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін жіберіледі";

      9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Куәлікті алу үшiн үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      мәлімделген мамандық бойынша Бағалау нәтижесі;

      білімі туралы дипломы;

      мәлімделген мамандық бойынша интернатураны не резидентураны немесе клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжат (бар болса);

      мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәлік (бар болса);

      соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқаны туралы куәлік;

      мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы біліктілік санаты берілетін маман сертификаты немесе куәлік (бар болса);

      клиникалық практикамен айналысатын тұлғалар үшін клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлік;

      Тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен кезде, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстырғанын растайтын құжат беріледі;

      Шет тілінде берілген құжаттарға қосымша мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аударма қосымша ұсынылады.

      Өтініш беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметінің бар екендігі туралы ақпарат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанында көрсетіледі.

      10. Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санатын беру өлшемшарттары:

      1) мыналар:

      құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру;

      біліктілігінің екінші санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;

      құжаттарды беру кезінде соңғы бес жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 108 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға екінші біліктілік санаты беріледі;

      2) мыналар:

      құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде алты жыл еңбек өтілі, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру;

      біліктілігінің бірінші санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;

      құжаттарды беру кезінде соңғы бес жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 162 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға бірінші біліктілік санаты беріледі;

      3) мыналар:

      құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде он жыл еңбек өтілі, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру;

      біліктілігінің жоғары санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;

      құжаттарды беру кезінде соңғы бес жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 216 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға жоғары біліктілік санаты беріледі.

      Қайтарып алған жағдайда, маман куәлікті қайтарып алғаннан кейін мәлімделген мамандық бойынша өткен жалпы көлемі кемінде 216 сағаттық біліктілікті жоғарылату курстарынан қосымша өткенін растайтын құжаттарын ұсынады.

      11. "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша оқуды 1998 жылдан кейін және "Шығыс медицинасы" мен "Стоматология" мамандықтары бойынша оқуды 2006 жылдан кейін бітірген адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 5-тармағына сәйкес интернатураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжатты ұсыну болып табылады.

      "Емдеу ісі", "Педиатрия" және "Шығыс медицинасы" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім беру ұйымдарын 2014 жылға дейін бітірген, Номенклатурада көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткерлер адамдар интернатура, клиникалық ординатура немесе резидентура мамандығы мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеген кезде "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – № 691 бұйрық) Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) оқу сағатының ұзақтығын көрсете отырып мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өткені туралы құжатты ұсынады.

      Медициналық, оның ішінде клиникалық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз жұмыс өтілі бар адамдарға осы мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.

      Жоғары медициналық білім беру ұйымдарында оқуды 2013 жылдан кейін бітірген, "Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде (бұдан әрі – Клиникалық мамандардың тізбесі) көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжат ұсыну болып табылады.";

      20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Куәлікті қайтарып алуды Комитет департаменттері денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) бойынша:

      лауазымды тұлғада:

      1) күнтізбелік бір жыл ішінде тексеру нәтижелері туралы актілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін ұйымдастыруға бес немесе одан да көп негізделген өтініштер;

      2) мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) және/немесе денсаулық сақтау ұйымы қызметінің тиісті түріне лицензиясы жоқ маманның клиникалық практикамен он және одан да көп айналысу жағдайы болған жағдайларда;

      маманда:

      1) күнтізбелік бір жыл ішінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша актілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың маманның көрсеткен медициналық көмегінің сапасына үш немесе одан да көп негізделген өтініштер болған;

      2) күнтізбелік бір жыл ішінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша актілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың маманның көрсеткен фармацевтикалық көмегінің сапасына үш немесе одан да көп негізделген өтініштер болған;

      3) маман куәлік алу кезінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша анықталған жалған ақпарат бергені туралы фактіні анықтау;

      4) сертификаты жоқ маманның клиникалық практикамен айналысу жағдайлары болғанда.

      21. Куәлікті қайтарып алуға болатын жағдайды анықтаған немесе осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайлардың болуы туралы ақпаратты анықтаған Комитет департаменті куәлікті берген Комитет департаментіне осындай жағдай анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қайтарып алу қолдаухатты жібереді. Куәлікті берген Комитет департаменті осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген ақпартты не қолдаухатты алғаннан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде куәлікті қайтарып алу туралы бұйрық шығарады.

      Осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайларды өздігінен анықтаған Комитет департаменті осындай жағдай анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде куәлікті қайтарып алу туралы бұйрық (еркін түрде) шығарады.

      22. Куәлікті қайта алу үшін, бірақ оны қайтарып алған мерзімнен алты айдан кешіктірмей маман осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.";

      3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 5 шілдедегі
№ 596 бұйрығына
қосымша
  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандарды
қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік санатын беру
туралы куәлікті беру және қайтарып
алу қағидаларына 3-қосымша

      нысан

Мәліметтер нысаны

      1. "Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 404 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11449 болып тіркелген) нысан бойынша мамандардың біліктілігінің сәйкестігін растайтын бағалаудың қорытындысы.

      1.1. Мәлімделген мамандық атауы ______________________________

      1.2. Мәлімделген санатқа сәйкес келеді: екінші, бірінші, жоғары

      (керектісінің астын сызу қажет)

      1.3. Бағалау қорытындысын берген орган_________________________

      1.4. Бағалау қорытындысын алу күні, айы, жылы__________________

      2. Медициналық немесе фармацевтикалық білімі (білімі туралы дипломның көшірмесі)

      2.1. Білімі (орта медициналық немесе фармацевтикалық білімі, орта білімнен кейінгі медициналық немесе фармацевтикалық білімі, жоғары медициналық немесе фармацевтикалық білімі)

      2.2. Дипломның нөмірі__________________________________________

      2.3. Дипломның сериясы_________________________________________

      2.4. Білім беру ұйымының толық атауы___________________________

      2.5. Оқыған елі________________________________________________

      2.6. Түскен жылы_______________________________________________

      2.7. Бітірген жылы_____________________________________________

      2.8. Дипломы бойынша мамандығы ________________________________

      2.9. Дипломы бойынша біліктілігі_______________________________

      2.10. Білімі туралы құжаттардың нострификациясы және/немесе танылуы (медициналық немесе фармацевтикалық білімін Қазақстан Республикасынан тыс жерде алған адамдар үшін: диплом, интернатура, резидентура, клиникалық ординатура, магистратура), (білімі туралы құжаттың нострификациясы және/немесе танылуы туралы құжаттың көшірмесі)

      Оқыған елі _________________________________________________

      Білім беру ұйымының толық атауы ____________________________

      Нострификация туралы куәлік берген орган____________________

      Нострификация бұйрығының нөмірі мен күні____________________

      Нострификацияның тіркеу нөмірі _____________________________

      Нострификация куәлігінің берілген күні______________________

      3. Мәлімделген мамандық бойынша интернатура, клиникалық ординатура, резидентура мамандығы туралы мәліметтер (жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін) (құжаттың көшірмесі)

      3.1. Интернатура мамандығы_____________________________________

      3.2. Түскен жылы_______________________________________________

      3.3. Бітірген жылы_____________________________________________

      3.4. Оқу ұзақтығы______________________________________________

      3.5. Оқудың сағат бойынша көлемі_______________________________

      3.6. Ұйымның толық атауы_______________________________________

      3.7. Интернатурадан өту орны___________________________________

      3.8. Клиникалық ординатура мамандығы___________________________

      3.9. Түскен жылы_______________________________________________

      3.10. Бітірген жылы____________________________________________

      3.11. Оқу ұзақтығы_____________________________________________

      3.12. Оқудың сағат бойынша көлемі______________________________

      3.13. Ұйымның толық атауы______________________________________

      3.14. Клиникалық ординатурадан өту орны________________________

      3.15. Резидентура мамандығы____________________________________

      3.16. Түскен жылы______________________________________________

      3.17. Бітірген жылы____________________________________________

      3.18. Оқу ұзақтығы_____________________________________________

      3.19. Оқудың сағат бойынша көлемі______________________________

      3.20. Ұйымның толық атауы______________________________________

      3.21. Өту орны_________________________________________________

      4. Мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәліктер туралы мәліметтер (құжаттың көшірмесі)

      4.1. Қайта даярлау жөніндегі куәліктің нөмірі__________________

      4.2. Қайта даярлау мамандығы___________________________________

      4.3. Оқытушы ұйымның атауы_____________________________________

      4.4. Оқудың сағат бойынша көлемі_______________________________

      4.5. Оқудың басталуы___________________________________________

      4.6. Оқудың аяқталуы___________________________________________

      5. Мәлімделген мамандық бойынша біліктілік санат беру туралы куәліктің (маман сертификатының) мәліметтері (бар болса)

      5.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні

      5.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі

      5.3. Берген орган

      5.4. Куәліктің (сертификаттың) қолданыс мерзімі

      5.5. Мамандығы

      5.6. Біліктілік санаты

      6. Мәлімделген мамандық бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін сертификаттың мәліметтері

      6.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні

      6.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі

      6.3. Берген орган

      6.4. Куәліктің қолданыс мерзімі

      6.5. Мамандығы

      7. Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер

      7.1. Мәлімделген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жылы, айы, күні)

      7.2. Жалпы медициналық, фармацевтикалық еңбек өтілі (жылы, айы, күні)

      7.3. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны

      7.4. Атқаратын лауазымы

      7.5. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметі (өтініш берген кезде мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруы тиіс)

Қабылданған күні

Жұмыстан босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрықтың №

Бұйрықты шығару күні














      8. Соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатуы:

      8.1. Мәлімделген мамандық бойынша біліктілікті жоғарылату куәлігі туралы мәліметтер

      8.2. Біліктілікті жоғарылату туралы куәліктің нөмірі

      8.3. Циклдің атауы

      8.4. Оқыту ұйымының атауы

      8.5. Оқудың басталуы

      8.6. Оқудың аяқталуы

      8.7. Оқу көлемі сағатпен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады