Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 383 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 шілдеде № 11814 болып тіркелді.

      "Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің нысаны бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн және ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Әдiлет министрi

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 8 шілдедегі
№ 383 бұйрығымен
Бекітілген
нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
ПАТЕНТТІК СЕНІМ БІЛДІРІЛГЕН ӨКІЛДІҢ
КУӘЛІГІ

      Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл

      ретінде тіркелген (Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда)_____________________

      _____________________________________________________________берілді.

      Тіркеу туралы жазба Патенттік сенім білдірілген өкілдер

      тізіліміне 20 __ жығы "__" ______________ № ___________ енгізілді.

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрінің орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады