"Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 711 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 7 ақпандағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 7 ақпанда № 35711 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 711 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11875 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Көлік министрінің
міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  ҚР Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 7 ақпандағы
№ 41 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 711 бұйрығымен
бекітілген

Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері

      1-кесте

Атауы

Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелері, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары

Ағымдағы жөндеу
(1 км мың теңге)

Күтіп-ұстау (1 км мың теңге)

1

2

3

4

Астана, республикалық маңызы бар қалалар

1

Астана

9 684,43

8 278,68

2

Алматы

8 531,86

7 582,68

3

Шымкент

5 991,72

5 121,99

Облыстар

1

Абай

1 006,19

1 845,89

2

Ақмола

939,07

2 193,49

3

Ақтөбе

807,22

1 823,57

4

Алматы

812,51

1 740,46

5

Атырау

463,78

1 552,38

6

Батыс Қазақстан

755,49

1 752,89

7

Жамбыл

732,44

1 719,84

8

Жетісу

791,73

1 695,94

9

Қарағанды

795,73

1 972,20

10

Қостанай

792,21

1 854,80

11

Қызылорда

492,26

1 546,71

12

Маңғыстау

445,65

1 636,39

13

Павлодар

841,84

1 865,41

14

Солтүстік Қазақстан

849,80

1 808,93

15

Түркістан

506,72

1 563,54

16

Ұлытау

801,69

1 986,97

17

Шығыс Қазақстан

1 054,24

1 934,03

      1. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтеріне (бұдан әрі - Қаржыландыру нормативтері) оның ішінде, автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға арналған шығындар кіреді.

      2. Автомобиль жолдарын қаржыландыру нормативтері ІІІ техникалық санаттағы жолдың 1 км үшін келтірілген.

      3. Қажетті санаттың нормативін есептеу үшін автомобиль жолдарының төменде келтірілген санаттары бойынша саралау коэффициенттері қолданылады:

      2-кесте

Жұмыс түрі

Автомобиль жолдарының техникалық санаттары

Iа/Iб
8 жолақ

Iа/Iб
6 жолақ

Iа/Iб
4 жолақ

II

III

IV

V

Саралау коэффициенттері

Ағымдағы жөндеу

5,06/3,37

3,90/2,60

2,73/1,82

1,13

1

0,74

0,47

Күтіп-ұстау

4,59/3,06

3,63/2,42

2,67/1,78

1,24

1

0,89

0,73

      4. Қаржыландыру нормативтері ені 3,5 метр болатын 1 км көше үшін келтірілген. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін талап етілетін параметрлерінің нормативін есептеу үшін автомобиль жолдарының мынадай санаттары бойынша саралау коэффициенттері қолданылады:

      1) қозғалыс жолақтарына байланысты Іа/Іб санаттары бойынша реттелетін, жүрдек қозғалыстағы магистральдық жолдар;

      2) қозғалыс жолақтарына байланысты Іб санаты бойынша үздіксіз, реттелетін қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелері;

      3) II санат бойынша аудандық маңызы бар жаяу жүргіншілер-көлік және көлік-жаяу жүргіншілер магистральдық көшелері;

      4) III санат бойынша тұрғын үй құрылысындағы жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдар;

      5) III санаттағы саябақ жолдары;

      6) III санат бойынша негізгі жол жүру;

      7) IV санат бойынша екінші дәрежелі жол жүру;

      8) IV санаттағы жаяу жүргіншілер көшелері мен велосипед жолдары.

      5. Нормативтер 2023 жылғы бағада ҚҚС-сыз келтірілген. ҚҚС тиісті жылға арналған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде қабылданады.

      6. 2023 жылғы базалық бағадан ағымдағы деңгейге көшу АЕК өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады – жоспарланған жылдың АЕК-нің 2023 жылдың АЕК-не қатынасы. АЕК мөлшері бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленеді.

      7. Салудан, реконструкциялаудан, орташа, күрделі жөндеуден кейін кепілдікте тұрған автомобиль жолдарының учаскелерінде қаржыландыру нормативтеріне - 0,75 төмендету коэффициенті қосымша қолданылады. Жол төсемелерінің конструкциясын қалпына келтіру жұмыстары салу, реконструкциялау, орта, күрделі жөндеу мердігерінің есебінен орындалады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      км – километр;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады