"Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 363 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11883 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 25.08.2018 № 1302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 7 сәуірдегі Заңына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6234 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылғы № 16 (тираждың шыққан уақыты 15.12.2010 ж.) жарияланған) келесі енгізілсін:

      Селекциялық жетістіктерге патент беруге өтінім беру және қарау жөніндегі ережеде:

      4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Өтінім сараптау ұйымына тікелей беріледі, поштамен немесе электрондық-цифрлік қолтанбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.";

      5-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "5. Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар өтінім және патент алу жөніндегі іс жүргізумен байланысты істерді, егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімімен өзге тәртіп белгіленбесе тек қана Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдері арқылы жүргізеді.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегіндегі хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкілсіз патенттермен байланысты істерді жүргізе алады.

      Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес өтінім бір селекциялық жетістікке қатысты болуы тиіс және:

      1) патент беру туралы өтінішті (бұдан ары – өтініш);

      2) селекциялық жетістіктің сауалнамасын;

      3) іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда, сенімхатты қамтуға тиіс.";

      6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Өтінімге белгіленген мөлшерде өтінім беруге және алдын ала сараптама жүргізуге ақы төленгенін растайтын құжат тіркеледі. Ақы белгіленгеннен төмен мөлшерде төленген кезде, ақы төленгенін растайтын құжаттан басқа, сондай-ақ оны мөлшерін азайту үшін негіздемені растайтын құжат ұсынылады (Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектер, мектепте оқитын, кәсіби-техникалық ұйымдарда, жоғары білім ұйымдарында оқитын оқушылар, шағын және орташа кәсіпкерлік субъектілер). Көрсетілген құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде табыс етіледі. Тиісті ақы төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылады, бірақ екі айдан аспауы керек.";

      7-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Патент беру туралы өтініш және өтінімнің басқа құжаттары қазақ немесе орыс тілінде ұсынылу тиіс. Ботаникалық белгілеулер латин шрифтімен баспа әріптерімен жазылады.";

      10-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беру туралы өтініш осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша ұсынылады:

      1) егер кейбір мәліметті сәйкес графаларда толық орналастыруға мүмкіндік болмаса, оларды өтініштің сәйкес графасында көрсетуімен дәл сондай формада қосымша парақта келтіреді: "Өтінімге қосымша көр." ("Қоса берілетін құжаттардың тізімі" графасының сәйкес торында "х" белгісі қойылады);

      2) Өтінімнің "Келіп түскен күні", "Басымдылық" графалары, оның жоғары бөлімінде 21 коды бар графасы өтінім түскенен кейін сараптау ұйымымен толықтыруға арналған және өтінім берушісімен толықтырылмайды;

      3) патент беру туралы өтініші бар графасында "өтінім берушінің(-лердің) атына" сөздерінен кейін патент сұратылатын өтінім берушісі(-лері) туралы мәлімет келтіріледі: жеке тұлғаның аты-жөні (бар болған жағдайда), әрі жөні аттың алдында көрсетіледі немесе мемлекеттік тіркеу туралы құжатқа сәйкес заңды тұлғаның толық ресми атауы, сонымен қатар елдің ресми атауы және толық пошталық мекен-жайын қоса алғанда, олардың тұратын жерлері туралы мәлімет көрсетіледі. Шетелдік аттары және заңды тұлғалардың аттары транслитерациямен мемлекеттік немесе орыс тілдерінде көрсетіледі. Селекциялық жетістіктің авторлары болып табылатын өтінім берушілердің тұратын жері туралы мәлімет графаның екінші бағанасының 72 кодымен келтірілген.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын патент сұратылатын заңды немесе жеке тұлғалар үшін Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (бұдан әрі - ДЗМҰ) 3 стандарты бойынша елдің коды сұралады.

      Егер өтінім беруші бірнешеу болса, аталған мәлімет олардың әрбірі үшін келтіріледі;

      4) 31, 32 және 33 графаларда басымдық белгілеу туралы өтініш мазмұндалған баған Заңның 7-бабына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен неғұрлым бұрынғы басымдық сұралған кезде ғана толтырылады. Бұл жағдайда тиісті торға "х" белгісін қою арқылы басымдық сұрауға негіз көрсетіледі және: соның негізінде басымдық сұратылатын өтінімнің нөмірі, сұратылатын басымдықтың күні (өтінім берілген күн), өтінім берген ел, өтінім қараудың кезеңі және селекциялық жетістіктің қандай атаумен тіркелгені көрсетіледі.

      Өтінімді қарау кезеңін:

      А-өтінім қаралу үстінде;

      В-өтінім қабылданбады;

      С-өтінім кері қайтарылып алынды;

      D-өтінім қанағаттандырылды, патент берілді немесе деген кодпен көрсетіледі.

      Өтінім беруші бірінші өтініммен берілген материалдың осы сортпен (тұқыммен) ұсынылатын және оның осы өтінімге сай келетінін растайды;

      5) "Тегі, түрі" деген бағанда сортты, тұқымды таксономиялық тиесілілігі бойынша да, сондай-ақ өндірісте қолданылуы жөнінен де дәл сәйкестендіру үшін тек пен түрдің толық атауы көрсетіледі.

      Ол сондай-ақ таксономикалық бірлік (түрі, түр, түр) латын атын анықтайды;

      6) "Ұсынылатын атаулар" деген бағанда селекциялық жетістіктің атауы келтіріледі.

      Шетелдік селекцияның селекциялық жетістігінде оның түпнұсқалық атауы өтінім берушінің тілінде және мемлекеттік немесе орыс тіліндегі транскрипцияда көрсетіледі (Шетелдік селекциялық жетістік атауының транскрипциясын өтінім беруші ұсынады);

      7) "Селекциялық нөмір" деген бағанда селекция кезеңінде берілген селекциялық нөмір көрсетіледі;

      8) "Селекциялық жетістік шығарылды" деген бағанда селекциялық жетістік шығарылған елдің атауы, сондай-ақ оның ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес коды толық келтіріледі;

      9) "Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма" деген баған. Егер сорт Қазақстан Республикасында сатылса немесе сатуға ұсынылса, онда оң жақтағы квадратты "х" деген белгімен белгілеу және оның сатылған немесе сатуға ұсынылған бірінші күні мен атауын көрсету қажет.

      Егер сорт (тұқым) сатылмаса немесе сатуға ұсынылмаса сол жақтағы квадратты "х" деген белгімен белгілеу қажет.

      Басқа елдерде сатылғаны немесе сатуға ұсынылғаны туралы мәлімет жоғарыда көрсетілгенге ұқсас келтіріледі және қосымша елді көрсету қажет;

      10) "хат жазысу үшін мекен-жай" бағанда хат жазысу үшін мекен-жай, телефон (-дар) нөмірі (-лері) келтіріледі. Хат жазысу үшін мекен-жай ретінде өтінім берушінің (өтінім берушілердің бірінің) - Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекен-жайы немесе өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілі жүрген жердің мекен-жайы немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы өзге мекен-жай көрсетілуі мүмкін;

      11) 74-кодты бағанда өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілі туралы, оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл (патенттік сенім білдірілген өкілдер) туралы мәлімет келтіріледі. Патенттік сенім білдірілген өкіл өтінім берілгенге дейін тағайындалған жағдайда оның ТАӘ (егер болса), уәкілетті органдағы тіркеу нөмірі, мекен-жайы, телефон, факс (егер болса) нөмірі көрсетіледі. Өзге өкіл тағайындалған жағдайда жеке тұлға үшін ТАӘ (егер ол болса) немесе заңды тұлға үшін ресми атауы, Қазақстан Республикасындағы мекен-жайы (тұрған жері), телефон, факс (егер болса) нөмірі көрсетіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, олардың бірі өкіл ретінде таңдалуы мүмкін;

      12) өтінімнің екінші бетіндегі "Қоса тіркеліп отырған құжаттардың тізбесі" деген баған "х" деген белгіні тиісті торларға қою және қоса тіркеліп отырған құжаттардың әрбір данасындағы даналар мен парақтардың санын көрсету жолымен толтырылады. Түрі өтінім нысанымен ("басқа құжат") көзделген қоса тіркеліп отырған құжаттар үшін олардың нақты міндеті көрсетіледі;

      13) "Өтінім беруге және патент алуға құқықтың пайда болуының негізі (құжатты ұсынбай)" деген бағанда "х" деген белгі қоюмен өтінім беруге және патент алуға тиісті негіз белгіленеді. Аталған баған, өтінім беруші автор болып табылатын немесе өтінім берушілер бірнешеу болған, олардың құрамы авторлардың құрамымен сәйкес болған жағдайларды есептемегенде, өтінім берушінің (өтінім берушілердің) атына патент сұратылған жағдайда толтырылады. Өтінім беруге және патент алуға құқықты растайтын құжат сараптама жасау ұйымына ұсынылмайды;

      14) 72 кодты бағандарда автор (авторлар) туралы мәлімет: ТАӘ (егер ол болса), тұрғылықты жерінің толық пошталық мекен-жайы келтіріледі, шетел азаматтары үшін ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды көрсетіледі;

      15) 72 кодтағы бағанның оң жағында орналасқан бағанда, автор өтінім беруші болып табылатын болса, автордың қойылған қолы мен күні келтіріледі.

      Автор өтінім бергенге дейін қайтыс болып кеткен жағдайда мұрагердің қолы қойылады және күні көрсетіледі. Өтінім беру кезеңінде мұрагерлікке құқықты растайтын қандай да бір ресми құжат ұсыну талап етілмейді;

      16) 72 кодтары бар бағандардың тікелей төменгі жағында орналасқан баған өтінім материалдарын және патентті жариялаған кезде автор (авторлар) өзін (өздерін) осындай (осындайлар) ретінде атамауды өтінгенде ғана толтырылады. Бұл жағдайда жариялану кезінде атауды қаламаған авторлардың әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса) келтіріледі және олардың қолдары қойылады;

      Өтініштің күнін көрсете отырып, "Қол қою" деген соңғы бағанды толтыру, өтінім беруші автор емес тұлғаны көрсеткен жағдайда міндетті болады. Заңды тұлға атынан өтінішке ұйым басшысы немесе лауазымын көрсете отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен осыған уәкілетті өзге тұлға қол қояды, қол қою осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, өтінішке өтінім берушілердің әрқайсысы қол қояды.

      Өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген кезде өтінішке патенттік сенім білдірілген өкіл қол қояды.

      Өтінім бағанындағы қол қоюлар, қол қоюшы тұлғалардың тектері мен аты-жөндерін көрсете отырып жіктеледі;

      өтінішке қатысты қандай да бір мәліметтер ұсынылған әрбір қосымша параққа (өтінішке қосымша) сондай тәртіппен қол қойылады;

      Өтініш пен қосымшаларға түзетулер мен тазартулар жасалмауға тиіс. Аталған кемшіліктер орын алған жағдайда дұрыс ресімделген өтініш немесе оған қосымша сұратылатын болады.";

      11-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Сорт (тұқым) сауалнамасында:

      тек пен түрдің атауы (қазақ немесе орыс тілдерінде және латынша);

      өтінім берушінің аты және мекен-жайы;

      селекциялық жетістіктің ұсынылған атауы және селекциялық нөмірі;

      жасалу әдісі мен бастапқы (тектік) нысанын көрсете отырып селекциялық жетістіктің шығу тегі;

      селекциялық жетістіктерді ұстап тұру мен көбейтудің ерекшеліктері;

      селекциялық жетістіктің айырымдық ерекшеліктерін сипаттайтын белгілер;

      ұқсас селекциялық жетістіктердің атауы және өтінім берілген селекциялық жетістіктің ұқсастардан солар бойынша айырмашылық белгілері;

      селекциялық жетістіктің айырмашылығын, біртектілігін және тұрақтылығын (егер олар болса) сынауға арналған ерекше шарттар мазмұндалуға тиіс.";

      13 және 14-тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "13. Сенімхат келесі талаптарға жауап беруі керек:

      1) Өтінім беруші (жеке тұлға) берген (қолын қойған) сенімхат нотариалдық куәләндіріледі. Заңды тұлға атынан берілетін сенімхатқа оның басшысы немесе қол қойған адамның лауазымы көрсетіле отырып, бұған құрылтайшы құжаттарымен уәкілеттік алған өзге тұлғаның қолы қойылып, осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі;

      2) сенімхатта өтінім беруші атынан өкіл жүргізе алатын тапсырылған іс-әрекеттер нақты көрсетілуге тиіс;

      3) сенімхатта оның берілген орны көрсетілуге тиіс;

      4) сенімхаттың іс-әрекет мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Егер сенімхатта іс-әрекет мерзімі көрсетілмесе, ол берілген күннен бастап бір жыл бойына күшін сақтайды. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде іс-әрекет мерзімі көрсетілмей берілген сенімхаттың іс-әрекет мерзімі сенімхат берілген елдің құқығы бойынша айқындалады;

      5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар берген сенімхат тек уәкілетті органда патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркелген жеке тұлғаға ғана берілуі мүмкін;

      6) сенімхат уәкілетті органда тіркелген бірнеше патенттік сенім білдірілген өкілдердің атына берілуі мүмкін, мұндайда өкілдікті бұлардың кез келгені атқарады. Егер олардың іс-әрекеттері бір-бірлерімен қайшы келсе, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады, ал атқарылған іс-әрекеттер өтінім беруші мақұлдағанға дейін тоқтатылады;

      7) сенімхат берілген жеке тұлға өкілдік алған іс-әрекеттерді өзі жеке басымен жүзеге асыруға тиіс. Сенімнің ауысуы сенімхатпен өкілеттілік берілген жағдайда ғана мүмкін болады;

      8) сенімхаттың іс-әрекеті төменгі жағдайларда тоқтатылады:

      сенімхат мерзімі біткенде;

      сенімхатта қарастырылмаған іс-әрекеттерді жүзеге асырғанда;

      сенімхат берген тұлға оны жойған соң;

      сенімхат берілген тұлға сенімхат берген тұлға мүддесін қорғаудан бас тартқан кезде;

      атынан сенімхат берілген заңды тұлғаның қызметі тоқтаған кезде;

      сенімхат берген тұлға қайтыс болған жағдайда, оны қабілеттіліксіз, қабілеттілігі шектеулі немесе хабарсыз кеткен болып таныған жағдайда;

      атына сенімхат берілген азамат қайтыс болғанда, оны қабілеттіліксіз, қабілеттілігі шектеулі немесе хабарсыз кеткен болып таныған жағдайда.

      14. Сенімхат тоқтатылуымен бірге сенімнің ауысуы да күшін жояды.

      Сенімхатты берген тұлға оны тоқтатқан жағдайда ол туралы уәкілетті органға және сараптама жасау ұйымына хабарлауға міндетті.

      15, 16, 17, 18-тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "15. Хат жазысуды өтінім беруші немесе оның соған уәкілеттілік берілген өкілі әрбір өтінім бойынша жеке-жеке жүргізеді.

      Өтінім берілгеннен кейін жіберілген құжаттарда оның нөмірі және өтінім берушінің немесе оның өкілінің қолы болуға тиіс. Егер өтінім беруші заңды тұлға болса, құжаттарға оның атынан осы Ереженің 10-тармағының 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген тәртіппен қол қойылады.

      Өтінім бойынша іс жүргізу процесінде жіберілген құжаттар Заңда және осы Ережеде белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

      Іс жүргізу қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

      Ресімдеудің оқуға қиындық тудыратын кемшіліктерімен ұсынылған құжаттар қаралмайды. Мұндай құжаттар берген тұлғаға тиісті хабарлама жіберіледі.

      Өтінім материалдарының факс арқылы жіберілген түпнұсқалары олардың факс арқылы түскен күнінен бастап бір ай ішінде бұрын келген құжаттарға сәйкес ілеспе хатпен бірге жіберіледі. Осы талаптардың орындалғанында материалдардың келіп түскен күні болып олардың факспен келіп түскен күні саналады. Егер материалдардың түпнұсқалары көрсетілген мерзімнен кейін келіп түссе, немесе факспен келіп түскен материалдар түпнұсқаға сәйкес келмесе, материалдар олардың түпнұсқалары келіп түскен күннен саналады, ал факс арқылы келіп түскен материалдардың мазмұны содан кейін назарға алынбайды. Факс арқылы берілген, өтінімге қатысты материалдар түспеген болып саналады. Егер факспен келген өтінімнің кейбір материалдары не олардың бөлігі оқылмаса не алынбаса, тиісті материалдар түпнұсқаның келіп түскен күнінен бастап саналады. Өтінім беруші оқылмайтын бөлігін алып тастағанда, факс келіп түскен күннен бастап саналуы мүмкін.

      16. Заңның 8-бабы 1-тармағының 2-5 бөліміне сәйкес өтінім беруші қажет болған кезде өтінімнің құжаттарына ол берілген күннен бастап екі ай ішінде нақтылау енгізуге құқылы.

      Тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн өтiнiм берушiнiң өтiнiм құжаттарына мәлімделген селекциялық жетістіктің мәнiн өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар енгiзуге құқығы бар.

      Осы өзгерiстер өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде енгiзiлген жағдайда төлем алынбайды.

      Қорғау құжатын алу құқығына жол бергенде өтінім берушіні көрсетуге қатысты немесе өтінім берушінің атауының өзгеруі нәтижесінде өзгерiстер, сондай-ақ өтiнiм құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателердi түзету, тиiстi төлем төленген жағдайда селекциялық жетістіктердің Мемлекеттiк тiзiлiмінде тіркелген селекциялық жетістіктер туралы мәліметтер енгізген күнге дейiн жасалуы мүмкiн.

      Сортқа, тұқымға арналған өтінімге келіп түскен және өтінімнің бастапқы материалдарында келтірілмеген белгілерді мазмұндайтын және мәлімделген сорттың, тұқымның мәнін өзгертетін қосымша құжаттар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды.

      17. Авторлар құрамын өзгерту дегенді патент беру туралы өтініште көрсетілген авторды құрамға енгізу немесе құрамнан шығару деп түсіну керек:

      1) авторлар құрамын өзгерту сараптама жасау ұйымына осы Ереженің 3 тарауына сәйкес екі данада ресімделген патент беру туралы жаңа өтініш беру жолымен енгізіледі;

      2) патент беру туралы жаңа өтінішпен бір мезгілде авторлардың құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы өтініш өтінімнің нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып еркін нысанда екі данада беріледі. Өтінішке өтінім беруші осы Ереженің 10-тармағының 18) және 19) тармақшаларында белгіленген тәртіппен қол қоюға тиіс, және шығарылған автордың келісімімен ол авторлар құрамынан шығарылған жағдайда оның қолы нотариалдық куәландырылуға тиіс (ұлттық авторлар мен үкіметаралық келісімдерге сәйкес берілген авторлар үшін ғана). Шығарылатын автордың келісімі өтінімнің нөмірі мен тіркеу күні көрсетіле отырып жеке хатпен ресімделуі мүмкін;

      3) егер патент беру туралы жаңа өтініш берілген күнге қарай авторлар құрамына енгізілген жағдайда бұрын берілген өтініште көрсетілген автордың қолын алу мүмкін болмаса, өтінішке мынадай тәртіппен ресімделген жазбаша келісім қоса тіркеледі:

      автордың қайтыс болған немесе ол өлді деп жарияланған жағдайда өзгеріс енгізуге арналған келісімге оның атынан мұрагер қол қояды, ол мұраға құқығы туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсына отырып, өзінің мұраға құқығын заң жүзінде дәлелдеуге тиіс;

      автор шетелге кеткен жағдайда өзгеріс енгізуге арналған келісімге осындай құқықты куәландыратын, тиісті дәрежеде ресімделген құжатты ұсына отырып, сенім білдірілген тұлға оның атынан қол қоя алады. Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің атына беріліп, тапсырылған әрекет дәл көрсетілген сенімхат немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе өзара шарттасуға орай заңдастыру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаға берілген, Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде заңдастырылған сенімхат осындай құжат болуы мүмкін;

      автордың барған жері туралы мәлімет болмаған және оларды алу мүмкін болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 28-бабына сәйкес сот арқылы хабарсыз кеткен деп танылуы мүмкін және мүдделі тарап авторды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады, ол мәселені мәні бойынша шешкен кезде назарға алынады;

      автор әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке шектеулі түрде қабілетті деп танылған кезде өзгеріс енгізуге келісімге оның атынан қорғаншы немесе қамқоршы, қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесін ұсына отырып қол қояды;

      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтар және шетелдік заңды тұлғалар авторлар құрамына өзгеріс енгізуге арналған құжатты Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдері арқылы береді, бұл орайда патенттік сенім білдірілген өкілдің атына берілген сенімхатта көрсетілген іс-қимылды орындауға арналған тапсырма мазмұндалуға тиіс;

      5) егер осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына тізбеленген құжаттар жоқ болса және (немесе) ұсынылған құжаттар осы тармақшалардың талаптарына сай келмесе, өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде жоқ болған немесе түзетілген құжаттарды табыс ету қажеттілігі хабарланады.

      Сұратылған құжаттар табыс етілмеген жағдайда жаңа өтініш берілмеген деп есептеледі және өзгеріс енгізу жүргізілмейді, ол туралы өтінім берушіге хабарланады.

      18. Өтінім берушілердің құрамын өзгерту дегенді өтінім берушілердің құрамын құрамға қосымша тұлға енгізу жолымен ішінара өзгерту немесе патент беру туралы өтініште бұрын көрсетілген өтінім берушілердің құрамынан тұлғаны алып тастау деп түсіну керек:

      1) өтінім берушілердің құрамын өзгерту осы Ереженің 2-тарауына сәйкес ресімделген патент беру туралы жаңа өтінішті өтінім берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей екі данада сараптама жасау ұйымына беру жолымен енгізіледі. Өтінім берушілердің құрамына өзгерістер енгізе отырып жаңа өтініш берген кезде жаңа өтінішке авторлардың қол қоюы міндетті емес;

      2) патент беру туралы жаңа өтінішпен бір мезгілде өтінім берушілердің құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы өтініш өтінімнің нөмірі мен тіркелген күні көрсетіле отырып еркін нысанда екі данада беріледі. Өтінішке патент беруге арналған бастапқы өтініште көрсетілген өтінім беруші (өтінім берушілер) осы Ереженің 10-тармағының 18) және 19) тармақшаларында белгіленген тәртіппен қол қоюға тиіс. Шығарылатын өтінім беруші жеке тұлғаның қолы нотариалдық куәландырылуға тиіс (үкіметаралық келісімдерге сәйкес ұлттық және соларға теңестірілген тұлғалар үшін ғана);

      3) патент беру туралы өтініште көрсетілген, қайтыс болған өтінім берушіні заңды мұрагермен алмастырған кезде, аталған мұрагердің қол қоюы ғана жеткілікті, ол мұраға құқық туралы куәліктің нотариалдық куәландырған көшірмесін ұсына отырып, өзінің мұраға құқығын заң жүзінде дәлелдеуге тиіс;

      4) заңды тұлғаны қайта ұйымдастырудың салдарынан өтінім берушілердің құрамына өзгеріс енгізген кезде өтінішке және жаңа өтінішке құқықтың осы түрі бойынша құқықтық мирасқорлығын растайтын құжатты ұсына отырып (ажырату балансынан немесе беру актісінен көшірме), оның құқықтық мирасқоры қол қояды;

      5) заңды тұлғаны тарату салдарынан өзгерістер енгізген кезде өтінішке және жаңа өтінішке құқықтың берілу фактісін растайтын құжат ұсына отырып, өзіне тиісті құқық ауысқан тұлға қол қояды;

      6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтар және шетелдік заңды тұлғалар өтінім берушілер құрамына өзгеріс енгізуге арналған құжаттарды Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің атына берілген сенімхатта көрсетілген іс-қимылды орындауға арналған тапсырма мазмұндалуға тиіс;

      7) егер осы тармақта тізбеленген құжаттар жоқ болса және (немесе) ұсынылған құжаттар осы тармақтың тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде жоқ болған немесе түзетілген құжаттарды табыс ету қажеттілігі хабарланады.

      Сұратылған құжаттар табыс етілмеген жағдайда жаңа өтініш берілмеген деп есептеледі және өзгеріс енгізу жүргізілмейді, ол туралы өтінім берушіге хабарланады.";

      22-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "22. Барлық шығыс хат-хабарлар бір ғана мекен-жайға жіберіледі, бұл орайда:

      егер өтініштің "хат жазысу үшін мекен-жай" бағанында хат жазысу үшін өтінім берушінің немесе егер олар бірнешеу болса, өтінім берушілердің бірінің мекен-жайынан өзге мекен-жай не өтінім берушінің (өтінім берушілердің) мекен-жайы көрсетілсе, онда хат-хабар осы мекен-жай бойынша өтінім берушінің атына немесе егер өтінім берушілер бірнешеу болса, - өтініште бірінші көрсетілген өтінім берушінің атына, оның үстіне өтінім берушілердің барлығы бірдей Қазақстан Республикасының аумағында өмір сүрмесе немесе тұрмаса, онда - бірінші көрсетілген ұлттық өтінім берушінің атына жіберіледі;

      егер өтініштің "хат жазысу үшін мекен-жай" бағаны толтырылмаса, онда хат-хабар өтінім берушінің мекен-жайына және атына немесе егер өтінім берушілер бірнешеу болса, - бірінші өтінім берушінің атына не егер өтінім берушілердің барлығысы бірдей Қазақстан Республикасының аумағында өмір сүрмесе немесе тұрмаса, бірінші ұлттық өтінім берушінің атына жіберіледі.

      Өтінімнің тіркелген құжаттары қайтарылмайды.";

      31 және 32-тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "31. Екі ай мерзімде алдын ала сараптаманың сұранысына жауап бермеген жағдайда, осы Ереженің 3, 4 және 5 тарауларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сараптама жасау ұйымы осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысанымен селекциялық жетістікке патент алу үшін өтінімге алдын ала сараптаманың теріс нәтижесі жөніндегі қорытындысын шығарады, осының негізінде уәкілетті орган, он күн жұмыс күні ішінде әрі қарай қараудан бас тарту жөнінде шешім шығарады да сараптама жасау ұйымына жолдайды. Сараптама жасау ұйымы шешім түскен уақыттан бастап бір ай көлемінде өтінім берушіні хабарландырады. Бұл орайда өтінім беруші өтінімді одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарламаны сараптама жасау ұйымы жолдаған күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органға өтінімді одан әрі қараудан бас тарту туралы шешіміне қарсылық бере алады.

      Апеляцилық кеңестің шешімі сотта шешім қабылданған мерзімнен алты айдың ішінде шағымдалына алады.

      32. Егер алдын ала сараптау нәтижесінде өтінімнің белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталса, сараптама жасау ұйымы осы Ереженің 3-қосымшасының нысанына сәйкес алдын ала сараптаманың оң нәтижесі туралы қорытындысын береді, оның негізінде уәкілетті орган он күн жұмыс күні ішінде өтінімді одан әрі қарау туралы шешім шығарады да сараптама жасау ұйымына жолдайды.

      Сараптама жасау ұйымы сараптама шешімін алған күннен бастап, он жұмыс күнi iшiнде, алдын-ала сараптаманың оң нәтижесі, өтінім берілген күні, селекциялық жетiстiктiң басымдылығының бекітілгендігі туралы, өтінім материалдарын патентке қабілеттілікке сараптама жасау үшін Мемкомиссияға жіберу туралы өтінім берушіні хабарландырады, және айырымдылығын, біртектілігін және тұрақтылығын сынау үшін қажет материалдарды жіберу қажеттігі жөнінде өтінім берушіге жазбаша хабарлайды.

      Патентке қабілеттілікке сараптама жасауға өтінімді қарау тәртібін агроөнеркәсіптік кешен даму саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";

      34-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "34. Мемлекеттік комиссия жүзеге асырған сараптама нәтижесінде, мәлімделген селекциялық жетістіктерді Заңның 4-бабында айқындалған патент шарттарға сай деп табылған жағдайда, Мемлекеттік комиссиялар сұрыптың, тұқымның сипаттамасымен сараптамалық қорытынды жасап (қорытынды үш данада; сипаттама екі данада), оны сараптама жасау ұйымына жібереді. Сараптама жасау ұйымы шешім қабылдау үшін мемлекеттік комиссияның қорытындысының бір данасын уәкілетті органға жібереді. Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган, он жұмыс күні ішінде, патент беруге шешім қабылдайды да оны сараптама жасау ұйымына жібереді. Сараптама жасау ұйымы, он жұмыс күні ішінде, өтінім берушіні хабардар етеді.";

      Келесі мазмұндағы 34-1-тармағымен толықтырылсын:

      "34-1. Патент беру туралы уәкілетті орган қабылдаған шешім туралы хабарламаны өтінім берушіге жіберген күннен бастап үш ай ішінде өтінім беруші тиісті патент беру үшін жарияланымдар жасау үшін төлемақы, сондай-ақ мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттарды сараптама жасау ұйымына ұсынады. Бұл құжаттарды мерзімінде ұсынбаған жағдайда, үш ай ішінде, өтіп кеткен мерзімдерін қалпына келтіру төлемақысының төленгені жөніндегі құжаттарды ұсына отырып, қалпына келтіруге болады. Олай болмаған жағдайда, өтiнiм керi қайтарып алынған деп есептеледi және өтінімді қарау жөнінде іс жүргізу тоқтатылады, өтінім беруші қалпына келтіру аяқталған күннен бастап, он жұмыс күнi iшiнде хабардар етіледі.";

      35 және 36-тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "35. Патентке қабілеттілікке кем дегенде бір жағдайына сәйкес емес деп танитын болса, Мемлекеттік комиссия үш данада сәйкессіздіктің негізін көрсете отырып, қорытынды жасап, сараптама жасау ұйымына жібереді. Сараптама жасау ұйымы шешім қабылдау үшін мемлекеттік комиссияның қорытындысының бір данасын шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді.

      36. Уәкілетті орган Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес он жұмыс күні ішінде тиісті негіздемелер келтіре отырып патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады және оны сараптама жасау ұйымына жібереді. Сараптама жасау ұйымы, он жұмыс күні ішінде, өтінім берушіні хабардар етеді. Өтінім беруші хабарламаны сараптама жасау ұйымымен жіберген күннен бастап үш ай мерзімде Апелляциялық кеңеске патент беруден бас тарту туралы шешімге қарсылық бере алады.";

      38 және 39-тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "38. Патент беру туралы шешімнің және (қорғау құжаттарын дайындау, авторларға куәлік беру және патент беру туралы мәліметтерді жариялау үшін) төлемақы, сондай-ақ мемлекеттік баж төленуінің расталуы негізінде, селекциялық жетістік оған тиісті нөмір беріле отырып селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.

      Селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне мынадай жазбалар енгізіледі:

      (19) жарияланымды жүзеге асырушы ұйымның коды немесе сәйкестендіру құралдары;

      (12) қорғау құжатының түрі;

      (11) патент нөмірі;

      (54) өсімдік, жануарлар түрі, тұқымдасы; сұрыптың, тұқымның атауы;

      (73) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (бұдан әрі – ДЗМҰ) 3 стандартына сәйкес тұрғылықты жері немесе орналасқан орны елдің коды бар патент иеленушінің аты немесе атауы және мекен-жайы;

      (72) ДЗМҰ 3 стандартына сәйкес автор (лар) аты және оның (олардың) тұрғылықты орны елінің коды;

      (21) өтінімнің тіркеу нөмірі;

      (22) патент берілген өтінімнің берілген күні;

      (31) егер өтінім бойынша басымдықтың сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күнмен салыстырғанда неғұрлым ерте күні белгіленсе, соның негізінде селекциялық жетістіктің басымдығы белгіленген бірінші өтінім берген елдің ДЗМҰ 3 стандартына сәйкес нөмірі, (32) берілген күні және (33) коды;

      атын және мекен-жайын, шартты тіркеу нөмірі мен күнін, оны жариялау күнін көрсете отырып патентті басқа тұлғаға беру фактісі;

      ерекше, ашық және мәжбүрлі лицензиялар туралы деректер;

      себебін көрсете отырып патенттің тоқтатылған күні және тоқтатылуы туралы жарияланған күні;

      патенттің қолданылуын ұзарту күні және ұзарту туралы мәліметтер жарияланған күні;

      патенттік сенім білдірілген өкілдер туралы мәліметтер;

      Автордың жарияланған мәліметтерде атының аталуынан бас тартуы жарияланымның техникалық дайындығы аяқталғанға дейін келіп түссе қабылданады. Аталған бас тарту автор арқылы сол күні қайтарылып алуы мүмкін.

      Мемлекеттік тізілімдегі жазбалардағы өзгерістер туралы басқа мәліметтер енгізіледі.

      Бюллетеньде сараптама жасау ұйымы патентті беру, сондай-ақ патенттің құқықтық мәртебесіндегі келесі өзгерістер туралы мәліметтерді жариялайды.

      39. Уәкілетті органның шешімінің негізінде селекциялық жетістікке патент береді.

      Патент қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

      Патентте:

      (19) жарияланымды жүзеге асырушы ұйымның коды немесе сәйкестендіру құралдары;

      (12) қорғау құжатының түрі;

      (11) патент нөмірі;

      (54) өсімдік, жануарлар түрі, тұқымдасы; сұрыптың, тұқымның атауы;

      (73) ДЗМҰ 3 стандартына сәйкес тұрғылықты жері немесе орналасқан орны елдің коды бар патент иеленушінің аты немесе атауы және мекен-жайы;

      (72) ДЗМҰ 3 стандартына сәйкес автор (лар) аты және оның (олардың) тұрғылықты орны елінің коды;

      (21) өтінімнің тіркеу нөмірі;

      (22) патент берілген өтінімнің берілген күні;

      (31) егер өтінім бойынша басымдықтың сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күнмен салыстырғанда неғұрлым ерте күні белгіленсе, соның негізінде селекциялық жетістіктің басымдығы белгіленген бірінші өтінім берген елдің ДЗМҰ 3 стандартына сәйкес нөмірі, (32) берілген күні және (33) коды.

      42-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "42. Патент және оған авторлардың куәліктері оларға тікелей тапсырылады немесе тапсырыстық пошта жөнелтімімен патент иеленушінің заңды мекен-жайына немесе оған берілген сенімхатқа сәйкес өкілдің мекен-жайына не патентті жіберу үшін өтінім беруші арнайы көрсеткен өзге мекен-жайға жіберіледі.

      Өтінім беруші, тез арада, тұратын орнының немесе жүретін жерінің (заңды мекен-жай) өзгеруі туралы патент берілгенге дейін сараптама жасау ұйымына хабарлауға міндетті.";

      Келесі мазмұндағы 13-1 тарауымен толықтырылсын:

      "13-1 тарау. Селекциялық жетістікке патенттың қолданылуын қалпына келтірілуі.

      43-1. Патентті күшінде ұстап тұрудың белгіленген мерзімінде төленбеуіне байланысты төлемнің белгіленген мерзімі өткен күннен бастап тоқтатылған селекциялық жетістікке патенттің қолданылуы патент иеленушінің өтінішхаты бойынша қалпына келтірілуі мүмкін.

      43-2. Өтінішхат патентті күшінде ұстап тұру үшін төлемнің белгіленген мерзімі өткен күннен бастап үш жыл ішінде патенттің қолданылуын қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған кезде, бірақ осы Заңға сәйкес белгіленген патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін берілуге тиіс.

      Өтінішхатқа патентиеленушімен қол қойылады (егер патентиеленуші болып тұлғалар тобы саналатын жағдайда, осы тобқа кіретін бүкіл тұлғалар өтінімге қол қояды) немесе патенттік сенім білдіруші, немесе тағы басқа да сенімхат негізінде әрекет ететін өкіл қол қояды.

      Заңды тұлғаның атынан өтінішхатқа мекеменің басшысымен немесе лауазымын көрсетіп өзге уәкілетті тұлғамен қол қойылады.

      43-3. Өтінішхатқа тіркеледі:

      - патенттың қолданылуын қалпына келтіруінің және жариялауының құжаттарын дайындау үшін төлемін растайтын құжаты;

      - патенттің қолданылуын өтіп кеткен жылын (-дарын) қолдау үшін төлемін растайтын құжаты;

      - сенімхат (егер өтінішхат өкілмен берілсе) немесе (егер өтінішхат патенттік сенім білдірушімен жүргізілсе) сенімхаттың көшірмесі;

      43-4. Сараптама жасау ұйымы қалпына келтіру туралы өтінішхатты берген күннен бастап екі айдан кешікпей патенттің қолданылуы қалпына келтірілгені туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды. Жариялау күні патенттің қолданылуын қалпына келтіру күні болып табылады. Патентиеленушіге немесе оның өкіліне патенттің қолданылуын қалпына келтіру туралы қосымша жолданады.";

      Келесі мазмұндағы 13-2 тарауымен толықтырылсын:

      "13-2 тарау. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуының мерзімін ұзарту.

      43-5. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуының мерзімін ұзарту туралы өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) сараптама жасау ұйымына оның соңғы қолданылу жылы бойы күшінде ұстап тұрған жағдайда (өсімдік сұрыптарына – патенттің 25 жыл қолданылуына, жануарлар тұқымдарына – 30 жыл қолданылуына, жүзім сұрыптарына, декоративтік ағаш түрлерінің, жеміс және орман дақылдарына – 35 жыл қолданылуына) беріледі.

      43-6. Селекциялық жетістікке берілген патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту жөніндегі іс жүргізуді патентиеленуші Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілін (бұдан әрі - патенттік сенім білдірілген өкіл) немесе басқа да өкіліне сенім хат бере отырып, уәкілеттей алады.

      43-7. Өтініш хат осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысанында қазақ және/немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Өтініш хат патент иеленушімен (егер патентиеленуші топ болып табылса, осы топқа кіретін барлық тұлғалармен қол қойылады), немесе сенімхат арқылы әрекет ететін патенттік сенім білдірілген өкілмен қол қойылады.

      Заңды тұлғаның атынан мекеме жетекшісі немесе лауазымын көрсете отырып, қол қоюға өкілетті басқа тұлға қол қояды.

      43-8. Өтініш хатпен селекциялық жетістікке берілген патенттің әрекет ету мерзімін ұзартуға және ұзарту жөніндегі мәліметті жариялауға төленген тиісті төлемақының төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.

      43-9. Өтініш хат пен оған қоса берілген құжаттар сараптама жасау ұйымына келіп түскен уақыттан бастап, бір ай мөлшерінде қарастырылады. Факс арқылы берілген өтініш хат пен оған қоса берілген құжаттарды қарау мерзімі, олардың түпнұсқасының түскен мерзімінен есептеледі.

      43-10. Қандай да бір құжат жетіспеген немесе дұрыс рәсімделмеген жағдайда, сонымен қатар қосымша құжаттар алу немесе патениеленушіден түсіндірме қажеттігі туындаған жағдайда, өтініш хатта көрсетілген хат алмасу мекенжайы арқылы, сұрау салу уақытынан бастап, екі ай мерзімі ішінде жетіспеген немесе түзетілген құжаттарды жіберу қажеттігі жөнінде сұрау жасалынады.

      43-11. Бұл жағдайда өтініш хатты қарау мерзімі ең соңғы жетіспеген немесе қатесі түзетілген құжат келіп түскен уақыттан есептелінеді.

      43-12. Егер бекітілген уақытта қажетті дұрыс рәсімделген құжаттар келіп түспеген жағдайда, селекциялық жетістікке берілген патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту жүргізілмейді, бұл жөнінде өтініш хат беруші хабарланады.

      43-13. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуының мерзімін ұзарту жүргізілген жағдайда өтініш хат берушіге селекциялық жетістікке патенттің қолданылуының мерзімін 10 жылға ұзарту жөінінде жазба жазылған "Патентке қосымша" жіберіледі.

      Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуының мерзімін ұзарту жөніндегі мәліметтер Қазақстан Республикасының Селекциялық жетістіктер мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және "Өнеркәсіптік меншік" ресми бюллетенінде жарияланады.

      43-14. Селекциялық жетістікке берілген патенттің күшін сақтауға жыл сайынғы төленетін өтемақыны төлемеген жағдайда ("Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Заңның 14 бабының 5 тармағына сәйкес) патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту күшін жояды да Қосымшаның әрекет етуі тоқтатылады.";

      "14 тарау. Қорытынды ережелер.

      44. Сараптама жасау ұйымы Заңның 3-2-бабына сәйкес, патенттер беруге, оларды тiркеуге, өтiнiмдер қабылдауды қамтитын әрекеттердi жүзеге асырғаны, селекциялық жетiстiктерге сараптама жүргiзгенi және оларға қатысушылар үшiн құқықтар мен мiндеттер туғызатын өзге де әрекеттер үшiн сараптама жасау ұйымы "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 146 бабының 3 тармағына сәйкес ақы алады.".

      Тауардың шыққан жерінің атауы мен тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану құқығына берілетін өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулыққа келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1 және 2-тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауардың шығарылған жерінің атауына өтінімді әзірлеу рәсімін және (немесе) пайдалану құқығын ұсынуды, оны қарау және рәсімдеу рәсімін, сондай-ақ тауардың шығарылған жерінің атауын тіркеу және пайдалану құқығын тіркеу рәсімін белгілейді.

      2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) географиялық көрсеткіш – белгілі бір аумақтан, аймақтан немесе жерден шығарылатын тауарды бірыңғайландыру көрсеткіші;

      2) Дүниежүзілік Зияткерлік меншік Ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) – Зияткерлік меншік саласында елдің ынтымақтастықты және халықаралық саясатты реттейтін және қамтамасыз ететін халықаралық ұйым;

      3) өтініш беруші - тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге өтінім берген, жеке немесе заңды тұлға;

      4) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда (тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын, қорғау саласында қызмет көрсету) қызметтің жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;

      5) Тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы (бұдан әрі ТҚХС) - 1957 жылғы 15 маусымдағы Ницца келісімімен қабылданған, кейіннен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген сыныптама;

      6) тауар шығарылған жердің атауы – тауар елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің, не басқа географиялық көрсеткіштің атауын білдіретін не құрамында атауы бар белгілеме, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттары негізінен географиялық шыққан жерімен, оның ішінде өзіне тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атаудан шығарылған сілтемесі;

      7) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.";

      4 және 5-тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Тауар шығарылған жерлердің атауын және (немесе) тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге өтінім (бұдан әрі – өтінім) сараптама жасау ұйымына почта не факсимильдік байланыс арқылы жіберіледі.

      Егер өтінім факсимильдік байланыс арқылы жіберілсе, ол факспен келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қағаз көзіндегі түпнұсқамен расталуға тиіс. Осы талаптар сақталған жағдайында, факс арқылы келіп түскен күні өтінімнің келіп түскен күні болып саналады. Егер өтінім құжаттары көрсетілген мерзім өтіп кеткеннен кейін келіп түссе немесе факс арқылы берілгеннен оның айырмашылығы болса, бұл жерде құжаттар олардың түпнұсқасының келіп түскен күні келіп түскен болып саналады.

      5. Өтінім қазақ немесе орыс тілінде беріледі. Өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар егер басқа тілде тапсырылса, онда олар қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасы болуға тиіс. Аударма өтінімнің келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей беріледі.";

      7-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Өтінім бір тауар шығарылған жердің атауына қатысты болады және келесілерді қамтуы тиіс:

      1) өтінім берушіні (өтініш берушілерді), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, атауға сараптама жүргізу және (немесе) атауға пайдалану құқығын беру туралы өтінішті;

      2) мәлімделген белгіні;

      3) тауардың түрін;

      4) тауардың айрықша қасиеттерінің сипаттамасын;

      5) тауар өндірілген жердің нұсқамасын (географиялық объектінің шекарасы) қамтуға тиіс.

      Сараптама жасау ұйымы өтінімде қажетті мәліметтердің болмаған жағдайында, өтініш берушіге өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартуын хабарлайды.";

      10 және 11-тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Өтінім бағаналары ДЗМҰ кодтарына сәйкес толтырылады:

      Өтінімнің 711-кодының бағанында мемлекеттік тіркеу туралы құжатқа сәйкес заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты(егер болса) көрсетіледі.

      Елдің коды ДЗМҰ SТ.3 стандарты бойынша көрсетіледі.

      711-кодының бағанынан кейінгі өтінім бағанында өтінім берушінің толық почта мекен-жайы (заңды тұлғаның орналасқан жері немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері), сондай-ақ телефон, телекс, факс нөмірлері көрсетіледі.

      Өтінімнің 750-кодының бағанында хат алмасу үшін, адресаттың мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы көрсетіледі. Хат алмасу үшін мекен-жайы ретінде Қазақстан Республикасы аумағындағы өкілдің мекен-жайы да көрсетіледі.

      Өтінімнің 740-кодының бағанында өтінім беруші өкілді, соның ішінде патенттік сенім білдірушіні тағайындаған жағдайда, ол туралы мәліметтер келтіріледі: тегі, аты, әкесінің аты (егер болса).

      11. Өтінімнің 540-кодының бағанында географиялық объекті атауын немесе сол атаудың тауар көрсеткіші түрімен үйлесуін көрсететін мәлімделген белгі көрсетіледі. Тауардың түрлік (тектік) белгісі дербес құқықтық қорғау нысаны болып табылмайды.

      Тауар шыққан жердің атауы ретінде елдің, аймақтың, елді мекендердің, жерлердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауы, сондай-ақ осындай атаудан туындаған белгі тіркелуі мүмкін.

      Мәлімделген белгі тауар көрсеткіші түрінің (тегінің) қосымша көрсеткішін қамтуы мүмкін, бірақ ол дербес құқықтық қорғаудың нысаны болып табылмайды.

      Мәлімделген белгі тауар шығарылған жердің атауы ретінде қасиеттері айрықша немесе басты түрде тек осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен немесе адамдық факторға бңр мезгілде байланысты тауарларды белгілеу үшін пайдаланған жағдайда тіркеледі.";

      14 және 15-тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "14. Сипаттамада, басқа жерлердегі ұқсас тауарлардан осы тауарды айыратын географиялық объекті атауына қатысты тауарлардың қасиеттері көрсетіледі. Сипаттама аталған жерге тән табиғи жағдайлармен және/немесе адамдық факторларға қатысты ерекше қасиеттерінің объективті тәуелділігін көрсетуі тиіс.

      Сипаттама ақпараттық сипатта болуы тиіс, атап айтқанда аталған географиялық объектіде дәстүрлі әдіспен әзірлеуге қабілетті, тиісті климаттық, геологиялық және (немесе) басқа да табиғи жағдайлардың, адамдардың (ұжымдардың), бастапқы шикізаттың бар болуын көрсетуі тиіс.

      15. "Тауар шығарылған (өндірілген) жер" өтінім бағанында атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде өтінілетін географиялық объектінің шекарасы туралы, сондай ақ тауардың нақты шығарылған жері туралы мәліметтер көрсетіледі. Жердің шекаралары нақты және бір мағыналы белгіленуі тиіс.";

      18-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "18. Өтінімге өзгерістерді, толықтыруларды, түзетулерді оның мәнін өзгертпей және сұратылған қорғаудың көлемін кеңейтпей енгізу өтінімді беру күнінен бастап сараптама жасау аяқталғанға дейін өтінім берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша жүргізіледі.

      Өтінімнің мәнін өзгертетін өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілмейді.";

      21-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "21. Өтінім берушінің сұратуға жауап беру, қарсылық білдіруге, тауардың шыққан жер атауын тіркеуге төлем жасау туралы құжаттарды ұсыну және/немесе тауардың шыққан жер атауын пайдалану құқығын тіркеуге өтініш беруші өткізіп алған мерзімдер өткізілген мерзімнен екі айдан кешіктірілмей, өтініш берушінің өтініші негізінде қалпына келтірілуі мүмкін.";

      25, 26 және 27-тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "25. Сараптаманы жүргізу барысында төмендегілер тексеріледі:

      мәлімделген белгінің Заңның 26, 27 және 29-баптарымен қаралған, талаптарға сәйкестігі;

      егер мәлімделген белгі тауар шығарылған жердің атауы ретінде тіркелген жағдайында, тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасының ҚР тауар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізіліміндегі (бұдан әрі – мемлекеттік тізілім) мәліметтерге сәйкестігі;

      тауар шығарылған жердің атауы ретінде өтінім берілетін географиялық объектінің өтінім берген күні бар болуы;

      өтінім берілген белгінің географиялық объектінің ресми қазіргі атауына немесе оның ресми тарихи атауына сәйкестігі;

      атауы тауардың шыққан атауы ретінде мәлімделетін географиялық объектінің өтінімде белгіленген шекараларда, нақты сол жерде орналасуын растайтын мәліметтердің болуы;

      Егер географиялық объектінің атауы өзінің тауардың нақты шыққан жерін және оның ерекше қасиеттерінің бастапқы қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда, белгілі түрдің тауар шығарылған жерімен байланысты емес, географиялық атауы ретінде қарастырылады.

      26. Мәліметтердің барын белгілейтін құзыретті органдар қорытындыларының мазмұнын тексеруін растайды:

      тауар шығарылған жердің атауы ретінде аталатын мекенде өтінім берушінің болуын;

      атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде өтінілетін жердің аумағында көрсетілген тауарды өтініш берушінің тауар өндірісін;

      өтінім беруші өндіретін тауарда табиғи жағдайлармен және (немесе) тек қана немесе басты негізде адам факторларымен географиялық объектіге тән ерекше қасиеттерімен анықталатын ерекше қасиеттерінің болуын растайды.

      27. Егер Мемлекеттік тізілімде өтінім берілгенге ұқсас тауар шығарылған жердің атауы тіркеуден өтсе, сараптама жасау ұйымы тауар шығарылған жердің атауы мәлімделген тауардың және Мемлекеттік тізілімде аталғанның қасиеттеріне салыстырмалы талдау жасайды.

      Атауы Тізілімге енгізілген, объектідегі тауар қасиеттеріне, географиялық атауына қатысты, тауардың сапалы және/немесе басқа да сипаттарының сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделген белгіге тауар шығарылған жердің атауы пайдалану құқығын беруге және/немесе тіркеуден бас тартылады.";

      33-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "33. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру және (немесе) тіркеу туралы шешімінде төмендегідей мәліметтер келтіріледі:

      пайдалану құқығы берілетін, тауар шығарылған жердің атауы ретінде тіркелетін белгі;

      тауар шығарылған жер атауына пайдалану құқығы берілетін тұлға туралы мәліметтер;

      өтінімнің түскен күні;

      тауар түрі;

      тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы берілетін және/немесе тіркелетін тауардың ерекше қасиеттерін сипаттау;

      тауар шығарылатын (өндірілетін) жер (географиялық объектінің шекарасы).";

      38, 39, 40 және 41-тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "38. Тіркеу туралы шешім және тауар шығарылған жер атауын тіркеу және/немесе пайдалану құқығын беруді тіркеу үшін мемлекеттік баждың тиісті төлемін растайтын құжат және сараптама жасау ұйымының тауар шығарылған жер атауын және/немесе пайдалану құқығын тіркеген және мәліметтерді жариялаған қызметтеріне төлемді растайтын құжат негізінде Мемлекеттік тізілімде реттік нөмір беріліп (бұдан әрі - тіркеу нөмірі) және мәліметтерді енгізу күнін көрсетіп (бұдан әрі - тіркеу күні) сараптама жасау ұйымы тауар шыққан жер атауын пайдалану құқығын беру туралы мәліметтері және шығарылған жер атауын тіркейді.

      39. Тауар шығарылған жер атауы және/немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы тіркелгеннен кейін өтінім берушіге Мемлекеттік тізілімге тіркеу туралы тиісті хабарлама жіберіледі.

      40. Тауар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тізілімінен көшірме (бұдан әрі - көшірме) тауар шығарылған жер атауының және оның иесінің Қазақстан Республикасының тауар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тізілімде көрсетілген тауарларға қатысты пайдалануға айрықша құқығын тіркеу фактісін растайды.

      Көшірме осы Нұсқаулыққа № 2 және № 3-қосымшаларына сәйкес нысанда ұсынылады.

      41. Тауар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тізіліміне тауар шығарылған жер атауының тіркеу нөмірі мен күні, пайдалану құқығының барлық иелері туралы мәліметтер, олардың орналасқан жері, сондай-ақ өтінім берген күні мен нөмірі және аталған мәліметтердің кейінгі өзгерістері көрсетіліп енгізіледі.

      Қазақстан Республикасында Тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) жалпыға мәлiм деп тану жөнiндегi ережеге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Осы Қазақстан Республикасында Тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) жалпыға мәлiм деп тану жөнiндегi ереженің мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар таңбасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тауар таңбасы ретiнде құқықтық қорғаусыз пайдаланылатын, бiрақ белсендi пайдаланылуы нәтижесiнде Қазақстан Республикасында кең мәлiм болған таңба жалпыға мәлiм тауар таңбасы деп танылады.";

      7-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiлiгiн растайтын мәлiмет Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған тәуелсiз ұйыммен жүргізілетін тұтынушыларға сауал қоюдың нәтижелерiмен дәлелденеді. Сауал қою республикалық маңызы бар қаланы, астананы және кемiнде алты iрi елдi мекендердi қамтиды. Бiр елдi мекендегi сауал қойылғандардың саны жүз адамнан кем болмауға тиiс.

      Сауал қою тұтынушылардың тиiстi топтарының арасында жүргiзiледi. Халық тұтынатын тауарлар үшiн сауал қою "орташа" тұтынушылардың арасында (жынысы, жасы, бiлiмі, әлеуметтiк және материалдық жағдайы бойынша), сондай-ақ өнеркәсiп пен сауданың тиiстi салаларының мамандары арасында жүргiзiледi. Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы тауарлар үшiн сауал қою өнiмнiң осы түрiнiң тұтынушылары болып табылатын өндiрiстiң, сауданың немесе өзге де iскер топтар мамандарының арасында жүргiзiледi. Тұтынушыға сауал қоюды жүргiзген кезде одан тауар таңбасының өзiне мәлiм екендiгi, осы тауар таңбасы туралы тұтынушының қай жерде және қашан бiлгенi, осы таңбаның қандай тауарлар үшін пайдаланылатыны және өзiнiң осы тауарлардың тұтынушысы болып табылатыны не табылмайтыны туралы деректер алынуға тиiс.

      Сауал қоюдың нәтижелерiнен бөлек, тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiгiн растайтын мәлiметтердің ішінде:

      тауар таңбасын Қазақстан Республикасының аумағында интенсивті түрде пайдалану туралы (нақты аумақты қамту, пайдалану мерзiмдерi);

      тауар таңбасын пайдалану тәсiлдерi туралы;

      тауарларды осы тауар таңбасымен сатудың көлемi және өткiзу арналары туралы;

      осы тауар таңбалары бар тауарларды тұтынушылардың жылдық орташа саны туралы;

      тауар таңбасының құны туралы;

      жылдық қаржылық есептерге сәйкес тауар таңбасы жарнамасының интенсивтілігі (бұқаралық ақпарат құралдарында, көрмелерде, жәрмеңкелерде) және жарнамаға жұмсалған шығындар туралы;

      таңбаның бастапқы немесе кейiннен пайда болған айырым қабiлеттiлiгiнiң дәрежесi туралы (бастапқыда айырым қабiлеттiлiгi әлсiз болған таңбалар ұзақ және интенсивтi пайдаланылу нәтижесiнде айырымға қабiлеттiлiктiң жоғары дәрежесiне ие бола алады);

      осындай немесе осыған ұқсас таңбаны үшiншi тұлғаның пайдалануы жөнінде, осындай пайдаланудың сипаты мен дәрежесi туралы;

      лицензиаттардың, өндiрушiлердiң, дистрибьюторлардың, импортқа шығарушылардың, сатушылардың саны туралы;

      тауар таңбасының жергiлiктi, аймақтық, көршi мемлекеттерде, әлемге мәлiм болу дәрежесi туралы;

      тауар таңбасының шетелдерде тiркелуiнiң болуы туралы;

      өзге де мәлiметтер болуы мүмкiн.";

      9-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9. Уәкілетті орган өтiнiм берiлген күннен бастап екi ай iшiнде қажеттi құжаттардың бар-жоғын тексередi, өтiнiш берушiге өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы хабарлайды және ол туралы мәлiметтердi таныстыру мен үшiншi тұлғалар тарапынан болуы ықтимал қарсылықтар үшiн интернет-ресурста жариялайды.

      Бюллетеньде жарияланған күннен бастап үш ай өткенде уәкілетті орган өтiнiмдi қоса берiлiп отырған таңбаның жалпыға мәлiмдiлiгiн растайтын барлық материалдарды талдай отырып қарайды. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін уәкілетті орган үш ай ішінде өтінімді қарауды жүргізеді.

      Өтiнiмдi қарау аяқталғанға дейiн өтiнiш берушi өтiнiм материалдарын түзете, толықтыра және нақтылай алады.

      Үшiншi тұлғаның тарапынан қарсылық болған жағдайда өтiнiш берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi, өтiнiш берушi оған өзінің пiкiрiн өтiнiмдi қарау нәтижесi бойынша қорытынды шығарылғанға дейiн ұсына алады.";

      10-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Өтiнiмдi қарау нәтижесi бойынша уәкілетті органның комиссиясы тауар таңбасының иесiне он жұмыс күні ішінде жiберiлетiн, тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп тану туралы не ондай деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп тану туралы шешiмде:

      жалпыға мәлiм деп танылған тауар таңбасының тiркеу нөмiрi;

      таңбаның жалпыға мәлiм деп танылған күні;

      жалпыға мәлiм деп танылған тауар таңбасының бейнесi;

      оның иесiнiң аты немесе атауы, оның тұрған жерi немесе тұрғылықты жерi;

      жалпыға мәлiм деп танылған тауар таңбасының тауарлар мен қызметтерінің тiзбесi қамтылуы тиiс.

      Уәкілетті орган комиссиясының шешіміне сот тәртібінде шағым жасалуы мүмкін.";

      11, 12 және 13-тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Жалпыға мәлiм деп танылған таңба немесе тауар таңбасы Қазақстан Республикасында жалпыға мәлiм тауар таңбаларының Мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрi – Мемлекеттік тiзiлiм) тиісті мәліметтер енгiзiледi.

      12. Жалпыға мәлім тауар таңбасын тіркеу, оның иесі туралы мәліметтер және осындай тіркеуге қатысты кейінгі өзгерістер Мемлекеттік тізілімге енгізіледі және бюллетеньде жарияланады.

      13. Жалпыға мәлiм тауар таңбаларына құқықтық қорғау:

      1) тiркеудiң қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты;

      2) тауар таңбасын жалпыға мәлім деп жариялау туралы уәкілетті орган комиссиясы шешімінің күшін жою туралы соттың күшіне енген шешіміне байланысты.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) мерзімді басылымдарда және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев

  Селекциялық жетістікке патент
беруге өтінім беру және оны
қарау жөніндегі ережеге
1-қосымша

      Нысан

      (ҰЗМИ РМК толтырылады)

Келіп түскен күні

(21) тіркеу №

(22) Берген күні

Басымдық

Селекциялық жетістікке

Қазақстан Республикасының

патентін беру туралы

ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК-на

1 кіреберіс, 8 үй, Орынбор к-сі,

Министрліктер үйі, Астана қ., 010000

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім

берушінің (өтінім берушілердің) атына Қазақстан

Республикасының патентін беруді өтінемін (өтінеміз)

(71) Өтінім беруші (лер):

(толық аты немесе атауы және тұратын жері немесе

орналасқан орны көрсетіледі.

Авторлар-өтінім берушілердің тұратын жері туралы

деректер (72)-кодты бағанда көрсетіледі.

ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша

ҰЗМИ-на өтінім берген күннен неғұрлым ерте күн бойынша басымдық

сұратылған кезде ғана толтырылады

Селекциялық жетістік басымдығын белгілеуді өтінемін (өтінеміз):


Халықаралық конвенцияға қатысушы елде бірінші өтінім берілген күн

бойынша (Заңның 7-бабының 2-тармағы)


қолдануға рұқсат өтінімнің мемкомиссияға келіп түскен күні бойынша (заңның 4 бабының 2 тармағы)

Бірінші өтінімнің №

Сұратылатын басымдық күні

Берген елдің коды |(ДЗМҰ ST.3)

Өтінімді қарау сатысы

Селекциялық жетістік қандай атаумен тіркелді






Мен (біз) бірінші өтініммен берілген материал осы сортты (тұқымды)

білдіретінін және осы өтінімге сәйкес келетінін мәлімдеймін (міз)

Тегі, түрі _________________________________________________________

(қазақ немесе орыс тіліндегі атауы)

____________________________________________________________________

(латынша атауы)

Ұсынылатын атау

Селекциялық нөмір



Селекциялық жетістіктер мына елде (дерде) шығарылды _________________

Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма:

Өтінім берілген елде:

- жоқ

-иә алғашқы__ рет мынадай атаумен_

(күні)

Басқа елдерде:

-жоқ

- иә алғашқы рет ________

(ел, күні)

мынадай атаумен _____________________________________________________

Хат-хабар алмасу үшін мекен-жай (толық пошталық мекен-жай және хат

алушының атауы)

Телефон: ұялы тел. Факс:

_____________________________________________________________________

(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты, уәкілетті органда

тіркелген нөмірі) немесе өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілі

(толық аты немесе атауы)

Қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі

1 дана.| дағы

п. саны

Дана

саны

Өтінімді беру және патентті алу (құжатты ұсынбай) құқығының пайда болуына негіз:


Өтінім беруші

жұмыс беруші

болып табылады

және Заңның

5-бабының

1-тармағының

шарттары

сақталады


жұмыс берушінің

немесе оның

құқықтық

мирасқорының

құқықтарды

басқаға беруі


автордың немесе

оның құқықтық

мирасқорының

құқықтарды

басқаға беруі


өтінішке қосымша



селекциялық жетістік сауалнамасы



фотосурет



негативтер немесе түсті слайдтар



бұрын жасалған сату туралы ақпарат



өтінім бергені үшін ақы төлегені туралы



ақыны азайту үшін негіздеме бар екенін растайтын құжат



бірінші өтінімнің көшірмесі (конвенциялық басымдық сұратқан кезде)



өтінімді қазақ немесе орыс тіліне аудару



патенттік сенім білдірілген басқаға беруі өкілдің немесе өкілдің өкілетігін растайтын сенімхат



басқа құжат (көрсету керек)


(72) Автор (лар)

(толық Т.А.Ә. көрсетіледі)

Ел атауын және белгілі болса, оның ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша кодымен қоса тұратын жерінің толық пошталық мекен-жайы

Өтінім беруші(лер) автордың(лардың) және/немесе патент алу құқығын басқаға берген автордың (лардың) қолы(дары)




Мен (біз) __________________________________________________________

Өтінім материалдарын және патентті жариялау кезінде мені (бізді)

автор(лар) ретінде атамауды өтінемін (өтінеміз)

Мен (біз) менде (бізде) бар мәліметтер бойынша өтінімді қарау үшін

қажетті және осы өтініш пен қосымшаларға енгізілген ақпарат

түпкілікті және дұрыс болып табылатынын мәлімдеймін (міз).

Мен (біз) үлгілер тиісті жолмен алынғандығын және селекциялық

жетістіктің көрнекі іріктелуі болып табылатынын растаймын (мыз).

Қол

өтінім берушінің(лердің) немесе патенттік сенім білдірілген өкілдің

қолы(дары), қол қойылған күн (заңды тұлға атынан қол қою кезінде

басшының қолы мөрмен бекітіледі)

  Селекциялық жетістікке патент
беруге өтінім беру және оны
қарау жөніндегі Ережеге
2-қосымша

      Нысан

      "БЕКІТЕМІН"

      "ҰЗМИ" РМК директоры

      ________________________

      20 __ ж. "___" _________

      Хат алмасу кезінде өтінім нөмірі

      сілтеме жасаңыз (74)

Селекциялық жетістікке патент беруге өтінімнің
алдын ала сараптамасының теріс нәтижесі туралы
ҚОРЫТЫНДЫ

      (21) өтінім нөмірі

      (22) өтінім берген күн

      (71) Өтінім беруші(лер)

      (72) Автор(лар)

      (54) Селекциялық жетістіктің атауы

      Селекциялық жетістікке берілген өтінім материалдарына алдын ала

      сараптама жасау нәтижесінде олардың "Селекциялық жетістіктерді қорғау

      туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының және 6-бабының

      талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды, атап айтқанда:

      Сарапшы _______________________ Аты-жөні

      (Қолы)

      Басқарма бастығы ______________ Аты-жөні

      (Қолы)

  Селекциялық жетістікке патент
беруге өтінім беру және оны
қарау жөніндегі Ережеге
3-қосымша

      Нысан

      "БЕКІТЕМІН"

      "ҰЗМИ" РМК директоры

      ________________________

      20 __ ж. "___" _________

      Хат алмасу кезінде өтінім нөмірі

      сілтеме жасаңыз (74)

Селекциялық жетістікке патент беруге өтінімнің
алдын ала сараптамасының оң нәтижесі туралы
ҚОРЫТЫНДЫ

      (21) өтінім нөмірі

      (22) өтінім берген күн

      БАСЫМДЫҚ БЕЛГІЛЕНГЕН:

      (22) өтінім берілген күні бойынша

      өтінімді Халықаралық селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі

      конвенцияға қатысушы елде алғаш рет берген күні бойынша

      (31) алғашқы өтінімнің нөмірі (32) Алғашқы өтінім берген күн

      (33) Алғашқы өтінім берген елдің коды

      (71) Өтінім беруші(лер)

      (72) Автор(лар)

      (54) Селекциялық жетістіктің атауы

      Селекциялық жетістікке берілген өтінім материалдарына алдын ала

      сараптама жасау нәтижесінде олардың "Селекциялық жетістіктерді қорғау

      туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының және 6-бабының

      талаптарына сәйкестігі анықталды.

      Өтінім одан әрі қарауға жатады, ал ол туралы мәліметтер

      ресмибюллетеньде жарияланады.

      Сарапшы _______________________ Аты-жөні

      (Қолы)

      Қызмет жетекшісі ______________ Аты-жөні

      (Қолы)

  Селекциялық жетістікке патент
беруге өтінім беру және оны
қарау жөніндегі Ережеге
4-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Әділет

      Министрлігінің "Ұлттық зияткерлік

      меншік институты" РМК-на,

      1 кіреберіс, 8 үй, Орынбор к-сі,

      Министрліктер үйі, Астана қ., 010000

Селекциялық жетістікке патент беруге өтінім туралы
мәліметтерді мерзімнен бұрын жариялау туралы
ӨТІНІШ

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес Сараптама жасау ұйымының ресми

      бюллетенінде ________________________________________№ тінім бойынша

      (тіркеу нөмірі және өтінім берген күні)

      _____________________________________________________________________

      (селекциялық жетістіктің атауы)

      селекциялық жетістікке патент беруге өтінім туралы мәліметтерді Заңда

      белгіленген мерзімнен бұрын Ұлттық зияткерлік меншік институтының

      ресми бюллетенінде жариялауды өтінемін (өтінеміз).

      Өтінім беруші (өтінім берушілер) ____________________________________

      (толық аты немесе атауы) (қолы)

      М.О.

  Селекциялық жетістікке патент
беруге өтінім беру және оны
қарау жөніндегі Ережеге
5-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Әділет

      Министрлігінің "Ұлттық зияткерлік

      меншік институты" РМК-на,

      1 кіреберіс, 8 үй, Орынбор к-сі,

      Министрліктер үйі, Астана қ., 010000

Селекциялық жетістікке патенттің қолданылу
мерзімін ұзарту туралы
ӨТІНІШ

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 3-бабының 5-тармағына сәйкес

      №____________________________________________________________________

      (патенттің нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (селекциялық жетістіктің атауы)

      селекциялық жетістікке патенттің қолданылу мерзімін

      _____________________________________________________________________

      (патенттің қолданылу мерзімін ұзартуға сұратылып отырған жыл санын

      көрсету керек)

      ұзартуды өтінемін.

      Ескерту:

патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы

      мәліметтерді жариялау үшін ақы төленгені туралы құжат - 1 дана


___________ жылы патентті күшінде сақтау ақысын төлегені туралы

      құжат - 1 дана (Заңның 14 бабының 5 тармағының 3 тармақшасына сәйкес)

      Патентиеленуші ________________________

      (қолы)

      (М.О.)

  Селекциялық жетістікке патент
беруге өтінім беру және оны
қарау жөніндегі Ережеге
6-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Әділет

      Министрлігінің "Ұлттық зияткерлік

      меншік институты" РМК-на,

      1 кіреберіс, 8 үй, Орынбор к-сі,

      Министрліктер үйі, Астана қ., 010000

Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуын
қалпына келтіру туралы
ӨТІНІШ

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" ҚР

      Заңының 21-1 бабының 1-тармағына сәйкес

      №____________________________________________________________________

      (патенттің нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (селекциялық жетістіктің атауы)

      селекциялық жетістікке патенттің қолданылуын қалпына келтіруін

      _____________________________________________________________________

      өтінемін.

      Патентті күшінде сақтау үшін төлемақының белгіленген мерзімі келесі

      дәлелді себептер бойынша жіберілген

      Приложение:

селекциялық жетістікке патенттің қолданылуын қалпына

      келтіру туралы мәліметтерді жариялау үшін ақы төленгені туралы

      құжат - 1 дана

      Патентиеленуші ________________________

      (қолы)

      (М.О.)

  Тауардың шыққан жерінің атауы
мен тауардың шыққан жерінің атауын
пайдалану құқығына берілетін
өтінімді жасау, ресімдеу және қарау
жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша

      Нысан



  Тауардың шыққан жерінің атауы
мен тауардың шыққан жерінің атауын
пайдалану құқығына берілетін
өтінімді жасау, ресімдеу және қарау
жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша

      Нысан






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады